Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 

Полезные ссылки

РКФ

 

Все о дрессировке собак


Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

Эльмира ибраева «АЙҚАП» журналы және ұлттық идея. Айқап журналы және қазақ газеті


«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы.

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

ХХ ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

51. Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

52. Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтыңұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.

www.svaslavia.ru

1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан" газеті

Келтірілген мысалдар “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газетінің бір бағытта болған , мақсат-міндеттері мен тарихы ортақ басылымдар болғандығын толығымен дәлелдейді ғой деп ойлаймыз . Оның тағы бір дәлелі кеңестік тарихнамада бұлжымас шындықтай берік орнаған және журнал мен газет туралы жазуға , олардың беттерінде жарияланған материалдарға (таптық тұрғыдан болса да) біршама талдау жасауға мүмкіндік берген: “Қазақ баспасөзінің тарихында негізінде екі бағыт болды . Бірі – қазақ ағартушылары бастаған прогресшіл-демократиялық бағыт . Екіншісі - буржуазиялық-ұлтшылдық реакцияшыл кертартпа бағыт. Демократ ақын-жазушылар “Қазақстан” газеті мен “Айқап” журналының төңірегіне топталды , буржуазияшыл - ұлтшылдар “Қазақ” , “Алаш” газеттерін және басқаларын өздерінің кертартпалық идеяларының қаруы етті” , - деген тұжырымның қалыптасуы . Әрине , ақпан төңкерісіне дейін

қазақ тілінде шыққан не бары төрт басылымның екеуін “прогресшіл-

32

демократ” , екеуін “ұлтшыл-кертартпа” деп бұлай бөле жарып қараудың уақыт талабынан туындаған , шындықтан тым алыс жатқан тұжырым екендігі түсінікті . Дегенмен , мына бір фактіні ескермеуге болмайды .

Ұлт дамуын жол айрығына әкеп тіреген 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында , тұтас бір империя азаматтары бір-бірімен қарама-қарсы екі лагерге бөліне бастаған тұста , Ресей орталығында басталған ол бүліншіліктің қазақ даласын да қамти бастаған кезінде , “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газетінің бұрынғы шығарушылары мен редакторларының және негізгі авторларының басым бөлігінің большевиктер партиясының жел сөзіне еріп , елде кеңес өкіметін орнату ісіне белсене араласқандары да , керісінше “Қазақ” газетінің маңына топтасқан ұлт зиялыларының большевиктер тарих аренасына шыққан күннен бастап , олардың сандырақ идеяларын әшкерелеп , кеңес өкіметіне қарсы соңына дейін күрескендері де рас .

Демек , “Қазақ баспасөзінің тарихында негізінде екі бағыт болғаны” тарихи шындық . Бірақ , кеңестік тарихнамада айтылғандай бағыттар емес, тіптен басқа , одан әлдеқайда тереңде жатқан , қазақ зиялыларының ішкі дүниетанымдарынан туындаған бағыттар болған сияқты . Біздің ойымызша , бұл өзін әрі терең зерттеуді қажет ететін күрделі қоғамдық құбылыс .

“Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеті қазақтың шын мәніндегі тұңғыш бейресми мерзімді басылымдары бола білді . Екеуі де баспасөзге деген ұлттық қажеттіліктің , қоғамдық сұраныстың нәтижесінде пайда болды . Және екеуі де бүгінгі ғасыр басындағы қазақ тарихының өзіндік ерекшеліктері бар қайнар көздерін құрап отыр .

33

ІІ тарау “Қазақ” газеті - Қазақстан тарихының дерек көзі

2.1. “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі

Өмір айнасы деген атаққа ие болған мерзімді басылым-дардың басқа жазба деректерден ерекшелігі сонда , олардың беттерінде мерзімділігіне байланысты қоғамда болып жатқан әр алуан оқиғалар мен құбылыстар болған уақыттарына қарай әр түрлі дәрежеде бейнеленеді . Ол бейнелер , яғни құбылыстың сөздік суреттемелері тасқа басылу тәсілі арқылы газет-журнал беттерінде бекітіледі . Сөйтіп , болған уақиға не құбылыс туралы мәлімет баспасөз бетінде ұзақ уақыттар бойы сақталу мүмкіндігіне ие болады . Екіншіден , кез келген уақиға мен құбылыс белгілі бір кеңістік пен уақытта болатындықтан , сол құбылыстар негізінде пайда болған объективті дерек ретінде , баспасөз материалдары өз бойларында өзі дүниеге келген жері мен уақытының , яғни белгілі бір тарихи кезеңінің ерекшеліктерін де сақтайды . Осылай , мерзімді басылымдар жазба тарихи деректің бір түрі ретінде келешек ұрпаққа оқиға мен қатар сол оқиға мен болған елі мен жері және уақыты туралы да мәліметтер жеткізеді .

Сонымен қатар , газеттер мен журналдар нақты субъектердің саналы іс әрекеттерінің жемісі ретінде дүниеге келгендіктен , яғни оларда салынған ақпарат сол нақты субъектердің дүниеге көзқарастары арқылы енгендіктен , сол субъектің не субъектердің қоғамдағы орнына , әлеуметтік және таптық позициясына байланысты белгілі бір топтың , таптың не саяси ұйымдар мен партиялардың , кейде тұтас бір ұлттардың да тарихы туралы мағлұматтар береді .

1998 жылдың басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Жадымызда жатталсын , татулық дәйім сақталсын” деген еңбегінде “Тегінде тарихи сабақтастық пен заңдылықтардың әркім өзінше

34 түсініп-түйсінеді , яғни өз елі , өз халқы өткен жолдың байыбына әр адам өзінше барады . Мұнда бәріне ортақ , әрі бәріне де жарамды әмбебап әдістеме жоқ және болуға да тиіс емес . Тарихтың соншама бай, сан қырлы болып келетіні сияқты , танымның жолы да сан тарау” /44/ - деп жазды .

Осындай біздер үшін өз еліміздің , өз халқымыздың өткен жолының байыбына апаратын танымның тек бізге ғана тән жолдарының бірі , ол – ғасыр басында шығып тұрған ұлттық басылымдарды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану . Оларды зерттеп зерделеу , тарихи дерек көзі ретінде талдау , олардағы мәліметтерді синтездеу .

Тарих сияқты тарихи деректердің де , олармен айналысатын тарихи сынның да әр алуандылығы туралы белгілі орыс тарихшысы , “Тарихи деректану” курсы бойынша Москва университетінде тұңғыш дәріс оқыған профессор В. О. Ключевский , өзінің 1888 жылы оқыған дәрісінде , тарихи сын қосымша ғылым ретінде барлық жерде бірдей болу керек пе, әр түрлі материалдарға бірдей тәсіл қолданылып , бірдей мақсат қойылуы қажет пе , немесе әр халықтың өзінің ерекше тарихы болатындығы сияқты ерекше жергілікті тарихи сын болуы мүмкін бе деген сұраққа , жергілікті , өзіндік ерекшелігі бар тарихи сын қажеттігін дәлелдей келе: “Эта необходимость вытекает из тесной связи задач и приемов исторической критики со свойством исторических источников , а эти источники не везде однородны” - деп жауап берді .

Міне осындай , қазақ халқына ғана тән , өзіндік жергілікті ерекшелігі мол , төл деректеріміздің бір тобын , жоғарыда айтылғандай , қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық мерзімді басылымдар құрайды . Олардың ішінде “Қазақ” газеті де бар .

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы тарихын зерттеуде “Қазақ” газетінің тарихи дерек көзі ретінде алар орны ерекше екендігіне , оның

35 ғылымға берер мағлұматтарының құндылығының жоғары екендігіне бүгінгі күні бәріміздің де көзіміз жеткен сияқты . Кеңестік тарихнаманың “Қазақ” сияқты қазақ тарихының деректік мөлдір көзінің бірін , 70 жылдан астам уақыт бойы , ғылым үшін жауып тастағандығы ұлттық тарих ғылымына өлшеусіз зиян келтіргендігін дәлелдеп жатудың қажеті болмас деп ойлаймыз .

Қазақ аспанын қара бұлттай торлаған қара түнек патшалық дәуірде дүниеге келіп , ақын айтқандай: “қараңғы қазақ көгіне , өрмелеп шығып күн болам” деген газет туралы , “Ақиқат” журналы: “Қазақ” өзі өмір сүрген бес жыл ішінде талай күрделі құбылыстардың , қоғамдық сілкіністердің куәсі болды . Бір ғана қолдың саусағымен санауға болатын жылдар ішінде бір емес бірнеше ұрпақтың ғұмырына жетерліктей оқиғаларды басынан өткерді . Тарих үшін қас-қағым деп те айтуға келмейтін уақыт аралығында бірнеше ғасырға татырлық өзгерістерді басынан кешірді .

Атап айтсақ , “Қазақ” екі жойқын соғыстың (І дүниежүзілік және азамат соғыстары) , 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің , екі қоғамдық-саяси төңкерістің (ақпан және қазан), төрт саяси биліктің (патша өкіметі, Уақытша үкімет , Алаш Орда үкіметі , кеңес өкіметі) куәсі болды” /45/ - деп жазды .

Біздің бұған қосарымыз “Қазақ” тек аласұрған заманның , аласапыран оқиғалардың сырттан қараған бақылаушысы ғана болып қойған жоқ . Ол сол буырқанған оқиғалардың бел ортасында жүрді . Қайнаған құбылыстар барысын суретке түсіргендей өз беттерінде бейнеледі . Олар туралы мәліметтерді тасқа басып өз беттерінде қаттады . Сөйтіп “Қазақ” қазақ өмірінің аса бір күрделі кезеңінің шежіресіне , баға жетпес дерек көзіне айналды .Большевиктік-коммунистік саяси басқару жүйесінің , уақыт сынына шыдамай , тарих аренасынан кетуі және КСРО сияқты алып

36 империяның көз алдымызда күйреуі нәтижесінде еліміздің тәуелсіздік жолына түсуіне байланысты туындаған қазақ халқының ғылыми тарихын қайта жазудың объективті қажеттігі , жалпы тума төл деректерімізге , оның ішінде ұлттық бейресми басылымдарға , әсіресе “Қазақ” газетіне деген қызығушылықты тудырды . Тәуелсіздікке қол жеткізген бірнеше жылдың ішінде ғана “Қазақ” газеті материалдарын кеңінен пайдалану негізінде бір докторлық және бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды , ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды . Осындай еңбектердің бірінде , зерттеушілердің “Қазаққа” деген қызығушылығының себебін ҚР ҒА мүше-корреспонденті , профессор Кеңес Нұрпейісов: “Әңгіме болып отырған ұлттық баспасөз органдары қатарында “Қазақ” газетінің алатын орны ерекше . Өйткені ол басқа басылымдармен салыстырғанда ұзақ мерзім (1913-1918 жылдар) шығып , 265 саны жарық көрді . “Қазақты дүниеге келтірген және оның тұрақты авторларының қатарында Алаш қозғалысының халық таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов , Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлер болды . Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері “Қазақ” газетін жалпыұлттық басылым дәрежесіне көтерді” , - деп түсіндірді .

Жұртшылыққа танымал қазақ ғалымының бұл пікірінің дұрыстығын соңғы жылдары “Қазақ” газеті материалдарының әр түрлі жолдармен , қазіргі оқырмандарға түсінікті етіліп , қайта басылып шығарыла бастауы да дәлелдейді . Бұл сол газетке деген жаппай қызығушылықты қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырған шара екендігі белгілі . Мысалы , 1993 жылы Үшкөлтай Субханбердинаның “Қазақ” , “Алаш” , “Сарыарқа” атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші шықса , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , М. Дулатовтардың “Қазақ” газетінде кезінде жарияланған мақалалары олардың жеке жинақтарына енді . 1998 жылы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы газет материалдарының

37 жинағын кітап түрінде жарыққа шығарды . Сонымен қатар , “Ақиқат” журналы өзінің 1998 жылғы үшінші санынан бастап “Мұра” айдарымен газет мақалаларынан , сандық және жылдық ретін сақтап , үзінділер жариялай бастады . Осындай жан-жақты жүргізілген шаралардың арқасында “Қазақ” газетімен танысуға тек зерттеушілер ғана емес , өз халқының өткені қызықтыратын жалпы оқырмандар да мүмкіндік алды . Әрине , “Қазақстан” әркім алдымен өзіне керегін іздері даусыз . Дегенмен оның газет ретіндегі ең басты құндылығы қазақ тарихының аса бір күрделі кезеңінің маңызды жазба деректерінің бірі екендігінде ешкімнің таласы жоқ деп ойлаймыз . “Қазақ” газетінің тарихшы ғалымдар үшін басты құндылығы туралы М. Қойгелдиев: “... газет материалдары ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығындағы қазақ қоғамында болып өткен түрлі қоғамдық процестерді зерттеп тану үшін аса бағалы деректер болып табылады” - деп жазды .

Дегенмен , тарихи дерек көзі ретінде “Қазақ” газеті де тарихи сыннан өткізуді қажет етеді . Себебі басқа да тарихи деректер сияқты , “Қазақ” та әлеуметтік сұраныстарға сай , нақты тарихи жағдайда , өзін қоршаған қоғамдық-саяси ортада , белгілі бір субъектердің саналы іс-әрекеттерінің жемісі ретінде пайда болған объективті дүние . Сондықтан , газеттің жарыққа шығуының объективті тарихи алғышарттарын және оның шығарушыларының қоғамдық позициялары мен әлеуметтік жағдайларын терең білудің ондағы мағлұматтардың ғылыми ақпараттық және танымдық маңызын ашуға көмектесері даусыз.

Бұл жерде зерттеушілердің “Қазақ” газетінің мазмұнына түбегейлі әсер еткен үш түрлі тарихи кезеңде шығып тұрғандығын ұмытпағаны дұрыс . Қалыпты объективті жағдайдың өзгеруі газеттің бағыт-бағдарына да , оның алдына қойған мақсатына да , мақалалардың мазмұнына да әсер етуі заңдылық . Аз-ғана уақыт аралығында елімізде болып өткен түбірлі

36 қоғамдық өзгерістер “Қазақты” да осындай өзгерістерге ұшыратты . Мысалы , 1913 жылдың ақпанында дүниеге келіп патшалық самодержавие тұсында 4 жыл бойы шығып тұрған “Қазақ” пен 1917 жылдың ақпанынан кейінгі “Қазақтың” арасында үлкен айырмашылық бар болса , қазан төңкерісінен кейінгі “Қазақтың” мазмұны да , тарихы мен тағдыры да тіптен бөлек . Демек , “Қазақты” тарихи дерек көзі ретінде қарастырғанымызда осы айырмашылықтарды ескеруге тиіс боламыз .

ХХ ғасырдың басындағы ұлттық бейресми басылымдарға деген қоғамдық қажеттілік пен олардың пайда болуының тарихи алғышарттары туралы жоғарыда айтылды . “Қазақта” солардың бірі ретінде пайда болған еді . Дегенмен , оның өз тарихы , пайда болып өмір сүруінің өз ерекшеліктері де жоқ емес .

“Қазақ” сияқты , қазақ баспасөзі тарихында әлі бірде бір басылым көтеріліп көрмеген биікке көтерілген , сөздің шын мағынасында , жалпыұлттық сипатқа ие болған газет шығару үшін үлкен дайындық , көптеген адамдардың бірігіп еңбек етуі қажет болды . Ол туралы тарихшы М. Қойгелдиев: “Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсынов бастаған белсенді топтың жалпыұлттық газет шығару ісін 1905 жылдан бастап қолға ала бастады” , - деп , олардың нақты атқарған істеріне тоқтай келе: “Егер қорыта айтсақ , “Қазақ” газеті , белгілі бір дәрежеде , сол кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді” - деген әділетті пікір айтады .

Қазақтардың күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі туралы айтып , өкімет алдына талап қойған 1905 жылғы Қарқаралы петициясы мен , тікелей қазақ газетін шығару ісіне кіріскенге дейін едәуір уақыт қажет болды . Себебі , 1905-1907 жылдардағы қазақтарды да қамтыған саяси толқуларға басшылық

37 жасап , белсенділік көрсеткен келешек газет шығарушылар патша жандармериясы тарапынан саяси қуғын-сүргінге ұшырады . Жоғарыда аталған “Алаш” көсемдерінің үшеуі де әр түрлі уақыттарда тұтқындалып, бірінен кейін бірі , Семей түрмесіне жабылды . Аса қауіпті саяси қылмыскерлер ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды . Тек , осындай тар жол тайғақ кешулерден кейін ғана , 1910 жылдан бастап , олар газет шығару ісімен тікелей айналысуға мүмкіндік алды . Зерттеуші Ө. Әбдиманов “Қазақ” газетін шығарудағы А. Байтұрсыновтың ұйымдастырушылық істерін айта келе: “Егер оның Орынборға 1910 жылы наурызда келгенің ескерсек , газет шығару дайындығына аттай үш жыл кеткенің аңғарамыз” , - дейді /46/. Сонымен , “Қазақ” жалпыұлттық сұранысқа сай , оның шығарушыларының бірнеше жылдарға созылған дайындық жұмыстарының нәтижесінде дүниеге келген газет . Оның барлық алғышарттары пісіп жетілген табиғи іс ретінде пайда болғандығы туралы Міржақып Дулатов: “Қазақтың” шығуы толғағы жеткен баланың тууындай еді” - деп , дәл айтты /47/.

“Қазақ” газетінің пайда болуы және оның қайта шығуы туралы Тіней Оразайдың Мұртазаның Файзолласы: “Газеттің 80 жылдығына арнап баяғы 265-санынан кейінгі 266-санын шығаруға ниет етіп отырмыз .

Жалпы бұлай етуге бүгінгі Оразай әулетінің моралдық құқы бар деп білеміз. Өйткені , “Қазақ” газетін шығару идеясы Ахмет Оразаевтікі болғанын , сол Ахмет Оразаев ауылына Міржақып Дулатов барғанда осы кісі тарапынан идеяның мақұл тапқанын және Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы беріп , құрылтайшылық еткенін газет тігіндісі де , Орынбор генерал-губернаторлығының құжаттары да дәлелдеп отыр” - дейді .

“Қазақтың” қайта шығуына келсек - 1993 жылдың 11 ақпанда “Егемен елдің ерікті газеті” деген айдармен “Қазақтың” кезекті 266 саны

38 шыққан . Бірақ , көп ұзамай “Қазақ” “Қазақ үніне” айналған . Ал, ең бастысы , бұл “Қазақтың” ол “Қазақ” емес екендігі сезіле бастаған .

Газеттің болашақ редакторы Ахмет Байтұрсыновтың “Қазақты” нелiктен , басқа емес , Орынбор қаласында шығармақ болғандығын зерттеушілер мынадай факторлармен түсіндіреді: біріншіден , Орынбор шығыс пен батысты жалғастырып тұрған ірі мәдениет сауда орталығы , екіншіден , онда араб графикалы , қазақ тілінде газет шығаруға қолайлы бірнеше татар баспаханалары бар . Өмір А.Байтұрсыновтың бұл шешімнің дұрыстығын толығымен дәлелдеді . Орынбор көп ұзамай бүкіл қазақтың ақыл-ойының орталығына айналды .

Сонымен , ұзақ жылдарға созылған алдын ала жүргізілген жан-жақты дайындықтардан кейін “Қазақ” 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынбор қаласында шыға бастады .

“Қазақ” газеті өзінің алғашқы адымын , саналы да мақсатты күрес жолын , өзі дүниеге келген уақыты мен қоршаған қоғамдық ортаның ерекшелігін және ұлтының жағдайын анықтаудан бастады. Газеттің бірінші нөмірінің бірінші жолдары “Заманына қарай амалы” деген сөз бар . Мұның мағынасы – заманның түріне қарап іс істеу” /48/ деген сөздермен бастап , өздерінің қалыптасқан объективті жағдайға қарай әрекет етуге мәжбүр екендігін ескертсе , одан әрі: “Төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді . Түбі қандай белгісіз . Не боларын білмейміз . Нұр болып жауып , жерімізді көгертіп , несібемізді молайтар ма , болмаса дауыл болып соғып , үйімізді жығып , үй-ішімізді шашып тастар ма ?! Көзіміз бұған жетпейді . Жалаң аяқ , жалаң бас , жеңдеріміз киюсіз , етектеріміз жиюсыз ашылып шашылып қамсыз жатқан халықпыз” - деп , қазақ қоғамындағы ғасыр басында қалыптасқан , сол объективті жағдайды жұмбақтап , қазаққа тән теңеулермен суреттейді . Әрине бұл жерде басқарманың атынан жазылған Бас мақаланың авторы

39 Ахмет Байтұрсыновтың меңзеп отырғаны қазақ жеріне қарай қаптап келе жатқан қара шекпендер екендігі , солардың тарапынан бейқам жатқан жұртына төнген қатер екендігін түсіну қиын емес . Oл туралы газеттің келесі нөмірінде “Іргеміз тұтас ыдырамай , бірыңғай жатқан халық едік , енді арамызға бөтендер келіп кірісейін деп тұр... Арамызға түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай , қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы төсекте төңбекшітіп ұйқымызды бөлетін нәрсе...” - деп , өз ойын ашығырақ айтқан . Ал өздерінің түпкі мақсаттары “Бостандық , теңдік , туысқандық...” - екендігін , тек 1917 жылдың жазында ғана ашып айта алды .

Газет шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” қайғылы сабақтарын ескеріп ішкі ойын жасыру да , шын мақсаттарын бүркемелеу де , айтар сөзін жұмбақтап жеткізу де , “Қазақты” саяси қуғын-сүргіннен құтқара алмады . Газет соңына шам алып түскен патша үкіметінің жергілікті сақшылары “Қазақ” беттерінде жарияланған мақалалардан үнемі заңға қайшы келетін , өмір сүріп тұрған саяси құрылысқа қауіп төндіретін материалдар тауып , газет редакторы Ахмет Байтұрсыновты айыптап , штраф салумен , абақтыға жабумен , газетті жауып тастау қаупімен қорқытумен болды . Ол туралы ақпан революциясынан кейін , 1917 жылдың жазында , “Қазақ” басына орнаған азғана шуақты күндердің бірінде Міржақып Дулатов: “Жер аудару” деген мақала басылған 9 нөмірден бастап кешегі өзгеріске шейін тергеу , тінту , абақты , штрафтан “Қазақтың” көзі ашылған жоқ . Дәл Николай түсіп өзгеріс болардан бес-алты күн ғана бұрын жауыз хакімдер “Қазақты” тағы да тексеріп , біржола жабуға айналып тұрғанда , өздері су түбіне кетті” - деп , қуана жазды /49/. Иә , осылай патша зорлығынан құдайдың өзі құтқарған “Қазақты” келер жылы большевиктер зорлығынан ешкім де құтқара алмады .

40 Тек , 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін ғана “Қазақ” қуғыннан құтылып , оның авторларының қолы бұғаудан босанды . Сол жылдың 9 наурызындағы 221-нөмірінен бастап “Қазақ” өз халқы - қазағына ашықтан-ашық , еш бүркемесіз қызмет етуге мүмкіндік алды . Сөйтіп “Қазақ” газеті тарихының жаңа кезеңі басталды . Ресейдегі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты туындаған: комитеттер құру , қазақ съездерін өткізу , өз жеріне өзі ие болу мақсатында Құрылтайға депутаттар сайлау , Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметін құру , түптеп келгенде ұлттық автономияға қол жеткізу сияқты ұлт алдында тұрған ірі , ауқымды істерге “Қазақ” ашық араласып , ұйтқы бола білді . Сол істердің қажеттігі мен маңызы , барысы мен туындаған қиыншылықтардан шығудың жолдары туралы жазды . Сол арқылы “Қазақ” , бұрын қазақ даласында болып көрмеген , саяси құбылыстар тарихының құнды жазба деректер көзіне айналды . Жаңа демократиялық жағдайда пайда болған “Қазақ” газетінің деректік ерекшелігі де , сол газет бетінде жарияланған ұлт мүддесіне қатысты мәселелердің ашық айтылуы , еркін жазылуынан туындайды .

1917 жыл туралы “Қазақ” , “Өткен жыл қазаққа қалай болды ?” - мақалада: “Өткен жыл қазаққа жаман болған жоқ . Көпке бірдей болған бостандықтың айрықша қазаққа жақсылығы тиген орны болды . Алдыңғы 1916 жылдың ауырлығын өткен 1917 жыл жоғалтқан жыл болды... Қысқасын айтқанда , өткен 1917 жыл қазаққа өшкені жанып , өлгені тірілгендей қуанышты жыл болды” - деп шаттана жазды /50/.

Бірақ , 1917 жылдың күзінде Ресейдің астанасында басталған большевиктік бүлікшілік көп ұзамай қазақ даласын да қамтыды . Алданған солдаттар мен жұмысшыларға арқа сүйеген большевиктер алдымен Түркістан өлкесінде , кейін дала уалаятында өкімет билігін

41

өз қолдарына күшпен тартып алып , барлық жерлерде , жергілікті халықтарға жат , саяси мәні түсініксіз , кеңес өкіметін зорлықпен орната бастады . Осылай “Қазақ” тарихының жаңа кезеңі басталды .

Қазан төңкерісінен кейінгі , әсіресе соңғы , 1918 жылғы “Қазақ” газетін большевиктерге қарсы ымырасыз , принципті күресімен ерекшелінеді деуге болады . Газет большевиктер партиясы тарихи аренаға шыққан күннен бастап олардың авантюристік әрекеттерін , адамзатқа қарсы істерін әшекереледі . Сондықтан “Қазақ” газеті Қазақстанда кеңестік тоталитарлық жүйенің орнау тарихының ең алғашқы жүйелі жазба деректерінің бірі ретінде ғылым үшін , тарих үшін қымбат .

Өз кезегіндегі кеңес үкіметі де “Қазаққа” , оның шығарушыларына қарсы аяусыз күрес жүргізгені белгілі . Бұл күрестің ең алғашқы құрбандарының бірі “Қазақ” газеті болды . Орынборда кеңес өкіметінің орнауына байланысты өзінің бес жылға жуық тарихында “Қазақ” бірінші рет , 1918 жылдың 17 қаңтарындағы , 260 нөмірінен кейін шығуын ұзақ уақытқа тоқтатты . Оны біржола жабу туралы Омбы атқару комитетінің 1918 жылы 4 наурызда Орынбор совдепіне берген телеграммасында: “Ввиду того , что киргизский орган партии Алаш “Казах” является контрреволюционным , открыто выступает против Советской власти , организуя Алаш-Орду , просим немедленно закрыть газету” - делінген .

Үш күнге созылған соғыстың нәтижесінде , Орынбор қаласының , 1918 жылдың 20 маусымында , большевиктерден азат етілгеннен кейін ғана , шілденің 23,30-да “Қазақтың” 261,262 , қыркүйектің 5-16-да 263-265-нөмірлері жарыққа шықты . “Қазақтың” өз жұмысына қайта кірісуіне байланысты , оны шығарушыларының және негізгі авторларының бірі Мадияр (М. Дулатов) “Жандарм үкіметтің штрафынан , абақты-айдауынан аман өткен “Қазақты” жауыз большевиктeр қанды қолымен тоқтатып еді,

құдайға шүкір , бүгін жарық дүниеге қайта шығып , ардақты Алашын

44 тағы аралап отыр . Сағынып көрген жұртына “Қазақ” жеті айдан бері көкірегінде байланған шерін тарқатып , көрген-білгенін айтқысы келеді” –дeп жазды .

Газеттің соңғы нөмірлерімен тереңірек танысу оны шығарушылардың келешекке үлкен сеніммен қарағандығын байқатады . Мысалы , “Қазақтың” 1918 жылғы 16 қаңтардағы 265-нөмірінде басқарма: “Январдың 17-нен бері большевиктің кесірінен “Қазақ” тоқталып тұрды . Енді газет жұмысы реттеліп келеді . Мезгілінде шығып тұрады” - деп , өз тілшілері мен оқырмандарын газетпен үзбей байланыс жасап тұруға шақырды . Бірақ өмір басқаша шешті . Бұл нөмір қазақтың соңғы нөмірі болды.

Мерзімді басылымның сипатын , оның қоғамдық-саяси бағытын анықтау және оны есепке алу – оған деректанулық талдау жасаудың , одан алынған мәліметтерді ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланудың ең басты және міндетті алғышарты . Ол үшін , алдымен нақты газеттің не журналдың кімнің қаржысына немесе қандай қаражат көздерінің арқасында шығып тұрғандығын анықтау қажет . Себебі басылымның сипаты , бағыт бағдары түптеп келгенде , оның деректік маңызы мен шынтуайттық дәрежесі осы фактормен тікелей байланысты . Сондықтан , бұл кез келген басылымды тарихи дерек ретінде пайдалану барысында ерекше көңіл аударатын принціпті мәселелердің бірі .

Ал , енді өзіміздің негізгі зерттеу обьектісі ретінде қарастырып отырған “Қазақ” газетіне келсек , онда оның қаражат көздері туралы бүгінге дейін үш түрлі пікір айтылып келгендігін көреміз . Біріншісі -газетті қазақтың қалталы байлары бірігіп ақша жинап шығартқан. Сондықтан , ол өзінің сипаты жағынан “байшыл” газет болған . Екіншісі – газет негізінен бір адамның ақшасына шыққан . Сондықтан , ол бір ғана

әулетке тән газет . Үшіншісі – газет байы бар басқасы бар жалпы

45 халықтың қолдауымен , газетті жаздырып алушылардың алдын ала төлеген ақшасына және жарнамадан түскен қаражатқа шығып тұрған , негізінен өзін-өзі қаржыландырып тұрған газет . Сондықтан ол жалпыұлттық сипатта болған газет . Oсы пікірлерге жеке-жеке тоқталып , қай пікірдің шындыққа жақын екендігін қарастырып көрейік .

| следующая страница>

flatik.ru

Эльмира ибраева «АЙҚАП» журналы және ұлттық идея

Эльмира ИБРАЕВА «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ Көрнекті ғалым, т.ғ.д., профессор Ханкелді Әбжанов «Ұлттық идея: Қазақ елі. Азаттық. Бірлік» атты «Қазақ әдебиеті» газетінде басылған мақаласында «... ұлттық идея міндетті түрде ұзақ мерзімді қамтып жатуы керек деп шарт қоюдың негізі жоқ»/1/, – деп жазған болатын. Жазушы Дидар Амантай: «ұлттық идея әрі мәңгілік, әрі кезеңдік ой-тұжырым»/2/, –деп пікір білдірген.

ХV ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейін яғни Қазақ хандығының құрылуынан бастап Ресейге қосылуына дейінгі аралықтағы тарих беттері қазақ даласының ел-жерін сыртқы жаулардан қорғау мақсатындағы шапқыншылық, жаугершілік заманы болғанын көрсетеді. Батырларын сын сағатта дүркін-дүркін аттандырып отырған қалың қазақтың арман-тілегі, ұлттық мұраты – ұлттың ыдырамай, ауызбіршілікте бір орталыққа бағынып, ұю, бейбітшілік, ел-жердің амандығы.

Күрескерлікке, ерлікке, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруды ұран еткен, жорық шыршылары Жиембет, Марғасқа, Доспамбет, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жырау, Тәтіқара мұраларынан көрінетін бүкіл елдің ұлттық мұраты мен мүддесі – одан берідегі:

Айтып-айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні! – деп күңіренген батыр ақын Махамбет, Қасым хан, Сырым Датұлы, Амангелді Иманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістердің көксегені, ортақ идеясы – ұлттың азаттығы мен бостандығы, қазақтың қасиетті жері еді.

«Ел мен елді теңестіретін – білім». Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері Абай, Шоқан, Ыбырай өз кезеңінде заманының ағысын аңғарып, қазақты оқу-білімге шақырды. Еуропа мәдени үлгісін орыс елі арқылы тану үшін орыс тілін үйренуге, ғылым игеруге үндеді. Мәдениеті озық елдермен тең дәрежеде болудың бірден бір жолы елдің жаппай сауат ашып, саяси білімді болу керектігін ұғынды.

ХХ ғасырдың басында елдің мұң-зары мен арман-аңсарын арқалаған қазақтың зиялы қауымы қалыптасты.

«Оқыған, тәрбие көрген адамдардың бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзіне тән болған ұлттың «ұлттық зиялысына» қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттарды төңірегінде жиналған оқымыстыларды зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылардың қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады.»,/3/ – деп жазған Мұстафа Шоқай.

Білім мен ғылым заманында ұлт зиялыларынсыз ұлттың мұраты – ұлттық идеясы айқын болмайтыны дәлелдеуді қажет етпейді. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясы төңірегінде баспасөз беттерінде пікірлерін жариялаған ел азаматтарының бірі, жазушы Алдан Смайыл былай деп жазған болатын: «Ұлттық идея дегеніміз, белгілі бір тарихи кезеңге ұлттың сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мұраттар және оларды жүзеге асырудың жолдары. Оның негізгі нысанасы, ұлттық мемлекет құру. Бұл мынандай үш өмірлік міндетті алға тартады.», – деп автор ең алдымен сол өмірлік міндеттің біріншісі «ұлттық саяси элита қалыптастыру», /4/ – дейді.

ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық саяси элитасы қалыптасқан болатын. Қазақ халқының сол кездегі зиялылары туралы Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақтың мемлекет қайраткерлерінің тоталитарлық режим үшін ерекше қауіпті болғандығы сол – бұл адамдар саяси құрылыстың өрге баспайтын ескі түрлерін қайта жандандырамыз деп әуре болмай-ақ, шын мәнінде осы заманның мемлекетін құра алатын»/5/, – деп жазған.

Сол ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұраты қандай болды? Ұлттық мүдде, ұлттық идея нені көкседі?

Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасынан «Айқап» журналы 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін тұрақты шығып тұрды. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының бүкіл елдің мұратына айналған арман-тілектері мен ойлары осы журналда жарияланған публицистикалық мұраларында да арқау болғаны сөзсіз. Журналдың шығарушысы, редакторы, жазушы-журналист М.Сералин «Айқап» журналының аталуы туралы: «Біздің қазақтың «Әй, қап! демейтұғын қай ісі бар?» дей келіп: «... біздің қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық «Айқап» болды» (Айқап, 1911, № 1) деп жазған.

ХХ ғасыр басында да қазақ үшін өзекті мәселелердің бірі – жер мәселесі болды. М.Сералин: «...Жақсы жерлерімізді қолда сақтау үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымызды-ай» дедік», ­– деп «Әй, қап! демейтұғын ісі жоқ» қазақтың бір өкінішін осылай көрсеткен.

ХХ ғасыр басында елдің оқымысты-зиялылары ұлтқа төнген қауіптен халықты сақтандыруды мақсат етті. Ендігі жерде елдікті сақтаудың жолы ­ретінде қазақты сауаттылыққа, ғылым-білімге үндеді. Бұл – ұлт мүддесін қорғаудағы зиялылардың ұлы мұраты еді.

Алаш қайраткері, ақын М.Дулатов «Айқап» журналындағы «Қазақ болу керек деушілердің пікірі» мақаласында: «... Жер көп-аз болса да бұл заман өнер-білім заманы болған шақта әр жерде жайылып жүргенде оқудан мақұрым қалармыз. Надан халық білімді халықтардың қасында өзінің діні, хақын сақтай алмай дүниеден ақыры есебін бітіруі ықтимал», – деп ең басты қауіпті ескеріп, қам жеген.

М.Сералин: «Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол – оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек өнерлі халыққа жалшы болудан болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды.», – деп жазды.

Сонымен бірге «Айқап» журналы сол кездегі қазақ тілінің халіне назар аударды. Қазақ тіліне басқа тілдердің араласуы туралы мәселелерді көтерді. Қазақ тілін Абай, Ыбырай салған іздермен дамытуды бағыт ұстады. Қазақтың тілінсіз елдігіміз болмайтынын сол кездің өзінде-ақ аңғара білді. М.Сералин бұл туралы: «Тіл, әдебиет – бір ұлттың жаны мен рухы...» деп жазған. Сондай-ақ журнал редакторы ендігі бір сөзінде: ««Біздің де өзімізше тіл, әдебиетіміз бар... көміліп жатқан қазынаны дүние жүзіне шығаруға үлкен-кіші баршамыз борышты, қарыздармыз», – депті.

Тіл, ұлттық әдебиет, ұлттық құндылықтар тақырыбы – бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жоймай келе жатқан өзекті мәселе екені белгілі. Қазағым, көтер басты жатпа бекер,

Ғұмырдың жатуменен сиқы кетер.

Біздерден басқа халық алға кетті,

Ойласақ бұл надандық түпке жетер (Айқап, 1911, №3, 16-бет)

«Айқап» жинағын құрастырушылар бұл шумақ өлең жайында: «Біз Х.Бекмұхамедовтың «Қазақ халқына» атты лирикалы өлеңінен үзінді келтіре отырып, оның да ат төбеліндей сауатты қазақтардың көкейінде жүрген басты нәрсені – ізденудің, оқып үйренудің, жалқаулықтан жиренудің қажеттігін насихаттағанын еске сала кеткенді жөн көрдік», – деп жазыпты.

«Айқап» журналы өз кезеңінде ұлтқа қызмет еткен, ұлт мүддесі үшін жарық көрген басылым. Ондағы жарияланған ел зиялыларының мақалаларындағы жалғыз-ақ мұрат – елдік, елдің өз билігі өзінде болу идеясы еді.

«Айқаптың» 1-санында Ахмет Байтұрсынов «Қазақ өкпесі» атты мақаласында: «Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты», – деп қынжыла жазған.

Алаш азаматтары елдің елдігін көтеруге талаптанды. Қазақ мемлекетін құрып, елдің басын қосуға ниеттенген ел зиялыларының азаматтық-саяси ұстанымдарын көрсетуде «Айқап» журналының рөлі елеулі болғаны сөзсіз.

Сілтемелер:

1.Әбжанов Х. Ұлттық идея: Қазақ елі. Азаттық. Бірлік. // Қазақ әдебиеті, 29 тамыз, 2003 жыл

2.Амантай Д. Менің Қазақстаным // Қазақ әдебиеті, 24 сәуір, 2004 жыл.

3.Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1998. 1-том. 511 б.

4.Смайыл А. Ұлттық идея ұстыны // Егемен Қазақстан. 25 қаңтар 2006 жыл.

5.Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999, 230 б. Пайдаланылған әдебиеттір тізімі:

1.Құрастырушылар: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов. «Айқап». – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995.

tilimen.org

Қазақ газеті және Айқап журналы диплом жұмысы - Журналистика - Дипломдық жұмыстар

 Жоспар - www.topreferat.com Кіріспе............................................................................................3 І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері 1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер.............................................................................................10-24 1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті...................25-33 ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі 2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі.........................................................................................34-48 2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі.............................48-57 Қорытынды....................................................................................58-60 Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63

Жұмыс түрі: Дипломдық жұмысЖұмыс көлемі: 64 бетПәні: Журналистика

-----------------------------------------------------------------------------------

-----------------------------------------------------------------------------------https://www.topreferat.com/ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

 Жоспар Кіріспе............................................................................................3 І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және1.1 “Қазақ газеті” және “Серке”1.2 “Айқап” журналы және ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері –Қорытынды....................................................................................58-60 Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63 Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді басылымның тарих дерегі3 Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеушыққан алғашқы газеттер мен ұлттықБітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ұлттық деректеріміз Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне4 деректерді “өңдеу” барысында , сол жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен . Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеуҚазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндеҰлттық бейресми басылымдарға берілген алғашқы“30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш5 қозғалысының түп нұсқалық деректері жарияланып1966 жылы “Айқап” журналы ҚазақстанЕгер ресми газеттер “Түркістан уалаятыныңҚазан төңкерісіне дейінгі қазақ мерзімді“Халықтар татулығы және ұлттық тарих6 1998 жылы ұлттық басылымдарды зерттеуҚазақстан тарихнамасында бірінші рет жасЕліміз тәуелсіздік алғаннан кейін , яғни7 Дулатовтың “Айқап” , “Қазақ” т.б. басылымдарындаБітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың деректік негізініңСоңғы онжылдықта жариялана бастаған ұлттықеңбектерінде мерзімді басылымдар мәліметтерінің деректікБітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: - ХХ ғасырдың басындағы- “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш 8 тарихи дерек көзі ретінде пайдалану - “Айқап” журналы және “Қазақстан” - “Қазақ” газетінің шығуын , қалыптасуын жәнеБітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе , қорытынды 9 І тарау. Ұлттық-бейресми басылымдар және олардың1.1. “Қазақ газеті” және “Серке” –Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттықҰзақ жылдар бойы қазан төңкерісінеЖалпы ел тарихында , оның ішінде10 өзіндік орын алған , аталған газетсаналы іс әрекеттерінің салдарында дүниеге Өркениетті халықтар тарихында , олардың ұлттықЕкі бірдей ұлттық басылымның ғасыр11 қазақ жұрты да басқалардың дүбірінеСол қазақ жұртының қолға алғанАлғашқы бейресми газет шығару мәселесіБұл екі газеттің де өмірлерінің тым Алғашқы қазақ тілінде шыққан тұңғыш12 алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келгенАл , журналист Т. БоранғалиұлыБұған айтарымыз , біріншіден , Қазақстан баспасөзінің тарихын зерттеушілердің бірі13 газеттері , “Айқап” журналы (1911-1915) – бәрі Мұндағы автордың “Дала уалаяты газетінің” Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ газетінің” деЕкіншіден , “Дала уалаятының газетінің” тарихитінту , абақты , штрафтан... көзі ашылған14 Сонымен , қазақ тілінде шыққан тұңғышбейресми газет туралы үш түрлі“Серкені” алғаш ұлттық газет ретінде М. Дулатұлының бұл пікірін ағамыз Міне осылай алғашқы ұлттық төлкөрсетсе , екінші жағынан , бұл мәселені“Қазақ газеті” (1907) мен “Қазақ” (1913-1918) демократиялық бағыттағы , ұлттық-бейресми басылымдар болғанымен15 аттары ұқсас , екі басқа басылымдар“Cеркенің” жарыққа шыққан күні туралыхалқының мүддесі үшін күрес екендігін“Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген ,Патша үкіметінің және оның жергілікті16 өмір-сүруімен келісе алмайтығындығы , оны тезірекОл туралы қазақтың тұңғыш журналыҚошығұлов “Серке” есімді журнал шығара бастапСол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев1907 жылы шыққан “Нәжет” (Азаттық) деген17 мақсатымыз” атты бас мақаладан көругеӨлеңнің бірінші шумағында: Найзаменен түртсе де, Жатырсың, қазақ, оянбай. Мұнша қалың ұйқыны Бердің бізге, ой, аллай-ай! десе , соңғы шумағында: Халыққа, жастар, басшы бол! Қараңғыда жетектеп. Терең судан өтер ме, Мың қойды серке бастамай? дейді /37/. Бірінші шумақтан М. Дулатовтың бүкіл Патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып“Қазағым менің, елім менің! Ең алдымен қазақ халқы – Россияға... Өздеріңіз көз жазбай байқап 18 істеді... Енді бұл чиновниктер қазақ даласынаҚазақ жеріне бұл мұжықтарды неКезінде Петербург баспасөз істері комитеті1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі19 оның қосымшасы “Серке” алынып , сот1913 жылғы мамырдың 15- күні ол жойылды”Санкт-Петербург мемлекеттік тарих мұрағатының қорындаСонымен , ғасыр басындағы қазақ баспасөзін ретінде , келешек бейресми , ұлттық бағыттағы Ондай тұжырым жасауға , біздің 20 шығарушыларының бірі болуы . Демек , олсабағын ескерері түсінікті . Екіншісі , “Қазақ газетінің” бірінші саныныңҮшіншісі , қазақтардың ХХ ғасыр Бұл мысалдар кейінгі мерзімді басылымдардыСонымен , тарихы мен тағдыры судыңсол міндет, сол мақсат жолында21 есептелінуі әділеттілік . Олай болса , қазақАқырында , бір-ақ қана нөмірлерінің Қазақ халқының жоғын жоқтап , мүддесін22 Егер большевиктер диктатурасына дейінгі дүниегетіліндегі газет-журналдардың тарихына көз салсақБасылымдардың дүниеге келуінің тарихи жағдайларыПатшалық самодержавие жағдайында болады . Ұлт Отаршылдық саясаттың салдарынан бейресми ұлттық23 шығару тек 1905-1907 жылдардағы толқулардан кейінКез-келген деректің пайда болуының объективті“Қазақстан” газетінің шығуы туралы журналистқаражаттарын ортаға салып , қазақ тілінде24 - дейді /38/. “Айқап” журналы оның әрі шығарушысы1.2. “Айқап” журналы және “Қазақстан”Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911М. Сералиннің 1906 жылдан бастап ана тілінде бірінші рет журнал25 кіріскендігін оның замандастары да растайды“Алты миллиондай халықтың ортасында бірЖурналдың шығуына бір жыл толуынаӘуелі, мәтбуға қожасы Сосновскийге арзан 26 Кеңестік тарихнамада айтылғандай , журналдың өзіментұрған “Қазақ” газетінен басты айырмашылығыХХ ғасыр басындағы ұлт алдында“Айқап” журналы М. Сералиннің бастамасымен “Айқап” журналын дерек көзі ретінде27 тарих дерегі ретінде қарастыруда Ү.Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү. 1999 жылы шыққан “Қазақ халқыныңЖұбанов Құдайберген , Досмұхаметов Халел , Ермеков28 Қоңыратбаев Қалжан , Мәрсеков Райымжан , СейтовҰлттық бейресми басылымдар арасынан ҚазақстанМысалы , зерттеушілер М. С. Бурабаев пен“Қазақстан” газетінің қай жылы қанша29 айына дейін барлығы 9 нөміріДегенмен , зерттеушілердің көпшілігі “Қазақстан” газетінің Ал , шындығында “Қазақстан” газетінің бастапқықаласында он шақты нөмірі шығып“Қазақстанның” 27 қаңтарда шыққан бірінші 30 Сол жылдың 16 ақпанында шыққанСонымен , “Қазақстан” газетінің 1911 жылыЖалпы , алғашқы қазақ басылымдарына қатыстыБір уақытта дерлік шыға бастағанМысалы , “Айқап” журналы өзінің 1912журналымыздың көп ой жүргізетұғын мәселесіболуды жоғалту хақында болар... Үшіншіхақында қалайынша тәрбиелер жасау керек31 Төртіншіден , қатын-қыздарымыздың кемшілікте тұрғандықтарынЖурнал мен газеттің мақсат-міндеттерінің бірлігіКелтірілген мысалдар “Айқап” журналы менқазақ тілінде шыққан не бары32 демократ” , екеуін “ұлтшыл-кертартпа” деп бұлай Ұлт дамуын жол айрығына әкепДемек , “Қазақ баспасөзінің тарихында негізінде“Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеті33 ІІ тарау “Қазақ” газеті - Қазақстан2.1. “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуыӨмір айнасы деген атаққа иеСонымен қатар , газеттер мен журналдар1998 жылдың басында Қазақстан Президенті34 түсініп-түйсінеді , яғни өз елі , өзОсындай біздер үшін өз еліміздіңТарих сияқты тарихи деректердің деМіне осындай , қазақ халқына ғанаҚазақстанның ХХ ғасырдың басындағы тарихын35 ғылымға берер мағлұматтарының Қазақ аспанын қара бұлттай торлағанАтап айтсақ , “Қазақ” екі Біздің бұған қосарымыз “Қазақ” тек36 империяның көз алдымызда күйреуі нәтижесіндеЖұртшылыққа танымал қазақ ғалымының бұл37 жинағын кітап түрінде жарыққа шығардыДегенмен , тарихи дерек көзі ретіндеБұл жерде зерттеушілердің “Қазақ” газетінің36 қоғамдық өзгерістер “Қазақты” да осындайХХ ғасырдың басындағы ұлттық бейресми“Қазақ” сияқты , қазақ баспасөзі тарихындаҚазақтардың күнделікті мұқтажын айқындап отыру37 жасап , белсенділік көрсеткен келешек газет“Қазақ” газетінің пайда болуы жәнеЖалпы бұлай етуге бүгінгі Оразай“Қазақтың” қайта шығуына келсек -38 шыққан . Бірақ , көп ұзамай “Қазақ”Газеттің болашақ редакторы Ахмет БайтұрсыновтыңСонымен , ұзақ жылдарға созылған алдын“Қазақ” газеті өзінің алғашқы 39 Ахмет Байтұрсыновтың меңзеп отырғаны қазақГазет шығарушылардың “Қазақ газеті” мен40 Тек , 1917 жылғы ақпан 1917 жыл туралы “Қазақ” , “ӨткенБірақ , 1917 жылдың күзінде Ресейдің41 өз қолдарына күшпен тартып алыпҚазан төңкерісінен кейінгі , әсіресе соңғыӨз кезегіндегі кеңес үкіметі деҮш күнге созылған соғыстың нәтижесіндеқұдайға шүкір , бүгін жарық дүниеге44 тағы аралап отыр . Сағынып көрген жұртынаГазеттің соңғы нөмірлерімен тереңірек танысуМерзімді басылымның сипатын , оның қоғамдық-саясиАл , енді өзіміздің негізгі зерттеуәулетке тән газет . Үшіншісі – газет45 халықтың қолдауымен , газетті жаздырып алушылардыңГазеттің қаражат көздерін арнайы зерттегенГазет өмірге келіп , өз жұмысынДегенмен , бір қолдың саусақтарымен санапқойған міндеттеріне түбегейлі өзгерістер енгізбей46 шығарушылардан бұрын-соңды еш қазақ кездесіпБірақ , “Қазақтың” мұндай шуақты Міне осылай , айналасы бірнеше жылдыңСонымен , “Қазақ” газетінің өзінің объективтіболғандығы , оның қалыптасқан әрбір объективті47 нақты бағыт-бағдары , алдына қойған мақсаттарыҚайталанбайтын деректердің деректік маңызы , оларданБүгінгі күні - тәуелсіз Қазақстанның Тарих ғылымының негізін тарихи “Қазақ” газетінің авторларының жалпы саныСолардың бірі мазмұндылығымен , ұлттық мерзімді48 көтерген мәселелерінің маңыздылығымен , өзіне еріксіз“Қазақ” газеті халықтың рухани және2.2. “Қазақ” газеті мәліметтері – бірінші“Қазақ” газеті жарыққа шыға бастаған49 Ресейдің , онымен бірге Қазақстанның даІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ҚазақстанАл , екінші бір бөлігі , яғниХалық өміріне қатысты тарихи деректердің50 әскери жеңістер мен жеңілістердің ғанаБіз зерттеу объектісі ретінде қарастырып“Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі “Қазақ” газетінің бірінші күннен бастапарнаулы мақалалар басылған .Оқу жайы табылады . Зерттеуші Ө. Әбдіманов газет алдына Иә , өмірдің қай саласынан болмасын52 айтылған . Газет шыға бастаған біріншіОның ең басты объективті себебіЕкіншіден , басқарма тарапынан газетке хабарҮшіншіден , апталыққа мақала жазып тұруға53 ұмытпасқа керек” - деп жазса , кейінірекБұл газет шығаруға өз үлестерінСонымен қатар ерекше көңіл аударатынХІХ ғасырдың соңы мен ХХДемек , Абай туындылары мен54 білгендері, олардың ел тарихының дерегі“Қазақ” газетінің материалдарының деректік Дегенмен , ескертетін бір жағдай , ол55 келді . Бұл тәсіл көп ұзамай-ақБаспасөздің ұлт мүддесі үшін Газеттің 1913 жылдың басынан бастапБіріншіден , газетте басылған мақалалар елдерлік қамтыған . Сондықтан , зерттеушілер 56 аласапыран алдындағы бейбіт өміріне ,Екіншіден , газетте жарияланған мақалалардың басымҮшіншіден , Абай шығармашылығының , Абай даналығының57 Қорытынды Сонымен , ХІХ ғасырдың соңыҚазақ зиялыларының газет шығару ісіндегіСонымен , егер алғашқы қазақ Қазан төңкерісіне дейін елімізде оннан58 жарық көрді . Олар негізінен екіРесми орындардың рұқсатымен шығып тұрғаныменҰлттық басылымдардың сипатына , бағыт бағдарына“Қазақ” газетінің тарих дерегі ретіндегібірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы жылы59 қазақ халқының соңғы бейбіт жылғыҰлттық басылымдар тарихының жаңа кезеңіСонымен , ХІХ ғасырдың соңы менЖалпы , қазақ баспасөзін тарихи дерекӘ. Бөкейхан , А. Байтұрсынұлы , М. Дулатұлы 60 Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі Ключевский В.О. Сочинения в девяти Сонда. Атабаев Қ. Мерзімді басылым ХІХ ғасырдыңСонда. Б. 21-27. Сонда. (27-35). Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918). Алматы:Сыздықов С.М., Айдаров Ғ. Орхон жырлары –Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы:“Қазақтың” жабылуы... //Бірлік туы. 1918. 20(7) февраль. № 22. Нұрпейісов К. Алаш һәм ... Б.22. Мақалалар. “Қазақ” газеті. Жинақ. Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы. 1998.Сақов Қ.Ө. “Қазақ” газетіндегі ұлттық-саяси мәселелердің жазылуы. Ф.ғ.к.дисс. автореф.Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 296 б.Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы:Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: Атамұра, 1993. 128-б. Ахмедов Ғ. Алаш “Алаш” болғанда. Алматы: Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Алматы: ЖетіӨзбекұлы С. Арыстары алаштық. Алматы: Жеті жарғы,Қалиұлы Ж. Мамания. Алматы: Атамұра, Субханбердина Ү. Қазақ баспасөзі тарихынан //Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі //61 “Қазақ”. 1913. № 28. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. ҚазақӘбдіманов Ө. Қазақ газеті. Б.24. Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі Сонда. Боранғалиұлы Т. Ел атауына ақ Тайшыбай З. Қазақтың қазақтан басқа “Қазақ”, 1917 жыл, № 239. Дулатұлы М. Баспасөз үмесі // Еңбекші Исақанұлы Д. Барлық мүддеден жоғары //Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф., Көрсетілген“Айқап”. Жинақ. Алматы, 1985. Б.20. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.37б Боранғалиұлы Т // Егемен Қазақстан, 1997,Субханбердина Ү. “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Мазмұндалған библиографиялықНығметов Е. “Қазақстан” газеті. //Білім және еңбек. 1964. №5. Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. Алматы: Жеті жарғы.Субханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары. Б. 62. “Қазақ” газеті. Жинақ. 1998. Б.16. Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан.Не екен ойландырған арыстарды? // Ақиқат, 1998, № 4,“Қазақ”, 1993, № 266. М.Д. (Дулатов М.) “Айқап” журналы //Қазақ, 1914, № 51,“Қазақ”, 1913, № 1. Дулатов М. Қазақ баспаханасы //Қазақ, 1917.“Қазақ” газеті. Жинақ. Б.421. Сақов Қ. “Қазақ” - өзін-өзі қаржыландырған газет //КазМУ хабаршысы.62 “Қазақ” 1915. № 101. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Б.163. “Қазақ” газеті. Жинақ. Б.75. А.Б. Қазақтың бас ақыны. “Қазақ” газеті. Жинақ.63 Қазақстан Республикасының Білім және ҒылымД.А. Қонаев атындағы Университет Әлеуметтік және ізгілік пәндер кафедрасы Диплом жұмысы Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Ғылыми жетекші: т.ғ.д. профессор Қ.М.Атабаев Орындаған: тарих тобының 5 курс студенті ҚалиеваАлматы, 2006

16 шілде 2018ж.2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

www.topreferat.com

Эльмира ибраева «АЙҚАП» журналы және ұлттық идея

Эльмира ИБРАЕВА «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ Көрнекті ғалым, т.ғ.д., профессор Ханкелді Әбжанов «Ұлттық идея: Қазақ елі. Азаттық. Бірлік» атты «Қазақ әдебиеті» газетінде басылған мақаласында «... ұлттық идея міндетті түрде ұзақ мерзімді қамтып жатуы керек деп шарт қоюдың негізі жоқ»/1/, – деп жазған болатын. Жазушы Дидар Амантай: «ұлттық идея әрі мәңгілік, әрі кезеңдік ой-тұжырым»/2/, –деп пікір білдірген.

ХV ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейін яғни Қазақ хандығының құрылуынан бастап Ресейге қосылуына дейінгі аралықтағы тарих беттері қазақ даласының ел-жерін сыртқы жаулардан қорғау мақсатындағы шапқыншылық, жаугершілік заманы болғанын көрсетеді. Батырларын сын сағатта дүркін-дүркін аттандырып отырған қалың қазақтың арман-тілегі, ұлттық мұраты – ұлттың ыдырамай, ауызбіршілікте бір орталыққа бағынып, ұю, бейбітшілік, ел-жердің амандығы.

Күрескерлікке, ерлікке, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруды ұран еткен, жорық шыршылары Жиембет, Марғасқа, Доспамбет, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жырау, Тәтіқара мұраларынан көрінетін бүкіл елдің ұлттық мұраты мен мүддесі – одан берідегі:

Айтып-айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні! – деп күңіренген батыр ақын Махамбет, Қасым хан, Сырым Датұлы, Амангелді Иманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістердің көксегені, ортақ идеясы – ұлттың азаттығы мен бостандығы, қазақтың қасиетті жері еді.

«Ел мен елді теңестіретін – білім». Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері Абай, Шоқан, Ыбырай өз кезеңінде заманының ағысын аңғарып, қазақты оқу-білімге шақырды. Еуропа мәдени үлгісін орыс елі арқылы тану үшін орыс тілін үйренуге, ғылым игеруге үндеді. Мәдениеті озық елдермен тең дәрежеде болудың бірден бір жолы елдің жаппай сауат ашып, саяси білімді болу керектігін ұғынды.

ХХ ғасырдың басында елдің мұң-зары мен арман-аңсарын арқалаған қазақтың зиялы қауымы қалыптасты.

«Оқыған, тәрбие көрген адамдардың бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзіне тән болған ұлттың «ұлттық зиялысына» қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттарды төңірегінде жиналған оқымыстыларды зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылардың қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады.»,/3/ – деп жазған Мұстафа Шоқай.

Білім мен ғылым заманында ұлт зиялыларынсыз ұлттың мұраты – ұлттық идеясы айқын болмайтыны дәлелдеуді қажет етпейді. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясы төңірегінде баспасөз беттерінде пікірлерін жариялаған ел азаматтарының бірі, жазушы Алдан Смайыл былай деп жазған болатын: «Ұлттық идея дегеніміз, белгілі бір тарихи кезеңге ұлттың сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мұраттар және оларды жүзеге асырудың жолдары. Оның негізгі нысанасы, ұлттық мемлекет құру. Бұл мынандай үш өмірлік міндетті алға тартады.», – деп автор ең алдымен сол өмірлік міндеттің біріншісі «ұлттық саяси элита қалыптастыру», /4/ – дейді.

ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық саяси элитасы қалыптасқан болатын. Қазақ халқының сол кездегі зиялылары туралы Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақтың мемлекет қайраткерлерінің тоталитарлық режим үшін ерекше қауіпті болғандығы сол – бұл адамдар саяси құрылыстың өрге баспайтын ескі түрлерін қайта жандандырамыз деп әуре болмай-ақ, шын мәнінде осы заманның мемлекетін құра алатын»/5/, – деп жазған.

Сол ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұраты қандай болды? Ұлттық мүдде, ұлттық идея нені көкседі?

Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасынан «Айқап» журналы 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін тұрақты шығып тұрды. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының бүкіл елдің мұратына айналған арман-тілектері мен ойлары осы журналда жарияланған публицистикалық мұраларында да арқау болғаны сөзсіз. Журналдың шығарушысы, редакторы, жазушы-журналист М.Сералин «Айқап» журналының аталуы туралы: «Біздің қазақтың «Әй, қап! демейтұғын қай ісі бар?» дей келіп: «... біздің қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық «Айқап» болды» (Айқап, 1911, № 1) деп жазған.

ХХ ғасыр басында да қазақ үшін өзекті мәселелердің бірі – жер мәселесі болды. М.Сералин: «...Жақсы жерлерімізді қолда сақтау үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымызды-ай» дедік», ­– деп «Әй, қап! демейтұғын ісі жоқ» қазақтың бір өкінішін осылай көрсеткен.

ХХ ғасыр басында елдің оқымысты-зиялылары ұлтқа төнген қауіптен халықты сақтандыруды мақсат етті. Ендігі жерде елдікті сақтаудың жолы ­ретінде қазақты сауаттылыққа, ғылым-білімге үндеді. Бұл – ұлт мүддесін қорғаудағы зиялылардың ұлы мұраты еді.

Алаш қайраткері, ақын М.Дулатов «Айқап» журналындағы «Қазақ болу керек деушілердің пікірі» мақаласында: «... Жер көп-аз болса да бұл заман өнер-білім заманы болған шақта әр жерде жайылып жүргенде оқудан мақұрым қалармыз. Надан халық білімді халықтардың қасында өзінің діні, хақын сақтай алмай дүниеден ақыры есебін бітіруі ықтимал», – деп ең басты қауіпті ескеріп, қам жеген.

М.Сералин: «Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол – оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек өнерлі халыққа жалшы болудан болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды.», – деп жазды.

Сонымен бірге «Айқап» журналы сол кездегі қазақ тілінің халіне назар аударды. Қазақ тіліне басқа тілдердің араласуы туралы мәселелерді көтерді. Қазақ тілін Абай, Ыбырай салған іздермен дамытуды бағыт ұстады. Қазақтың тілінсіз елдігіміз болмайтынын сол кездің өзінде-ақ аңғара білді. М.Сералин бұл туралы: «Тіл, әдебиет – бір ұлттың жаны мен рухы...» деп жазған. Сондай-ақ журнал редакторы ендігі бір сөзінде: ««Біздің де өзімізше тіл, әдебиетіміз бар... көміліп жатқан қазынаны дүние жүзіне шығаруға үлкен-кіші баршамыз борышты, қарыздармыз», – депті.

Тіл, ұлттық әдебиет, ұлттық құндылықтар тақырыбы – бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жоймай келе жатқан өзекті мәселе екені белгілі. Қазағым, көтер басты жатпа бекер,

Ғұмырдың жатуменен сиқы кетер.

Біздерден басқа халық алға кетті,

Ойласақ бұл надандық түпке жетер (Айқап, 1911, №3, 16-бет)

«Айқап» жинағын құрастырушылар бұл шумақ өлең жайында: «Біз Х.Бекмұхамедовтың «Қазақ халқына» атты лирикалы өлеңінен үзінді келтіре отырып, оның да ат төбеліндей сауатты қазақтардың көкейінде жүрген басты нәрсені – ізденудің, оқып үйренудің, жалқаулықтан жиренудің қажеттігін насихаттағанын еске сала кеткенді жөн көрдік», – деп жазыпты.

«Айқап» журналы өз кезеңінде ұлтқа қызмет еткен, ұлт мүддесі үшін жарық көрген басылым. Ондағы жарияланған ел зиялыларының мақалаларындағы жалғыз-ақ мұрат – елдік, елдің өз билігі өзінде болу идеясы еді.

«Айқаптың» 1-санында Ахмет Байтұрсынов «Қазақ өкпесі» атты мақаласында: «Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты», – деп қынжыла жазған.

Алаш азаматтары елдің елдігін көтеруге талаптанды. Қазақ мемлекетін құрып, елдің басын қосуға ниеттенген ел зиялыларының азаматтық-саяси ұстанымдарын көрсетуде «Айқап» журналының рөлі елеулі болғаны сөзсіз.

Сілтемелер:

1.Әбжанов Х. Ұлттық идея: Қазақ елі. Азаттық. Бірлік. // Қазақ әдебиеті, 29 тамыз, 2003 жыл

2.Амантай Д. Менің Қазақстаным // Қазақ әдебиеті, 24 сәуір, 2004 жыл.

3.Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1998. 1-том. 511 б.

4.Смайыл А. Ұлттық идея ұстыны // Егемен Қазақстан. 25 қаңтар 2006 жыл.

5.Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999, 230 б. Пайдаланылған әдебиеттір тізімі:

1.Құрастырушылар: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов. «Айқап». – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995.

www.tilimen.org


KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта