Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 

Полезные ссылки

РКФ

 

Все о дрессировке собак


Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

"Айқап журналы" және оның идеялық саяси мазмұны. Айқап журналы оның қазақ әдебиетінің өркендеуіне жасаған ықпалы


"Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті туралы

«Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдық­саяси, әдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді. Журналда Ш. Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5), «Сөз таласы» (1915, № 6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912, № 4.) мақала, хабарлары жарияланды. Оларда Ш. Құдайбердіұлының философиялық ой­толғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5) сауалнамасында Ш. Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы оқырмандардан бес түрлі діни сұраққа жауап сұраған хаты берілген. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын — бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын, не қазақша тәржіма етілсін. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен…» дей келіп, 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат­бейнет (сауап­азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?» деп барша адамзат баласын мәңгілік толғандыратын философиялық сауалдарын талқыға салады. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде қазақ зиялыларының пікір қайшылығынан туындаған (көшпелі және отырықшы) мәселеде парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге ой салып, елдік жолындағы саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат­мақсатта береке­бірлікке шақырса, «Сөз таласында» «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарайды. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтардың келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін айтады. «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы­ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс — тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп­зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп қандай да болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді. Өз толғамын нақты мысалмен нығырлап, өзекжарды толғанысын «кекеу кек шақырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады» деп саяси ұстанымды ар­ождан қасиеттерімен сабақтастырып, азаматтық кемелділікке шақырады. «Айқап» журналында Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер де берілген. «Жаңа шыққан кітаптар» хабарламаларында Ш. Құдайбердіұлының «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз­қазақ һәм хандар шежіресі» (1912, № 7), «Қалқаман—Мамыр» кітаптары басылып шыққаны хабарланса (1912, № 13), М. Сералин «Шаһар Троицк» мақаласында «Айқап» журналы шыға бастаған кезеңнен бері «Маса», «Бақытсыз Жамал», «Өрнек», «Тумыш», «Шаир», «Көксілдер», «Шежіре», «Мұсылмандық кітабы», «Топжарған» кітаптарымен қатар Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман—Мамыр» кітабы шыққанына тоқталады (1913, № 1) Ал С. Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» (1916, № 6) мақаласында «Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастағанда, бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм қажы Құнанбай қандай болғанда, ағасы Абай қандай болған деп ойға алынады… Бұл күнде милләтіне қаламымен қызмет қылып жатқан құрметті, аса қадірлі Шаһкәрім күміс ер­тоқым, күміс белдік, жуан бос құрсаққа мас болып, қажы деген сөзге төбесі көкке жеткендей болып жүрген қажыларымызға үлкен­ақ үлгі боларлық зат… Шаһкәрім сияқты ақсақалдарымыздың ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға Шәһкәрімдей болуға нәсіп етсін» деп жазылған. Есенқұл Маманұлы «Роман жарысы туралы» мақаласында әдеби сыншылыққа Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Сералин, Р. Мәрсекұлы, Ж. Ақбайұлы, Н. Орманбетұлы, Н. Құлжанұлы және Ш. Құдайбердіұлы лайықты деп біледі. «Қазақ» — ұлттық қоғамдық, саяси және әдеби газет. 1913.2.II—1918.26.IX жылдар аралығында Ресейдің Орынбор қаласында Алаш санаткерлерінің күш­қайраты, ұлт қайраткері А. Байтұрсынұлы редакторлығымен шықты. Барлығы 264 саны жарық көрді. «Қазақ» — XX ғ. басындағы ұлттық санаға елдік қасиеттер сіңірді.

Саяси және рухани ояну ұранын көтеріп, отаршылдық қысымдағы ұлттың азаттық мұраттарын темірқазық етіп ұстанды. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты атын» иемденген газет «ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет» және де «қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, осы ғасырдың ғылым жарығында қазақ көзін ашып, өзінің қазақшылығын жоғалтпас және өзіміздің әдет­ғұрыпқа сай «қазақ мәдениетін» (казахская культура) құрып, бір жағынан «қазақ әдебиетін» (казахская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» деп осы жолда тарихи ерен қызмет атқарды. Сол биік мұрат­ мақсат биігінен табылуда қаны мен жанын жанпида еткен Алаш ардақтыларының бірі Ш. Құдайбердіұлы болды. Басылым тұсауын кескенде «Қазақ» құтты болсын!» жүрекжарды өлеңін арнады. Газеттің әлеуметтік өмірдегі мән­мағынасын («…Қолына жарық сәуле ала туды. Мақсаты: қараңғыда жүрген халқын, Ойлайды тура жолға қаратуды»), қоғамдық маңызын терең екшейді («…Ойлама газет бізге неге керек деп, Газетсіз ел жаны жоқ өлгенге есеп!»). Ұлт басылымдарын жамағаттың жазылу арқылы демеу беріп қолдауындағы жауапкершілігі мейлінше қажеттігін жырлаған Ш. Құдайбердіұлы «Қазақ» (1913.16.VI) газетінде жарияланған шағын ой толғанысында да «Білімсіз ел жас бала сықылды: бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап соған ұмтылмақшы. Біздің қазақ «Қазақ» газетасы шыққан соң «Айқап» журналын тастап кете ме деп кәдік көремін. Тамам қырғыз һәм қазаққа бір журнал, бір газет көптік қылмас, екеуін де алу керек! Газетаға сөз жазушы мырзалардан өтінемін «Қазаққа да», «Айқапқа да» жазып тұрсаңыздар екен?!» деп жазды. Б. Майлиннің «Айқап» ойларында бар ма?» мақаласында жазғанындай «ол тілек жалғыз Шәкәрімнің тілегі емес еді. Бүкіл қазақ тілегі болуға лайықты еді». «Қазақта» өз дәуірінің күрделі мәселелерін сергек те ақыл көзімен байыптаған Ш. Құдайбердіұлының оқу­ағарту, ұлттық әдет­ғұрып, қазақ шежіресі сынды сан алуан өзекті мәселелерге арналған парасат пайымындағы сыншылдық ой толғамына құралған «Керек», «Жазу мәселесі», «Барша қырғыз­қазақ білімділеріне ашық хат» (234), «Өтініш», «Би һәм билік туралы», «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды: Керей таңбасы жайлы», «Билік туралы» мақалалары жарық көрді. «Би һәм билік туралы» мақаласында қазақ дауына отарлаушы шенеунігінің құлқын пиғылы тұрғысынан емес, әділдік пен туралыққа, ар өлшеміне негізделген ата салтындағы әдет­ғұрып бойынша билік шешудің ұтымды да тиімді жолдарына қатысты келелі ой түйеді. Бұрынғы қазақтың ескі жолының көбі осы күнге қолайлы екеніне әрі бірталайының шариғатпен жанасатынына әлеумет назарын аудартады.

Би және билікке қатысты бабалар салтын жаңғырту жолындағы міндеттерді де екшейді. «…Соларды тексеріп, қолайлысын алып, осы күнгі өмірге келімсізін түзетіп, бір жоба жол қылып жазса, қазаққа содан қолайлы жол болмас еді. Оны жазу қазақтың ескі құлақты кемеңгерлері мен оқымысты жастарының ақылдасуымен табылады. Өзге жұрт қазақ жайын қанша білемін десе де анық жете білмейді» деп ұлттық болмыстан туындайтын басты ерекшеліктерге этикалық сипат дарытады. Заманның кіріне ластанған әрі пейілін арсыздық шырмаған билерді азайту керектігіне ой сәулесін түсірген Ш. Құдайбердіұлы оны қазақ ұлағатымен (мақал­мәтелдер) дәйектей келе, жөнсіз даудың қиянатқа ұрындырып, барымташылыққа ұластыратынын байыптайды. Ал «Барша қырғыз­қазақ білімділеріне ашық хатында» «Қазақ шежіресін» жазып бастырып шығарғанын айтып, ататекті таратуда, шежірені түзуде қателер болса «Қазақ» арқылы білдірулерін сұрайды. «Егер де арғы жердегі сөздердің қатесі бар деушілер болса, оны дәлелмен, білімді жұрттың шежіресімен анықтау керек. Олай болмағанда, құр ғана «менікі дұрыс» деген сөз толық бола алмайды» деп ата тарихының мәуелі арнасы шежіре түзуде адалдық пен ақиқат жолын нұсқайды. Қазақтың басты руларының шежіресін кітапша етіп бастыру керектігіне қатысты ұсынысын да айтады. Осыған орай «Қазақта» Желкектің «Шәкәрім ақсақалға» мақаласы жазылып, шежіреге қатысты сын ескертпелері берілген (268 бетті). Автор Ш. Құдайбердіұлы шежіресін «Түрік тарихымен танысқысы келген адам бұл шежірені оқымай кете алмайды» деп бағалайды. «Қазақта» Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптарына, қоғамдық қызметі, шығармашылығына қатысты маңызды деректерге құралған түрлі сипаттағы мақалалар молынан жарық көрді. «Басқарма» атынан берілген «Оренбург, 9 январь» мақаласында ұлтына қалам қайратымен ақ адал қызмет атқарған Алаш азаматтары қатарында Ш. Құдайбердіұлы ерекше аталады. Ә. Бөкейханның «Мұсылман сиезі» мақаласында «Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта… Абай, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады», «ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар. Абай, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Тарғыннан һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой» деп ұлт тілінің жасампаздығын басты орынға қойды. Ә. Бөкейхан «Кәкітай» атты мақаласының да шәкәрімтануда алар орны зор. 1908 жылы Семей қаласында саяси қысымда жүргенінде Кәкітай, Шәкәрім, Тұрағұл әдейі іздеп келіп сырласқаны, 1909 ж. Шәкәрім, Кәкітайдың жер үлесіне байланысты хат жазып, ақыл сұрағаны туралы айта келіп, «Құнанбай баласы жұрт қамы деп шыға жайылып көгермейік деп 15­ті алмай Қарауылдан айрылды. Саясат жолында мұндай ерлік қылған қазақ басшысын көргенім жоқ!» деп бағалайды. Ә. Бөкейханның «Қара қыпшақ Қобыланды», «Роман бәйгесі», «Қалқаман—Мамыр (Шәкәрім)» сынды әдеби сын мақалаларының да Ш. Құдайбердіұлы шығармашылық әлемін тануда маңызы ерекше болып табылады. Ұлт әдебиеті тарихын дәуірлеуде «Қазақ әдебиеті жайынан» мақаласымен тұңғыш ғылыми­зерттеушілік қадам жасаған Р. Мәрсеков сөз өнеріндегі сыршылдық сарынды Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман—Мамыр» поэмасынан келтірген үзінді мысалымен дәйектейді. Өз кезегінде қазақ романдарына бәйге тіккен ұлт меценанты Е. Маманов «Ашық хат азаматтарға» мақаласында әдеби сыншылдыққа өзге де айтулы дарындармен қатар Ш. Құдайбердіұлы лайықты деп табады. «Сұңқардың» «Тоқырауын (Қарқаралы уезі)» хабарламасында Тоқырауын болысында ағайындар арасында орынсыз даудан туындап отырған қиястықтарға орай Шәкәрім ақсақал төрелігіне жүгінетінін айтса, «Алаш құрбандары» (Сарыарқадан) атты Ж. Жәнібековтің Қазы Нұрмұхамедұғлы қазасына орай жазылған мақаласында Алаш ұланын жерлеуде Шәкәрім ақсақалдың: «…Бұл ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер. Бұл күні һәм мұнан соңғы «ұлтым» деген азаматтар мына мен сияқты болып, «ұлтым» деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті…» іспеттес отаншылдық рухта сөйлеген сөзі берілген.

www.iref.kz

Гүлжауһар болатова «Айқап» журналында әдеби материалдардың берілуі

Гүлжауһар БОЛАТОВА «Айқап» журналында әдеби материалдардың берілуі

Қазақ жерінде ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап шыға бастаған басылымдардың алғашқы сандарынан-ақ оның беттерінде әдеби туындылардың басты назарда болғаны белгілі. Халықтың рухани қажеттілігін ашуда көркем әдебиет шығармалары алдыңғы кезекке шығары сөзсіз. Бұл тұрғыдан алғанда әр ұлттың мәдениетінің өркендеуінде айрықша орын алатын фольклорлық шығармалар мен жазба әдебиет мұраларын жиып бастыру ісіне баса назар аударған «Айқап» журналы да осы талаптан тыс қалмаған. «Айқап» журналының шығуы, редакторы жайында Санкт-Петербургтегі Орталық мемлекеттік тарих мұражайында: «Орынбор губерниясының Троицк қаласында шығатын қазақ журналы туралы 1910 жылы 18 қаңтарда берілген куәлік бойынша Қостанай облысы Шұбар болысының №5 аулының қазағы М.Сералиннің редакторлығымен және жауапкершілігімен «Айқап» атты журналды төменгі программамен шығаруға рұқсат берілді»,- деп жеті тақырыптың ішінде бесінші қатарда фельетондар мен өлеңдерді көрсеткен.[1] Кейіннен ғалым Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер» деген еңбегінде [2; 26-30] «Айқапта жарыққа шыққан материалдарды тақырып, мазмұн жағынан 9 бөлімге жіктеп, оның бетінде «әдеби шығармалар, әдебиет мәселелері», сондай-ақ «кітап сындары» жарияланғанын атап көрсетеді. Қазақ даласында баспасөздің өмірге келуі, әдеби құндылықтардың халық үшін аса маңызды екенін У.Халили «Тіл сақтаушылық» деген мақаласында жеріне жеткізе баяндай келе: «Қандай ғана халық болса да білімі-ғылымы мемлекетіндегі шығатын газет-журналдарыменен, әдебиетіменен өлшенеді. Қай жұрт білімді болса, ол жұрт ішінен шығатын газет те көп болады, надан халықта біреуі де болмайды. Қашанға дейін киіз үйлеріміз бен сары қымызға мас болып күнімізді өткіземіз. Ау, жұрт, ашайық көзімізді! Ұмтылайық ғылым-білімге!» [3] - деп жар салады.

ХҮІІІ ғасырдың соңынан бастап қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерінің қатарында «Қобыланды», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс» эпостары қағаз бетіне түсе бастаса, бұл салада «Түркістан уалаятының газеті» де өз үлесін қосқан. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті жаңа үлгі, формалармен толысты: 1) аударма шығармалар пайда болды; 2)қаламгерлердің жекелеген қарым-қатынастары қалыптасты; 3) шетел әдебиетінің тақырып ауқымына, образ сомдауына еліктеу арқылы көркем сөз иелерінің бай тәжірибесін меңгеру жүрді. Сөйтіп, көркемдік принциптер шығармашылық түрде игерілді. [4;88] Осы кезеңде қазақ қаламгерлері баспасөз арқылы белсенділік танытып, қазақ халқын шетел әдебиетінің шұрайлы туындылырымен аударма арқылы танысуына мол еңбек сіңірген. Қазақтар тұңғыш рет «Дала уалаятының газеті» арқылы орыс халқының В. А. Жуковский, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Н. А. Крылов, Л. Н. Толстой, Г. И. Успенский, Д. Н. Мамин-Сибиряк секілді атақты ақын-жазушыларының шығармаларымен танысты. Газетте қазақ пен орыс халқының жазба және ауыз әдебиеті шығармаларымен бірге украин, литва, татар, башқұрт халықтары әдебиетінің, сондай-ақ шығыстың «Мың бір түн», «Ләйлі – Мәжнүн» тәрізді туындыларынан да үзінділер берілді. «Айқапта» М.Сералиннің Ә.Фирдоусидың «Шахнама» эпопеясынан аударған «Рүстем -Зорабы», И. Лихановтың «Манап» драмасы, И.Крылов, А.Пушкин, М.Лермонтов А.Чехов, Горчаковский, И.Никитин, А.Сорокиннің шығармалары қазақ тіліне аударылып жарияланған. Аударма саласында журнал арқылы Қ. Кемеңгеровті ақындық қырынан танимыз. Ол А.Пушкиннен «Пайғамбарды» [5], И.Никитиннен «Сәскелік көлдің жағасында» [6] өлеңдерін сәтті аударса, өзі де поэзияға жаны жақын екенін дәлелдеп, «Бақ іздеген» [7], «Жазғытұры» [8], «Солған гүл» [9] сынды өлеңдерін ұсынған. ХХ ғасырдың бас кезінде демократияшыл бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылық жағынан өсіп, қалыптасуына зор ықпал еткен «Айқапта»бұдан өзге де әдебиет нұсқалары молынан берілді. «Айқаптың» шығармашылық қарымын дұрыс бағамдаған алаш қайраткері С.Сәдуақасұлы өзінің 1918 жылы жазылып, 1919 жылы Омбыда «Трудовая Сибирь» журналында (№1) жарияланған «Киргизская литература» (Қазақ әдебиеті) атты зерттеуінде былай дейді: «Интересно отметить то, что «Айкап» существовал при участии литературных сил исключительно из молодежи мусульманских мектебов». [10;244] Жарық көрген материалдарға ден қоя қарасақ, басылымның мазмұнды шығуына қазақ қыздары да белсене араласқаны көзге түседі. Әйел теңдігі, қыздардың сауатын ашу, әйелді оқыту мәселесі күн тәртібінен түспей тұрған сол шақта мұның өзі көп нәрсені аңғартса керек.

Журнал басқан әдеби шығармалар тақырып, мазмұн жағынан да, жанрлық түр жағынан да сан алуан. Жалпы зерттеуші С.Сүтжан төңкеріске дейін қазақ тілінде жарық көрген барлық әдебиеттер тақырыбы, мазмұны және білім-болмысы тұрғысында мынандай негізгі түрлерге бөлінеді деп жүйелейді:

  • батырлық жырлар мен лиро-эпикалық эпостар;
  • діни-танымдық мазмұндағы туындылар;
  • нәзира үлгісіндегі шығармалар;
  • фольклор үлгілері: тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, жыр-аңыздар, қисса-дастандар, жоқтау, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, айтыстар;
  • қазақ жазбагерлерінің төл көркем, тарихи туындылары;
  • оқу-ағарту саласының басылымдары және сөздіктер;
  • медицина, ветеринария, ауыл шаруашылығы және түрлі арнайы мәселелерге арналған кітап, брошюралар. [4; 105] Бұл айтылғандар таза кітаптарға қатысты болса да, «Айқапта» жарияланған материалдар үшін де (соңғы екеуін қоспағанда) жат емес. Журналда Уалиолла Халили мен Ғ.Қарашевтің мақалаларында әдебиет мәселелері кеңінен қойылды. Ғ.Қарашев «Тіл-әдебиет» атты мақаласында әдебиеттің өмірде алатын орнын ерекше жеткізеді:
«Тіл-әдебиет дүниедегі барлық бақыт сығадаттың, ғылым-өнердің, дін уа мәдениеттің асылы-дүр. Кісіні кісілік дәрежесіне ілестіретұғын, мәдениет жолына кіретұғын бұ нәрселердің әдебиеті болмаған бір милләт арасында таралып, тамыр жаюы мүмкін емес!..-» деп ой толғаған Ғ.Қарашев одан әрі осы ойын дамыта түсіп: «Қазақ халқы тілге, әдебиетке самарқау емес, бірақ басы қосылып құралмағандықтан білімсіз самарқау жатыр» деп жанашырлық танытады. Тағы да назар аударарлық мәселе бұл күнге шейін қазақ тілі төңірегінде ол қоғам қажеттілігін өтейтін дәрежеде тұр ма, ғылым тілі бола ала ма, оның болашағы бар ма? деген сияқты сауалдар тастап, мемлекеттік тіл төңірегінде өнбес дау-дамайлар әлі де тыншымай тұрғанына таң қалмасқа амалың жоқ. Ал қазақ тілінің мол мүмкіндігін ХХ ғасырдың басында-ақ Ғ.Қарашев: «Бүтін түрік, татар, башқұрт, мишір, ғұсманлы секілді халықтардың арасында бұзылмаған сап түрік тілі – біздің қазақ, қырғыз тілі (бұл жерде «қырғыз» деген атауды «қазақ деген атаудың баламасы деп ұғынған дұрыс шығар. – Г.Б.) екендігін бізге араласқан адамдардың бәрі де біледі»,- деп дұрыс бағалай алған. Тілді таза сақтауда жазба әдебиеттің, ауыз әдебиетінің орны айрықша екендігін дәл бағамдаған С.Торайғыров журналдың редколлегиясында тілші болып істеген уақытта: «Ол өнерлі тілдің үлгісін бізге Абай берді. Абайдан үйренейік, онан соң сынаптай таза, күмістей кіршіксіз қазақтың ауыз әдебиетінен, бұрынғы сөз тапқыр шешен сөздерінен үйренейік», - деп жазды. Басылымның тіл мәселесіне аса мән бере қарағандығын тілге қатысты материалдардың ішінде сонымен қатар онда жарияланған өлеңдер де дәлел бола алады. «Айқапта» 1914 жылы жарық көрген Мырзахмет Қожақлановтың «Туған тілге» атты өлеңі бүгінгі таңда да маңыздылығын жоймағандығын атап өткіміз келеді:

Ей, туған тіл, баспай артқа,

Ұмтыл енді алға бар.

Күнің шығып, айың тумай,

Біраз уақыт еттің зар. Басқа тілдер бұлбұл болып,

Бақшасында сайрап тұр.

Шаттық беріп иесіне

Көңілдері жайнап тұр.

Бір уақытта бақшамызда

Сайрайсың ғой бұлбұлдай.

Шешен бидің тұғырында

Ағыпсың ғой жұлдыздай.

Керексініп сайратуға

Иең күйттеп тұрғанда.

Тұруыңның жөні бар ма,

Қарқ-қарқ етіп қарғадай?

Хақ дүнияға шаш нұрыңды,

Енді еліңді жарқырат.

Қалсын елің қарық болып,

Рахатында масайрап.

Қалам ұстап қалың жұртың,

Енді сені «Сіз» деді.

Ей, туған тіл, енді сайра,

Көрейік те біз сені.

Осы туындыны оқи отырып, ана тілді көздің қарашығындай сақтау мәңгілік категориялардың қатарынан ойып тұрып орын алатындығын еріксіз мойындайсыз.Бір ғасыр уақыт бұрын жазылғанына қарамастан өлеңнің мазмұны бүгінгі күннің талабына дәл келетіндігі сондай, күні кеше ғана жазылғандай әсерге бөлейді.

Мұнда басылған әдеби мұралардан сол кездегі замана тынысы кең

аңғарылады. Түрлі жанрда жарық көрген әдеби туындылардың ішінде

өлеңдер үзбей беріліп тұрған. Ол шығармалардың тақырыптары да әр алуан.

Редакция қоржынына түскен сапалы туындылардың бәрі журнал

бетінен көрініс тапқаны оның авторларынан-ақ аңғарылып тұр. «Айқаптың» шығуы қоғам өмірінде үлкен жаңалық ретінде қабылданып, оны халықтың ойы, тілі, көзі деп ұғынған Бекмұхамет Хасенов :

Кез келдің заманымда

журнал «Айқап»

Білгендей шөлдегенін

жұрттың байқап.

Жасаған ұзағынан сүйіндіріп,

Кетсе екен Еділ, Жайық

бәрін жайқап,- деп толғанса, Мұхамед Мақұлов:

Қуандым журналыңды білгеннен соң,

Майданда шабысыңды көргеннен соң.

Дертім бар, дәрменім жоқ мен бір ғаріп,

Сөз қостым көңіл танып тұрғаннан соң,- деп қуанышын зор тебіреніспен жеткізеді. Елім деп еңіреп өткен алаш қайраткері М.Дулатовтың Алашұғлы Азамат лақап есімімен берілген «Айқап» журналының шығуына арналған өлеңі оның қоғам өмірінде атқарар маңызды рөлін барынша ашып көрсеткен:

Газет-журнал оқысаң,

Көзіңді, қазақ, ашасың.

Дүние халін білмесең,

Ілгері қалай басасың?

Игілік жолдан тартынба,

Бекерге де шашасың.

Өнер-білім тістей ме,

Шегініп неге қашасың?

Сарғайып жатқан бір ғаріп

Жіберді жазып батасын.

Халыққа шашып жемісін,

Жасасын «Айқап», жасасын! Оқу –ағарту, қазақ тілінің мәселелерін, әсіресе, тіл тазалығын және оны сақтау жайын барынша өткір таразылаған басылым қазақ қыздарының бас бостандығы жайлы, жастарды өнер-білімге, адамгершілікке, еңбекке шақырған поэзиялық шығармаларға кең жол ашқан. Табиғат көркін айшықтап өрнектеген біраз өлеңдер өз орнын тапқан. Журналда С.Сейфуллиннің қымызбен сыйлау дәстүрі суреттелген «Жайлауда қымыз ішу» [11] сықылды алғашқы өлеңдері оқырмандарымен Садуақас есімімен қауышқандығын атап өткіміз келеді. «Айқап» қазақтың сол кездегі ақын-жазушыларының жаңа, таңдаулы шығармаларын үнемі басып отырды. Көптеген ақын-жазушыларды тәрбиелеп өсірді. ХХ ғасырдың басындағы көрнекті ақын-жазушыларымыз Мұхаметжан Сералин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев «Айқап» арқылы жазушы болып қалыптасты, «Айқап» арқылы өсті.» [12; 19] Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әйел теңдігі, мектеп ашу, оқу-ағарту ісі, оқу құралдары мен оқулықтар жетіспеушілігі, жер мәселесі басылым бетіндегі әңгіме арқауы болады. Олардың кейбірі ХХ ғасырдың басында әңгімені фельетон деп атайтын үрдіспен фельетон деп басылған. Бұл арада қоғам үшін маңызды түрлі тақырыптарды қозғайтын С.Торайғыров, М.Кәшімов, Ә.Ғалимов, Б.Майлин, М.Дулатов туындылары көркемдігімен көзге түседі. Ауыз әдебиеті нұсқаларынан: ертегі, жоқтау, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сонымен қатар қазақ шежіресі журнал мазмұнын салмақтандыра түскен. Редакция ұжымы оқырмандарын қызықтыру мақсатында алдыңғы нөмірлерде берілген жұмбақтардың шешуін дұрыс тапқан адамдар туралы кейінгі сандарында хабарлап отыруды ұтымды пайдаланған.

«Айқапта» жаңа шыққан кітаптар туралы ақпараттар тұрақты түрде беріліп тұрған. Нақты айтқанда, М.Дулатовтың «Оян, қазағы» мен «Азаматы», Ә.Ғалымовтың «Жастық жемістері», Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыры», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі», Ғ.Мұштақ жинақтап шығарған «Көкселдір», Н.Наушабаевтың «Алашы», А.Байтұрсыновтың «Қырық мысалы», М.Жұмабаевтың «Шолпаны», Н.Манаевтың «Иман-исламы», «Қара қыпшақ Қобланды батыр» мен «Милли шиғырлар» және т.б. жарыққа шыққаны құлақтандырылып қана қоймай, ол туындылар не жайында және оны қайдан алуға болатыны туралы аз-маз мәлімет беріліп, кейбірінің бағасы да хабарланып, тиісті жерінде бүгінгі талапқа сай келмейтін сыни пікір де білдірілген. Айталық: «Алаш – Нұржан Наушабаев сөзі. Бұл кітап назымға бөлініп жазылған. Наушабаевтың кәдімгі жүйріктігі мұнда да көрініп тұр. Ликин бізге бір ұнамаған жері: бағзы бір назым басында өз есімін қосыңқырап жазған. Мысалы: бірінші назым: «Әй, Нұржан, қаламыңды қолыңа алшы»,- деп, екінші назым: «Сөзіңді әркім, Нұржан, сүйер сенің»,- деп. Тағы бір міні, әуелгі назымында: «Қимылда, қалған жоқ па бірер тамшы?» деген сөзді қалдыру тиіс еді». [13;65] Мұның сыртында оқушылары үшін қам жеген журнал шығарушылары оның бір нөмірінде Борадәран Каримовтар кітапханасының хабарламасында басылып шыққан қазақ кітаптары туралы бағасын көрсетіп тізбесін арнайы жариялаған. [13;89] Кітап боп шыққан біраз еңбектердің мұқабаларының журналдағы иллюстрациялық суреті оқырмандар үшін жақсы жарнама болған сыңайлы.

Қорыта айтқанда Шалман ақын:

Журнал шықты «Айқап»

нұрын шашып,

Қазақты ағартпаққа көзін ашып.

Кәрі, жас, қатын, бала, жақсы,

жаман,

Жүрмеңіз жауған нұрдан

кейін қашып, - деп, «Айқаптың» ғылым-білімге бастайтын адаспас тура жолға салар журнал екенін жырға қосқанындай, бір ғасыр өткен соң да қазақ қоғамының, қазақ әдебиетінің тарихында оның алар орны айрықша екендігін сезінеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Центральный Государственный архив. Г.Санкт-Петербург (ЦГИАЛ) фонд 776 опись № 26

2. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер. Алматы, 1956

3. «Айқап». – 1912. - № 9

4. Сүтжан С. Алаш және түркі руханияты. Алматы, 2008

5. «Айқап». 1915. - № 4

6. «Айқап». 1915. № 13

7. «Айқап». 1915. № 12

8. «Айқап». 1915. № 7-8

9. «Айқап». 1915. № 14

10. Сәдуақасұлы С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. Алматы: Алаш, 2003

11. «Айқап». 1915, № 1

12. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы, 1993

13. «Айқап» / Құрастырушылар: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов. Алматы, 1995

* * *

tilimen.org

Айқап журналындағы оқу-тәрбие мәселелері - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - www.Zox.kz

загрузка...

«Айқап» журналындағы оқу-тәрбие туралы ойларды зерделеу.

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды. «Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. [45]. «Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. «Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениетті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды. Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім , жазушыларды публицистерді тартты. «Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін школа мектеп ашу қажет. Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға қалі келмейді. Сондықтан « бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ». Ал «50-60 үй бір жерде , жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап бала оқыту оңай. Сонда өкімет тарапынан орыс –қазақ школын аштыруды талап етуге болатынын» айтты [9]. М. Сералин XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының дәстүрін жалғастыра отырып, мектеп ашу, бала оқыту жөнінде нақтылы ұсыныстар жасады. «Біздің ілгері келешек күнімізде, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол – оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек өнерлі халыққа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық болып оқушы талапкерлерге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды» деп жазды ол. «Айқап» журналы қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына да жан-жақты тоқталады. «Адам баласының тәлім-тәрбиесі анадан ауысады, бүкіл адамзатты тәрбиелеуші – ана» деп, олардың үйдегі, семьядағы атқаратын рөлін өте жоғары бағалады. Журнал осы мәселені көтере отырып езілген қазақ әйелдері қатарынан жұмысқа тілшілер тартты. Тілеубайқызы Сахыпжамал (1911, №7, 11-12 бет) қазақтың ер балаларын оқытып, қыз балаға онша көңіл бөлмейтінін, олардың қалың малға сатылып, сүймеген адамына еріксіз ұзатылатынын халық алдында әшкерелейді. Осы орайда Тілеубайқызы Сахыпжамалдың «Қазақ қыздарының аталарына «атты мақаласын атап өткен жөн. «Ер баланы оқытасыз да, бізді оқытпайсыз, қыздар оқыса бұзылады дейсіз. Бұзылған әйелдер оқығаннан бұзыла ма екен. Оқу адамды бұзама екен? Біле білсең қыз баланы көбірек оқыту керек. Қыз бала түбінде бала шағаның анасы болады. Ана надан болса, балаға жақсы өнеге бере алар ма ?! Қыздарыңызды көбіне жәбірге ұстап бересіз, ұстап бергеніңіз сол, 14-15 жастағы қыздарыңызды 50-60 жастағы шалға бересіз. Екеуі тең бе , тең емес пе оған қарамайсыз. Шырылдатып ұстап бересіз. Егер де тең болса 14-15жастаѓы ұлдарыңызға 50-60 жастағы кемпірді неге алып бермейсіз ?» деп тоқтайды Сахыпжамал. Бұдан артық жеткізіп , бұдан артық ашынып жазу мүмкін емес сияқты. Бұл мақала сол кезде миллиондаған қазақ қыздарының намысыныњ жанып, ар-ұятын оятқан, қазақ даласын дүркіреткен, ұлы жаңалық болды. Журналдың көп көңіл бөлген мәселерінің бірі -әдет-ғұрып, салт-сана мәселесі еді. Журнал қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай отырып, елді жақсылыққа, озық ойға, болашаққа шақырды. «Қазақтың қазіргі халі» деген мақалада елді кері тартатын кесапаттың алыстан келмейтінін, оның өз арамыздағы кәдімгі дау-жанжал, ұрлық, өтірік-өсек сөзден тарайтынын, бұл кемшіліктердің кәсіпсіздік білімсіздіктен туатынын жұрт алдына алақандағыдай жайып салады. Б. Майлин журналдың 1913 жылғы 15-санындағы (335-336 б.б.) мақаласында қыз ұзату тойында, өлімге ас беріп, еске алуда елдің үлкен шығынға бататынын айтып оның орына халықты пайдалы іске оқу-ағарту жұмысын дұрыс жолға қоюға , мектеп медресе салуға қаражат шығаруға шақырады. Жалпы алғанда журнал қазақ елін білімге, өнерге шақырды, оқыту сапасын жақсарту мен білім беруді белгілі программаға сүйене жүргізу керектігін сөз етті: «Біздің қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында біраз кеңес» деген мақалада (1911, №5, 4-6 беттер) оқыту ісін дұрыс жолға қою үшін көптеген шараларды жүзеге асыру керектігі айтылады. Сондай-ақ қазақ шәкірттерінің хал-жағдайының тым нашар екендігіне тоқтала отырып журнал оларға көмектесуге шақырған көптеген мақала-хабарларды да басып отырды. Білім беру мәселесін шешу үшін оқу құралдарын шығару, қазақ тілінің әліппесін жасау, жазу жұмысын бір ережеге бағындыру туралы бірсыпыра мақалалар жариялады [10]. «Қазақ» газетінде М. Жаңа Байбақтының бала тәрбиесі жөнінде жазған мақаласын айта кеткен жөн». Адам баласы басқа мақұлықтардан қандай ақылды, өнерлі болса, сондай осал, төзімсіз. Басқа жәндіктер ешбір жәрдемсіз, қарусыз жорытып жүретін ыстық я суықта адам баласы киім киіп, үй салып басын қорғайды. Тауықтың балапаны туысы мен тамақ іздеп шауып кетсе, адам баласы берген тамақты әрең ішеді. Сондықтан адамның адам болуына көп күтім, көп тәрбие керек. Басқа жәндіктерге тәрбие бек аз һәм тән тәрбиесі ғана керек. Адам балаларына, жаратушы аллаға, ұлтына һәм өзінен кейін өсіп -өнетін ұрпақтарына міндеті көп болғандықтан, тән тәрбиесі қанша керек болса, жан тәрбиесі сонша керек. Адамның аштан, отқа күйіп, суға түсіп өлмей адам болуына туған сағаттан бастап тән тәрбиесін жасау керек болса, жан тәрбиесін де сол мезгілден бастау керек. «Баланы жастан, қатынды бастан» деген қазақ мақалы осы туралы айтылса керек. Бала тәрбиелеудің керектігін жұрт баяғыда білген. Бірақ әр халық әр уақытта әр түрлі себептермен түрлі-түрлі түсінген. Мәселен, Мысыр халқы баланың шаруаға шеберленуін мақсат қылған. Спарта халқы бала тәрбиелеудіњ мақсаты баланы өжет, жауынгер қылу деп түсінген. Бірқатар халық бала тәрбиелеуді патшалыққа беретін салғырт орнына жүргізген. Біздің қазақ халқы да балаға тәрбиенің керек тігін көп заманнан түсінулі. «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деген ескі мақал. Бірақ біздің халықтың бала тәрбиелеудің негізін анық түсінбегендігі даусыз. Түсініп, дұрыстап орындаған болса, біз мұндай болмас едік. Біздің халықта бала тәрбиелеудің негізі «Бетегеден биік, жусаннан аласа бол» һәм «Көш бойыңды, жасыр ойыңды» болған. Дүниедегі адамнан басқа жәндіктер бір пайдаға асумен, қаруымен құрметтеледі (Ат мініс берумен, сиыр сүт берумен деген сияқты). Адам баласы тек адам болғаны ғана үшін құрметтеледі, құтырған жан басқа бір себептен пайдасыздыққа шыққан мақұлықты атып өлтірсе, жұрт қуанады. Пайдасыздыққа шыққан кісіні атып өлтірсе, жұрт аяйды, өлтіруші ождан азабын тартады. Мұның себебі, адамның адамдығы. Яғни басқа нәрселер тек мақсатқа жеткізетін құрал болғанда адамның өзінің мақсаты болғандағы әңгіме адамның жанында, рухында болғандығы. Олай болса, адамның тәрбиесі тек тән тәрбиесі болмай, жан тәрбиесі де болу керек. Жан тәрбиесі бір дүздеме болмай, нағыз екі бет болу [33]. Бұл бала тәрбиелеу хақында біз бүгін әңгіме қылып отырмыз. Грек халқы бұдан екі мың жылдай бұрын түсініп, педагогия дейтін ғылым шығарып, қолданып көрген. Бұл біздің көп кенже қалған ғылымдарымыздың бірі ғой. Бала ақыл тоқтатып, есеймей тұрып-ақ көргенін істей бастайды. Үйінде намаз оқушылар болса, намаз оқиды, насыбай атушы болса, қол насыбай қылып атады, шылым тартушы болса, шөпті шылым қылып тартады. Домбыра тартушы болса, қолына түскенін домбыра қылады. Жақсы істесе, жақсы, жаман істесе, жаман істейді. Бұлай болса, бала тәрбиелеудің негізі ата-анасында. Бірінші шарты ата-анасының балаға мүмкін қадыр жақсы үлгі көрсетуге тырысуы. «Баланың жаны кірсіз тақтай, не жазсаң соны оқырсың» деп бұрынғы даналар жұлдық қылып белгілеп кеткен. Сондықтан ата-анаға қолдан келгенше «Ұлы, қызы жақсымен ауылдас болып, жаманнан жиіркендіріп, жақсыға қызықтыру парыз. Екінші шарты мезгілі жеткен (7 жасар) баласын бай жалшылармен бірге бақтырмай, кедей 8 айға 3 сомға жалдап, өстіп құдайдан, баласынан, кейінгі ұрпағынан қарғыс алмай, баланы молдаға дін ғылымын үйренуге, Ордағы дүние ғылымын үйренуге беру. Бастапқысынан құдайын танып, иманын біліп, соңғысынан құдайдың жаратқан заттарын танып, ыждақатын күшейтіп, шын мұсылман, шын адам, ұлттық шын баласы болсын. Молдалар мен мұғалімдерге де бұрынғыдай «аюды үйреткен таяқ» деп балаларды сабап, арқасын қанатып, сонан соң «молданың соққан жері отқа күймейді» деп жұбатуды қоюы керек. Таяқ аюды-айуанды үйретеді, ақыл иесі адам баласын ыза қылып, арландырып шамадан шығарады. Дін үйретуші пайғамбарлар ешкімді сабамаған көрінеді. Мұғалім «ғұннасын» шығар деп таяқ жұмсаса, учитель «ударение» қайда деп құлағын бұраса, бұл бала тәрбиелеу болмайды. Яғни баланы қайыру, баланы бұзу баланың кірсіз ақ қағаздай жанын ластау болды [21]. Адам баласы барлық білікті сыртқы бес мүшесімен алады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп, тілмен татып, денемен сезіп.Сондықтан баланы оқытқан уақытта бұл бес мүшелердің барлығын бірдей тәрбиелеу керек. Бірқатары тәрбиеленіп, бірқатары тәрбиеленбей қалса, ол балаға зор кемшілік келтіреді. Адам балалары бір нәрсені білуде түрлі –түрлі болады. Біреу есіткенін ұмытпайды, біреу көргенін ұмытпайды, біреу татқан дәмін ұмытпайды. Бірақ ондай адам сирек болады. Бір медреседе, бір класта оқып жүрген балалардың біреуінің олай, біреуінің былай болуы осыдан. Сондықтан оқытушылардың бұл бес мүшені бірдей тәрбиелеуге ырдаһат қылулары тиіс. Мәселе, кітаптың ішінде «Қызғалдақ» деген сөз ұшырайды. Оқытушы қызғалдақ деген қызыл жапырақ деп өте шықса, ертеңге шейін тек есіткенін ұмытпайтын балалардың ғана қатерінде қалады. Басқасы ұмытады. Егерде қызғалдақ деген мынадай жапырақ деп көрсетсе, өзі жеңіл һәм жұмсақ деп ұстатса, исі жақсы деп иіскетсе, дәмі ащы деп жалатса, балалардың біреуіде ұмытпайды. Сонымен баланы оқытқанда жеңіл жолмен бар мүшелерін бірдей тәрбиелеп, әзір білімді баланың кішкентай басына тыға бермей, жетелеп өзіне іздетіп, ақылын кәмілдеп, ізгілікке жетелеп, жүрегін адалдап, жақсыға қызығатын, жаманнан жеркенетін қылып табиғатын жіңішкертіп шығару мақсұт . Бұл газет бетіне жазылған қысқа ғана ой. Қалың кітаптар маңызды, тауыса сөйленетін бұл туралы сөздер ардақты ғылым иесі адамдардың жұмысы [23].

www.zox.kz

Айқап журналындағы оқу-тәрбие мәселелері - Қазақ әдебиеті - Қазақша рефераттар - Қазақша тесттер мен шпорлар

«Айқап» журналындағы оқу-тәрбие туралы ойларды зерделеу

 

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды. 

«Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып  Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. [45].

«Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. 

«Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениетті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды. 

Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім , жазушыларды публицистерді тартты. 

«Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін школа мектеп ашу қажет. Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға қалі келмейді. Сондықтан « бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ». Ал «50-60 үй бір жерде , жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап бала оқыту оңай. Сонда өкімет тарапынан орыс –қазақ школын аштыруды талап етуге болатынын» айтты [9].

М. Сералин XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының дәстүрін жалғастыра отырып, мектеп ашу, бала оқыту жөнінде нақтылы ұсыныстар жасады. «Біздің ілгері келешек күнімізде, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол – оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек өнерлі халыққа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық болып оқушы талапкерлерге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды» деп жазды ол. 

«Айқап» журналы қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына да жан-жақты тоқталады. «Адам баласының тәлім-тәрбиесі анадан ауысады, бүкіл адамзатты тәрбиелеуші – ана» деп, олардың үйдегі, семьядағы атқаратын рөлін өте жоғары бағалады. Журнал осы мәселені көтере отырып езілген қазақ әйелдері қатарынан жұмысқа тілшілер тартты. Тілеубайқызы Сахыпжамал (1911, №7, 11-12 бет) қазақтың ер балаларын оқытып, қыз балаға онша көңіл бөлмейтінін, олардың қалың малға сатылып, сүймеген адамына еріксіз ұзатылатынын халық алдында әшкерелейді. Осы орайда Тілеубайқызы Сахыпжамалдың «Қазақ қыздарының аталарына «атты мақаласын атап өткен жөн. «Ер баланы оқытасыз да, бізді оқытпайсыз, қыздар оқыса бұзылады дейсіз. Бұзылған әйелдер оқығаннан бұзыла ма екен. Оқу адамды бұзама екен? Біле білсең қыз баланы көбірек оқыту керек. Қыз бала түбінде бала шағаның анасы болады. Ана надан болса, балаға жақсы өнеге бере алар ма ?! Қыздарыңызды көбіне жәбірге ұстап бересіз, ұстап бергеніңіз сол, 14-15 жастағы қыздарыңызды 50-60 жастағы шалға бересіз. Екеуі тең бе , тең емес пе оған қарамайсыз. Шырылдатып ұстап бересіз. Егер де тең болса 14-15жастаѓы ұлдарыңызға 50-60 жастағы кемпірді неге алып бермейсіз ?» деп тоқтайды Сахыпжамал. Бұдан артық жеткізіп , бұдан артық ашынып жазу мүмкін емес сияқты. Бұл мақала сол кезде миллиондаған қазақ қыздарының намысыныњ жанып, ар-ұятын оятқан, қазақ даласын дүркіреткен, ұлы жаңалық болды. 

Журналдың көп көңіл бөлген мәселерінің бірі -әдет-ғұрып, салт-сана мәселесі еді. Журнал қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай отырып, елді жақсылыққа, озық ойға, болашаққа шақырды. «Қазақтың қазіргі халі» деген мақалада елді кері тартатын кесапаттың алыстан келмейтінін, оның өз арамыздағы кәдімгі дау-жанжал, ұрлық, өтірік-өсек сөзден тарайтынын, бұл кемшіліктердің кәсіпсіздік білімсіздіктен туатынын жұрт алдына алақандағыдай жайып салады. Б. Майлин журналдың 1913 жылғы 15-санындағы (335-336  б.б.) мақаласында қыз ұзату тойында, өлімге ас беріп, еске алуда елдің үлкен шығынға бататынын айтып оның орына халықты пайдалы іске оқу-ағарту жұмысын дұрыс жолға қоюға , мектеп медресе салуға қаражат шығаруға шақырады. 

Жалпы алғанда журнал қазақ елін білімге, өнерге шақырды, оқыту сапасын жақсарту мен білім беруді белгілі программаға сүйене жүргізу керектігін сөз етті: «Біздің қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында біраз кеңес» деген мақалада (1911, №5, 4-6 беттер) оқыту ісін дұрыс жолға қою үшін көптеген шараларды жүзеге асыру керектігі айтылады. Сондай-ақ қазақ шәкірттерінің хал-жағдайының тым нашар екендігіне тоқтала отырып журнал оларға көмектесуге шақырған көптеген мақала-хабарларды да басып отырды. Білім беру мәселесін шешу үшін оқу құралдарын шығару, қазақ тілінің әліппесін жасау, жазу жұмысын бір ережеге бағындыру туралы бірсыпыра мақалалар жариялады [10].

«Қазақ» газетінде М. Жаңа Байбақтының бала тәрбиесі жөнінде жазған мақаласын айта кеткен жөн». Адам баласы басқа мақұлықтардан қандай ақылды, өнерлі болса, сондай осал, төзімсіз. Басқа жәндіктер ешбір жәрдемсіз, қарусыз жорытып жүретін ыстық я суықта адам баласы киім киіп, үй салып басын қорғайды. Тауықтың балапаны туысы мен тамақ іздеп шауып кетсе, адам баласы берген тамақты әрең ішеді. Сондықтан адамның адам болуына көп күтім, көп тәрбие керек. Басқа жәндіктерге тәрбие бек  аз  һәм тән тәрбиесі ғана керек. Адам балаларына, жаратушы аллаға, ұлтына һәм өзінен кейін өсіп -өнетін ұрпақтарына міндеті көп болғандықтан, тән тәрбиесі қанша керек болса, жан тәрбиесі сонша керек.  Адамның аштан, отқа күйіп, суға түсіп өлмей адам болуына туған сағаттан бастап тән тәрбиесін жасау керек болса, жан тәрбиесін де сол мезгілден бастау керек. «Баланы жастан, қатынды бастан» деген қазақ мақалы осы туралы айтылса керек. Бала тәрбиелеудің керектігін жұрт баяғыда білген. Бірақ әр халық әр уақытта әр түрлі себептермен түрлі-түрлі түсінген. Мәселен, Мысыр халқы баланың шаруаға шеберленуін мақсат қылған. Спарта халқы бала тәрбиелеудіњ мақсаты  баланы өжет, жауынгер қылу деп түсінген. Бірқатар халық бала тәрбиелеуді патшалыққа беретін салғырт орнына жүргізген. Біздің қазақ халқы да балаға тәрбиенің керек тігін көп заманнан түсінулі. «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деген ескі мақал. Бірақ біздің халықтың бала тәрбиелеудің негізін анық түсінбегендігі даусыз. Түсініп, дұрыстап орындаған болса, біз мұндай болмас едік.  Біздің халықта бала тәрбиелеудің негізі «Бетегеден биік, жусаннан аласа бол» һәм «Көш бойыңды, жасыр ойыңды» болған. Дүниедегі адамнан басқа жәндіктер бір пайдаға асумен, қаруымен құрметтеледі (Ат мініс берумен, сиыр сүт берумен деген сияқты).       Адам баласы тек адам болғаны ғана үшін құрметтеледі, құтырған жан басқа бір себептен пайдасыздыққа шыққан мақұлықты атып өлтірсе, жұрт қуанады. Пайдасыздыққа шыққан кісіні атып өлтірсе, жұрт аяйды, өлтіруші ождан азабын тартады. Мұның себебі, адамның адамдығы. Яғни басқа нәрселер тек мақсатқа жеткізетін құрал болғанда адамның өзінің мақсаты болғандағы әңгіме адамның жанында, рухында болғандығы. Олай болса, адамның тәрбиесі тек тән тәрбиесі болмай, жан тәрбиесі де болу керек. Жан тәрбиесі бір дүздеме болмай, нағыз екі бет болу [33].

Бұл бала тәрбиелеу хақында біз бүгін әңгіме қылып отырмыз. Грек халқы бұдан екі мың жылдай бұрын түсініп, педагогия дейтін ғылым шығарып, қолданып көрген. Бұл біздің көп кенже қалған ғылымдарымыздың бірі ғой. Бала ақыл тоқтатып, есеймей тұрып-ақ көргенін істей бастайды. Үйінде намаз оқушылар болса, намаз оқиды, насыбай атушы болса, қол насыбай қылып атады, шылым тартушы болса, шөпті шылым қылып тартады. Домбыра тартушы болса, қолына түскенін домбыра қылады. Жақсы істесе, жақсы, жаман істесе, жаман істейді. Бұлай болса, бала тәрбиелеудің негізі ата-анасында. Бірінші шарты ата-анасының балаға мүмкін қадыр жақсы үлгі көрсетуге тырысуы. «Баланың жаны кірсіз тақтай, не жазсаң соны оқырсың» деп бұрынғы даналар жұлдық қылып белгілеп кеткен. Сондықтан ата-анаға қолдан келгенше «Ұлы, қызы жақсымен ауылдас болып, жаманнан  жиіркендіріп, жақсыға қызықтыру парыз. Екінші  шарты мезгілі  жеткен (7 жасар) баласын бай жалшылармен бірге бақтырмай, кедей 8 айға 3 сомға жалдап, өстіп құдайдан, баласынан, кейінгі ұрпағынан қарғыс алмай, баланы молдаға дін ғылымын үйренуге, Ордағы дүние ғылымын үйренуге беру. Бастапқысынан құдайын танып, иманын біліп, соңғысынан құдайдың жаратқан заттарын танып, ыждақатын күшейтіп, шын мұсылман, шын адам, ұлттық шын баласы болсын. Молдалар мен мұғалімдерге де бұрынғыдай «аюды үйреткен таяқ» деп балаларды сабап, арқасын қанатып, сонан соң «молданың соққан жері отқа күймейді» деп жұбатуды қоюы керек. Таяқ аюды-айуанды үйретеді, ақыл иесі адам баласын ыза қылып, арландырып шамадан шығарады. Дін үйретуші пайғамбарлар ешкімді сабамаған көрінеді. Мұғалім «ғұннасын» шығар деп таяқ жұмсаса, учитель «ударение» қайда деп құлағын бұраса, бұл бала тәрбиелеу болмайды. Яғни баланы қайыру, баланы бұзу баланың кірсіз ақ қағаздай жанын ластау болды [21].

Адам баласы барлық білікті сыртқы бес мүшесімен алады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп, тілмен татып, денемен сезіп.Сондықтан баланы оқытқан уақытта бұл бес мүшелердің барлығын бірдей тәрбиелеу керек. Бірқатары тәрбиеленіп, бірқатары тәрбиеленбей қалса, ол балаға зор кемшілік келтіреді. Адам балалары бір нәрсені білуде түрлі –түрлі болады. Біреу есіткенін ұмытпайды, біреу көргенін ұмытпайды, біреу татқан дәмін ұмытпайды. Бірақ ондай адам сирек болады. Бір медреседе, бір класта оқып жүрген балалардың біреуінің олай, біреуінің былай болуы осыдан. Сондықтан оқытушылардың бұл бес мүшені бірдей тәрбиелеуге ырдаһат қылулары тиіс. Мәселе, кітаптың ішінде «Қызғалдақ» деген сөз ұшырайды. Оқытушы қызғалдақ деген қызыл жапырақ деп өте шықса, ертеңге шейін тек есіткенін ұмытпайтын балалардың ғана қатерінде қалады. Басқасы ұмытады. Егерде қызғалдақ деген мынадай жапырақ деп көрсетсе, өзі жеңіл һәм жұмсақ деп ұстатса, исі жақсы деп иіскетсе, дәмі ащы деп жалатса, балалардың біреуіде ұмытпайды. 

Сонымен баланы оқытқанда жеңіл жолмен бар мүшелерін бірдей тәрбиелеп, әзір білімді баланың кішкентай басына тыға бермей, жетелеп өзіне іздетіп, ақылын кәмілдеп, ізгілікке жетелеп, жүрегін адалдап, жақсыға қызығатын, жаманнан жеркенетін қылып табиғатын жіңішкертіп шығару мақсұт .

Бұл газет бетіне жазылған қысқа ғана ой. Қалың кітаптар маңызды, тауыса сөйленетін бұл туралы сөздер ардақты ғылым иесі адамдардың жұмысы [23].    

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!

referatikz.ru

"Айқап журналы" және оның идеялық саяси мазмұны by Ibragim Ertai on Prezi

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтыДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Айқап журналы» және оның идеялық саяси мазмұны.Орындаған: Абсаттаров У.С.

Ғылыми жетекшіт.ғ.к., аға оқытушы: Наурызбаева Э.К.

МАЗМҰНЫКІРІСПЕ.................................................................................................................. 31 «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.......................................... 10 1.1 «Айқап» журналының пайда болу тарихы және оның құрлымы...................101.2.«Айқап» журналы және Мұхамеджан Сералин..............................................17

2 «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР..........242.1 «Айқаптағы» қоғамдық-саяси мәселелер.......................................................242.2 «Айқаптағы» қоныс аудару, шаруашылық, отырықшылыққа көшумәселелері..............................................................................................................31

3 «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-РУХАНИ МӘСЕЛЕЛЕР................393.1 «Айқаптағы» ағартушылық мәселесі (мектеп, білім, тіл, әдебиет, тарих).. 393.2. «Айқаптағы» әдет-ғұрып, салт-сана, әйел, және дін мәселесі................... 46

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................54ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................ 57ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................... 61

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап Қазақстанда мерзімді баспасөз дүниеге келіп, жазба мәдениеті жаңа және ескі араб әрпі негізінде даму кезеңін бастан кешірді. Осы дәуірде (1870-1917 жылдар) үш ұлы ағартушымен қатар және олардың соңын ала өмір сүрген әдебиет, мәдениет, ғылым қайраткерлері Шоқан, Ыбырай, Абай дәстүрін аттап өткен жоқ. Баспасөз – адамдарды тәрбиелейтін құрал ғана емес, онда жарық көріп жататын әдебиет, тарихи материалдар дүниені өзінше пайымдауға үйрететін, ұлттық болмысты қалыптастыратын киелі құдірет. Міне, осыған орай өз ұлттық болмысымызды жан-жақты танып, үйренуде алдыңғы кезекте төл тарихымызға, ана тіліне, діл мен дінімізге құрметпен қарап, халқымыздың бүкіл адамзаттық өркениетке қосқан үлесін әлемге таныту отандық тарих ғылымының кезекті міндеті болып табылады. Соңғы жылдары Отан тарихының түрлі салаларында қарқынды түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кеңестік дәуірде тыйым салынып келген тақырыптардың сыры мен қырын айқындауға мүмкіндіктер туды. Дегенмен, әлі де терең ғылыми талдау жасап, қайта қарауды қажет ететін мәселелер мен тақырыптар жеткілікті. Баспасөз – сан ғасыр бойы отаршылдық тепкінің астында қалған халқымыздың мүддесіне сай аумалы-төкпелі заманда жанында болып, жаңа құрылысты өмірге жөн сілтеді, сол жолда бағыт-бағдар берді [1, 6 б.].Тақырыптың зерттелу деңгейі.ХХ ғасырдың басында, яғни 1911-1915 жылдар аралығында шыққан «Айқап» журналының өткен жолына қатысты қалыптасқан ой-тұжырымдар қазақ тарихына арналған зерттеулер мен оқулықтарда үзік-үзік кездеседі. Мұндай туындылардың авторлары «Айқап» журналының идеялық-саяси мәселесін зерттеуді мақсат етіп қоймағандықтан олардың төл шежіресі толымды түрде ашылмай келеді. 1950 жылдың басында ұлттық баспасөз тарихын Кенжебаев Б. зерттеді. Ұлттық баспасөз тарихының білгір маманы Кенжебаев Б. қазақ баспасөзінің тарихына арналған «Қазақ баспасөзі тарихынан» [1] атты еңбегінде, баспа тарихының, жалпы негізгі белгілерін қарастырды.1960 – жылдың басында қазақ баспасөзінің материалдарын, әсіресе «Дала уалаяты газеті» мен «Айқап» журналының бұрынғы нөмірлерін топтастырып, жинақ етіп шығаруға, заң актілері, приказдар, баспа беттеріндегі жинақтардың жиналуына Ү.Сұбханбердина мен С.Дәуітов және Т. Кәкішевтер көп күш салған еді.

1970 – жылдар мен 1980 – жылдары Қазақ баспасөзі тарихын зерттеген бірнеше еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына Кенжебаев Б. пен Қожакеев Т. Бекхожин Қ. еңбектерін атауға болады.Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, төл тарихымызды обьективті тұрғыдан қайта жазуға мүмкіндіктің тууына байланысты ұлттық дерек көздеріне, оның ішінде, қазақ баспасөзіне деген жаппай қызығушылық қайта жанданды. 1998 жылы қазақ баспасөзін зерттеген деректанушы-ғалым АтабаевҚ. «Мерзімді басылым ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде» [11] атты еңбегінде М. Сералиннің қазақ баспасөзін шығару ісіндегі қызметіне назар аударылған. Қазақ баспасөзінің тарихына үлкен көңіл бөлген Қырықбай Аллабергеннің 2009 жылы «Тарих және баспасөз» (Қазақ мерзімді баспасөзінің зерттелу тарихынан) [13] атты монографиясы жарық көрді. Диплом жұмысының деректік негіздері.Дипломдық жұмысты жазу барысында жарияланған құжаттар, жинақтарының мәліметтері, баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулер дерек ретінде зерделеніп пайдаланылды.

Субханбердина Ү. мен Дәуітов С. құрастыруымен «Айқап» [15] атты энциклопедия жарық көрді, «Айқап» журналындағы басылған материалдар жарияланды.

Дерек көзінің маңызды құжаттарының бірі Ү. Субханбердинаның «Кітап жолы - арман жолы» [16] атты еңбегіКелесі дерек көзінің маңызды құжаттардың бірі Мәулетов Ғалиханның «Азалы ақиқат», «Замана», «Жадымызда сақталсын» атты көпшілік оқырман қауым арналған еңбектері берілген, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша мұрағатында сақталған Қазақ ССР Ішкі Істер Халық Комиссариятының құжаттары мен «Қылмыстық іс» материялдарынан зерттеу жұмысының арқауына айналған құжаттар алынды, атап айтсақ Мұхамеджан Сералин жайында 1922 ж. 14 қазандағы құпия хаттамасы, сауалнама парақшалары және т.б. [14].Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:«Айқап» журналының идеялық-саяси мазмұнын зерттеу, айқап журналының бетінде жарық көрген мақалалар мен материалдарға отандық тарих тұрғысынан талдау жасау жұмыстың басты мақсаты етіп алынды.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттералға қойылды:

- «Айқап» журналының пайда болу тарихы және оның құрлымын зерттеу;

- «Айқап» журналы мен Мұхамеджан Сералиннің қызметіне тарихи талдау жасау;

- «Айқаптағы» мемлекеттілік мәселесі (мемлекет, құқық, автономия) басылымда көтерілген мәселесінің қоғамдық маңыздылығы мен мәнін ашып зерделеу;

- «Айқаптағы» қоныс аудару, шаруашылық, отырықшылыққа көшу мәселелері айқындау;

- Айқаптағы ағартушылық (мектеп, білім, тіл, әдебиет, тарих) мәселесін зерделеу.

- Айқаптағы әдет-ғұрып, салт-сана, әйел, және дін мәселесі талдау;

Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақ баспасөз тарихының ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптасқан, баспа беттерінде жарияланған материалдардың, соныңішінде «Айқап» журналының идеялық-саяси мазмұнын кең көлемді түрде зерттеу.

Зерттеу пәні: «Айқап» журналындағы саяси-әлеуметтік мәселелердің тарихын жан - жақты зерделеп, оған объективтітұрғыда баға бере отырып, ғылыми негізі ретінде талдау.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: «Айқап» журналының идеялық-саяси мазмұны мәселесі туралы алғаш рет зерттеліп, ғылыми тұрғыда талданды.

Диплом жұмысының әдіснамалық негізі:Зерттеу жұмысының методологиялық негізін айқындауда, қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің бірнеше әдіс - тәсілдері қолданылды. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдер мен газет-журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, жүйелік - құрылымдық, теориялық таным мен типтендіру сияқты жалпы тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері:Дипломдық жұмыстың қаралып отырған тақырыбына сәйкес оның қамтылу аймағы мен уақыты нақты белгіленді. Зерттеу жұмысынның хронологиялық шеңбері, 1911 жылдан1915жылға дейнгікезеңді қамтиды.

Жұмыстың сыннан өтуі және жариялылығы: Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары, ғылыми мақалаларда жарияланды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт атындағы тарих және өнер факультетінің тарих кафедрасының ұйымдастырумен конференциясын баяндалды. Институттың ғылыми - әдістемелік журналында, ғылыми негізі ретінде жарияланды.

Диплом жұмысының құрылымы:кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан құралған.

1 «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ1.1.«Айқап» журналының пайда болу тарихы және оның құрлымы

XX ғасырдың бас кезінде, яғни Троицкі қаласында Х. Сосновскийдің «Энергия» баспаханасында шыға бастаған, таралымы 900-1000 дана 1915 жылдың қыркүйегіне дейін барлығы 88 саны жарық көрген. Араб әріпімен теріліп, алғашқы жылы айына бір рет, жәрдемдесушілер көбейіп және өзі де қор жинай бастаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен жарияланды. Көлемі бір, бір жарым екі, екі жарым баспа табақ болды. «Айқап» қазақ даласының барлық жеріне тарады. Әйгілі, беделді журнал болды. «Айқап» өз кезеңіндегі үздік журнал болды. Онын әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазакстанның, барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей Ордалары мен Кавказ округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп түрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қостанайдан, Қызылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқаралыдан, Семейден, Аягөзден, Капалдан, Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды. Журнал бетінде кейде «Одан-бұдан», «Уақиғалар», «Мұсылмандар түсінуге тиісті мәселелер» деген айдарлар бойынша да материалдар жарыққа шығып отырды.М. Сералин «Айқап» журналының 1911 жылғы N1 санына «Қызмет иелеріндегі мырзаларға» атты мақаласында «Айқап» журналының шығу тарихы жайында сөз қозғайды. М. Сералин «Айқап» журналының айына бір рет шығып тұрған кездегі программасын былай ұсынады:

1. Сыртқы хабарлар.

2. Мұсылмандар тіршілігінен мысалдар, уақиғалар.

3. Фельетон.

4. Кітаптар хақында һәм ғылым баптан кеңестер.

5. Басқарушыға келген хаттар һәм одан-бұдан

Елім деп еңіреп өткен алаш қайраткері М.Дулатовтың «Айқап» журналының шығуына арналған өлеңі оның қоғам өмірінде атқарар маңызды рөлін барынша ашып көрсеткен:

Газет-журнал оқысаң,Көзіңді, қазақ, ашасың.Дүние халін білмесең,Ілгері қалай басасың?Игілік жолдан тартынба,Бекерге де шашасың.Өнер-білім тістей ме,Шегініп неге қашасың?Сарғайып жатқан бір ғаріпЖіберді жазып батасын.Халыққа шашып жемісін,Жасасын «Айқап», жасасын!

1.2. «Айқап» журналы және Мұхамеджан Сералин.Мұхамеджан Сералин 1872 жылы Қазіргі қостанай облысы Қарабалық ауданы, Өрнек ауылында, атақты айтыскер ақын Сералы қожаның жанұясында дүниеге келіпті. Бастапқыда бес жасқа дейн ауыл молдасынан сауатын ашқан. Жасынан алған тәрбие мен білімді ол Тройцк қаласында жалғастырады. Оқуын тәмамдаған соң Мұхамеджан Сералин Сыр өңірінде мұғлімдік жұмыспен шұғылданды М. Сералин қазақ балаларына сабақ беріп, сауатын ашудағы қадамын А.Е.Алекторов «Санкт-Петербургские ведмости» газетінің 1898 жылғы 302 нөмірінде үлкен ризашылықпен жазды [8, 5 б.]. Сол жылдары М. Сералин педагогикалық жұмысты жазушылық, ақындық өнермен де ұштастырып, «Топжарған», «Гүлкәшимә» атты жыр-дастандар жазады.Сералин Мұхамеджанның мақалаларынан «аллаһқа сеніп, медресе салдырып, жастарды имандылыққа шақырғандығын байқаумызға болады. Бұл турасында Қостанай облыстық мұрағатында бірсыпра құжаттар бар екен. Мысалы: 14 қазан 1922 жылғы Қостанай губерниялық бақылау комиссиясы отырысының №44 хаттамасында: «РКП кандидат Сералиннің ұлты қырғыз, интеллигент, діни көзқарасы әшкереленуіне байланысты оның партия қатарына кіруі туралы кандидаттық мерзімі бір жылға ұзартылсын » делінген. Осы уақыт арасында кандидат марксизм-ленинизм негіздерін жетік меңгеріп шықсын деп көрсетілген қаулыда2.«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР.2.1.«Айқаптағы» қоғамдық-саяси мәселелер

Қандай да идея өздігінен тумайды. Белгілі бір қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайдың әсерімен дүниеге келмек. Тәуелсіздік идеясы да елімізде уақытына қарай пісіп өркен жайды.

ХХ ғасырдағы дүрбелең кезеңде, «Айқап» журналыда жай қарап жатпай мемлекеттік, құқұқ, автономия мәселелерін халыққа үндеп жүрді. Айқап журналының 1911 жылғы№4 нөмірінде А. Байтұрсыновтың «Тағы да народныйй сот хақында» атты мақаласын жариялайды. 1912 жылғы №6 санында «Дала, қала» атты мақаласын жарыққа шығарған болатын. М. Жұмабаев мақаласын өлең жолдармен бастайды:Қыдыр ерік, жібек кілем, тау мен су бар. Шулаған көңілге хош қазбен қу бар.Қалада жан азығы, шам шырағы,

Белгісі адамдықтың білім-ту бар – деп М. Жұмабаев қазақ отырықшы болып қала салуды айтады. Дала жаз жетсе әдемі, көңілді болады. Жалғыз-ақ сол сүйкімді даланың орасан бір кемшілігі бар. Даланың баласы білімсіз, ойсыз. Ішіп-жеу, ойнап-күлу, ұйықтаудан басқаны білмейді. Төрт аяқты малдан аз-ақ ілгері, жарты адам деген [22, 51 б.].

Ал енді жаз жеткенде қалаға қарасаң, онда бұл әдеміліктің бірі жоқ. Құрғақ болып аз ғана жел тұрса, шаң, көз ашқызбайтын құм боран. Жаңбыр жауса жүргізбейтін батпақ болады. Дала баласына қала көңілсіз. Ол онда тұра алмайды, шыдай алмайды. Бірақ қаланың қаланың осы кемшілігін түгелдейтін бір артықтығы бар. Оның баласы білімді, ойлы. Ол таңқаларлық істер істейді. Қала ол өнер-білімнің бесігі, анасы. Онда шын бүтін адамдар бар, онда адамды адам қылатын оқу жұрттары бар.Онда өнер бар, онда білім бар, онда адамға жан бар – деп, қаланың артықшылықтарын көрсетіп кеткен.

3. «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-РУХАНИ МӘСЕЛЕЛЕР.3.1. Айқаптағы ағартушылық мәселесі (мектеп, білім, тіл, әдебиет, тарих)

Сонымен ғасыр басындағы қазақ даласында білім берудің екі түрі тайталасты: орысша және мұсылманша білім беру жүйесі. Алайда мұсылманша білім беру жан-жақты қысымға шыдамай ыдырады. Оның есесіне орысша білім берудің өрісі ашыла түсті. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде «Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Торғай, Орал, Жетісу және Семей) небәрі 229 мектеп пен медресе қалған. Ал орыс тілінде оқытатын оқу орындары 1203 мектепке жетті.3.2.«Айқаптағы» әдет-ғұрып, салт-сана, әйел, және дін мәселесі.ХХ ғасыр басында Ресейдің қол астында болсақта – әдет-ғұрып, салт-сана және дін мәселесі «Айқап» бетінде аз жазылмаған. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын сақтауға ұйтқы болған әдет-ғұрып, әйел, дін мәселесі XX ғасыр басында тіпті ширығып кетті. Отаршыл Ресей империясы қазақтың жеріне, мал-мүлкіне иелік еткенімен тұрмай, енді олардың рухани ісіне - тілі мен дініне бас сұға бастады. Оқытам деп тілінен, шоқындырып дінінен айырса, қазақты өз-өзінен ұлттығын ыдыратып оңай жоғалтуға болады деп санады. Сөйтіп жымысқы ойын жүзеге асыру үшін айла-шарғы, сұмдықтардың сан түрін қолданып-ақ бақтыҚорытындыХХ ғасырда қоғамдық тарихи аренаға өз бағыт-бағдарларымен, өзіндік айтар ойларымен шыққан ұлттық мерзімді баспасөздер өз кезегінде әрқайсыда үлкен маңызды қызметтер атқарды. Ғасыр басында олар қазақ халқын оқу-білім үйренуге шақырса, азаматтық қарсылық жылдарында халықтың мүддесі жолындағы күреске шақыра отырып, ұлт теңдігі жолындағы жеңісті көздеп, сол бір аумалы-төкпелі заманда қалың бұқараны соңынан ерте білді. Сондықтан да қоғамдық ой-пікірдің көш басында жүрген қазақ басылымдарының қатарында «Айқап» журналының да қоғам дамуының барысында қанаты қатайып, қаламы ұштала түсті. Тәуелсіздікке қол жеткізген екі мыңжылдықтар тоғысындағы қазақ қоғамының ең басты қол жеткізген үлкен табысы бұл өткенімізді қайта сараптаудан өткізіп, ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін қайта толтыруға мүмкіндіктің туғандығы десек те болады. Сондықтан да бүгінде халқымыздың өткені зерттеліп, ұлт үшін қызмететкен ардақты азаматтардың есімі мен ұлттық асыл мұраларымыз қайтадан жаңғыруда.

prezi.com

Сағымбай Ботпайұлы. «Айқап» журналы - 100 жыл

 

«Газет, журналдарды түзу алып бүтін қазақ баласына, оның ішінде оқу бәріне ортақ. Солардың жақсы болмауы «Қазақтың» намысы. Балшықтан білім шығара алмай жүргенде қолдағы бардан айрылсақ, біз қайтып ел боламыз, ол қазаққа өлім, ол қазаққа ұят! Кірлесуді қойып, бірлесуді қарайық. Газет, журналдарымыз да кемшіліктерін күн сайын түзей беруі лайық. Кірсіз Ай, мінсіз Құдай». («Ынтымақ»)

«Айқап» және Шәкәрім Құдайбердіұлы

 

«Газет, журналдарды түзу алып бүтін қазақ баласына, оның ішінде оқу бәріне ортақ. Солардың жақсы болмауы «Қазақтың» намысы. Балшықтан білім шығара алмай жүргенде қолдағы бардан айрылсақ, біз қайтып ел боламыз, ол қазаққа өлім, ол қазаққа ұят! Кірлесуді қойып, бірлесуді қарайық. Газет, журналдарымыз да кемшіліктерін күн сайын түзей беруі лайық. Кірсіз Ай, мінсіз Құдай». («Ынтымақ»)

«Айқап» және Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси, әдеби журналы «Айқап» 1911-1915 жылдар аралығында Ресейдің Троицк қаласында жарық көрді. Редакторы қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин болды. Отаншыл рухтағы Алаш санаткерлерінің қажыр-қайраты, ар-ождан биігіндегі елдік намысы ерен азаматтардың қаржылай демеушілігімен жарық көрген «Айқап» Ресей империясының отаршылдық қысымындағы қазақ халқының рухани оянуына, қоғамдық сана сілкінісінің серпілуіне бұла күш дарытты. «Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық «Айқап» болған» басылым қазақтардың тарихи атақоныс мекеніне түпкілікті ие болып қалуында заман рухына сай дәстүрлі көшпелі өмір салтымен орайластыра отырып, отырықшылық тұрмыстың тізгініне берік болу талаптарын ұлт ілгерлеуінің басым саяси бағыты ретінде басты орынға шығарды. «Қазақша ойлауға, ойлаған ойын қазақша жазуға бірсыпыра адамды үйретті. Заманымыздағы халық басында тұрған ең керекті болған мәселеміз жер әңгімесі хұсысында (турасында) азды, көпті жұрттың ойын қозғауға себеп болған» «Айқап» редакторы Мұхамеджан Сералин «Басқармадан» (1915) атты мақаласында журнал шығарудағы елдік мұраттан туындайтын басты мақсатын «...Мақсатымыз дүние жиып, байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді...Журнал шығарғандағы мақсатымыз - халыққа жол көрсетпек еді» деп жазды. «...Алты Алаштың баласына егін шаруасына қолайлы жерлерге қала салуды қуаттап, халыққа шамасы келгенше түсіндіру» мақсатын ұстанған «Айқап» халықтың рухани даму өзегін құрайтын оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қою сынды маңызды мәселелерді өткір көтерді. «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл» мақаласында Алаштың арда азаматы М.Сералин «...Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол...оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі жұртқа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық қылып, оқушы талапкерлерімізге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды» деп жазды. Қалам қайраткері «Аштық хаһқында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы», «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл», «Жер әңгімесі» т.б. мақалаларында қазақ қауымының жоғын жоқтап, жер, оқу-ағарту секілді басты мәселелердегі келелі ой-толғамдарын талқыға салды. Әсіресе отырықшы болып шұрайлы жерлерге ие болу, қала салып мәдениет көшіне ілігу сынды көкейкесті мәселелерді үнемі насихаттаумен болды. Көсемсөз шебері «Қазақ халқының мұқтаждығы» мақаласында «Ау, жұрт! Ойланайық. Келешек заманымыз қалай болады? Заманға муафық іс істейік. Заманның соңынан біз қумасақ, заман бізді күтпейді» деп арпалыстағы алмағайып заманда қазақтың өз жеріне ие болып қалуы үшін отырықшы болу керектігін қоғамдық деңгейдегі талқыға салып, әлеуметтік ой-санаға сіңірумен болды.

«Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерлеуіне мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді.  Журналда Алаш ақылманы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912.№5), «Сөз таласы» (1915.№6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912.№4.) мақала, хабарлары  жарияланды. Оларда ұлт ұстазының философиялық ой-толғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан.

«Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912. №5) сауалнамасында Ш.Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы оқырмандардан бес түрлі діни сұраққа жауап сұраған хаты берілген. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын - бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын, не қазақша тәржіма етілсін. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен...» дей келіп, 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат-бейнет (сауап-азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?» деп барша адамзат баласын мәңгілік толғандыратын философиялық сауалдарын талқыға салады.

Алаш қауымының қоғамдық жәйттерінен туындаған өмірлік маңызы зор келелі мәселелеріне сергек қараған ақын «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде саяси көзқарас ұстанымындағы пікір қайшылығынан (көшпелі және отырықшы) екіге жарылған қазақ зиялылырын парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге, саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат-мақсаттағы елдік жолындағы кемел істерде береке-бірлікке шақырды. «Сөз таласы» мақаласында «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарады. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтар тұтас Алаш баласын әлеуметтік келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін түйеді. Шәкірім қажы «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс - тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп қандайда болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді. Өз толғамын нақты мысалмен нығырлап, өзекжарды толғанысын «кекеу кек шықырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады» деп саяси ұстанымды ар-ождан қасиеттерімен сабақтастырып, азаматтық кемелділікке шақырады.

«Айқап» журналында Шәкәрім Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер берілді. Мысалы, «Жаңа шыққан кітаптар» хабарламаларында ақынның «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1912. №7), «Қалқаман-Мамыр» кітаптары басылып шыққаны хабарланса (1912. №13), Мұхамеджан Сералин «Шаһар Троицк» мақаласында «Айқап» журналы шыға бастаған кезеңнен бері «Маса», «Бақытсыз Жамал», «Өрнек», «Тумыш», «Шаир», «Көксілдер», «Шежіре», «Мұсылмандық кітабы», «Топжарған» кітаптарымен қатар Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» кітабы шыққанына тоқталды (1913.№1). Ал С.Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» (1916.№6) мақаласында «Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастағанда, бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм қажы Құнанбай  қандай болғанда, ағасы Абай қандай болған деп ойға алынады...Бұл күнде милләтіне қаламымен қызмет қылып жатқан құрметті, аса қадірлі Шаһкәрім күміс ер-тоқым, күміс белдік, жуан бос құрсаққа мас болып, қажы деген сөзге төбесі көкке жеткендей болып жүрген қажыларымызға үлкен-ақ үлгі боларлық зат...Шаһкәрім сияқты ақсақалдарымыздың ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға Шәһкәрімдей болуға нәсіп етсін» деп жазылған. Ал қазақтың алғашқы меценанттарының бірі Есенқұл Маманұлы «Роман жарысы туралы» мақаласында әдеби сыншылыққа Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Сералин, Р.Мәрсекұлы, Ж.Ақбайұлы, Н.Орманбетұлы, Н.Құлжанұлы және Ш.Құдайбердіұлы лайықты деп білді.

Алаш жұртын елдік жолына нұсқап, рухани өркендеу арқылы саяси теңдікке жету бағытында сарабдал бағдар ұстанған «Айқап» журналының 100 мерейтойы ұлт руханиятындағы елеулі күн. Бұл күндері біздер тұңғыш журналдың жарық көруіне жүрек майын шам қылған Алаш қайраткерлеріне тағзым етіп,  ерен істерін құрмет сезіммен еске аламыз. «Ынтымақ» атты бүркеншік атпен жазған автордың «Тұңғыш ұлы «Айқапты» сүйген қазақ «Қазақты» да сүйе бастады. Бұларды сүю қазақтың баласына борыш, парыз, бұларды сүймеген, сүйемеген елде болмас» деген өзекжарды пікірі ХХІ ғасыр биігінде де өз күшінде қалады. Елдікті байрақ еткен қандай да болмасын қазақ басылымына қандастардың сүйеу болуын қалаймыз.  Газет-журналдарға жазылу науқаны басталған қазіргі тұста «Ынытымақтың» сөзімен түйіп айтсақ «Газет, журналдарды түзу алып бүтін қазақ баласына, оның ішінде оқу бәріне ортақ...Кірлесуді қойып, бірлесуді қарайық. Газет, журналдарымыз да кемшіліктерін күн сайын түзей беруі лайық. Кірсіз Ай, мінсіз Құдай».

Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұл

Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-дің

қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

«Абай-ақпарат»

abai.kz

XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның қазақ әдебиеті да жағдайына әсер етті. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандык үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін коскан казақ әдебиетінің рөлі соңғы орында қалған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыкқа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси қызметінің революциялық-демократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық кызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкіл халықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913—1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы айғақ болып табылады.Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) — XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Оның «Маса» деген поэтикалық жинағы (Орынбор, 1911) халықтың ауыр, құқыксыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, дамудағы мешеулікке, надандыққа арналған, екінші жағынан, туынды білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады. Ақынның отандастарының бойында жоғары азаматтық сезімді оятуға ұмтылысы зор. А. Байтұрсыновтың «Қырықмысал» деген кітабы (Петербург, 1909) Крылов мысалдарының үлгісімен жазылған туындылар жинағы болып табылады Крылов мысалдарының сюжеттерін негізге алып, Байтұрсынов оларды қазақ өмірінен алынған мысалдармен толыктырып, еркін аудару арқылы түпнұсқа қазақ мысалдарын туғызған. Мысалдарда қазактар арасында таралған кеселдер келемеж етіледі, әлеуметтік әділетсіздік сыналады. А. Байтұрсынов — казақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми қабылданды. А. Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912) және «Тіл кұралы» окулықтарын жазды, олар үш бөлімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады. А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) деген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әдебиеттанытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы.Міржақып Дулатов (1885-1935) — Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа, 1909) жинағы — халықтардың проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі. Ол өз оқырмандарының ойы мен санасына ықпал жасай отырып, олардың назарын әрбір жеке тұлғаның халық алдындағы жауапкершілігіне аударады. Өз заманындағы қазақ қоғамы өмірінің келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М. Дулатов отандастарын жаңа өмірге шақырады, баска халықтардағы жақсылық жағын үйренуге үндейді, ғылымды, білімді, әйелдердің тең құқықтылығын жақтайды. «Бақытсыз Жамал» — уақыты жағынан бірінші жазылған казақ романы. Онда патриархаттық-рулық ғұрыптар мен соқыр сенімдердің құрбаны болған қыз — Жамалдың ауыр тағдыры суреттеледі. Сонымен бірге романда туып келе жаткан жаңалыктың өшіп бара жаткан ескілікпен тартысы, жас ұрпаққа өз қарастарының ғасырлар бойындағы негіздерді жақтаушылармен қақтығыстары көрсетілген. Роман жастардың бойында еркіндік сүйгіш идеялардың туындау үрдісін ашып көрсетуімен де тартымды. М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Токай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) — тәуелсіздік ісіне, халыктың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес коскан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін туындылар жазды. Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды, бұл үшін оған ұйқыдан оянып, ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек. Отаршылдыққа қарсы күрескен бауырларына ынтымақтастық ниет көрсете отырып, С. Торайғыров «Таныстыру» деген поэмасында (1918) Дулатовты, Байтұрсыновты, Бөкейхановты «күн», «таң», «ай» деп атайды. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетін оның көркемдік-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Бұлармен қатар ол қазақ әдебиеті үшін жаңа жанрларды қалыптастыру мен дамыту ісінде біраз іс тындырды. Оның өлеңмен жазылған «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, лирикалық елендері, көсемсездік, сын мақалалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы және жан-жақты болғанын ашып көрсеттті. Үгіттік-ұраншыл өлеңдер шеңберінен шығып, ол табиғат және адамның ішкі дүниесі туралы терендігі мен көркемдігі жағынан тамаша лирикалық өлендер туғызды. Оның ірі туындыларында өз бойына жаңа қоғамдық көзқарастарды біріктірген кейіпкер бейнесі көрінеді. Ақын әлі де феодалдық-патриархаттық негіздердің шырмауында қалып, қараңғылық пен надандық күн кешкен қазақ қоғамы дамуының өткір әлеуметтік проблемаларын ашып көрсете білді («Кім жазықты»). Оның уақытты, дәуірді философиялық ой елегінен өткізуге құрылған поэмалары лирикалық-публицистикалық поэма жанрының жаңа да жарқын үлгілері болды. Қазақ әдебиетінде Абай негізін қалаған реалистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтанмахмұттың шығармашылығынан таба аламыз.

.

Қазак әдебиетінің сыншыл бағытын дамытуда, көркемдік кұралдар арқылы ағартушылық идеяларын аскактатуда Шәкерім (1858-1931), Сәбит Дөнентаев (1894-1933), Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Спандияр Көбеев (1878-1956), Бекет Өтетілеуов (1883-1949), Әріп Тәңірбергенов (1856-1924), Ғұмар Қарашев (1876-1921), Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939), Бернияз Күлеев (1899-1923), Нарманбет Орманбетов (1870-1918) және басқалар шығармашылығының ерекше маңызы болды. Поэтикалык шеберлікті дамытып және байыта отырып, олар дәуірді көркемдік ой елегінен өткізуге зор үлес қосты. Егер С. Дөнентаев сюжеті шағын өлендер мен мысалдар жанрын дамытса, С. Көбеев өмір шындығын лирикалық туындыларда бейнелеуге ұмтылды. С. Көбеев пен Б. Өтетілеуовтің шығармашылығы педагогикалық қызметпен астасып жатты: олардың екеуі де ауыл мектептерінде мұғалім болды. Әдебиетті балалар тәрбиелеуге кеңінен пайдалана отырып, жазушылар идеялық мазмұны жаңа бірқатар туындылар жазды. С. Көбеевтің «Қалың мал» романы, балаларға арналған хикаялары мен өлендері осылай туған. С.Көбеев пен Б.Өтетілеуов аударған орыс классиктерінің туындылары аз емес. М. Сералин қазақ әдебиетінің дамуына ғана емес, сонымен қатар өз заманындағы журналистиканың дамуына да үлес қосты. Ол және оның қаламдас бауырлары шығарған «Айқап» журналы (1911-1915) қазақ әдебиетінің ағартушылық және демократиялық бағытын айқын да анық ұстанды. Сералин поэмалар жазып, Фирдоусидің «Шахнамесін» («Рүстем — Зураб») аударды. М. Сералин «Айқап» беттеріндегі көсемсөздік туындыларында патриархаттық негіздерді сынға алып, халықты ағарту ісіне, оның ілгері ұмтылуына, қазақтардың отырықшылық тұрмыс салтына көшу проблемасына ерекше көңіл бөлді. Біз Ғ.Қарашев пен Н. Орманбетовтің туындыларынан айтарлықтай көркемдік шешімдерді көреміз, оларда отаршылдықтың мәні, халықты басқару саясатының екіжүзділігі, қазақ қоғамы өмірінің артта қалғандығы кеңінен ашып көрсетілген. Бірнеше кітаптың («Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» және басқалар) және философиялық толғаныстардың авторы Ғұмар Қарашев өз ерекшелігі бар жарқын ақын, ағартушы-философ ретінде, шариғат дәстурлеріне және ар-ожданға адал суреткер ретінде көрінді. Ол Ақпан революциясын және «Алаш» козғалысын үмітпен карсы алып, өз халқының бостандығы мен тәуелсіздігіне сенді, кейіннен Кеңес өкіметіне ізгі ниет білдірді. Ал Нармамбет өлендерінде («Сарыарқа», «Заман» және басқалары) қазақтар шұрайлы қонысынан айырылып, туған жерлерінен көше бастаған кездегі патша өкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан ерекше көрінген халыктың ауыр өмірін суреттеді.

XX ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушылары өздерінің бағдары мен көркемдік ізденістері жөнінен әсте де бірдей емес. Талант көп болған сайын оның кыры да алуан түрлі болмақ. Олардың кәбісін революциялық-демократиялық және ағартушылық-демократиялық идеялар біріктірді. Бұл бағытты ұстанғандардың бәрі прогресті, халықтар әдебиетінің озық идеяларын меңгеруге тырысты. Сонымен бірге Шығыстың демократиялық әдебиетінің тәжірибесін пайдалана отырып, таза ұлттық дәстүрде жазған ақындардың тұтас тобы болды. Надандықты, билік басындағылардың әділетсіздігін, патша өкіметінің отаршылдық саясатын олар да сынады, алайда олар бұл тұйықтан шығу жолдарын таба алмай, оның шешімі өткендегі «жақсы» заманға оралуда деп тапты. Бұл ақындар қатарына Мәшһүр Жүсіп Көпеевті (1858—1931), Нұржан Наушабаевты (1859-1919), Мақыш Қалтаевты (1869 -1916) жатқызуға болады. Олардың реалистік туындылары біздің сол дәуірдегі шындыкты ұғуымызға көмектеседі. М. Ж. Көпеевтің «Сарыарқа кімнің жері?» деген кітабы (Қазан, 1907) тәркіленіп, ал басып шығарушыға ірі көлемде айыппұл салынды. М. Ж. Көпеевтің мұрасында халыктың ауызша шығармашылығының ол жинаған туындылары мен қазақ ақындарының шығармаларынан тұратын қолжазбалар сақталған. Н. Наушабаевтың поэзиясы негізінен ғибрат пен тағылымы мол термелерден тұрады. М. Қалтаевтың шығармашылығында өмір мен дәуір кең көрсетілгеніне қарамастан, дегенмен де көркемдік деңгейі солғын тартып жатады. Қазак ақындарының басқа бір тобы халык туындылары, сондай-ақ Шығыс шығармалары сюжеттерінің ықпалымен дастандарға және хиссаларға ерекше көңіл бөлді. Оларға Жүсіпбек Шайхысламұлын (1854—1936), Шәді Жәңгірұлын (1855-1933), Ақылбек Сабалұлын (1880-1919) жатқызуға болады. Олардың бәрі тамаша білімді еді және араб-парсы әдебиетінің білгірлері болатын, халықтың аса бай фольклорын егжей-тегжейлі білетін, Олар өз туындыларын тығыз байланысты болған Қазан баспаханаларынан бірде «Дастан» түрінде, бірде «хисса» түрінше шығарып отырды. Осы туындылар арқылы XX ғасырдың басында халық арасында хиссалар кең таралды. Мұнда сюжеттерінің қызықты, суреттелетін тарихи оқиғалардың маңызды болуы аз рөл атқарған жоқ. Бұл туындылардың арасында «Қыз Жібек», «Мұңлық — Зарлық», «Сейфүл -Мәлік», «Қасым — Жомарт», «Орақ— Күлше», «һарон ар-Рашид», «Камарзаман», «Бозжігіт», «Тахир — Зуһра», «Назым» және басқалар бар. Олар түрлі тақырыптарға (махаббат, әділдік, наным және т.б.) жазылғанымен, бұл дастандарды адамзатқа деген сүйіспеншілік байланыстырды. Олардың кейбіреуі талай рет қайта басылып шыкты. Халык өміріндегі тарихи оқиғалар туралы жазып, оларға халықтық баға беруге тырыскан ақындар да болды. Бұл арада Ығылман Шөрековтің (1871— 1932) «Исатай—Махамбет» поэмасын айту орынды. Автор тарихи оқиғалар хронологиясын тәптіштеп тере бермей, Исатай батыр мен онын досы Махамбеттің бейнелерін ашып көрсетуге тырысады. Көтерілістің негізгі кезеңдеріне ғана тоқталған автор оның шын себептерін ашып, ру аралық жанжалдарды шешудегі Исатайдың даусыз беделін, Жәңгір ханмен қақтығыстардағы батырдың ержүректігін көрсете білген.Қарастырылып отырған кезеңде қазак әдебиеті мен мәдениетінің дәстүрлерін жалғастырған сазгер-ақындардың шығармашылығы елеулі орын алады. Театрлар, концертзалдары болмаған жағдайларда сазгер-ақындар халықтың рухани мәдениетінің дамуына, оның театр және ән-күй өнерін байытуға зор үлес қосты. Біржан, Ақан сері, Мұхит шығармашылығының дәстүрлерін ұстана отырып, сазгер-ақындар Жаяу Мұса Байжанұлы (1835—1929), Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864—1919), Мәди Бапиұлы (1880-1921), Майра Уәлиқызы (1896-1926), Иманжүсіп Құтбанұлы (1863-1929), Әсет Найманбайұлы (1867-1923), Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1856—1932), Кенен Әзірбаев (1884—1976) және басқалар демократиялық бағыттағы жаңа әндер мен жырлар туғызды. Олардың едәуір туындыларында өмірдің көркемдігі жырланды, тыңдаушылардың бойында жоғары эстетикалық сезімдердің қалыптасуына жәрдемдесті. Сонымен бірге бұл шығармаларда да коғамның әлеуметтік жағынан әділ кұрылмағандығының проблемалары қозғалып, отаршылдық бұғауынан арылуға шақырған ұрандар естілді. Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди, Иманжүсіп, Үкілі Ыбырай патшалық өкімет орындарының қысымы мен кудалауын өз бастарынан кешірді. Сазгер-ақындардың кызметі сөз жоқ, шынайы халықтық ән шығармашылығының дамуына көмектесті. Олар «Жаяу Мұса», «Хаулау», «Ғалия», «Қаракесек», «Майра», «Иманжүсіп», «Гәкку», «Бозторғай» сияқты классикалық туындылар туғызды. Сазгер-акындардың мұрасы орасан көп және алуан қырлы. Мұнда лирикалық әндер мен дастандарды кездестіруге болады, ал Әсет, Кенен сияқты ақындар айтыстарға қатыскан.

. .

XX ғасырдың басындағы казақ әдебиеті дамуының ерекшелігі оның басқа халықтардың әдебиеттерімен байланысы болып табылады. Тарихи жағдай коғамдық-экономикалық байланыстардың күшеюіне себепші болып қана қоймай, рухани мәдениет саласындағы қарым-қатынас үрдісін жандандыра түсті. Бұл козғалыста қазақ мерзімді баспасөзі едәуір рөл атқарды, оның негізін «Түркістан уәлаятының газеті» (1870—1882) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888—1902) салып берді. Олардың беттерінде орыс әдебиеті мен дүниежүзілік классикадан аудармалар басылды. Абайдың аудармашылық дәстүрлерін жалғастыра отырып, Ә. Тәңірбергенов пен Ә. Найманбаев А. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» үзінділер жариялады, сондай сюжетке өз туындыларын жасады. «Капитан кызы» (аударған М. Бекімов, 1903) мен «Дубровский» (аударған Ш. Құдайбердиев, 1912), сондай-ақ А. Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» (1909) мен С. Көбеевтің «Үлгілі тәрбиесі» (1910) кітап болып жарық көрді. Б. Өтетілеуов Пушкиннің, Лермонтовтың, Жуковскийдің, Плещеевтің, Крыловтың туындыларын аударды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде орыс, Шығыс және Батыс Еуропа әдебиеттерінен жасалған аудармалар үлкен орын алды. Олардың арасында «Рүстем-Зурабты» (Фирдоусидің «Шахнамесінен» — аударған М. Сералин), Д. Байронның «Шильон тұткынын» (аударған А. Ғалымов), «Мың бір түннен» үзінділерді, А. Толстой мен А. Чеховтың әңгімелерін атауға болады. Сонымен дүниежүзілік классикалық әдебиеттің көркемдік тәжірибесін меңгеру үшін кең жол ашылды. Ғасырдың басында қазақ әдебиетінің дамуына 1916 жылғы ұлт-азаттык қозғалыс елеулі ықпал жасады. Көтеріліске қазақтарды тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығы себеп болды. Отаршылдық езгінің ауыр салмағы зарықтырған халық өмірдің жақсаруынан қандай да бір үмітін үзіп, өз билеушілеріне қарсы көтерілді. Амангелді, Бекболат сияқты халық батырларының басшылығымен көтеріліске шыққан халық өкіметтің өкілдерін жазалай бастады. Алайда стихиялы түрде басталған көтеріліс басшылық ететін ұйымдасқан орталығы болмай, көп кешікпей-ақ бәсеңдей бастады, ал патша солдаттары одан кейін де ұзақ уақыт жүгенсіздік етті. Халықтық әдебиетте бұл көтеріліс туралы көптеген туындылар сақталған. Оларда халықтың ауыр тағдыры туралы, патша өкіметінің, қысым көрсетуі туралы, бостандық жолындағы күрес туралы, көтеріліске шыққан адамдар мен оның жетекшілері туралы баяндалған. Бұл туындылар авторларының ішінен азаттық қозғалысына тікелей қатысып, бұл күрестің барлық қиындықтары мен қасіретін бастан кешірген Сәт Есенбаевты, Күдеріні, Омар Шипинді, Төлеу Көбдіковті, Бұзаубековті, Иса Дәукебаевты атауға болады. Ақындар Омар мен Күдері аңызға айналған Амангелді туралы, Иса — Бекболат туралы тарихи жырлар туғызды. Аталған туындылар қазақ әдебиеті тарихынан лайықты орын алды. Олардың ерекшеліктері халық батырларының жаңа бейнелері, нақты тарихи оқиғалар шығарма арқауын құрады.

Вконтакте

Facebook

Twitter

Мой мир

kazorta.org


KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта