Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 

Полезные ссылки

РКФ

 

Все о дрессировке собак


Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға. Айқап журналы мен қазақ газеті


"Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті туралы

«Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдық­саяси, әдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді. Журналда Ш. Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5), «Сөз таласы» (1915, № 6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912, № 4.) мақала, хабарлары жарияланды. Оларда Ш. Құдайбердіұлының философиялық ой­толғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5) сауалнамасында Ш. Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы оқырмандардан бес түрлі діни сұраққа жауап сұраған хаты берілген. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын — бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын, не қазақша тәржіма етілсін. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен…» дей келіп, 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат­бейнет (сауап­азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?» деп барша адамзат баласын мәңгілік толғандыратын философиялық сауалдарын талқыға салады. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде қазақ зиялыларының пікір қайшылығынан туындаған (көшпелі және отырықшы) мәселеде парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге ой салып, елдік жолындағы саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат­мақсатта береке­бірлікке шақырса, «Сөз таласында» «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарайды. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтардың келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін айтады. «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы­ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс — тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп­зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп қандай да болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді. Өз толғамын нақты мысалмен нығырлап, өзекжарды толғанысын «кекеу кек шақырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады» деп саяси ұстанымды ар­ождан қасиеттерімен сабақтастырып, азаматтық кемелділікке шақырады. «Айқап» журналында Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер де берілген. «Жаңа шыққан кітаптар» хабарламаларында Ш. Құдайбердіұлының «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз­қазақ һәм хандар шежіресі» (1912, № 7), «Қалқаман—Мамыр» кітаптары басылып шыққаны хабарланса (1912, № 13), М. Сералин «Шаһар Троицк» мақаласында «Айқап» журналы шыға бастаған кезеңнен бері «Маса», «Бақытсыз Жамал», «Өрнек», «Тумыш», «Шаир», «Көксілдер», «Шежіре», «Мұсылмандық кітабы», «Топжарған» кітаптарымен қатар Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман—Мамыр» кітабы шыққанына тоқталады (1913, № 1) Ал С. Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» (1916, № 6) мақаласында «Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастағанда, бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм қажы Құнанбай қандай болғанда, ағасы Абай қандай болған деп ойға алынады… Бұл күнде милләтіне қаламымен қызмет қылып жатқан құрметті, аса қадірлі Шаһкәрім күміс ер­тоқым, күміс белдік, жуан бос құрсаққа мас болып, қажы деген сөзге төбесі көкке жеткендей болып жүрген қажыларымызға үлкен­ақ үлгі боларлық зат… Шаһкәрім сияқты ақсақалдарымыздың ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға Шәһкәрімдей болуға нәсіп етсін» деп жазылған. Есенқұл Маманұлы «Роман жарысы туралы» мақаласында әдеби сыншылыққа Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Сералин, Р. Мәрсекұлы, Ж. Ақбайұлы, Н. Орманбетұлы, Н. Құлжанұлы және Ш. Құдайбердіұлы лайықты деп біледі. «Қазақ» — ұлттық қоғамдық, саяси және әдеби газет. 1913.2.II—1918.26.IX жылдар аралығында Ресейдің Орынбор қаласында Алаш санаткерлерінің күш­қайраты, ұлт қайраткері А. Байтұрсынұлы редакторлығымен шықты. Барлығы 264 саны жарық көрді. «Қазақ» — XX ғ. басындағы ұлттық санаға елдік қасиеттер сіңірді.

Саяси және рухани ояну ұранын көтеріп, отаршылдық қысымдағы ұлттың азаттық мұраттарын темірқазық етіп ұстанды. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты атын» иемденген газет «ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет» және де «қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, осы ғасырдың ғылым жарығында қазақ көзін ашып, өзінің қазақшылығын жоғалтпас және өзіміздің әдет­ғұрыпқа сай «қазақ мәдениетін» (казахская культура) құрып, бір жағынан «қазақ әдебиетін» (казахская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» деп осы жолда тарихи ерен қызмет атқарды. Сол биік мұрат­ мақсат биігінен табылуда қаны мен жанын жанпида еткен Алаш ардақтыларының бірі Ш. Құдайбердіұлы болды. Басылым тұсауын кескенде «Қазақ» құтты болсын!» жүрекжарды өлеңін арнады. Газеттің әлеуметтік өмірдегі мән­мағынасын («…Қолына жарық сәуле ала туды. Мақсаты: қараңғыда жүрген халқын, Ойлайды тура жолға қаратуды»), қоғамдық маңызын терең екшейді («…Ойлама газет бізге неге керек деп, Газетсіз ел жаны жоқ өлгенге есеп!»). Ұлт басылымдарын жамағаттың жазылу арқылы демеу беріп қолдауындағы жауапкершілігі мейлінше қажеттігін жырлаған Ш. Құдайбердіұлы «Қазақ» (1913.16.VI) газетінде жарияланған шағын ой толғанысында да «Білімсіз ел жас бала сықылды: бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап соған ұмтылмақшы. Біздің қазақ «Қазақ» газетасы шыққан соң «Айқап» журналын тастап кете ме деп кәдік көремін. Тамам қырғыз һәм қазаққа бір журнал, бір газет көптік қылмас, екеуін де алу керек! Газетаға сөз жазушы мырзалардан өтінемін «Қазаққа да», «Айқапқа да» жазып тұрсаңыздар екен?!» деп жазды. Б. Майлиннің «Айқап» ойларында бар ма?» мақаласында жазғанындай «ол тілек жалғыз Шәкәрімнің тілегі емес еді. Бүкіл қазақ тілегі болуға лайықты еді». «Қазақта» өз дәуірінің күрделі мәселелерін сергек те ақыл көзімен байыптаған Ш. Құдайбердіұлының оқу­ағарту, ұлттық әдет­ғұрып, қазақ шежіресі сынды сан алуан өзекті мәселелерге арналған парасат пайымындағы сыншылдық ой толғамына құралған «Керек», «Жазу мәселесі», «Барша қырғыз­қазақ білімділеріне ашық хат» (234), «Өтініш», «Би һәм билік туралы», «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды: Керей таңбасы жайлы», «Билік туралы» мақалалары жарық көрді. «Би һәм билік туралы» мақаласында қазақ дауына отарлаушы шенеунігінің құлқын пиғылы тұрғысынан емес, әділдік пен туралыққа, ар өлшеміне негізделген ата салтындағы әдет­ғұрып бойынша билік шешудің ұтымды да тиімді жолдарына қатысты келелі ой түйеді. Бұрынғы қазақтың ескі жолының көбі осы күнге қолайлы екеніне әрі бірталайының шариғатпен жанасатынына әлеумет назарын аудартады.

Би және билікке қатысты бабалар салтын жаңғырту жолындағы міндеттерді де екшейді. «…Соларды тексеріп, қолайлысын алып, осы күнгі өмірге келімсізін түзетіп, бір жоба жол қылып жазса, қазаққа содан қолайлы жол болмас еді. Оны жазу қазақтың ескі құлақты кемеңгерлері мен оқымысты жастарының ақылдасуымен табылады. Өзге жұрт қазақ жайын қанша білемін десе де анық жете білмейді» деп ұлттық болмыстан туындайтын басты ерекшеліктерге этикалық сипат дарытады. Заманның кіріне ластанған әрі пейілін арсыздық шырмаған билерді азайту керектігіне ой сәулесін түсірген Ш. Құдайбердіұлы оны қазақ ұлағатымен (мақал­мәтелдер) дәйектей келе, жөнсіз даудың қиянатқа ұрындырып, барымташылыққа ұластыратынын байыптайды. Ал «Барша қырғыз­қазақ білімділеріне ашық хатында» «Қазақ шежіресін» жазып бастырып шығарғанын айтып, ататекті таратуда, шежірені түзуде қателер болса «Қазақ» арқылы білдірулерін сұрайды. «Егер де арғы жердегі сөздердің қатесі бар деушілер болса, оны дәлелмен, білімді жұрттың шежіресімен анықтау керек. Олай болмағанда, құр ғана «менікі дұрыс» деген сөз толық бола алмайды» деп ата тарихының мәуелі арнасы шежіре түзуде адалдық пен ақиқат жолын нұсқайды. Қазақтың басты руларының шежіресін кітапша етіп бастыру керектігіне қатысты ұсынысын да айтады. Осыған орай «Қазақта» Желкектің «Шәкәрім ақсақалға» мақаласы жазылып, шежіреге қатысты сын ескертпелері берілген (268 бетті). Автор Ш. Құдайбердіұлы шежіресін «Түрік тарихымен танысқысы келген адам бұл шежірені оқымай кете алмайды» деп бағалайды. «Қазақта» Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптарына, қоғамдық қызметі, шығармашылығына қатысты маңызды деректерге құралған түрлі сипаттағы мақалалар молынан жарық көрді. «Басқарма» атынан берілген «Оренбург, 9 январь» мақаласында ұлтына қалам қайратымен ақ адал қызмет атқарған Алаш азаматтары қатарында Ш. Құдайбердіұлы ерекше аталады. Ә. Бөкейханның «Мұсылман сиезі» мақаласында «Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта… Абай, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады», «ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар. Абай, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Тарғыннан һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой» деп ұлт тілінің жасампаздығын басты орынға қойды. Ә. Бөкейхан «Кәкітай» атты мақаласының да шәкәрімтануда алар орны зор. 1908 жылы Семей қаласында саяси қысымда жүргенінде Кәкітай, Шәкәрім, Тұрағұл әдейі іздеп келіп сырласқаны, 1909 ж. Шәкәрім, Кәкітайдың жер үлесіне байланысты хат жазып, ақыл сұрағаны туралы айта келіп, «Құнанбай баласы жұрт қамы деп шыға жайылып көгермейік деп 15­ті алмай Қарауылдан айрылды. Саясат жолында мұндай ерлік қылған қазақ басшысын көргенім жоқ!» деп бағалайды. Ә. Бөкейханның «Қара қыпшақ Қобыланды», «Роман бәйгесі», «Қалқаман—Мамыр (Шәкәрім)» сынды әдеби сын мақалаларының да Ш. Құдайбердіұлы шығармашылық әлемін тануда маңызы ерекше болып табылады. Ұлт әдебиеті тарихын дәуірлеуде «Қазақ әдебиеті жайынан» мақаласымен тұңғыш ғылыми­зерттеушілік қадам жасаған Р. Мәрсеков сөз өнеріндегі сыршылдық сарынды Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман—Мамыр» поэмасынан келтірген үзінді мысалымен дәйектейді. Өз кезегінде қазақ романдарына бәйге тіккен ұлт меценанты Е. Маманов «Ашық хат азаматтарға» мақаласында әдеби сыншылдыққа өзге де айтулы дарындармен қатар Ш. Құдайбердіұлы лайықты деп табады. «Сұңқардың» «Тоқырауын (Қарқаралы уезі)» хабарламасында Тоқырауын болысында ағайындар арасында орынсыз даудан туындап отырған қиястықтарға орай Шәкәрім ақсақал төрелігіне жүгінетінін айтса, «Алаш құрбандары» (Сарыарқадан) атты Ж. Жәнібековтің Қазы Нұрмұхамедұғлы қазасына орай жазылған мақаласында Алаш ұланын жерлеуде Шәкәрім ақсақалдың: «…Бұл ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер. Бұл күні һәм мұнан соңғы «ұлтым» деген азаматтар мына мен сияқты болып, «ұлтым» деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті…» іспеттес отаншылдық рухта сөйлеген сөзі берілген.

www.iref.kz

«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға - Шәкәрім Құдайбердіұлы - Өлеңдер - Bilim

  • admin
  • 14.04.2015
  • 1
  • 0
  • 7163
Дұғай да дұғай сәлем айт, «Айқап» пенен «Қазаққа». Кекеу, сөгіс сөзден қайт, Кез боларсыз мазаққа. Қарап жүріп қақтығып, Қатынша сөзбен шаптығып, Менікі жөн деп аптығып, Неге түстің азапқа?

Сендерден кім сұрады «Кекеуге қайсың шешен?» деп, Елің аңсап тұрады Көз, құлағым екен деп. Етегіме жабысты Айрылмастай бекем деп. Ойлап ат пен намысты, Мұратқа сізбен жетем деп. Сүйткен сорлы халқыңа Бұл қылығың таза-ақ па?

«Жылы-жылы сөз айтса, Жылан інінен шығады. Қатты сөзбен бет қайтса, Надан дінінен шығады». Осыны айтқан есті би, Есіл сөзін кім ұқты?! Елеуремей есің жи, Ерегістен не шықты?! Қайрылып қара артыңа Мұныңа жұрт разы-ақ па?

Назаланбай не айтады, Сендер бүйтіп тұрған соң. Партия шықпай қайтеді, Бетті ызаға бұрған соң. Бар сүйенген, сенгені Бұл қылықты қылған соң. Түзетесің сен нені, Айыра тартып жұлған соң. Қайран елім, қазағым, Енді өмірің аз-ақ па?!

Жылы жүрек, тәтті тіл Берекені берер, біл. Ащы сөзді өзімшіл, Өнері оның қалар тұл. Қатесін тап, жұмсақ айт, Ызаланба, сабыр қыл. Асқақтамай бері қайт, Көп жетімді көзіңе іл. Тартпа ашудың азабын, Ақ жолыңды адақта.

Кекеп-сөгіп кек алма, Келелі сөзбен жығып ал. Берсе, ашуды, тек алма, Осынымды ұғып ал. Ызақордың іші тар, Сен де қар да, мен де қар, Осы мінез кімде бар, Оны ұнасаң, тығып ал. Көп желігіп алған соң, Жол бұзуға сеп болар. Біреу ыза болған соң, Жолдас табар, көп болар.

Газет, журнал тоқтаса, Зияны көпке, сен емес. Қайтейін, қойсын ұқпаса, Деме жалғыз мен емес. Деп пе еді ешкім сендерге: Оңашаға шығып ал. Басың үшін еп қылып, Елді бөлме, естілер. Араз болма деп тұрып, Партия салды десті дер.

Сөгілуші, сөгуші, Біздің сөзді тыңдаңыз. Ызалы уды төгуші, Шатты-бұтты қылмаңыз. Ұқпағанды сынға сал, Табалама, таптама. Оқ атылса, қайтып ал, Улы найза саптама. Жаралайсың сен неге, Жаралы кісі албыт қой. Сенемісің дүниеге, Ызаның арты шалғырт қой. Ашулы албыт адамның Қанжарын ептеп бұғып ал.

bilim-all.kz

«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы.

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

ХХ ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

51. Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

52. Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтыңұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.

studfiles.net

1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан" газеті

17

мақсатымыз” атты бас мақаладан көруге болады .

Өлеңнің бірінші шумағында:

Найзаменен түртсе де,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, аллай-ай!

десе , соңғы шумағында:

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?

дейді /37/.

Бірінші шумақтан М. Дулатовтың бүкіл саналы өмірінің басты мақсатына айналған , қалың ұйқыдағы қазағын оятудың әрекеті байқалса , соңғы шумақта жастарға , қараңғыда халқына жол көрсетер , қой бастаған серкедей , халқын соңына ертер деген үміті байқалады . Және де , осы шумақтан газеттің неліктен “Серке” атанғандығын байқау да қиын емес .

Патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып шыққан, алғашқы ұлттық басылымдардың бірі “Серкенің” 2-ші санында , “Арғын” деп қол қойған М. Дулатов “Біздің мақсатымыз” деген мақаласында:

“Қазағым менің, елім менің!

Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правасының жоқтығы ыза мен кек тудырады . Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес нәрселерге жұмсалады...

... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... Чиновниктер , урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып , мал-мүлкін тартып , ойына не келсе соны

18

істеді...

Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып , қазақтардың даласына суы мен шұрайлы жерлерін тартып , әперуде .Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде . Тұтас ауыл болып келсе бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып бар мал-мүлкін тартып алып кетуде...

Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін жер аударды... Әлде Россияда жер аз ба? Шұрайлы жер аз емес , бірақ бәрі байлардың, дворяндардың , помещиктердің қолында , олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес , ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ . Түрлі деңгейдегі министрлер , жоғары чиновниктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда...” , - дейді .

Кезінде Петербург баспасөз істері комитеті , “Полицияға түскен мәліметтер бойынша , бұл қазақ халқын өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын “барлық қазақ халқына арналған үндеу сияқты” - деп “өте жоғары бағалаған”, сондықтан , “газеттің осы нөміріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын” - деп шешім қабылдаған , өзінің батылдығымен бүкіл Петербург полициясын дүрліктірген мақаланың одан арғы тағдыры туралы міржақыптанушы ғалым Марат Әбсемет былай дейді: “Полиция қанша іздегенімен мақаланың лақап атпен жүрген авторын таба алмады. Полицияның заңсыз әрекеттері ақын жанына қатты батты ”.

1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі В.Д. Смирнов Міржақыптың тәркіленген кітаптарын қарап отырып , одан кезінде үлкен шу болған “Біздің мақсатымыз” деген мақалаға тән тәсіл мен ұқсастықты аңғарып қалады . Тез арада архивтен “Улфат” газеті мен

19

оның қосымшасы “Серке” алынып , сот палатасының шешімі бойынша

1913 жылғы мамырдың 15- күні ол жойылды” .

Санкт-Петербург мемлекеттік тарих мұрағатының қорында сақталған құжаттарға негізделіп жазылған бұл ақпарат “Біздің мақсатымыздың” патша сақшыларының есінде жақсы сақталғандығын білдіреді .

Сонымен , ғасыр басындағы қазақ баспасөзін талдау , барлық бейресми, ұлттық басылымдардың өзегі болған негізгі мәселелер – жер мәселесінің , қалың ел қазақты ұйқыдан ояту мәселесінің , баспасөз бетінде , алғаш осы екі газетте көтерілгенін , бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – газетті ұлт мүддесі үшін , азаттық үшін күрес жолында пайдалану әрекеті солардан басталғанын көрсетеді . “Қазақ газеті” мен “Серкенің” көзсіз ерлікке тең бұл істері қазақ даласында ізсіз , бекер кеткен жоқ . Көптеген қазақ зиялыларына қозғау салумен қатар , олар , баспасөз арқылы отаршылдық езгіге қарсы күрес жүргізудің алғашқы қадамдары

ретінде , келешек бейресми , ұлттық бағыттағы газет шығарушыларға сабақ та болды деп айта аламыз . Өйткені , алғашқы газеттер тағдыры түпкі мақсатқа жету үшін көп қиындықтар мен шығарылған басылымды сақтай білудің керектігін , кейде , айла-тәсілдерге барып , өз ойларын бүркемелей білудің қажеттігін көрсетті . Сөйтіп , кейіннен шыққан “Қазақстан” , “Айқап” , “Қазақ” сияқты басылымдардың едәуір өміршең болуына әсер етті.

Ондай тұжырым жасауға , біздің ойымызша , бірнеше негіз бар . Біріншісі , аталған басылымдарды шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” тарихын да , тағдырын да жақсы білгендігі . Жоғарыда айтқанымыздай , “Айқап” журналы редакторының бірінші санындағы бас мақалада солар туралы айтуы соның бір дәлелі. Екінші дәлел , “Серкенің” негізгі авторы Міржақып Дулатұлының “Қазақ” газетінің

20

шығарушыларының бірі болуы . Демек , ол өзінің “Серкеден” алған

сабағын ескерері түсінікті .

Екіншісі , “Қазақ газетінің” бірінші санының , бірінші жолдарында “Заманына қарай амалы” - деген сөз бар . Мұның мағынасы – заманның түріне қарап іс істеу” , - деп басталып , сол өздерінің заманын: “Төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді . Түбі қандай белгісіз . Не боларын білмейміз” , - деп суреттеуі . Бұл жерде , Ахмет Байтұрсыновтың өзін қоршаған ортаның , саяси құбылыстың көрінісін , осылай , жұмбақтап жеткізуге , “заманына қарай амал” қылуға , мәжбүр болып отырғандығы талас туғызбас деп ойлаймыз.

Үшіншісі , қазақтардың ХХ ғасыр басындағы ұлт азаттығы жолындағы күрестің танымал көсемі , “Қазақ” газетінің негізгі авторларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 1913 жылы “Қазақ” газетінің 24-санында “Ашылып ақыл жазатын қалім бар ма? Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман байлап тұр” - деуі.

Бұл мысалдар кейінгі мерзімді басылымдарды шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” сабақтарын , тарихы мен тағдырларын ескеріп , өздері өмір сүрген уақытпен , қалыптасқан объективті жағдаймен санасуға мәжбүр болғандығын көрсетеді .

Сонымен , тарихы мен тағдыры судың екі тамшысындай ұқсас , “Қазақ газеті” мен “Серке” қазақ халқының алғашқы биресми , ұлттық газеттері ретінде баспасөз тарихынан өз орнын алуға толық құқылы . Егер , бүгінгі ұрпақ алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет еліміздің тәуелсіздігін сақтау болса , ғасыр басындағы аталарымыз алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізу болғандығы белгілі . Демек , сол кезеңдегі құндылықтың бәрі де

сол міндет, сол мақсат жолында еткен еңбекпен , төккен термен

21

есептелінуі әділеттілік . Олай болса , қазақ зиялыларының тәуелсіздік үшін күрес жолында тұңғыш рет қолданған ұлттық , бұқаралық ақпарат құралы ретінде де екеуінің орны ерекше .

Ақырында , бір-ақ қана нөмірлерінің шығып үлгергеніне қарамастан , екеуінің де тарихы мен тағдыры , қазақ халқының азаттық жолындағы күресі тарихының бір көрінісі ретінде , екеуі де сол күрестің құрбандары ретінде халық жадында мәңгі қалуға тиіс . Ал , екі газеттің қайсысы бірінші болып жарық көрді? – деген принципті сұраққа келсек , онда бірінші шыққан “Қазақ газеті” . Ол “Серкеден” тура бір ай бұрын шыққан . Сондықтан “Қазақ газетінің” шыққан күні ескіше 28 ақпан , жаңаша 13 наурыз (1907 жылы ақпан айы 28-мен аяқталған) қазақтың тұңғыш ұлттық бейресми газеті шыққан күн ретінде тарихқа еніп, ұлттық күнтізбектерден , дайындалып жатқан Қазақ энциклопедиясынан өз орнын алуы тиіс .

Қазақ халқының жоғын жоқтап , мүддесін қолдаған , елдің елдігін , ұлттың бірлігін , жерінің тұтастығын қорғаған ұлттық-бейресми басылымдардың пайда болуы , ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды . Бүгінгі күні халқымыз тарихының баға жетпес дерек көзіне айналған , кезінде белгілі бір мерзімде қазақ тілінде шығып тұрған басылымдардың пайда болып ел арасына таратылуы ғасыр басындағы қазақ өмірінде ерекше қоғамдық құбылыс болған еді . Тарихы да , тағдыры да бөлек , қазақ тарихында өзіндік із қалдырған , ұлттық басылымдар туралы біраз еңбектерде айтылды . Тағы да айтылары даусыз . Ал біздің мақсатымыз , сол басылымдардың деректік ерекшеліктерін ашуға, олардан алынған мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтауға қатысты кейбір тарихи мәселелерге көңіл аудару .

22

Егер большевиктер диктатурасына дейінгі дүниеге келген қазақ

тіліндегі газет-журналдардың тарихына көз салсақ , онда олардың үш түрлі тарихи жағдайда жарыққа шыққандығын байқауға болады. Мысалы, алғашқы қазақ тілінде шыққан газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” арнаулы мақсатпен , патша өкіметінің қолдауымен шықса , 1907 жыл мен 1917 жылдың ақпаны аралығындағы шыққан газеттер мен “Айқап” журналы қазақ зиялыларының ұзақ жылдарға созылған , ерлікке тең , саналы іс-әрекеттерінің арқасында , патша өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілік органдарының ресми рұқсатынан соң ғана дүниеге келіп , солардың қатаң бақылауымен шығып тұрған . Ал , ақпан төңкерісінен кейін шыққан “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Тіршілік” , “Үш жүз” және “Ұран” газеттері тіптен басқа тарихи кезеңде , біршама демократиялық жағдайда дүниеге келген .

Басылымдардың дүниеге келуінің тарихи жағдайлары олардың жалпы бағыт-бағдарына , мазмұнына әсер ететін фактордың бірі. Сондықтан, ақпан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстан тарихының маңызды жазба деректерінің бірі ретінде , алғашқы қазақ газеттерінің негізгі тобын құрайтын ұлттық басылымдардың пайда болу , өмір сүру , жабылу тарихының кейбір мәселелеріне тоқталайық.

Патшалық самодержавие жағдайында болады . Ұлт мүддесін көздейтін басылым шығарудың ең басты кедергісі үстемдік етіп отырған саяси жүйе тарапынан қойылған тосқауыл еді . Өз қарауындағы бұратана халықтардың қандай формада болмасын ұлттық мүдде үшін әрекет етуіне мейлінше қарсыласқан патша өкіметі , әр түрлі тәсілдермен ұлттық газеттер шығаруға жол бермеуге , ал шыға қалған жағдайда оларды үнемі бақылап отыруға тырысты .

Отаршылдық саясаттың салдарынан бейресми ұлттық басылымдар

23

шығару тек 1905-1907 жылдардағы толқулардан кейін мүмкін болды . 1907 жылдың көктемінде шыққан алғашқы ұлттық газеттер , олардың тарихы мен тағдыры , деректік маңызы туралы жоғарыда айтылды . Ал , қазақ тілінде белгілі бір мерзімде шығып тұрған , сондықтан мерзімді басылым деген атқа толық сай келетін , ұлттық бейресми басылымдар 1907 жылдан бастап шыға бастады . Олар , патша өкіметінің тұсында шыққан “Қазақстан” , “Қазақ” , “Алаш” газеттері мен “Айқап” журналы .

Кез-келген деректің пайда болуының объективті екендігін , деректің кездейсоқ , өзінен-өзі пайда болмайтындығын ескерсек , онда , Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын құрайтын ұлттық мерзімді басылымдардың пайда болуының объективті алғышарттарының бірі , ол – ғасыр басындағы баспасөзге деген ұлттық қажеттілік , қоғамдық сұраныс деп айтуға болады . Қажеттіліктен басқа , баспасөз тасқа басылып шығып , оқырманға жетіп , келешекте тарихи дерекке айналғанға дейін оның мазмұнына , демек , деректік құндылығына әсер ететін бірнеше белестен өтетіндігі белгілі . Аталған басылымдар үшін оның бірінші белесі , белгілі бір топтың , не жеке адамдардың газет шығармақ болып шешім қабылдап , сол мақсатта нақты істерге кірісулері, газет шығарудың қажеттігін негіздеп , тиісті орындардан рұқсат сұрап арыз беруі болды . Келешек басылымның қандай болып шығары да сол топтың не жеке адамдардың саяси көзқарастарына , қоғамдық позициясына байланысты еді .

“Қазақстан” газетінің шығуы туралы журналист Тілекқабыл Боранғалиұлы: “1911 жылы Жәңгір Ордасында ақындар Шәңгерей Бөкеев пен Ғұмар Қарашев , қайраткер Бақытжан Қаратаев , дәрігер Мәжит Шомбалов , мұғалімдер Сейтқали Меңдешев пен Елеусін Бұйрин өз

қаражаттарын ортаға салып , қазақ тілінде газет шығаруға бел байлады” ,

24

- дейді /38/.

“Айқап” журналы оның әрі шығарушысы , әрі редакторы Мұхамеджан Сералиннің белсенді еңбегінің арқасында шықты . “Алаш” газеті ерлі-зайыпты Мәриям және Көлбай Тоғысовтардың әрекеттерінің арқасында дүниеге келді . Осылай , бүгінгі күні деректік маңызын ешқандай теңеумен айтып жеткізуге болмайтын ұлттық басылымдар , сол кездегі өз заманының озық ойлы адамдарының, ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көп жылдық ой армандарының, мақсатты да тынымсыз еңбектерінің арқасында пайда болды . 1.2. “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті

Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді . Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал “Айқап” , шықса , наурызынан бастап “Қазақстан” газеті шыға бастады . Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды . Дегенмен олардың дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін , олардан алынған мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтау үшін , жалпы газет-журналдардың пайда болуының алғышаттары , тарихи жағдайларымен қатар , нақты басылымның дүниеге келу тарихын зерттеудің де маңызы үлкен . Мысалы , “Айқап” туралы айтсақ , оның әрі шығарушысы , әрі редакторы , әрі негізгі авторларының бірі Мұхаметжан Сералиннің ұзақ жылдарға созылған ізденістері туралы да айтуға тиіспіз ..

М. Сералиннің 1906 жылдан бастап газет шығармақ болған бірнеше әрекеттері сәтсіз аяқталды . Тек , 1911 жылдың басына қарай ғана журнал шығару мүмкін болды . М. Сералинің өз ұлтының тарихындағы

ана тілінде бірінші рет журнал шығару сияқты үлкен іске жалғыз

25

кіріскендігін оның замандастары да растайды .

“Алты миллиондай халықтың ортасында бір журналдың яки бір газеттің жоқтығы” М. Сералинді тәуекелге бел байлап , журнал шығаруды жалғыз бастауға итермелеген . Әрине , ол М. Сералинге журнал шығаруына және оны үзбей шығарып тұруына мүлдем ешкім көмектескен жоқ деген сөз емес . Жақсы істің басталуына , оның іске асуына әрдайым тілектестер мен мүмкіндігінше көмек көрсететіндер табылатындығы сияқты , М. Сералинге де тілектес болып , оған қол ұшын бергендер болды . Журнaл шығысымен халық оны жылы қабылдады . Жан-жақты көмек көрсетті . Көптеген адамдар журналдың үзбей шығып тұруына өз үлестерін қосты .

Журналдың шығуына бір жыл толуына арналған мақаласында М. Сералин : “Сөз соңында жыл бойынша журналдың тоқтамай шығуына себеп болған мырзаларға “Алла риза болсын” айтпай қала алмадық.

Әуелі, мәтбуға қожасы Сосновскийге арзан бағамен журналымызды басып һәм білген мәслихаттарын айтып жәрдемдескеніне . Екіншіден , Тәңірберген Тұрысбеков , Сәдуақас Шорманов , Ғабділрахман Жүсіпов ... жәрдем еткен үміт иелеріне. Үшінші , бір жылдан бері тынбай сөз жазып келе жатқан шәкірттерге” - деп жазды . Бұл жолдардан М. Сералиннің “Айқап” журналын шығарып тұруға көмектескендердің ішінен бірінші етіп Сосновскийді атағандығын көреміз . 1907 жылы шыққан “Қазақ газетін” шығарушы да Х. Сосновский болғандығы белгілі . Олай болса қазақ тілінде шыққан тұңғыш бейресми газет пен журналдың шығуына көмектескен Х. Сосновский кім ? – деген сұрақтың туары заңды . Хаим Шулевич Сосновский , ұлты еврей . Троицкі қаласының мещаны . Алты жылдан астам Троицкіде шығып тұрған “Степь” газетінің редакторы болған . Сол қаладағы “Энергия” баспаханасының иесі .

26

Кеңестік тарихнамада айтылғандай , журналдың өзімен қатар шығып

тұрған “Қазақ” газетінен басты айырмашылығы таптық идеялық позицияларында емес , олардың қаржылық негіздерінің екі түрлі құрылуында , қаржы көздерін екі түрлі іздестірілуінде болды . Басқаша айтсақ , басылымдарды қаржыландырудың уақыт талабына сай нарықтық негізде жүргізілуінде , немесе , керісінше уақыт талабына сай жүргізе алмауында болды .

ХХ ғасыр басындағы ұлт алдында тұрған мәселелерді ұлттық деңгейде көтеріп , ұлттық көлемде қоя білген , сондықтан ұлттық басылым деген ұғымға толық сай келетін екі басылымның бірінің әлемдік соғыстың басталуына байланысты туындаған қиыншылық қыспағына шыдай алмай өз шығуын тоқтатуы , екіншісінің , сол қиыншылыққа қарамастан шығуын жалғастыруы қайсысының дұрыс жол таңдай білгендігін көрсетіп берді .

“Айқап” журналы М. Сералиннің бастамасымен соның ерлікке тең еңбегінің арқасында және соның қаражатына 1911 жылдың 10 қаңтарынан бастап Троицкі қаласында Х. Сосновскийдің “Энергия” баспаханасында шыға бастаған . Көлемі 4-5 баспа табақ , таралымы 900-1000 дана . 1915 жылдың қыркүйегіне дейін барлығы 88 саны жарық көрген. Кей жылдары 12-14 , кей жылдары 24 нөмірге дейін шыққан . Тұңғыш журналдың неліктен “Айқап” атануы туралы М. Сералин: “Біздің қазақтың неше жерде “қап” деп қапы қалған істері көп . “Қап” дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайықтап “Айқап” болды” - дейді . Журналға келіп түскен хаттарға қарағанда ол қазіргі Қазақстан , Қырғызстан территориясына түгел дерлік және Ресейдің біраз бөлігіне тараған .

“Айқап” журналын дерек көзі ретінде талдауда , ондағы мәліметтерді

27

тарих дерегі ретінде қарастыруда Ү. Субханбердина дайындаған “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар” атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінің алар орны ерекше екендігін айтуымыз керек . Ә. Марғұланның сөзімен айтсақ , көрсеткіш: “Революцияға дейінгі мерзімді басылымның мазмұнымен танысып , бай да ерекше деректер әлеміне енуге көмектеседі” .

Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү. Субханбердинаның осы салада жарияланған алғашқы еңбегі еді . Бір қызығы , егер журнал патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының қатал бақылауымен шыққан болса , оның тура жарты ғасырдан соң жарияланған библиографиялық көрсеткіші кеңес өкіметінің одан да қатал бақылауымен шыққан . Осылай журнал мен оның көрсеткішінің арасында өзіндік тарихи сабақтастық пайда болды . Егер , журнал авторларды кезінде өз ойларын мақалаларында ашып айта алмай қиналса , көрсеткіште сол авторлардың біразының атын да атауға тыйым салынды .

1999 жылы шыққан “Қазақ халқының атамұраларында” , “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлардың” библиографиялық көрсеткіштерінің толықтырылып екінші рет басылуына байланысты Ү. Субханбердина: “1961, 1963 жылдары “Айқап” журналы мен “Түркістан уалаятының газеті” , “Дала уалаятының газеті” , “Қазақстан” газетінің бетінде басылған материалдарының мазмұндалған библиографиясы басылып шыққан болатын . Бірақ өкінішке орай , ол көрсеткіштерде Байтұрсынов Ахмет , Бөкейханов Әлихан , Дулатов Міржақып , Аймауытов Жүсіпбек , Жұмабаев Мағжан , Құдайбердиев Шәкәрім, Қарашев Ғұмар , Ақпаев Жақып , Баржақсин Ахмет , Жанайдаров Мейрам,

Жұбанов Құдайберген , Досмұхаметов Халел , Ермеков Әлмұхан ,

28

Қоңыратбаев Қалжан , Мәрсеков Райымжан , Сейтов Асылбек , Тынышбаев Мұхаметжан , Шоқаев Мұстафа т.б. жазған ең құнды материалдары қысқартылып берілген едi” , - дейді /39/.

Ұлттық бейресми басылымдар арасынан Қазақстан тарихнамасында жиі айтылған басылымдардың бірі – “Қазақстан” газеті . М. Ысмағұловтың , Х. Бекхожиннің , Е. Нығметовтың , Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайдың т.б. еңбектерінде “Қазақстан” газетінің шығу тарихы , авторлары , көтерген мәселелері т.б. туралы біршама айтылған . Дегенмен газет туралы жазған әр түрлі әдебиеттерді бір-бірімен салыстыру газет тарихына қатысты кейбір мәліметтерді анықтай түсудің қажеттілігін көрсетіп отыр . Осындай әр жылдары шыққан еңбектерде әр түрлі айтылып жүрген мәліметтердің бірі “Қазақстан” газетінің шыққан жалпы саны туралы мәлімет .

Мысалы , зерттеушілер М. С. Бурабаев пен О. А. Сегізбаев ұлттық бейресми басылымдар арасындағы өзіндік орны бар “Қазақстан” газетінің 15 саны шыққан десе , З. Тұрарбеков газеттің қазақ және орыс тілдерінде шыққан сандарын қосып 36 рет жарық көрген дейді . Бұл , әрине , шындыққа ешқандай сай келмейді . Себебі , газеттің орыс тіліндегі беттері жеке нөмір ретінде емес , қазақшасына қосымша ретінде беріліп отырған . Сондықтан оларды жеке нөмірге санау дұрыс емес .

“Қазақстан” газетінің қай жылы қанша нөмірі шыққандығы туралы Е. Нығметов: “Қазақстан” газетінің 1,2 нөмірлері 1911 жылы март , май айларында Орда қаласында жарыққа шықты . Сонан кейін осы жылы редакциясы Орал қаласына көшті де , Оралда газет нөмірін қайтадан 1–ші нөмірден бастап ноябрь , декабрь айларында № 1,2 сандары жарыққа шықты , сонымен 1911 жылы “Қазақстанның” барлығы 4 нөмірі шықты . 1912 жылы январь айында 3 нөмірі шықты да , осы жылдың июнь

29 айына дейін барлығы 9 нөмірі жарық көрді . 1913 жылы январь-февраль айында 1,2 нөмірлері шықты” - дейді /40/. Егер , Е. Нығметов көрсеткен сандарды қарапайым түрде бір-біріне қоссақ (4+9+2=15), онда “Қазақстан” газетінің 15 нөмірі шыққан .

Дегенмен , зерттеушілердің көпшілігі “Қазақстан” газетінің 18 нөмірі шыққан деген пікір айтады . Мысалы , Қ. Бекхожин “Қазақстан” газеті туралы айта келе: “Не бары 18 нөмірі шығып тоқтатылды” десе , Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразай: “Басылымның үш жыл ішінде 18 нөмірі жарық көрді”- дейді . Соңғы жылдары жарық көрген С. Өзбекұлының еңбегінде де: “Көп жылдар бойы “Қазақстан” газетінің саяси-құқықтық бағытын зерттеу барысында , біз Санкт-Петербург , Москва қалаларының кітапханаларында сақталған осы газеттің 18 санын ғана анықтадық” - делінген /41/. Бірақ , бұлардың ешқайсысы да газеттің қай санының қай жылдары шыққандығы туралы ешнәрсе айтпайды .

Ал , шындығында “Қазақстан” газетінің бастапқы екі санының Ордада шыққаны , Оралда қайтадан бірінші нөмірінен бастап шыға бастағаны рас . Бірақ , 1911 жылдың қараша-желтоқсан айларында Е. Нығметов айтқандай , Оралда екі емес, үш саны шыққан (15 қараша , 1 және 15 желтоқсан). Ал, 1912 жылдың 2 қаңтарынан бастап шыққаны газеттің үшінші емес , төртінші нөмірі . Сол жылдың 31 мамырына дейін барлығы 9 нөмірі шыққан /42/. Газет қаражат жетіспеуіне байланысты біраз уақыт шығуын тоқтатып , тек 1913 жылдың 27 қаңтарында ғана қайта шыға алды . Ол туралы жаңа шыға бастаған “Қазақ” газеті: “Оралский

қаласында он шақты нөмірі шығып тоқтаған “Қазақстан” жаңадан шыға бастады...

“Қазақстанның” 27 қаңтарда шыққан бірінші нөмірі басқармамызға келді” - деп жазды /43/. Бірақ , газеттің қайта шыға бастауы да ұзаққа бармады .

30

Сол жылдың 16 ақпанында шыққан екінші нөмірінен кейін газет өзінің шығуын біржола тоқтатты.

Сонымен , “Қазақстан” газетінің 1911 жылы 5 , 1912 жылы 9 , 1913 жылы 2 нөмірі шыққан . Газеттің әр нөмірінің шыққан жылы мен күнін көрсетіп , ондағы мақалалардың мазмұндалған библиографиясын жасаған Ү. Субханбердинаның еңбегі де соны дәлелдейді . Демек , “Қазақстан” газетінің барлық шыққан саны - 16. Газет бетіне жарияланған мақалаларға жасалынған барлық шолулар да сол нөмірлердің негізінде жасалынған . Бұл “Қазақстан” газетінің басқа нөмірлерінің болмағандығын толығымен дәлелдейді . Ал , газет таралымы туралы ешқандай мәлімет әзірге жоқ .

Жалпы , алғашқы қазақ басылымдарына қатысты әр түрлі көрсетіліп жүрген мәліметтер басқа да газет-журналдарға тән .

Бір уақытта дерлік шыға бастаған “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газетіне дерек көздері ретінде талдау жасау екеуіне де тән көптеген ортақ нәрселердің болғандығын көрсетеді . Ең бастысы олардың тек қазақтың тұңғыш бейресми мерзімді басылымдары ғана емес , сонымен қатар , бағыт-бағдарлары да ұқсас , бір-бірімен үндес , және тағдырлас басылымдар болғандығын , көтерген мәселелерінің де , ұлт алдында тұрған міндеттерді шешудегі ұсынған жолдарының да бір болғандығын байқау қиын емес .

Мысалы , “Айқап” журналы өзінің 1912 жылы алдында тұрған міндеттері туралы: “Биылғы жылы “Айқап” журналының алдымен қолға алатұғын мәселесі былтырғыдай жер мәселесі болар... Жерден соңғы

журналымыздың көп ой жүргізетұғын мәселесі таласу һәм партия

болуды жоғалту хақында болар... Үшінші мәселеміз , оқу һәм оқыту

хақында қалайынша тәрбиелер жасау керек , соларды қарастыру .

31

Төртіншіден , қатын-қыздарымыздың кемшілікте тұрғандықтарын халыққа ескерту” - деп жазса , “Қазақстан”: “Газеттің мақсат-міндеті: кәсіп айту , ғылым , өнер тұрғысында” - деп жазды .

Журнал мен газеттің мақсат-міндеттерінің бірлігі олардың мазмұн жағынан да жақын болуына әсер етті . Екі басылымға да тән ортақ тақырыптар: оқу-ағарту , білім беру , ғылым , өнер үйрену , жер , отырықшылдық , әйел теңдігі , шаруашылық жүргізу , әдет-ғұрып , салт-дәстүр мәселелері , надандыққа және партиялық бүліншілікке қарсы күрес т.т. болды . Екеуінің де ғасыр басында ұлт алдында тұрған отырықшылдыққа көшу , қала болып тұру , бас қосу сияқты қазақ зиялыларының арасында талас тудырған мәселелерде бір позицияда болғандығы белгілі . Және екеуі де қаражат жетіспеуіне байланысты өз шығаруларын тоқтатты .

| следующая страница>

flatik.ru

“Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті

Қазақтардың  рухани  өмірі  тарихына  1911  жыл  тұңғыш  ұлттық  бейресми  мерзімді  басылымдар  шыққан  жыл  ретінде  енді . Сол  жылдың  қаңтарынан  бастап  қазақ  тіліндегі  бірінші  журнал  “Айқап” , шықса , наурызынан  бастап  “Қазақстан” газеті  шыға  бастады .  Бұл  басылымдар  туралы  кеңестік  тарихнамада  біршама  айтылды . Дегенмен  олардың  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктерін , олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтау  үшін , жалпы  газет-журналдардың  пайда  болуының  алғышаттары , тарихи  жағдайларымен  қатар , нақты  басылымның  дүниеге  келу  тарихын  зерттеудің  де  маңызы  үлкен . Мысалы , “Айқап”  туралы  айтсақ , оның  әрі  шығарушысы , әрі  редакторы , әрі  негізгі  авторларының  бірі  Мұхаметжан  Сералиннің  ұзақ  жылдарға  созылған  ізденістері  туралы  да  айтуға  тиіспіз ..

М. Сералиннің  1906  жылдан  бастап  газет  шығармақ  болған  бірнеше  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды  .  Тек ,  1911  жылдың  басына  қарай  ғана  журнал  шығару  мүмкін  болды .  М. Сералинің  өз  ұлтының  тарихындағы

ана  тілінде  бірінші  рет  журнал  шығару  сияқты  үлкен  іске жалғыз  кіріскендігін  оның  замандастары  да  растайды .

“Алты  миллиондай  халықтың  ортасында  бір  журналдың  яки  бір  газеттің  жоқтығы”  М. Сералинді  тәуекелге  бел  байлап , журнал  шығаруды  жалғыз  бастауға  итермелеген .  Әрине , ол   М. Сералинге  журнал  шығаруына  және  оны  үзбей  шығарып  тұруына  мүлдем  ешкім  көмектескен  жоқ  деген  сөз  емес . Жақсы  істің  басталуына , оның  іске  асуына  әрдайым  тілектестер  мен  мүмкіндігінше  көмек  көрсететіндер  табылатындығы  сияқты , М. Сералинге  де  тілектес  болып , оған  қол  ұшын  бергендер  болды . Журнaл  шығысымен  халық  оны  жылы  қабылдады . Жан-жақты  көмек  көрсетті . Көптеген  адамдар  журналдың  үзбей  шығып  тұруына  өз  үлестерін  қосты .

Журналдың  шығуына  бір  жыл  толуына  арналған  мақаласында  М. Сералин : “Сөз  соңында  жыл  бойынша  журналдың  тоқтамай  шығуына  себеп  болған  мырзаларға  “Алла  риза  болсын”  айтпай  қала  алмадық.

Әуелі, мәтбуға  қожасы  Сосновскийге  арзан  бағамен  журналымызды  басып  һәм  білген  мәслихаттарын  айтып  жәрдемдескеніне .  Екіншіден , Тәңірберген  Тұрысбеков , Сәдуақас  Шорманов , Ғабділрахман  Жүсіпов …  жәрдем  еткен  үміт  иелеріне. Үшінші , бір  жылдан  бері  тынбай  сөз  жазып  келе  жатқан  шәкірттерге”  — деп  жазды . Бұл  жолдардан  М. Сералиннің  “Айқап”  журналын  шығарып  тұруға  көмектескендердің  ішінен  бірінші етіп  Сосновскийді  атағандығын  көреміз . 1907  жылы  шыққан  “Қазақ  газетін”  шығарушы  да  Х. Сосновский  болғандығы  белгілі . Олай  болса  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  бейресми  газет  пен  журналдың  шығуына  көмектескен  Х. Сосновский  кім ? – деген  сұрақтың  туары  заңды . Хаим  Шулевич  Сосновский ,  ұлты  еврей . Троицкі  қаласының  мещаны  .  Алты  жылдан  астам  Троицкіде  шығып  тұрған  “Степь”  газетінің  редакторы  болған . Сол  қаладағы  “Энергия”  баспаханасының  иесі  .

Кеңестік  тарихнамада  айтылғандай , журналдың  өзімен  қатар  шығып тұрған  “Қазақ”  газетінен  басты  айырмашылығы  таптық  идеялық  позицияларында  емес , олардың  қаржылық  негіздерінің  екі  түрлі  құрылуында , қаржы  көздерін  екі  түрлі  іздестірілуінде  болды . Басқаша  айтсақ , басылымдарды  қаржыландырудың  уақыт  талабына  сай  нарықтық  негізде  жүргізілуінде , немесе , керісінше  уақыт  талабына  сай  жүргізе  алмауында  болды .

ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  алдында  тұрған  мәселелерді  ұлттық  деңгейде  көтеріп , ұлттық  көлемде  қоя  білген , сондықтан  ұлттық  басылым  деген  ұғымға  толық  сай  келетін  екі  басылымның  бірінің  әлемдік  соғыстың  басталуына  байланысты  туындаған  қиыншылық  қыспағына  шыдай  алмай  өз  шығуын  тоқтатуы , екіншісінің , сол  қиыншылыққа  қарамастан  шығуын  жалғастыруы  қайсысының  дұрыс  жол  таңдай  білгендігін  көрсетіп  берді .

“Айқап”  журналы  М. Сералиннің  бастамасымен  соның  ерлікке  тең  еңбегінің  арқасында  және  соның  қаражатына  1911  жылдың  10  қаңтарынан  бастап  Троицкі  қаласында  Х. Сосновскийдің  “Энергия”  баспаханасында  шыға  бастаған . Көлемі  4-5  баспа  табақ , таралымы  900-1000  дана . 1915  жылдың  қыркүйегіне  дейін  барлығы 88  саны  жарық  көрген.  Кей  жылдары  12-14 , кей  жылдары  24  нөмірге  дейін  шыққан . Тұңғыш  журналдың  неліктен  “Айқап”  атануы  туралы  М. Сералин: “Біздің  қазақтың  неше  жерде  “қап”  деп  қапы  қалған  істері  көп . “Қап”  дегізген  қапияда  өткен  істеріміз  көп  болған  соң  журналымыз  да  өкінішімізге ылайықтап  “Айқап”  болды” — дейді . Журналға  келіп  түскен  хаттарға  қарағанда  ол  қазіргі  Қазақстан , Қырғызстан  территориясына  түгел  дерлік  және  Ресейдің  біраз  бөлігіне  тараған .

“Айқап”  журналын  дерек  көзі  ретінде  талдауда , ондағы  мәліметтерді

тарих  дерегі  ретінде  қарастыруда  Ү.  Субханбердина  дайындаған  “Айқап”  бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішінің  алар  орны  ерекше    екендігін  айтуымыз  керек . Ә. Марғұланның  сөзімен  айтсақ , көрсеткіш: “Революцияға  дейінгі  мерзімді  басылымның  мазмұнымен  танысып , бай  да  ерекше  деректер  әлеміне  енуге  көмектеседі” .

Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү. Субханбердинаның  осы  салада  жарияланған  алғашқы  еңбегі  еді . Бір  қызығы , егер  журнал  патша  өкіметінің  жергілікті  әкімшілік  орындарының  қатал  бақылауымен  шыққан  болса , оның  тура  жарты  ғасырдан  соң  жарияланған  библиографиялық  көрсеткіші  кеңес  өкіметінің  одан  да  қатал  бақылауымен  шыққан .  Осылай  журнал  мен  оның  көрсеткішінің  арасында  өзіндік  тарихи  сабақтастық  пайда  болды . Егер , журнал  авторларды  кезінде  өз  ойларын  мақалаларында  ашып  айта  алмай  қиналса , көрсеткіште  сол  авторлардың  біразының  атын  да  атауға  тыйым  салынды .

1999  жылы  шыққан  “Қазақ  халқының  атамұраларында” , “Айқап” бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлардың” библиографиялық  көрсеткіштерінің  толықтырылып  екінші  рет  басылуына  байланысты  Ү. Субханбердина: “1961, 1963   жылдары  “Айқап”  журналы  мен  “Түркістан  уалаятының  газеті” , “Дала  уалаятының  газеті” ,  “Қазақстан”  газетінің  бетінде  басылған  материалдарының  мазмұндалған  библиографиясы  басылып  шыққан  болатын .  Бірақ  өкінішке  орай , ол  көрсеткіштерде  Байтұрсынов  Ахмет , Бөкейханов  Әлихан ,   Дулатов  Міржақып , Аймауытов  Жүсіпбек , Жұмабаев  Мағжан , Құдайбердиев  Шәкәрім, Қарашев  Ғұмар ,  Ақпаев  Жақып , Баржақсин  Ахмет , Жанайдаров  Мейрам,

Жұбанов  Құдайберген , Досмұхаметов  Халел , Ермеков  Әлмұхан , Қоңыратбаев  Қалжан , Мәрсеков  Райымжан , Сейтов  Асылбек , Тынышбаев  Мұхаметжан , Шоқаев  Мұстафа  т.б.  жазған  ең  құнды  материалдары  қысқартылып  берілген  едi” , — дейді /39/.

Ұлттық  бейресми  басылымдар  арасынан  Қазақстан  тарихнамасында  жиі  айтылған  басылымдардың  бірі – “Қазақстан”   газеті . М. Ысмағұловтың  ,  Х. Бекхожиннің  , Е. Нығметовтың  , Қ. Аллаберген  ,  Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайдың   т.б.  еңбектерінде  “Қазақстан”  газетінің  шығу  тарихы , авторлары , көтерген  мәселелері  т.б.  туралы  біршама  айтылған . Дегенмен  газет  туралы  жазған  әр  түрлі  әдебиеттерді  бір-бірімен  салыстыру  газет  тарихына  қатысты  кейбір  мәліметтерді  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетіп  отыр . Осындай  әр  жылдары  шыққан  еңбектерде  әр  түрлі  айтылып  жүрген  мәліметтердің  бірі  “Қазақстан”  газетінің  шыққан  жалпы  саны  туралы  мәлімет .

Мысалы , зерттеушілер  М. С. Бурабаев  пен  О. А. Сегізбаев  ұлттық  бейресми  басылымдар  арасындағы  өзіндік  орны  бар  “Қазақстан”  газетінің  15  саны  шыққан  десе  , З. Тұрарбеков  газеттің  қазақ  және  орыс  тілдерінде  шыққан  сандарын  қосып  36  рет  жарық  көрген  дейді .  Бұл , әрине , шындыққа  ешқандай  сай  келмейді . Себебі , газеттің  орыс  тіліндегі  беттері  жеке  нөмір  ретінде  емес , қазақшасына  қосымша  ретінде  беріліп  отырған . Сондықтан  оларды  жеке  нөмірге  санау  дұрыс  емес .

“Қазақстан”  газетінің  қай  жылы  қанша  нөмірі  шыққандығы  туралы  Е. Нығметов:  “Қазақстан”  газетінің  1,2  нөмірлері  1911  жылы  март , май  айларында  Орда  қаласында  жарыққа  шықты . Сонан  кейін  осы  жылы  редакциясы  Орал  қаласына  көшті  де , Оралда  газет  нөмірін  қайтадан  1–ші  нөмірден  бастап  ноябрь , декабрь  айларында  № 1,2  сандары  жарыққа  шықты , сонымен  1911  жылы  “Қазақстанның”  барлығы  4 нөмірі  шықты . 1912  жылы  январь  айында  3  нөмірі  шықты  да , осы  жылдың  июнь   айына  дейін  барлығы  9  нөмірі  жарық  көрді . 1913  жылы  январь-февраль  айында 1,2 нөмірлері  шықты”  — дейді   /40/.  Егер , Е. Нығметов  көрсеткен  сандарды  қарапайым  түрде  бір-біріне  қоссақ (4+9+2=15), онда  “Қазақстан” газетінің  15  нөмірі  шыққан .

Дегенмен , зерттеушілердің  көпшілігі  “Қазақстан” газетінің  18  нөмірі  шыққан  деген  пікір  айтады . Мысалы , Қ. Бекхожин  “Қазақстан”  газеті  туралы  айта  келе: “Не  бары  18  нөмірі  шығып  тоқтатылды”  десе  ,  Қ. Аллаберген , Ж.  Нұсқабайұлы ,  Ф.  Оразай:  “Басылымның  үш  жыл  ішінде  18  нөмірі  жарық  көрді”- дейді . Соңғы жылдары  жарық  көрген  С.  Өзбекұлының  еңбегінде  де:  “Көп  жылдар  бойы  “Қазақстан”  газетінің  саяси-құқықтық  бағытын  зерттеу  барысында , біз  Санкт-Петербург , Москва  қалаларының  кітапханаларында  сақталған  осы  газеттің  18  санын  ғана  анықтадық” — делінген /41/.  Бірақ , бұлардың  ешқайсысы  да  газеттің  қай  санының  қай  жылдары  шыққандығы  туралы  ешнәрсе  айтпайды .

Ал , шындығында  “Қазақстан”  газетінің  бастапқы  екі  санының  Ордада  шыққаны , Оралда  қайтадан  бірінші  нөмірінен  бастап  шыға  бастағаны  рас . Бірақ , 1911  жылдың  қараша-желтоқсан  айларында  Е. Нығметов  айтқандай , Оралда  екі  емес, үш  саны  шыққан  (15  қараша , 1 және  15  желтоқсан).  Ал,  1912  жылдың  2  қаңтарынан  бастап  шыққаны  газеттің  үшінші  емес , төртінші  нөмірі . Сол  жылдың  31  мамырына  дейін  барлығы  9  нөмірі  шыққан  /42/.  Газет  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  біраз  уақыт  шығуын  тоқтатып ,  тек  1913  жылдың  27  қаңтарында  ғана  қайта  шыға  алды . Ол  туралы  жаңа  шыға  бастаған  “Қазақ”  газеті: “Оралский

қаласында  он  шақты  нөмірі  шығып  тоқтаған  “Қазақстан” жаңадан  шыға  бастады…

“Қазақстанның”  27 қаңтарда  шыққан  бірінші  нөмірі  басқармамызға  келді” — деп  жазды  /43/. Бірақ , газеттің  қайта  шыға  бастауы  да  ұзаққа  бармады .

Сол  жылдың  16  ақпанында  шыққан  екінші  нөмірінен  кейін  газет  өзінің  шығуын  біржола тоқтатты.

Сонымен , “Қазақстан”  газетінің  1911  жылы  5 ,  1912  жылы  9 ,  1913  жылы  2  нөмірі  шыққан . Газеттің  әр  нөмірінің  шыққан  жылы  мен  күнін  көрсетіп , ондағы  мақалалардың  мазмұндалған  библиографиясын  жасаған  Ү.  Субханбердинаның  еңбегі  де  соны  дәлелдейді . Демек , “Қазақстан”  газетінің  барлық  шыққан  саны  — 16. Газет  бетіне  жарияланған  мақалаларға  жасалынған  барлық  шолулар  да  сол  нөмірлердің  негізінде  жасалынған . Бұл  “Қазақстан”  газетінің  басқа  нөмірлерінің  болмағандығын  толығымен  дәлелдейді . Ал , газет  таралымы  туралы  ешқандай  мәлімет  әзірге  жоқ .

Жалпы , алғашқы  қазақ  басылымдарына  қатысты  әр  түрлі  көрсетіліп  жүрген  мәліметтер  басқа  да  газет-журналдарға  тән .

Бір  уақытта  дерлік  шыға  бастаған  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетіне  дерек  көздері  ретінде  талдау  жасау  екеуіне  де  тән  көптеген  ортақ  нәрселердің  болғандығын  көрсетеді . Ең  бастысы  олардың  тек  қазақтың  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  ғана  емес , сонымен  қатар ,  бағыт-бағдарлары  да  ұқсас , бір-бірімен  үндес , және  тағдырлас  басылымдар  болғандығын , көтерген  мәселелерінің  де , ұлт  алдында  тұрған  міндеттерді  шешудегі  ұсынған  жолдарының  да  бір  болғандығын  байқау  қиын  емес .

Мысалы , “Айқап”  журналы  өзінің  1912  жылы  алдында  тұрған  міндеттері  туралы: “Биылғы  жылы  “Айқап”  журналының  алдымен  қолға  алатұғын  мәселесі  былтырғыдай  жер  мәселесі  болар…  Жерден  соңғы

журналымыздың  көп  ой  жүргізетұғын  мәселесі  таласу  һәм  партия болуды  жоғалту  хақында  болар…  Үшінші  мәселеміз , оқу  һәм  оқыту хақында  қалайынша  тәрбиелер  жасау  керек , соларды  қарастыру .

Төртіншіден ,  қатын-қыздарымыздың   кемшілікте  тұрғандықтарын  халыққа  ескерту” — деп  жазса ,  “Қазақстан”: “Газеттің  мақсат-міндеті:  кәсіп  айту , ғылым , өнер  тұрғысында” — деп  жазды .

Журнал  мен  газеттің  мақсат-міндеттерінің  бірлігі  олардың  мазмұн  жағынан  да  жақын  болуына  әсер  етті .  Екі  басылымға да  тән  ортақ  тақырыптар:  оқу-ағарту , білім  беру ,  ғылым ,  өнер  үйрену , жер , отырықшылдық , әйел  теңдігі , шаруашылық  жүргізу ,  әдет-ғұрып , салт-дәстүр  мәселелері , надандыққа  және  партиялық  бүліншілікке  қарсы  күрес  т.т.  болды . Екеуінің де  ғасыр  басында  ұлт  алдында  тұрған  отырықшылдыққа  көшу , қала  болып  тұру , бас  қосу  сияқты  қазақ  зиялыларының  арасында талас  тудырған  мәселелерде  бір  позицияда  болғандығы  белгілі . Және  екеуі  де  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  өз  шығаруларын  тоқтатты .

Келтірілген  мысалдар  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетінің  бір  бағытта  болған , мақсат-міндеттері  мен  тарихы  ортақ  басылымдар  болғандығын  толығымен  дәлелдейді  ғой  деп  ойлаймыз . Оның  тағы  бір  дәлелі  кеңестік  тарихнамада  бұлжымас  шындықтай  берік  орнаған  және  журнал  мен  газет  туралы  жазуға , олардың  беттерінде  жарияланған  материалдарға (таптық  тұрғыдан  болса  да)  біршама  талдау  жасауға  мүмкіндік  берген:  “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болды .  Бірі – қазақ  ағартушылары  бастаған  прогресшіл-демократиялық  бағыт . Екіншісі —  буржуазиялық-ұлтшылдық  реакцияшыл  кертартпа  бағыт. Демократ  ақын-жазушылар  “Қазақстан”  газеті  мен  “Айқап”  журналының  төңірегіне  топталды , буржуазияшыл — ұлтшылдар  “Қазақ” , “Алаш”  газеттерін  және  басқаларын  өздерінің   кертартпалық   идеяларының  қаруы  етті” , — деген  тұжырымның  қалыптасуы .  Әрине ,  ақпан  төңкерісіне  дейін

қазақ  тілінде  шыққан  не  бары  төрт  басылымның  екеуін  “прогресшіл- демократ” , екеуін  “ұлтшыл-кертартпа” деп  бұлай  бөле  жарып  қараудың  уақыт  талабынан  туындаған , шындықтан  тым  алыс  жатқан  тұжырым  екендігі  түсінікті . Дегенмен , мына  бір  фактіні  ескермеуге  болмайды .

Ұлт  дамуын  жол  айрығына  әкеп  тіреген  1917  жылдың  соңы  мен  1918  жылдың  басында , тұтас  бір  империя  азаматтары  бір-бірімен  қарама-қарсы  екі  лагерге  бөліне  бастаған  тұста , Ресей  орталығында  басталған  ол  бүліншіліктің  қазақ  даласын  да  қамти  бастаған  кезінде , “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетінің   бұрынғы  шығарушылары  мен  редакторларының   және  негізгі  авторларының  басым  бөлігінің  большевиктер  партиясының  жел  сөзіне  еріп , елде  кеңес  өкіметін  орнату  ісіне  белсене  араласқандары  да ,  керісінше  “Қазақ”  газетінің  маңына  топтасқан  ұлт  зиялыларының  большевиктер  тарих  аренасына  шыққан  күннен  бастап , олардың  сандырақ  идеяларын  әшкерелеп , кеңес  өкіметіне  қарсы  соңына  дейін  күрескендері  де  рас .

Демек , “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болғаны”  тарихи  шындық . Бірақ , кеңестік  тарихнамада  айтылғандай  бағыттар  емес, тіптен  басқа , одан  әлдеқайда  тереңде  жатқан ,  қазақ  зиялыларының  ішкі  дүниетанымдарынан  туындаған  бағыттар  болған  сияқты . Біздің  ойымызша , бұл  өзін  әрі  терең  зерттеуді  қажет  ететін  күрделі  қоғамдық  құбылыс .

“Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газеті  қазақтың  шын  мәніндегі  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  бола  білді . Екеуі  де  баспасөзге  деген  ұлттық  қажеттіліктің , қоғамдық  сұраныстың  нәтижесінде  пайда  болды . Және  екеуі  де  бүгінгі  ғасыр  басындағы  қазақ  тарихының  өзіндік  ерекшеліктері  бар  қайнар  көздерін  құрап  отыр .

malimetter.kz

Сағымбай Ботпайұлы. «Айқап» журналы - 100 жыл

 

«Газет, журналдарды түзу алып бүтін қазақ баласына, оның ішінде оқу бәріне ортақ. Солардың жақсы болмауы «Қазақтың» намысы. Балшықтан білім шығара алмай жүргенде қолдағы бардан айрылсақ, біз қайтып ел боламыз, ол қазаққа өлім, ол қазаққа ұят! Кірлесуді қойып, бірлесуді қарайық. Газет, журналдарымыз да кемшіліктерін күн сайын түзей беруі лайық. Кірсіз Ай, мінсіз Құдай». («Ынтымақ»)

«Айқап» және Шәкәрім Құдайбердіұлы

 

«Газет, журналдарды түзу алып бүтін қазақ баласына, оның ішінде оқу бәріне ортақ. Солардың жақсы болмауы «Қазақтың» намысы. Балшықтан білім шығара алмай жүргенде қолдағы бардан айрылсақ, біз қайтып ел боламыз, ол қазаққа өлім, ол қазаққа ұят! Кірлесуді қойып, бірлесуді қарайық. Газет, журналдарымыз да кемшіліктерін күн сайын түзей беруі лайық. Кірсіз Ай, мінсіз Құдай». («Ынтымақ»)

«Айқап» және Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси, әдеби журналы «Айқап» 1911-1915 жылдар аралығында Ресейдің Троицк қаласында жарық көрді. Редакторы қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин болды. Отаншыл рухтағы Алаш санаткерлерінің қажыр-қайраты, ар-ождан биігіндегі елдік намысы ерен азаматтардың қаржылай демеушілігімен жарық көрген «Айқап» Ресей империясының отаршылдық қысымындағы қазақ халқының рухани оянуына, қоғамдық сана сілкінісінің серпілуіне бұла күш дарытты. «Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық «Айқап» болған» басылым қазақтардың тарихи атақоныс мекеніне түпкілікті ие болып қалуында заман рухына сай дәстүрлі көшпелі өмір салтымен орайластыра отырып, отырықшылық тұрмыстың тізгініне берік болу талаптарын ұлт ілгерлеуінің басым саяси бағыты ретінде басты орынға шығарды. «Қазақша ойлауға, ойлаған ойын қазақша жазуға бірсыпыра адамды үйретті. Заманымыздағы халық басында тұрған ең керекті болған мәселеміз жер әңгімесі хұсысында (турасында) азды, көпті жұрттың ойын қозғауға себеп болған» «Айқап» редакторы Мұхамеджан Сералин «Басқармадан» (1915) атты мақаласында журнал шығарудағы елдік мұраттан туындайтын басты мақсатын «...Мақсатымыз дүние жиып, байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді...Журнал шығарғандағы мақсатымыз - халыққа жол көрсетпек еді» деп жазды. «...Алты Алаштың баласына егін шаруасына қолайлы жерлерге қала салуды қуаттап, халыққа шамасы келгенше түсіндіру» мақсатын ұстанған «Айқап» халықтың рухани даму өзегін құрайтын оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қою сынды маңызды мәселелерді өткір көтерді. «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл» мақаласында Алаштың арда азаматы М.Сералин «...Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол...оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі жұртқа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық қылып, оқушы талапкерлерімізге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды» деп жазды. Қалам қайраткері «Аштық хаһқында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы», «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл», «Жер әңгімесі» т.б. мақалаларында қазақ қауымының жоғын жоқтап, жер, оқу-ағарту секілді басты мәселелердегі келелі ой-толғамдарын талқыға салды. Әсіресе отырықшы болып шұрайлы жерлерге ие болу, қала салып мәдениет көшіне ілігу сынды көкейкесті мәселелерді үнемі насихаттаумен болды. Көсемсөз шебері «Қазақ халқының мұқтаждығы» мақаласында «Ау, жұрт! Ойланайық. Келешек заманымыз қалай болады? Заманға муафық іс істейік. Заманның соңынан біз қумасақ, заман бізді күтпейді» деп арпалыстағы алмағайып заманда қазақтың өз жеріне ие болып қалуы үшін отырықшы болу керектігін қоғамдық деңгейдегі талқыға салып, әлеуметтік ой-санаға сіңірумен болды.

«Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерлеуіне мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді.  Журналда Алаш ақылманы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912.№5), «Сөз таласы» (1915.№6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912.№4.) мақала, хабарлары  жарияланды. Оларда ұлт ұстазының философиялық ой-толғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан.

«Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912. №5) сауалнамасында Ш.Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы оқырмандардан бес түрлі діни сұраққа жауап сұраған хаты берілген. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын - бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын, не қазақша тәржіма етілсін. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен...» дей келіп, 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат-бейнет (сауап-азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?» деп барша адамзат баласын мәңгілік толғандыратын философиялық сауалдарын талқыға салады.

Алаш қауымының қоғамдық жәйттерінен туындаған өмірлік маңызы зор келелі мәселелеріне сергек қараған ақын «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде саяси көзқарас ұстанымындағы пікір қайшылығынан (көшпелі және отырықшы) екіге жарылған қазақ зиялылырын парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге, саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат-мақсаттағы елдік жолындағы кемел істерде береке-бірлікке шақырды. «Сөз таласы» мақаласында «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарады. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтар тұтас Алаш баласын әлеуметтік келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін түйеді. Шәкірім қажы «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс - тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп қандайда болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді. Өз толғамын нақты мысалмен нығырлап, өзекжарды толғанысын «кекеу кек шықырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады» деп саяси ұстанымды ар-ождан қасиеттерімен сабақтастырып, азаматтық кемелділікке шақырады.

«Айқап» журналында Шәкәрім Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер берілді. Мысалы, «Жаңа шыққан кітаптар» хабарламаларында ақынның «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1912. №7), «Қалқаман-Мамыр» кітаптары басылып шыққаны хабарланса (1912. №13), Мұхамеджан Сералин «Шаһар Троицк» мақаласында «Айқап» журналы шыға бастаған кезеңнен бері «Маса», «Бақытсыз Жамал», «Өрнек», «Тумыш», «Шаир», «Көксілдер», «Шежіре», «Мұсылмандық кітабы», «Топжарған» кітаптарымен қатар Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» кітабы шыққанына тоқталды (1913.№1). Ал С.Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» (1916.№6) мақаласында «Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастағанда, бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм қажы Құнанбай  қандай болғанда, ағасы Абай қандай болған деп ойға алынады...Бұл күнде милләтіне қаламымен қызмет қылып жатқан құрметті, аса қадірлі Шаһкәрім күміс ер-тоқым, күміс белдік, жуан бос құрсаққа мас болып, қажы деген сөзге төбесі көкке жеткендей болып жүрген қажыларымызға үлкен-ақ үлгі боларлық зат...Шаһкәрім сияқты ақсақалдарымыздың ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға Шәһкәрімдей болуға нәсіп етсін» деп жазылған. Ал қазақтың алғашқы меценанттарының бірі Есенқұл Маманұлы «Роман жарысы туралы» мақаласында әдеби сыншылыққа Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Сералин, Р.Мәрсекұлы, Ж.Ақбайұлы, Н.Орманбетұлы, Н.Құлжанұлы және Ш.Құдайбердіұлы лайықты деп білді.

Алаш жұртын елдік жолына нұсқап, рухани өркендеу арқылы саяси теңдікке жету бағытында сарабдал бағдар ұстанған «Айқап» журналының 100 мерейтойы ұлт руханиятындағы елеулі күн. Бұл күндері біздер тұңғыш журналдың жарық көруіне жүрек майын шам қылған Алаш қайраткерлеріне тағзым етіп,  ерен істерін құрмет сезіммен еске аламыз. «Ынтымақ» атты бүркеншік атпен жазған автордың «Тұңғыш ұлы «Айқапты» сүйген қазақ «Қазақты» да сүйе бастады. Бұларды сүю қазақтың баласына борыш, парыз, бұларды сүймеген, сүйемеген елде болмас» деген өзекжарды пікірі ХХІ ғасыр биігінде де өз күшінде қалады. Елдікті байрақ еткен қандай да болмасын қазақ басылымына қандастардың сүйеу болуын қалаймыз.  Газет-журналдарға жазылу науқаны басталған қазіргі тұста «Ынытымақтың» сөзімен түйіп айтсақ «Газет, журналдарды түзу алып бүтін қазақ баласына, оның ішінде оқу бәріне ортақ...Кірлесуді қойып, бірлесуді қарайық. Газет, журналдарымыз да кемшіліктерін күн сайын түзей беруі лайық. Кірсіз Ай, мінсіз Құдай».

Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұл

Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-дің

қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

«Абай-ақпарат»

abai.kz

«Қазақ» газетінің шыққанына 100 жыл толады

Бірінші болып 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте басылып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» дүниеге келді. Бұл мерзімді басылым Түркістан генерал-губернаторының ресми үнқағазы – «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек тілдерінде алма-кезек шығып тұрды.

АЛҒАШҚЫ «ГАЗЕТТЕР»

Басылым жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Дала уалаятының газеті» деген атаумен екінші басылым жарық көре бастады. Жаңа газет 1894 жылға дейін «Особое прибавленіе къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» басылымына, 1900 жылға дейін - «Акмолинскимъ, Семипалатинскимъ и Семиречинскимъ областнымъ ведомостямъ» басылымының «Киргизская степная газета» атауымен басылып тұрған үнқағазына, ал біржола жабылған 1902 жылға дейін «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» газетіне қосымша ретінде жарық көріп тұрды.

1911 жылы қаңтар мен 1915 жылғы тамыз аралығында Ресейдің Троицк қаласында жарық көрген «Айқап» журналына ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин редакторлық еткен. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың тамызына дейін шықты. 1911 жылы қаңтар мен 1915 жылғы тамыз аралығында Ресейдің Троицк қаласында жарық көрген «Айқап» журналына ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин редакторлық еткен. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың тамызына дейін шықты. Ресми тарихнама бойынша, аталған екі басылым мерзімді қазақ баспасөзінің басы деп саналады.

Көп ұзамай өзге басылымдар шыға бастады. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі тұсында шығып, қазақтың қоғамдық-саяси өміріне онша ықпал ете алмай ғайып болған «Серке» және «Қазақ газеті» солардың қатарында.

1911 жылы шыға бастаған өзге екі басылым – «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы әлдеқайда салмақты көрінді және дәуірі ұзағырақ болды. Газетті кадет корпусының түлегі, белгілі ақын әрі ағартушы Шәңгерей Бөкейұлы ашты, ал журналды шығаруға белгілі қоғам қайраткері, публицист Жанша (Жиһанша) Сердалин мұрындық болды.

15 нөмірі жарық көрісімен отаршыл биліктің күштеуімен жабылған «Қазақ» газетіне қарағанда, 500 данамен басылатын «Айқап» журналының тұрақты оқырмандары қалыптасқан еді.

«АЙҚАП» НЕГЕ ШЫҚПАЙ ҚАЛДЫ?

«Айқап» журналының алдыңғы басылымдардан, әсіресе патша әкімшілігінің ресми баспа үні болған «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерінен ерекшелігі – журналда қазақтың 20-ғасыр басындағы әдеби-мәдени қозғалысы мен қоғамдық пікірінің дамуы айтарлықтай көрініп тұрды.

Сорбонна университеті. Франция, Париж. (Көрнекі сурет) Сорбонна университеті. Франция, Париж. (Көрнекі сурет) Сорбонна (Париж) университеті зерттеушілерінің мәліметінше, «Тарихшылар, педагогтар, лингвистер мен ақындардан құрылған тамаша ұжымның арқасында «Айқап» журналы өте жақсы көркемделген 20 бет болып басылып тұрды» және «Әдеби қазақ тілінің қалыптасуы мен әдебиеттің дамуына едәуір үлес қосты; ұлттық мәдениетке ерекше ден қойған журнал көп ізденісін халық шығармашылығы мен қазақ этнографиясына арнады».

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі бойынша тұңғыш зерттеулерін осы «Айқап» журналында жариялағанын айта кеткен дұрыс.

Алайда 1915 жылы 83-саны (басқа дерек бойынша, 88-саны) жарық көрген, қазақтың тұңғыш мәдени-ағартушы журналы болған «Айқапты», бір мәлімет бойынша, отаршыл әкімшілік күштеп жапты, басқа дерек көздеріне сәйкес, қаржы тапшылығынан жабылды.

«ҚАЗАҚТЫҢ» ШЫҒУ ТАРИХЫ

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы және басқалар бастаған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары жалпыхалықтық газет ашумен 1905 жылдан айналыса бастады. Алдымен олар «18 ақпан жарлығы» шығысымен

"Қазақ" газетінің басты ұйымдастырушысы, қамқоршысы әрі негізгі авторы Әлихан Бөкейханұлы. "Қазақ" газетінің басты ұйымдастырушысы, қамқоршысы әрі негізгі авторы Әлихан Бөкейханұлы. өздерінің саяси талаптарын әйгілі «Қарқаралы петициясына» тізіп жазып, осы жарлыққа қол қойған орыс патшасының атына поштамен жөнелтеді.

Петицияның 3-тарауында: «Қазақ халқының қазіргі мұқтажын айқындау үшін қазақ тілінде газеттер басып шығару қажет, ол үшін бастапқы цензурасыз баспахана ашуға және газет басуға рұқсат сұрау емес, құлақтандыру тәртібін орнату керек болады» деп жазылған еді.

Сол жылғы желтоқсан айының басында ақпарат көзі ретінде Санкт-Петербургтің «Новая жизнь» газетін сілтеп көрсеткен семейлік «Семипалатинскій листокъ» «17 қазан манифесі мен одан кейінгі тұста Ә.Бөкейхановтың қазақ тілінде газет басып шығару үшін қырға кеткенін» хабарлады.

Ал қараша айында Бөкейхан Ресейдің «жергілікті (земский) және қалалық қайраткерлерінің» Мәскеудегі съезінде қазақтың сөз бостандығына зәру екенін айтып сөз сөйледі. Ол: «Ана тілін еркін қолдану қазақтардың таяу арадағы мұқтажы, сөз бостандығы әсіресе алдағы сайлау науқанына қажет» деп мәлімдеді.

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ «ҮСТЕМДІГІ»

Тарихи деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атаумен қазақ газетін шығаруға ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9-ы берілген. Ал апталық «Қазақ» газетінің алғашқы саны 1913 жылғы ақпанның 2-сінде жарық көрді де, 1915 жылдан аптасына екі рет шығатын болды.

Газет қолдан қолға, ауылдан ауылға өтіп, тозып жетіп жыртылғанша оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркістан уалаяттарына немесе 9 облыс және 1 губернияға бөлінген (Қыр баласы. Қазақ. «Қазақ» газеті, 1913 жыл, № 8) Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жұрт жаздырып алды.

20 ғасыр басындағы қазақ зиялылары. Ортада отырған – Міржақып Дулатұлы. 20 ғасыр басындағы қазақ зиялылары. Ортада отырған – Міржақып Дулатұлы. «Қазақ» газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі. Аз уақыт ішінде «Қазақ» 5 миллионға жуық көшпенді халықтың көпшілігі білетін басылымға айналды.

Алғаш жарық көрген күнінен бастап «Қазақ» газеті қазақ даласының қоғамдық-саяси және мәдени өміріне бес жылдан ұзақ жападан-жалғыз қызмет етті.

Оған қоса өзінен бұрынғы басылымдардың бірі де жаңа газетпен не сапасы, не көтерген тақырыптарының сан-салалығы, не таралымы жағынан тең келе алмады. Бірінші жылы 3 мың таралыммен шығып тұрған «Қазақтың» таралымы, Оксфорд университеті зерттеушілерінің мәліметіне қарағанда, көп кешікпей 8 мыңнан асып жығылды. Бұл өзінен бұрынғы басылымдардың бәрін қосқанда да көп болады.

Егер «Серке» мен «Қазақ газеті» немесе «Айқап» журналы оқыған және қалталы қазақтардың арасынан шыққан бір азаматтың немесе санаулы халықшыл азаматтың кездейсоқ және жеке бастамасымен пайда болса, «Қазақ» газеті тиянақты мақсат-мүддені көздеп, тұрақты қаржыландыру көзіне сүйенген ұжым еді.

"Қазақ" газетінің аптасына 2 рет шыға бастауымен құттықтаған және оқырмандарын басылымға жер-жерден мақалалар, жаңалықтар жазып тұруға шақырған "Қыр баласының" ашық хаты жарияланған 1915 жылғы 8 қаңтардағы 94 саны. . "Қазақ" газетінің аптасына 2 рет шыға бастауымен құттықтаған және оқырмандарын басылымға жер-жерден мақалалар, жаңалықтар жазып тұруға шақырған "Қыр баласының" ашық хаты жарияланған 1915 жылғы 8 қаңтардағы 94 саны. . Егер қайсыбір басылым, мысалы, «Қазақстан» мен «Қазақ газеті» немесе «Айқап» негізінен қаржының жетіспеуінен тоқтап қалған болса, «Қазақ» газетінің сенімді демеушілері болғанына мынадай дәлел бар: газет шығып тұрған 1913 жылдың ақпанынан 1917 жылдың соңына дейін оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлы сан рет тұтқынға алу немесе айыппұл төлеу секілді түрлі жазаға тартылса, абақтыға жабылған әр жолы бірнеше мың патша рублі мөлшерінде ақшалай кепілдік төлеп босап шығуына тура келетін. Ол заманда мұндай қаржыға «Қазақ» секілді бірнеше газет ұйымдастырып басып тұруға болатын.

«ҚАЗАҚТЫҢ» ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ

Әлихан Бөкейхан 1910 жылы Санкт-Петербургта жарық көрген «Қазақтар» атты тарихи очеркінде атап көрсеткендей, 1917 жылғы дейін қазақ арасында қалыптаса бастаған екі саяси толқынның бірін «ұлттық-діни қозғалыс» деп атауға болады.

Екінші саяси қозғалысты Бөкейхан «батысшыл» деп атайды және «ол қазақ даласының келешегін – ең кең мағынада айтқанда – саналы түрде Батыс мәдениетін жүзеге асыру арқылы көреді».

Егер де алдыңғы мерзімді басылымдарды негізінен ұлттық-діни қозғалыстың өкілдері ашқан болса, «Қазақ» газетінің құрылтайшылары - Әлихан Бөкейханның өзі мен оның сенімді үзеңгілестері Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды «батысшылдар» болатын.

Оксфорд университетіндегі Орталық Азияны зерттеу қоғамының пікірінше, «Қазақтың барлық маңдайалды жетекшілері оның [«Қазақ» газетінің] қызметкерлерінің арасында жүрді, оның ішінде М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, А.-Х.Жүндібайұлы, М.Тынышбайұлы және тағы басқалар бар...».

Біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ.

«А.Байтұрсынұлы және басқалар өздерінің қазақ тарихы, қазақ фольклоры және лингвистикасы туралы зерттеулерін жариялады. Жалпы «Қазақ» газеті өте жоғары ғылыми деңгейге жетті» деп есептейді Оксфорд университетінің зерттеушілері.

Әйтсе де «Қазақ» газетінің құрылтайшылары ағартушылықпен қатар, негізі 1905 жылғы «Қарқаралы петициясына» жазылған саяси мақсаттар мен мүдделерді де, оның ішінде стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырғысы келді.

Петицияда көрсетілмеген маңызды мүдденің бірі - газеттің атауы. Ол туралы «Түрік баласы» газеттің екінші санынан бастап «Қазақ тарихы» айдарымен жарияланған тізбекті мақаласында былай деп жазды: «...Біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» (Түрік баласы. Қазақ тарихы. «Қазақ» газеті, 16 ақпан, 1913 жыл, № 3).

«ҚАЗАҚ» ЖАБЫЛДЫ, БІРАҚ ОНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ОРЫНДАЛДЫ

«Қазақ» пен оның құрылтайшыларының орта және ұзақ мерзімге жоспарлаған мақсаттарына келсек, олар мыналар:

- Қазақтардың 1907 жылғы 3 маусым заңымен жойылған сайлау және сайлану құқығын қалпына келтіру;

- Келімсектерді қоныстандыру арқылы отарлау саясатына қарсы тұру және тәркіленген жерлерді қазақтарға қайтарып алып, меншікті жері ретінде заңдастыру;

«Алаш» партиясының жетекшілері Ахмет Байтұрсынұлы (сол жақта), Әлихан Бөкейхан (оң жақта). «Алаш» партиясының жетекшілері Ахмет Байтұрсынұлы (сол жақта), Әлихан Бөкейхан (оң жақта). - «Ауыл мектептеріне қазақ әліппесін енгізу, осы мектептерде балаларды ана тілінде оқыту» және «Болыс кеңселері мен халық соттарында ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізу» арқылы астыртын және ашық орыстандыру саясатына төтеп беру;

- Дала өлкесіне заң жүзінде земство (жергілікті басқару) тетігін енгізу мен дамыту арқылы жаңа қазақ мемлекетінің негізін салуды бастау;

- Қазақтарды әскери қызмет етуге заң арқылы міндеттеу, сол арқылы қазақтар үшін қазіргі заманның әскери ілімі мен қару-жарағына жол ашу.

Ал «Қазақ» газеті мен оның құрылтайшыларының көздеген түпкілікті мақсаты – қазақтың ұлттық мемлекеттігін қайта көтеру және Әлихан Бөкейхан өзінің «Қазақтар» очеркінде атап өткендей, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі негізінде «батыс мәдениеті жүзеге асырылуға тиіс» болатын.

Алдына міне осындай мақсат-мүдделерді қойған «Қазақ» газеті мен оның құрылтайшылары мақсаттарына монархиялық билік дәуірінде қантөгіссіз күрес жолымен жетуге ұмтылды.

Алайда, отаршыл империя заманынан аман шыға білген «Қазақ» газеті совет өкіметінің Қазақстанға билік орнатуға тырысқан алғашқы күндерінде-ақ – 1918 жылдың наурызында біржола жабылды. Көп ұзамай оның құрылтайшылары мен авторларының басым көпшілігі саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кетті.

www.azattyq.org


Смотрите также

KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта