Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 

Полезные ссылки

РКФ

 

Все о дрессировке собак


Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

Жаңа «Айқап» журналының үшінші саны жарыққа шықты. Айқап журналы қашан шықты


“Айқап” журналы туралы қазақша реферат

“Айқап” журналы туралы қазақша реферат

“Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесуші- лерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.

Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Проыуссор Қ. Бекқожиннің дәлелдеу- інше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.

“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада:  Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды…  “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар”  бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.

“Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған тұрақты айдарлардың болуы оның жұмысындағы ұқыптылық- ты, жүйуліліктш танытады. Журналдың безендіру мәселесшне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материялдардан айқын аңғаруға болады.

“Айқап” өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей орталық- тарымен мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қотанайдан, Қыдылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқа-ралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиелден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

Журналдың бетіне кейде “Одан-бұдан”, “Уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуіне тиіс- ті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материял жарық көрді. Кейін оларды алмастыр- ған  “Хабаршыларымыздан ”,  “Хабарлар ” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.

“Айқаптың”, хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалын, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Малин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанов, Есенғали Хасаболатов, т.б. қатысты.

.

Тағы рефераттар

bigox.kz

«Айқап» пен «Қазақ» не үшін айтысқан? - Бүгінгі соңғы және басты Қазақстан жаңалықтары

Дөнентайұлы, Халел Досмұхамедұлы сынды халқымыздың біртуар қаламгерлерінің еңбектері жарияланғандары да көзі қарақты оқырманға бесенеден белгілі. Қос басылымды да елі десе емешегі езіліп, жұрты десе жүрегін жұлып беруден таймайтын нағыз ұлтжанды азаматтар басқарды. Біріншісінің редакторы - қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин болды. Ал «Қазақ» газетін «ұлттың ұстазы» атанған атақты Ақаң - Ахмет Байтұрсынұлы басқарды. Бірақ осы екі басылымның көзқарастары қайшы болған тұс бар. Осы мәселенің пайымына бармаған кей оқырман тобының арасында М.Сералин мен А.Байтұрсынов араз болған деген де қауесет тараған. Бұл қаншалықты рас? Ұлт зиялысы атанған қос тұлғаны ондай пенделікке қимайтынымыз тағы бар. Шынымен екі ағамыздың арасы суық болған ба? Әлде бұл адамға емес, басылымдардың ұстанымдарына қатысты мәселе ме? Бүгін осының ақ-қарасын ажыратып қарап бағамыз.

Бір анығы, қос басылым арасында келіспеушілік болған. Оны Бейімбет Майлиннің мына сөздері қуаттай түседі: «Енді келейік, «Айқап» пен «Қазақ» арасына. Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі». Бұл келіспеушіліктердің неден туындағанын бірден жайып салудың өзі оқырман келіспеушілігін тудыруы ықтимал. Сондықтан әуелі «Айқаптың» табиғатына үңіліп, бұл журналдың жалпы сипатын танып алғанымыз жөн.

М.Сералин «Басқармадан» (1915) атты мақаласында бұл журналды ашудағы басты мақсатын: «...Мақсатымыз дүние жиып, байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді... Журнал шығарғандағы мақсатымыз - халыққа жол көрсетпек еді», деп білдіреді. Қайраткер «Аштық хаһқында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы», «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл», «Жер әңгімесі» т.б. мақалаларында қазақ қауымының жоғын жоқтап, жер, оқу-ағарту секілді басты мәселелердегі келелі ой-толғамдарын талқыға салады. «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл» мақаласында Алаштың арда азаматы М.Сералин: «...Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол - оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі жұртқа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық қылып, оқушы талапкерлерімізге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды», деп жазды. «Айқап» «Алты Алаштың баласына егін шаруасына қолайлы жерлерге қала салуды қуаттап, халыққа шамасы келгенше түсіндіру» мақсатын ұстанған басылым еді. Сондықтан да онда осы мазмұндас мақалалар көптеп жарық көрді. Соның бірі - «Қазақ халқының мұқтаждығы» мақаласында М.Сералин: «Ау, жұрт! Ойланайық. Келешек заманымыз қалай болады? Заманға муафық іс істейік. Заманның соңынан біз қумасақ, заман бізді күтпейді» деп, алмағайып заманда қазақтың өз жеріне ие болып қалуы үшін отырықшы болу керектігін әлеуметтік ой-санаға сіңіруге тырысты.

Тағы бір тұста «Айқап»: «Көшпеліліктен бас тартып, отырықшы боламыз. Отырықшы болған ел оқуға мүмкіндік алады, егін егіп, басқа да шаруа түрлерін дамытады» деп ашық пікір білдіреді. Міне, осы ұстанымдары «Қазақ» газеті мен екеуінің арасында келіспеушілік отын тұтатты. «Қазақ» газеті қазаққа 15 десятинадан жер беріп, отырықшы қылудың артында патшалық Ресейдің құйтырқы саясаты жатқандығын айтады. Олар қазаққа осынша жер беру арқылы өздеріне көбірек қалдыру жағын ойлап отырғандығын алға тартады. Оның дәлелі ретінде переселен мекемесінің бастығы Глинконың Ресейдің Мемлекеттік Думасындағы ашық мәлімдемесін мысал ретінде келтіреді. Екіншіден, қазақ жерінің көп бөлігі егін егуге қолайлы емес, ертең халықтың аштыққа ұшырауы мүмкін екендігін ескертеді.

Міне, осылайша «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы алғашқы көзқарас, ұстаным қайшылы орын алған. Бірақ бұл қос басылым ұстанымдарындағы жалғыз қайшылық емес. Бұнымен қоса олардың басқосу (съезд) өткізуге және әліпби таңдауға келгенде де пікірлері екіге жарылған. Соның кесірінен екі басылым авторлары бір-біріне қарата көптеген мақалалар жариялаған. Алайда қазақтың сол тұстағы зиялылары жазармандарды мәмілеге келуге үгіттеген. Бір-бірін бекер кекетіп-мұқатудың еш қажеті жоқтығын, қайта өз пікірлерін мәдениетті түрде білдірулері керектігін түсіндіріп баққан, екіге жарылған қазақ зиялыларын парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге, саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат-мақсаттағы елдік жолындағы кемел істерде береке-бірлікке шақырды.

Осы тұста журналдың 1915 жылғы №6 санында жарық көрген Алаш ақылманы болған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Сөз таласы» атты мақаласын мысалға келтірейік. Онда «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарады. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтар тұтас Алаш баласын әлеуметтік келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айтады. Шәкәрім қажы: «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс - тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян шығармай ма?», - деп қандайда болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді.

Мұндай дәлелдерді жіпке тізгендей бірінен соң бірін келтіруге болады. Бірақ, олай етсек біз журналшының шекарасын асып өтіп, зерттеуші-ғалымның «жайылымына» түсіп кетеміз. Сондықтан бұл мәселенің тереңін соларға қалдырамыз. Біз тек осы мәселеде бізде мәлім деректер негізінде өз пайымымызды жасағанымыз жөн.

Отырықшылық заманауи мәдениет, өркениетті тудырғаны рас. Осы тұста «қазақты отырықшы қыламыз» деп ұран салған М.Сералинге қосыла кеткің келеді. Алайда, «Қазақ» жазғандай, әр қазаққа 15 десятина жерден тисе аз қазаққа ұлан-ғайыр даламыз түгелдей тиесілі болмай шығар еді, жерімізден айырылып қалу қаупі тұр еді. Сол уақыттағы көзқараспен өлшесеңіз, «Қазақтың» қаупі де орынды. Сондықтан, екеуінің де пікірі қазаққа қарсы емес, екеуі де ұлттың ертеңі үшін арпалысып жүрген азаматтардың шырылы. Басқосу мәселесінде де солай. Съезді өткізу керек деген «Айқапқа» «Қазақ» газеті бүкіл қазақты бір жерге жинап, елдің мәселесін сөз етуге де әлі ертерек дейді. Бұндай басқосу өткізуге патша өкіметінің рұқсат беруі неғайбыл дейді және осы күдігі расқа айналады. Мұның бәрі «Қазақ» газетінің басындағы Ахмет, Әлихан, Міржақып сынды азаматтардың саясат мәселесіндегі көрегенділігін көрсетеді.

Осы мәселелерге келгенде Алаштанушы ғалым Қайрат Сақ былай дейді: «Кезінде қалың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қатар қызмет еткен бұл екі басылымды біріне-бірін қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды. Рас, кейбір мәселелерде пікір алалығы кездеспей қалмаған. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес, соған жетуде ұстанған жолдардың әртүрлілігінен туындап отырған деуімізге толық негіз бар».

Сайып келгенде, қос басылым да қазақты төрге сүйреп, ағартып, кемел елге айналдыруға талпыныс қылды. Бірақ оған жету үшін екі түрлі жолды қолай көрді. Сондықтан біз бұл мәселеге келген «екі басылым араз болған, екі басшының арасы суық болған» деген біржақты пікірден аулақ болуымыз керек. Ол да болса бұлжымас бірлік дейтін асыл мұраттың бір ұстыны бола алады.

«Айқап» пен «Қазақ» не үшін айтысқан?

«Айқаптың» қазақтың тұңғыш журналы екендігі әммеге аян. «Қазақ» газетінің де ел тарихындағы алғашқы газеттердің бірі һәм бірегейі екендігі, бұл басылымда көтерілген кей мәселелердің әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келе жатқандығы, онда Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ғұмар Қараш, Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит

kaz.caravan.kz

Жаңа «Айқап» журналының үшінші саны жарыққа шықты

Жаңа «Айқап» журналының үшінші саны жарыққа шықты

«Айқап» халықаралық ғылыми журналы отандық және шетелдік зерттеушілер жасаған іргелі істердің қорытындысын жариялау үшін қолданыс алаңына шықты. Оқырмандардың пікірлері шабыт шақырады.

«Айқап» журналының оқырманы, х.ғ.д., профессор Баешова Ажар Қоспанқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ): «Қазақ тарихын жақсы ұғу үшін, жақсы білу үшін, әсіресе қазіргі өсіп келе жатқан жастарға осындай журналдар аса қажет. Себебі мұнда нақты деректер, нақты мәліметтер бар. Біз осы журналды өте мұқият оқимыз және жағымды әсер аламыз. Өзіміздің қазақ ұлтының ірі тұлғалары жөнінде қосымша мәлімет алып отырамыз, сондықтан шығарушыларға зор алғыс айтамыз. Журнал ары қарай дами берсін! Табыс тілеймін!».

Г.М.Дүйсен, э.ғ.д., ҚР БҒМ шығыстану институтының директоры мейлінше кең ұғымды тілек жолдады: «Айқап» журналы Қазақстанның және халықаралық ғылыми қауымдастықтың зияткерлік клубы болсын!».

Әдеби-сыни эссе, түркітануға арналған сұрақтар, айрықша сұхбаттар, тарих ғылымының дерекнамасы, Қазақстанның этномәдениеті, Орталық Азиядағы, Тәуелсіздікке 25 жыл, сирек кездесетін мұрағат материалдары, поэзия – осының барлығы ұлттық-мәдени мұрамыздың, бай қазынамыздың айнасы, шоғыры. «Мәңгілік ел» патриоттық жобасы негізінде жасалып жатқан жұмыстар әлемдік оқырмандар сұранысын қанағаттандырады.

2016 жылы үшінші рет шығып отырған журналдың жаңа саны атақты мемлекет және қоғам қайраткері, э.ғ.д. Кенжеғали Сағадиевтің ойымен, әлемдік деңгейде ақын атымен танылған О.О.Сүйлейменовтің «Сокол под пирамидой (Тюрки в Древнем Египте)» ғылыми мақаласымен ашылады. Әдеби аудармалардың жай-жапсары жөнінен атақты дипломат, Қазақстанның Ресейдегі өкілетті елшісі, социолог доктор, профессор Марат Тажин сөз қозғайды.

Роллан Сейсенбаев ф.ғ.д., профессор Алуа Темирболаттың шығармашылық әлемін таныстырады. Атақты әдебиетші, журналист, публицист, әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ қонағы Е.А.Поповтың, (РФ), С.В.Дзюба (Украина) сұхбаттары, Тәжікстандағы қазақтардың этнографиялық жазбалары, Кене хан немересіне қатысты тарих, Шорман әулетінің драмасы (М.Б.Черманова), Е.А.Бөкетов туралы эссе (х.ғ.д., профессор А.Баешов), басқа да көптеген қызықты материалдар журнал бетінде жарық көрді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өмірін қайта жалғастырған «Айқап» журналы қазіргі зияткерлердің де бәсекелестікке қабілетті екенін дәлелдеді. Қазақ елінің дамуы жолында және Қазақстан Республикасы ғылымы мен білімі, мәдениеті ілгері өрлеуі мақсатында журнал жұмысын жалғастыра береді.

Мұқанова Гүлнар тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Айқап» журналының жауапты редакторы

massaget.kz

“Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті

Қазақтардың  рухани  өмірі  тарихына  1911  жыл  тұңғыш  ұлттық  бейресми  мерзімді  басылымдар  шыққан  жыл  ретінде  енді . Сол  жылдың  қаңтарынан  бастап  қазақ  тіліндегі  бірінші  журнал  “Айқап” , шықса , наурызынан  бастап  “Қазақстан” газеті  шыға  бастады .  Бұл  басылымдар  туралы  кеңестік  тарихнамада  біршама  айтылды . Дегенмен  олардың  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктерін , олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтау  үшін , жалпы  газет-журналдардың  пайда  болуының  алғышаттары , тарихи  жағдайларымен  қатар , нақты  басылымның  дүниеге  келу  тарихын  зерттеудің  де  маңызы  үлкен . Мысалы , “Айқап”  туралы  айтсақ , оның  әрі  шығарушысы , әрі  редакторы , әрі  негізгі  авторларының  бірі  Мұхаметжан  Сералиннің  ұзақ  жылдарға  созылған  ізденістері  туралы  да  айтуға  тиіспіз ..

М. Сералиннің  1906  жылдан  бастап  газет  шығармақ  болған  бірнеше  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды  .  Тек ,  1911  жылдың  басына  қарай  ғана  журнал  шығару  мүмкін  болды .  М. Сералинің  өз  ұлтының  тарихындағы

ана  тілінде  бірінші  рет  журнал  шығару  сияқты  үлкен  іске жалғыз  кіріскендігін  оның  замандастары  да  растайды .

“Алты  миллиондай  халықтың  ортасында  бір  журналдың  яки  бір  газеттің  жоқтығы”  М. Сералинді  тәуекелге  бел  байлап , журнал  шығаруды  жалғыз  бастауға  итермелеген .  Әрине , ол   М. Сералинге  журнал  шығаруына  және  оны  үзбей  шығарып  тұруына  мүлдем  ешкім  көмектескен  жоқ  деген  сөз  емес . Жақсы  істің  басталуына , оның  іске  асуына  әрдайым  тілектестер  мен  мүмкіндігінше  көмек  көрсететіндер  табылатындығы  сияқты , М. Сералинге  де  тілектес  болып , оған  қол  ұшын  бергендер  болды . Журнaл  шығысымен  халық  оны  жылы  қабылдады . Жан-жақты  көмек  көрсетті . Көптеген  адамдар  журналдың  үзбей  шығып  тұруына  өз  үлестерін  қосты .

Журналдың  шығуына  бір  жыл  толуына  арналған  мақаласында  М. Сералин : “Сөз  соңында  жыл  бойынша  журналдың  тоқтамай  шығуына  себеп  болған  мырзаларға  “Алла  риза  болсын”  айтпай  қала  алмадық.

Әуелі, мәтбуға  қожасы  Сосновскийге  арзан  бағамен  журналымызды  басып  һәм  білген  мәслихаттарын  айтып  жәрдемдескеніне .  Екіншіден , Тәңірберген  Тұрысбеков , Сәдуақас  Шорманов , Ғабділрахман  Жүсіпов …  жәрдем  еткен  үміт  иелеріне. Үшінші , бір  жылдан  бері  тынбай  сөз  жазып  келе  жатқан  шәкірттерге”  — деп  жазды . Бұл  жолдардан  М. Сералиннің  “Айқап”  журналын  шығарып  тұруға  көмектескендердің  ішінен  бірінші етіп  Сосновскийді  атағандығын  көреміз . 1907  жылы  шыққан  “Қазақ  газетін”  шығарушы  да  Х. Сосновский  болғандығы  белгілі . Олай  болса  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  бейресми  газет  пен  журналдың  шығуына  көмектескен  Х. Сосновский  кім ? – деген  сұрақтың  туары  заңды . Хаим  Шулевич  Сосновский ,  ұлты  еврей . Троицкі  қаласының  мещаны  .  Алты  жылдан  астам  Троицкіде  шығып  тұрған  “Степь”  газетінің  редакторы  болған . Сол  қаладағы  “Энергия”  баспаханасының  иесі  .

Кеңестік  тарихнамада  айтылғандай , журналдың  өзімен  қатар  шығып тұрған  “Қазақ”  газетінен  басты  айырмашылығы  таптық  идеялық  позицияларында  емес , олардың  қаржылық  негіздерінің  екі  түрлі  құрылуында , қаржы  көздерін  екі  түрлі  іздестірілуінде  болды . Басқаша  айтсақ , басылымдарды  қаржыландырудың  уақыт  талабына  сай  нарықтық  негізде  жүргізілуінде , немесе , керісінше  уақыт  талабына  сай  жүргізе  алмауында  болды .

ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  алдында  тұрған  мәселелерді  ұлттық  деңгейде  көтеріп , ұлттық  көлемде  қоя  білген , сондықтан  ұлттық  басылым  деген  ұғымға  толық  сай  келетін  екі  басылымның  бірінің  әлемдік  соғыстың  басталуына  байланысты  туындаған  қиыншылық  қыспағына  шыдай  алмай  өз  шығуын  тоқтатуы , екіншісінің , сол  қиыншылыққа  қарамастан  шығуын  жалғастыруы  қайсысының  дұрыс  жол  таңдай  білгендігін  көрсетіп  берді .

“Айқап”  журналы  М. Сералиннің  бастамасымен  соның  ерлікке  тең  еңбегінің  арқасында  және  соның  қаражатына  1911  жылдың  10  қаңтарынан  бастап  Троицкі  қаласында  Х. Сосновскийдің  “Энергия”  баспаханасында  шыға  бастаған . Көлемі  4-5  баспа  табақ , таралымы  900-1000  дана . 1915  жылдың  қыркүйегіне  дейін  барлығы 88  саны  жарық  көрген.  Кей  жылдары  12-14 , кей  жылдары  24  нөмірге  дейін  шыққан . Тұңғыш  журналдың  неліктен  “Айқап”  атануы  туралы  М. Сералин: “Біздің  қазақтың  неше  жерде  “қап”  деп  қапы  қалған  істері  көп . “Қап”  дегізген  қапияда  өткен  істеріміз  көп  болған  соң  журналымыз  да  өкінішімізге ылайықтап  “Айқап”  болды” — дейді . Журналға  келіп  түскен  хаттарға  қарағанда  ол  қазіргі  Қазақстан , Қырғызстан  территориясына  түгел  дерлік  және  Ресейдің  біраз  бөлігіне  тараған .

“Айқап”  журналын  дерек  көзі  ретінде  талдауда , ондағы  мәліметтерді

тарих  дерегі  ретінде  қарастыруда  Ү.  Субханбердина  дайындаған  “Айқап”  бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішінің  алар  орны  ерекше    екендігін  айтуымыз  керек . Ә. Марғұланның  сөзімен  айтсақ , көрсеткіш: “Революцияға  дейінгі  мерзімді  басылымның  мазмұнымен  танысып , бай  да  ерекше  деректер  әлеміне  енуге  көмектеседі” .

Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү. Субханбердинаның  осы  салада  жарияланған  алғашқы  еңбегі  еді . Бір  қызығы , егер  журнал  патша  өкіметінің  жергілікті  әкімшілік  орындарының  қатал  бақылауымен  шыққан  болса , оның  тура  жарты  ғасырдан  соң  жарияланған  библиографиялық  көрсеткіші  кеңес  өкіметінің  одан  да  қатал  бақылауымен  шыққан .  Осылай  журнал  мен  оның  көрсеткішінің  арасында  өзіндік  тарихи  сабақтастық  пайда  болды . Егер , журнал  авторларды  кезінде  өз  ойларын  мақалаларында  ашып  айта  алмай  қиналса , көрсеткіште  сол  авторлардың  біразының  атын  да  атауға  тыйым  салынды .

1999  жылы  шыққан  “Қазақ  халқының  атамұраларында” , “Айқап” бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлардың” библиографиялық  көрсеткіштерінің  толықтырылып  екінші  рет  басылуына  байланысты  Ү. Субханбердина: “1961, 1963   жылдары  “Айқап”  журналы  мен  “Түркістан  уалаятының  газеті” , “Дала  уалаятының  газеті” ,  “Қазақстан”  газетінің  бетінде  басылған  материалдарының  мазмұндалған  библиографиясы  басылып  шыққан  болатын .  Бірақ  өкінішке  орай , ол  көрсеткіштерде  Байтұрсынов  Ахмет , Бөкейханов  Әлихан ,   Дулатов  Міржақып , Аймауытов  Жүсіпбек , Жұмабаев  Мағжан , Құдайбердиев  Шәкәрім, Қарашев  Ғұмар ,  Ақпаев  Жақып , Баржақсин  Ахмет , Жанайдаров  Мейрам,

Жұбанов  Құдайберген , Досмұхаметов  Халел , Ермеков  Әлмұхан , Қоңыратбаев  Қалжан , Мәрсеков  Райымжан , Сейтов  Асылбек , Тынышбаев  Мұхаметжан , Шоқаев  Мұстафа  т.б.  жазған  ең  құнды  материалдары  қысқартылып  берілген  едi” , — дейді /39/.

Ұлттық  бейресми  басылымдар  арасынан  Қазақстан  тарихнамасында  жиі  айтылған  басылымдардың  бірі – “Қазақстан”   газеті . М. Ысмағұловтың  ,  Х. Бекхожиннің  , Е. Нығметовтың  , Қ. Аллаберген  ,  Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайдың   т.б.  еңбектерінде  “Қазақстан”  газетінің  шығу  тарихы , авторлары , көтерген  мәселелері  т.б.  туралы  біршама  айтылған . Дегенмен  газет  туралы  жазған  әр  түрлі  әдебиеттерді  бір-бірімен  салыстыру  газет  тарихына  қатысты  кейбір  мәліметтерді  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетіп  отыр . Осындай  әр  жылдары  шыққан  еңбектерде  әр  түрлі  айтылып  жүрген  мәліметтердің  бірі  “Қазақстан”  газетінің  шыққан  жалпы  саны  туралы  мәлімет .

Мысалы , зерттеушілер  М. С. Бурабаев  пен  О. А. Сегізбаев  ұлттық  бейресми  басылымдар  арасындағы  өзіндік  орны  бар  “Қазақстан”  газетінің  15  саны  шыққан  десе  , З. Тұрарбеков  газеттің  қазақ  және  орыс  тілдерінде  шыққан  сандарын  қосып  36  рет  жарық  көрген  дейді .  Бұл , әрине , шындыққа  ешқандай  сай  келмейді . Себебі , газеттің  орыс  тіліндегі  беттері  жеке  нөмір  ретінде  емес , қазақшасына  қосымша  ретінде  беріліп  отырған . Сондықтан  оларды  жеке  нөмірге  санау  дұрыс  емес .

“Қазақстан”  газетінің  қай  жылы  қанша  нөмірі  шыққандығы  туралы  Е. Нығметов:  “Қазақстан”  газетінің  1,2  нөмірлері  1911  жылы  март , май  айларында  Орда  қаласында  жарыққа  шықты . Сонан  кейін  осы  жылы  редакциясы  Орал  қаласына  көшті  де , Оралда  газет  нөмірін  қайтадан  1–ші  нөмірден  бастап  ноябрь , декабрь  айларында  № 1,2  сандары  жарыққа  шықты , сонымен  1911  жылы  “Қазақстанның”  барлығы  4 нөмірі  шықты . 1912  жылы  январь  айында  3  нөмірі  шықты  да , осы  жылдың  июнь   айына  дейін  барлығы  9  нөмірі  жарық  көрді . 1913  жылы  январь-февраль  айында 1,2 нөмірлері  шықты”  — дейді   /40/.  Егер , Е. Нығметов  көрсеткен  сандарды  қарапайым  түрде  бір-біріне  қоссақ (4+9+2=15), онда  “Қазақстан” газетінің  15  нөмірі  шыққан .

Дегенмен , зерттеушілердің  көпшілігі  “Қазақстан” газетінің  18  нөмірі  шыққан  деген  пікір  айтады . Мысалы , Қ. Бекхожин  “Қазақстан”  газеті  туралы  айта  келе: “Не  бары  18  нөмірі  шығып  тоқтатылды”  десе  ,  Қ. Аллаберген , Ж.  Нұсқабайұлы ,  Ф.  Оразай:  “Басылымның  үш  жыл  ішінде  18  нөмірі  жарық  көрді”- дейді . Соңғы жылдары  жарық  көрген  С.  Өзбекұлының  еңбегінде  де:  “Көп  жылдар  бойы  “Қазақстан”  газетінің  саяси-құқықтық  бағытын  зерттеу  барысында , біз  Санкт-Петербург , Москва  қалаларының  кітапханаларында  сақталған  осы  газеттің  18  санын  ғана  анықтадық” — делінген /41/.  Бірақ , бұлардың  ешқайсысы  да  газеттің  қай  санының  қай  жылдары  шыққандығы  туралы  ешнәрсе  айтпайды .

Ал , шындығында  “Қазақстан”  газетінің  бастапқы  екі  санының  Ордада  шыққаны , Оралда  қайтадан  бірінші  нөмірінен  бастап  шыға  бастағаны  рас . Бірақ , 1911  жылдың  қараша-желтоқсан  айларында  Е. Нығметов  айтқандай , Оралда  екі  емес, үш  саны  шыққан  (15  қараша , 1 және  15  желтоқсан).  Ал,  1912  жылдың  2  қаңтарынан  бастап  шыққаны  газеттің  үшінші  емес , төртінші  нөмірі . Сол  жылдың  31  мамырына  дейін  барлығы  9  нөмірі  шыққан  /42/.  Газет  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  біраз  уақыт  шығуын  тоқтатып ,  тек  1913  жылдың  27  қаңтарында  ғана  қайта  шыға  алды . Ол  туралы  жаңа  шыға  бастаған  “Қазақ”  газеті: “Оралский

қаласында  он  шақты  нөмірі  шығып  тоқтаған  “Қазақстан” жаңадан  шыға  бастады…

“Қазақстанның”  27 қаңтарда  шыққан  бірінші  нөмірі  басқармамызға  келді” — деп  жазды  /43/. Бірақ , газеттің  қайта  шыға  бастауы  да  ұзаққа  бармады .

Сол  жылдың  16  ақпанында  шыққан  екінші  нөмірінен  кейін  газет  өзінің  шығуын  біржола тоқтатты.

Сонымен , “Қазақстан”  газетінің  1911  жылы  5 ,  1912  жылы  9 ,  1913  жылы  2  нөмірі  шыққан . Газеттің  әр  нөмірінің  шыққан  жылы  мен  күнін  көрсетіп , ондағы  мақалалардың  мазмұндалған  библиографиясын  жасаған  Ү.  Субханбердинаның  еңбегі  де  соны  дәлелдейді . Демек , “Қазақстан”  газетінің  барлық  шыққан  саны  — 16. Газет  бетіне  жарияланған  мақалаларға  жасалынған  барлық  шолулар  да  сол  нөмірлердің  негізінде  жасалынған . Бұл  “Қазақстан”  газетінің  басқа  нөмірлерінің  болмағандығын  толығымен  дәлелдейді . Ал , газет  таралымы  туралы  ешқандай  мәлімет  әзірге  жоқ .

Жалпы , алғашқы  қазақ  басылымдарына  қатысты  әр  түрлі  көрсетіліп  жүрген  мәліметтер  басқа  да  газет-журналдарға  тән .

Бір  уақытта  дерлік  шыға  бастаған  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетіне  дерек  көздері  ретінде  талдау  жасау  екеуіне  де  тән  көптеген  ортақ  нәрселердің  болғандығын  көрсетеді . Ең  бастысы  олардың  тек  қазақтың  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  ғана  емес , сонымен  қатар ,  бағыт-бағдарлары  да  ұқсас , бір-бірімен  үндес , және  тағдырлас  басылымдар  болғандығын , көтерген  мәселелерінің  де , ұлт  алдында  тұрған  міндеттерді  шешудегі  ұсынған  жолдарының  да  бір  болғандығын  байқау  қиын  емес .

Мысалы , “Айқап”  журналы  өзінің  1912  жылы  алдында  тұрған  міндеттері  туралы: “Биылғы  жылы  “Айқап”  журналының  алдымен  қолға  алатұғын  мәселесі  былтырғыдай  жер  мәселесі  болар…  Жерден  соңғы

журналымыздың  көп  ой  жүргізетұғын  мәселесі  таласу  һәм  партия болуды  жоғалту  хақында  болар…  Үшінші  мәселеміз , оқу  һәм  оқыту хақында  қалайынша  тәрбиелер  жасау  керек , соларды  қарастыру .

Төртіншіден ,  қатын-қыздарымыздың   кемшілікте  тұрғандықтарын  халыққа  ескерту” — деп  жазса ,  “Қазақстан”: “Газеттің  мақсат-міндеті:  кәсіп  айту , ғылым , өнер  тұрғысында” — деп  жазды .

Журнал  мен  газеттің  мақсат-міндеттерінің  бірлігі  олардың  мазмұн  жағынан  да  жақын  болуына  әсер  етті .  Екі  басылымға да  тән  ортақ  тақырыптар:  оқу-ағарту , білім  беру ,  ғылым ,  өнер  үйрену , жер , отырықшылдық , әйел  теңдігі , шаруашылық  жүргізу ,  әдет-ғұрып , салт-дәстүр  мәселелері , надандыққа  және  партиялық  бүліншілікке  қарсы  күрес  т.т.  болды . Екеуінің де  ғасыр  басында  ұлт  алдында  тұрған  отырықшылдыққа  көшу , қала  болып  тұру , бас  қосу  сияқты  қазақ  зиялыларының  арасында талас  тудырған  мәселелерде  бір  позицияда  болғандығы  белгілі . Және  екеуі  де  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  өз  шығаруларын  тоқтатты .

Келтірілген  мысалдар  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетінің  бір  бағытта  болған , мақсат-міндеттері  мен  тарихы  ортақ  басылымдар  болғандығын  толығымен  дәлелдейді  ғой  деп  ойлаймыз . Оның  тағы  бір  дәлелі  кеңестік  тарихнамада  бұлжымас  шындықтай  берік  орнаған  және  журнал  мен  газет  туралы  жазуға , олардың  беттерінде  жарияланған  материалдарға (таптық  тұрғыдан  болса  да)  біршама  талдау  жасауға  мүмкіндік  берген:  “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болды .  Бірі – қазақ  ағартушылары  бастаған  прогресшіл-демократиялық  бағыт . Екіншісі —  буржуазиялық-ұлтшылдық  реакцияшыл  кертартпа  бағыт. Демократ  ақын-жазушылар  “Қазақстан”  газеті  мен  “Айқап”  журналының  төңірегіне  топталды , буржуазияшыл — ұлтшылдар  “Қазақ” , “Алаш”  газеттерін  және  басқаларын  өздерінің   кертартпалық   идеяларының  қаруы  етті” , — деген  тұжырымның  қалыптасуы .  Әрине ,  ақпан  төңкерісіне  дейін

қазақ  тілінде  шыққан  не  бары  төрт  басылымның  екеуін  “прогресшіл- демократ” , екеуін  “ұлтшыл-кертартпа” деп  бұлай  бөле  жарып  қараудың  уақыт  талабынан  туындаған , шындықтан  тым  алыс  жатқан  тұжырым  екендігі  түсінікті . Дегенмен , мына  бір  фактіні  ескермеуге  болмайды .

Ұлт  дамуын  жол  айрығына  әкеп  тіреген  1917  жылдың  соңы  мен  1918  жылдың  басында , тұтас  бір  империя  азаматтары  бір-бірімен  қарама-қарсы  екі  лагерге  бөліне  бастаған  тұста , Ресей  орталығында  басталған  ол  бүліншіліктің  қазақ  даласын  да  қамти  бастаған  кезінде , “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетінің   бұрынғы  шығарушылары  мен  редакторларының   және  негізгі  авторларының  басым  бөлігінің  большевиктер  партиясының  жел  сөзіне  еріп , елде  кеңес  өкіметін  орнату  ісіне  белсене  араласқандары  да ,  керісінше  “Қазақ”  газетінің  маңына  топтасқан  ұлт  зиялыларының  большевиктер  тарих  аренасына  шыққан  күннен  бастап , олардың  сандырақ  идеяларын  әшкерелеп , кеңес  өкіметіне  қарсы  соңына  дейін  күрескендері  де  рас .

Демек , “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болғаны”  тарихи  шындық . Бірақ , кеңестік  тарихнамада  айтылғандай  бағыттар  емес, тіптен  басқа , одан  әлдеқайда  тереңде  жатқан ,  қазақ  зиялыларының  ішкі  дүниетанымдарынан  туындаған  бағыттар  болған  сияқты . Біздің  ойымызша , бұл  өзін  әрі  терең  зерттеуді  қажет  ететін  күрделі  қоғамдық  құбылыс .

“Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газеті  қазақтың  шын  мәніндегі  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  бола  білді . Екеуі  де  баспасөзге  деген  ұлттық  қажеттіліктің , қоғамдық  сұраныстың  нәтижесінде  пайда  болды . Және  екеуі  де  бүгінгі  ғасыр  басындағы  қазақ  тарихының  өзіндік  ерекшеліктері  бар  қайнар  көздерін  құрап  отыр .

.

Тағы рефераттар

bigox.kz

МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН ЖӘНЕ «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ — Тобыл-Торғай

Қарабалық кентіндегі М.Сералиннің бюсті

Мұхамеджан Сералин 1872 жылы Қостанай уезі Шұбар болысының №5 ауылында (қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылында) туған. Көрнекті жазушы, білікті журналист, қоғам қайраткері ретінде танылған Мұхамеджан 3 жасқа толғанда әкесі Сералы қожа қайтыс болады да, ауыр тұрмыс жағдайынан шешесі балаларын алып Троицкідеге туыстарына кетеді. Мұхамеджан Сералин 1880-1887 жылдары Троицкідегі медреседе оқиды, оны аяқтағаннан кейін Қостанайдағы екі кластық мектепке түседі. Оны 1891 жылы табысты аяқтайды. Оқуды аяқтағаннан кейін 1891-1900 жылдар арасында біраз уақыт ауылнайдың хатшысы болып істейді, кейін Арал теңізі жағына барып, оқытушы болып кетеді. Білімін өздігінен жетілдіре түсіп, орыс, татар жазушыларының шығармаларын көбірек оқиды. Мұхамеджан Сералин 1900 жылы Троицкіге көшіп, миллионер татар Яушев деген көпестің приказчигі болады. 1909-1910 жылдары Яушевтің сенімді өкілі болып істейді, яғни, ел аралап, Яушевтің әркімге қарызға, несиеге берген тауарларының ақшасын жинайды. Ол осының арқасында халықпен араласады, оның тұрмысымен танысады, дала жайы мен қала жайын, қазақ ахуалын мен қала халықтарының ахуалын салыстырады. Елді көп аралаған Мұхамеджан қазақтың мақал-мәтелдерін жинап, жазып, жарыққа шығаруға ұмтылады. Осының арқасында Оның 1900 жылы «Топжарған», 1903 жылы «Гүлқашима» атты поэмалары жарық көреді. Оның бұл поэмалары өз заманының зор еңбегі болады. Мұхамеджан Сералин большевик социал-демократтардың Қостанай, Тройцкідегі ұйымының И.Ф. Голованов, С.С. Ужгин сияқты біраз адамымен таныс-біліс болады, солардың саяси жолына іш тартады, жұмыстарына көмектеседі. Әсіресе, 1905-07 жылдардағы төңкеріс кезінде, онан кейін де большевиктердің үндеулерін, листовкаларын қазақ тіліне аударысады, қазақ арасына таратысады. 1906 жылы Мемлекеттік бірінші Думаға депутаттар сайлауы жүреді. Торғай облысына екі орын беріледі. Оның бірі қазақ арасынан, екіншісі орыстар арасынан сайлануға тиісті болады. Большевиктер қазақ арасынан Мұхамеджан Сералин сайлансын деп ұсыныс жасайды. Бірақ бұл ұсыныс өтпей қалады. Қазақтың би-болыстары Сералинге қарсы болады: ол діннен безген, қазақты христиан болуға үгіттеп жүрген деген сияқты жалалар жабады. Мұхамеджан Сералин есімін айтқан кезде біздің есімізге «Айқап» журналы түседі, Мұхамеджан Сералин қазақ даласында журнал шығарған алғашқы қазақтың бірі ғана емес, осы журнал арқылы халықтың мұң-мұқтажын көрсете білген біртуар тұлға. Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық қызметі осы журналмен тығыз байланысты. Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық қызметін екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезеңіне «Айқап»журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақала жатады. Екінші кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат шаруашылығы, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланады.

Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық қызметі 1911 жылы Троицкіде шыққан демократтық бағыттағы «Айқап» журналымен тығыз байланысты. «Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесушілер де табылды. Дегенмен, қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді. Жәрдемдесушілер көбейіп және өзі қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-14 бет көлемде шықты. Профессор Қ.Бекхожиннің дәлелдеуінше, «Айқаптың» тиражы 1000 дана болған. Жалпы журналдың бес жыл ішінде 89 саны жарық көрген. «Айқаптың» «Өлең-жыр», «Фельетон», «Хабаршыларымыздан», «Ашық хат», «Басқармадан жауап» деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылықты, жүйелілікті танытады. Журналдың жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдарынан айқын аңғаруға болады. «Айқап» журналында сол заманның маңызды деген мәселелері талқыланды. «Айқап» өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей ордасы мен Кавказ округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қостанайдан, Семейден және тағы басқа жерлерден келген мақалалар жиі жарияланды.

«Айқап» журналы

«Айқап» мемлекеттік Думаларға, Дума сайлауларына байланысты мақалалар жариялады. Қазақтарға да сайлау құқығы берілуін, Думаға қазақтан да депутаттар сайлануын, онда халқымыздың көкейкесті мәселелерінің қаралып, шешімін табуын талап етті.«Айқап» журналының редакторы болған М.Сералин журналдың 1912 жылғы үшінші санындағы «Юбилей туралы» атты мақалада Романов тұқымдарының патшалық құрғандарына 300 жыл толу мерекесіне қатысатын қазақ өкілдеріне мынадай тапсырмалар жүктейді:1. Қазақстаннан Думаға депутат сайланатын болсын2.Қазақ жеріне енді шеттен көшпенділер келтіру тоқтатылсын3.Қазақ, орыс орналасқаннан қалған жер қазақ пайдасына берілсін4. Мал шаруашылығын жаңаша өркендетуге орыспен қатар қазаққа да учаске болсын5. Қазақстандағы қазынадан сатылатын жерлерді орыспенқатар қазақтың да сатып алуына рұқсат етілсін6. Дін туралы, мектеп, медресе ашу туралы, халық сотын өзгерту туралы сұралсын [2.96].

Осындай мәселелерді көтере білген Мұхамеджан Сералин қиындықтарға қарамастан, 1915 жылға дейін журналдың шығуын қамтамасыз етеді. Патша отарлау саясатының түпкі мақсатын дәл тани біліп, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен, оның мына пікіріне құлақ түрелік: «Соңғы он жыл ішінде үкімет… қырғыз-қазақтардың отырықшы қылып, өнер үйретейін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шеккенше отырықшы болып жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып 12-15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ» [2.99б].

Дәл бұлай батыл пікір айту тек Сералин тәрізді саналы, ержүрек жанның ғана қолынан келмек. М.Сералиннің «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген мақаласында «Жаңа болыстық соттардың қазақы дау-жанжалдарды шешуге икемсіз болып отырғанын мысалдармен дәлелдеп, болыстық сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ арасындағы жесір дауларының құны көбіне 300 сомнан асып кететіндіктен дау-дамай қалай шешіледі» деп жұртқа сұрақ қояды да, ол үшін «Қазақ әдеттері» деген кітап шығару қажет дегенді айтады. «Айқап» журналында Мұхамеджан Сералин алдымен қолға алған, көп жазған негізгі, маңызды мәселесі – жер мәселесі, отырықшы болу, егін кәсібімен айналасу, поселке, қала салу мәселелері болды. Бұл мәселелер жөнінде Мұхамеджан Сералин өзінің «Жер мәселесі», «Ескі жыр», «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақалалар жазып, оны журнал беттерінде жариялайды. Мұхамеджан Сералин тек журнал шығарып қана қоймай ел арасындағы ағарту мәселесіне де көңіл бөледі. Мұхамеджан Сералин өзінің туған ауылында кітапхана мен мектеп ашады.М.Сералиннің бастамасымен №5 ауылда Шұбар болысында 1917 жылы ауыл құрылып, суырыпсалма ақын Сералының құрметіне «Сералы ауылы» деп аталады. Бұл ауылда 30 үй болған. Егіншілікпен айналысып, қала типті тұрғын үйлер ғимараттарының құрылысы бой көтерген. Жетімдер мен кедей балаларына қамқорлық көрсеткен. Мектепте кешке ересектер арасындағы сауатсыздықты жою мақсатында курстар құрып, жастар күшімен көркемөнерпаздар үйірмесі ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына тегін спектакльдер қойылған. Пьеса авторы көбінесе Мұхамеджан Сералиннің өзі болған. Спектакльдерде феодалдық көріністер сыналып, білім, ғылым мадақталып, табиғи байлықтар мен жануарлар әлемін сақтауға көңіл бөлінеді. Мұхамеджан Сералин «Айқап» журналы жабылғанға дейін журнал беттерінде өз заманының өткір мәселелерінің бірі — ағарту, өнер, ғылым, мәдениет, тіл әдебиет мәселелеріне байланысты «Біздің жастарымыз», «Шәкірттер халінен» деген мақалаларын жазады.

1915 жылы тамыз айында «Айқап» журналы тоқталғанда «Басқармадан» деген мақала жазып, Мұхамеджан Сералин журнал жұмысының барлық нәтижесін, атқарған жұмыстарын қорытқан. 1915 жылы «Айқап» журналы жабылған соң, Мұхамеджан Сералин Троицкіде біраз уақыт орыс тілінде шығып тұратын «Степь» газетінің редакциясында қызмет істейді. 1916 жылы өз ауылына көшіп, 1919 жылдың басына дейін сонда тұрады. Мұхамеджан Сералин 1919 жылдың басында Орынбор қаласына барып, алғаш рет кеңес өкіметінің қызметіне кіреді. Сонда губерниялық жер-су бөлімінде істейді. Сонымен бірге Орынбор қазақ өлкесін басқаратын соғыс-төңкеріс комитетінің қазақ тілінде тұңғыш рет шыққан «Ұшқын» газеті редакциясының алқа мүшесі болып істейді. 1920 жылдың аяғында өз еліне қайтады.1920-1921 жылдары М.Сералин Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы және партия ұйымының хатшысы болған.1922 жылы Қостанай өз алдына губерния болып құрылды. Осы жылы Мұхамеджан Сералин губерниялық қызметке шақырылды, онда әуелі губерниялық жер бөлімінің бастығы әрі губерния атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланады. 1923 жылы қыркүйекте Қостанай губерниялық партия кеңес комитетінің «Ауыл» газетін шығарады. 1924 жылы қаңтарда Кеңестердің бүкілресейлік II сьезіне делегат болып сайланды. 1926 жылға дейін газеттің редакторы болды. 1928 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетініне мүшелікке өтеді. Осы жұмыста жүріп қаны тасу кеселімен ауырып, 1929 жылдың жазында дүние салады.Мұхамеджан Сералин қазақ тілінде тұңғыш рет «Айқап» журналын шығарды, халыққа баспасөз арқылы қызмет етті. «Журнал шығарудағы мақсатымыз тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді» дейді ол [3.98б]. «Айқап» кейбір қатесі, кемшілігі бола тұрса да, жалпы алғанда, демократтық-ағартушылық бағытта болды, қазақ тарихында прогресшіл роль атқарды: халықтың оянуына, саясат, шаруашылық, мәдениет жақтан өсуіне біраз әсер етті. Қазақстанның сол кезде құрыла бастаған зиялыларына «Айқап» қазақша ойлауды, ойлағанын қазақша жазуды үйретті, газет, журнал шығару қазақ оқығандарының да қолынан келетін жұмыс екенін дәлелдеді. Мұхамеджан Сералин «Айқап» арқылы, өз шығармалары арқылы қазақ халқының Абай мен Ыбырай негізін салған сара жолдың одан әрі дамуына өз үлесін қосты. Оның қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ірі көрнекті қоғам қайраткері әрі көрнекті журналисі және ақыны ретінде тарихта өз орны бар тұлға екенін мойындаймыз.

М.Сералин ескерткіші

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 7 том.2.Қ. Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Алты алаштың ардақтылары. Алматы, «Рауан». 1994 ж.3.Б.Кенжебаев, ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы, «Білім». 1993 ж.

Г.ӨТЕСОВА,

А.ТАҢАТ

tobyl-torgai.kz

55. Хх ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. "Қазақ" газеті, "Айқап" журналы.

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш,Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов,С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

“Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесуші- лерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.

Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Проыуссор Қ. Бекқожиннің дәлелдеу- інше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.

“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада:  Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды…  “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар”  бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.

“Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған тұрақты айдарлардың болуы оның жұмысындағы ұқыптылық- ты, жүйуліліктш танытады. Журналдың безендіру мәселесшне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материялдардан айқын аңғаруға болады.

“Айқап” өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей орталық- тарымен мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қотанайдан, Қыдылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқа-ралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиелден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

Журналдың бетіне кейде “Одан-бұдан”, “Уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуіне тиіс- ті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материял жарық көрді. Кейін оларды алмастыр- ған  “Хабаршыларымыздан ”,  “Хабарлар ” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.

“Айқаптың”, хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалын, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Малин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанов, Есенғали Хасаболатов, т.б. қатысты.

studfiles.net

1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан" газеті

Жоспар

Кіріспе............................................................................................3

І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері 1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер.............................................................................................10-24

1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті...................25-33

ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі 2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі.........................................................................................34-48

2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі.............................48-57

Қорытынды....................................................................................58-60 Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді басылымның тарих дерегі ретінде бейнелеу объекті мен ауқымдылығы тап күресінен әлдеқайда кең және жан-жақты . Газет пен журнал материалдары қоғамдық-саяси өмірдің кең суреттемесін қалпына келтіріп , зерттеудегі кезеңнің басты актуалды проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді . Және де әр елдің , тіптен бір елдегі әр түрлі ұлттардың деректерінің , оның ішінде мерзімді басылымдардың да өзіндік ерекшелігі болмай қоймайды . Ол – заңдылық . Сондықтан тарихи сынның да ерекшеліктері болатындығы туралы В. О. Ключевский: “Барлық жерде тарихи сын қосымша ғылым ретінде бірдей болу керек пе , жоқ әр жерде өз ерекшелігіне қарай жергілікті тарихи сынның да өз ерекшелігі болу керек пе” , /1/ - деген сауал қойып , оған өзі: “Тарихи сынның өз ерекшелігі болу керек . Ол тарихи сынның міндеттері мен тәсілдерінің тарихи деректің өзіндік қасиеттерімен тығыз байланыстығынан туындайды . Ал , деректердің өзіндік қасиеттері барлық жерде бірдей емес” /2/ - деп жауап береді . Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

3

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде

шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар. Яғни , Қазақстандық мерзімді басылымдар , әсіресе қазақ тіліндегі газет-журналдар Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс .

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ұлттық деректеріміз туралы деректанушылық ойлар , олардың ерекшеліктері мен құндылықтары туралы ғылыми көзқарастар Ш. Уалиханов , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , О. Сүлейменов сияқты қазақ ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінде де айтылған . Мысалы , Шоқан Уалиханов өзінің жазбалары мен зерттеу жұмыстарында ұлтымыздың төл деректері – жыр-дастандардың , шежірелердің пайда болуының объективтілігі , олардың сақталу формалары , деректік маңызы туралы айтса , /3/ Әлихан Бөкейханов “Қазақ” газетінде жарияланған ғылыми рецензияларында өзінің деректанушылық ойларын білдірген /4/. Ахмет Байтұрсынов “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінің беттеріндегі мақалаларында және “Әдебиет танытқышында” жалпы тарих ғылымы , оның ішінде тарихтың жемі деректер туралы , әсіресе , шежіре мен заманхат туралы құнды пікір айтқан /5/.

Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған

4

деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен

жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар .

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілінде жарық көрген газеттер мен журналдардың тарихына қатысты алғашқы мақалалар сол басылымдардың өз беттерінде жарияланған . Ұлттық-бейресми басылымдар арасында ең ұзақ уақыт шығып тұрған “Қазақ” газетінде “Қазақстан” , “Айқап” , “Алаш” , “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Ұран” және “Тіршілік” туралы көптеген мақалалар басылған . Олардан аталған басылымдар туралы деректік мәліметтермен қатар , сол басылымдар туралы алғашқы тарихнамалық мағлұматтар да алуға болады .

Ұлттық бейресми басылымдарға берілген алғашқы тарихи баға да сол басылымдардан кездеседі . Мысалы , “Бірлік туы” газеті 1918 жылы қаңтардағы большевиктердің “Қазақ” газетін жабуына байланысты: “Қазақ” газеті жабылды деген хабарды естігенде әрбір алаш баласының жүрегі су етіп , қабырғасы қайысар . Біз бұған сенеміз. “Қазақ” газеті алаштың қараңғы заманында жол көрсетіп тұрған шам шырағы , сасқанда ақыл айтып тұрған көсемі” /10/ - деп жазды . Мұндай ұлттық бейресми басылымдардың көш бастаушысы “Қазақ” газетінің ұлт мүддесі үшін еткен еңбегін шынайы бағалау кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да өз жалғасын тапты .

“30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш ардагерлерінің “халық жаулары” ретінде толығымен дерлік жойылуына байланысты , “Алаш” қозғалысының тарихын зерттеуге де тыйым салынды . Ал , “Алаш”

5

қозғалысының түп нұсқалық деректері жарияланып тұрған “Қазақ” , “Бірлік туы” сияқты газеттер буржуазияшыл ұлтшылдардың органдары деп айыпталды және оларды ғылыми зерттеу ісіне пайдалануға рұқсат етілмеді” - деп жазды К. Нұрпейісов /11/.

1966 жылы “Айқап” журналы Қазақстан тарихының дерегі ретінде” - деген тақырыпта Г. К. Сәтбекованың кандидаттық диссертация қорғауы болды . Бұл ұлттық басылымдар негізінде қорғалған бірінші диссертация еді . Онда автор қазақ тілінде шыққан тұңғыш журналдың тарихына қатысты мағлұматтар келтіріп , журнал көтерген тақырыптарға , әсіресе оқу-ағарту ісіне кеңінен тоқталған .

Егер ресми газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы азды-көпті бұрын айтылып келсе , ұлттық-бейресми басылымдардың тарихын объективті зерттеу , олардың материалдарын халқымыз тарихының дерегі ретінде пайдалану , тек 90 жылдардың басынан , бұрынғы КСРО-дағы қайта құру мен демократияландыру шараларынан , әсіресе , еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін ғана мүмкін болды . Бұл салада аз жылдар ішінде көп іс атқарылды деп айта аламыз . Саяси жағдай мен Қазақстан тарих ғылымында болған түбегейлі өзгерістер “Қазақ” газеті мен басқа да жазықсыз ұмыт болуға айналған ұлттық басылымдар туралы бетінде ондаған мақалалардың жариялануына әсер етті /12/.

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мерзімді басылымы тарихының зерттелуі , олардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде пайдалануы туралы айтқанда , зерттеуші-ғалым , библиограф Үшкөлтай Субханбердинаның осы саладағы атқарған еңбегіне ерекше тоқталу қажет.

“Халықтар татулығы және ұлттық тарих жылы” - деп жарияланған –

6

1998 жылы ұлттық басылымдарды зерттеу ісінде біршама жұмыстар тындырылды . Ең бастысы , Ү. Субханбердина , С. Дәуітов , Қ. Сақовтардың құрастыруымен “Қазақ” газетінің материалдары кітап түрінде жинақ болып басылып шықты /13/. “Ақиқат” журналы өзінің сол жылғы 4-ші санынан бастап “Мұра” айдарымен , жылдық және сандық ретін сақтап , “Қазақ” газетінен үзінділер жариялап тұрды . Жинақ шықпастан бұрын дайындалып басталған бұл жұмыс , жинақ жарық көрген соң да жалғастырылды . Осылай , “Қазақ” сөзі , большевиктер зорлығымен жабылғалы 80 жыл өткен соң , өзінің бүгінгі оқырмандарына жинақ түрінде де , журналдағы жарияланымдар түрінде де жетті .

Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жас зерттеуші Қ. Сақов “Қазақ” газеті туралы кандидаттық диссертация қорғады /14/. Сонымен қатар , “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті туралы өз ойын Президент Н. Назарбаевта өзінің 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітабында білдірді /15/. Дегенмен , біздің ойымызша, мұндай ұлттық басылымдарға деген соңғы жылдары кең өріс алған заңды қызығушылық , келешек үлкен істің – сол басылымдардың тарихын терең зерттеу және оларды тарих дерегі ретінде талдау ісінің бастамасы ғана .

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін , яғни соңғы жылдары жарияланған “Алаш” көсемдері: Ә. Бөкейхановтың , А. Байтұрсынов , М. Дулатовтың аталмыш басылымдарда жарияланған мақалалары енген жинақтары да жұмыстың деректік негізін құрайды . Егер , Ә. Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде жарияланған мақалалары , аудармалары және рецензиялары М. Қойгелдиевтің құрастыруымен 1994 жылы жеке кітап түрінде шықса , А. Байтұрсынов пен М.

7

Дулатовтың “Айқап” , “Қазақ” т.б. басылымдарында жарияланған еңбектері , олардың шығармалар жинағына енген .

Бітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың деректік негізінің бір бөлігін куәгерлердің , яғни ұлттық басылымдар авторларының замандастары қалдырған мәліметтер құрайды . Мысалы , С. Сейфуллиннің мемуарында ұлттық басылымдардың қазақ тарихындағы ең бір күрделі кезеңі 1916-1917 жылдарғы орны мен тарихына қатысты аса маңызды мағлұматтар келтірілсе , М. Әуезовтың еңбектерінде “Қазақ” газетінің ұлт өміріндегі алған орнын анықтауға көмектесетін деректер бар . Ал , Т. Шонанұлының еңбегінде мерзімді басылымдардың өзекті тақырыптарының бірі жер мәселесі туралы көптеген құнды мағлұматтар кездеседі /16/.

Соңғы онжылдықта жариялана бастаған ұлттық басылымдар және Алаш қозғалысының тарихына арналған мақалалар мен монографиялық еңбектер де жұмыстың деректік негізінің үлкен бір бөлігін құрайды . Мысалы , М. Мырзахметовтың /17/, Ғ. Ахмедовтың /18/, М. Құл-Мұхамедтің /19/, С. Өзбекұлының /20/, Ж. Қалиұлының /21/

еңбектерінде мерзімді басылымдар мәліметтерінің деректік маңызын ашуға көмектесетін көптеген фактілі мәліметтер жинақталған . Сонымен қатар , баспасөз тарихына арналған кеңестік тарихнаманың да деректік маңызын жоққа шығаруға болмайды . Методологиялық қателіктерге қарaмастан , олардан алғаш қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге көмектесетін нақты мағлұматтар алуға болады .

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: - ХХ ғасырдың басындағы Ұлттық баспасөзімізді қазақ тарихының дерек көзі ретінде талдай отырып , пайдалану .

- “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттерін

8

тарихи дерек көзі ретінде пайдалану

- “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеттерін талдау

- “Қазақ” газетінің шығуын , қалыптасуын және деректік ерекшелігін түсіндіру .

Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе , қорытынды бөлімдерімен қатар 2 тараудан ( әр тарау 2 бөлімнен) және пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

9

І тарау. Ұлттық-бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері.

1.1. “Қазақ газеті” және “Серке” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми басылымдары Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттық баспасөз тарихын , бүгінгі күн талабына сай , ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау , төл тарихымызды толықтыра түсері , оларды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық . Өйткені ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың , оның ішінде , ғасыр басында дүниеге келіп , бірі қысқа , бірі ұзақ өмір кешкен биресми , ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына байланысты берер мәліметтері, жеткізер деректері мол .

Ұзақ жылдар бойы қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық басылымдардың тарихын зерттеуші , олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап , мәтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердина: Революциядан бұрын қазақ тілінде газет , бір журнал шыққан . Олар: “ Түркістан уалаятының газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала уалаятының газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік туы ” (1917) , “ Қазақ газеті ” (1907), “Дала” (жылы белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , - дейді. /22/

Жалпы ел тарихында , оның ішінде қазақ баспасөзі тарихында

10

өзіндік орын алған , аталған газет – журналдардың алдыңғы екеуі белгілі мақсатпен шығарылған , ресми газеттерге жатса , қалғандары ғасыр басында сап түзеп , ұлт мүддесі үшін күреске шыққан , халқымыздың аяулы азаматтарының , озық ойлы ұлт зиялыларының

саналы іс әрекеттерінің салдарында дүниеге келген ұлттық бағыттағы саяси басылымдарға жатады . Алға қойған мақсаты мен бағыт-бағдарлары , тарихы мен тағдырлары бөлек , сол бір топ басылымдардың алғаш жарыққа шықандары да , ғасыр басындағы өмір шындығымен бетпе-бет кездесіп опат болғандары да “ Серке ” мен “Қазақ газеті ” болды .

Өркениетті халықтар тарихында , олардың ұлттық мүддесіне сай басылымның дүниеге келуі аса маңызды оқиғалар қатарына жатады . Демек , біздің тарихымыз үшін қазақ тілінде шыққан биресми , ұлттық бағыттағы басылымның қай жылы , қай күні жарыққа шыққандығы туралы мәселе , ұлттық маңызы бар принципті мәселе . Сондықтан , осы екі басылымның дүниеге келуі жалпы ұлттық көлемдегі оқиға ретінде , олардың тарихына қатысты деректерді жан-жақты талдауды қажет етеді .

Екі бірдей ұлттық басылымның ғасыр басында бірінен соң бірінің жарыққа шығуының басты себептері біріншіден , француз зерттеушілері А. Беннигсен мен Ш. Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ: “ 20 ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының ” /23/ отаршылдық езгіге қарсы күресте , жалпы ұлт мүддесі үшін күресте , баспасөздің қажеттігін терең сезінуі болса , екіншіден , бүкіл империяны дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді . Ол туралы Серкені шығарушылардың бірі , оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы: “ 1905 жылдан бері біздің 11

қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп , олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады ” , - деді /24/.

Сол қазақ жұртының қолға алған ұлт пайдасының бірі газет шығару болды . Дегенмен , қазақ зиялыларының өз тілдерінде бейресми газет шығармақ болған алғашқы нақты әрекеттері сәтсіз аяқталды .

Алғашқы бейресми газет шығару мәселесі , тек 1907 жылы ғана мүмкін болды . Осы жылдың көктемінде “ Қазақ газеті ” мен “ Серке ” жарық көрді .

Бұл екі газеттің де өмірлерінің тым қысқа болуына байланысты тарихқа берер дерегі мол болмағанымен , алғашқы бейресми ұлттық басылым ретінде жарық дүниеге келгендігін білдіріп , өздерінің зорлықпен тұншықтырылуы арқылы болса да , соңынан келер ұлттық басылымдарға сабақ болған “Қазақ” газеті мен “ Серке ” халық жадында қалуға тиіс.

Алғашқы қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет 1870 жылдың 10 мамырынан бастап Ташкентте шыға бастаған “ Түркістан уалаятының газеті ” екендігі белгілі болса , қазақтың бейресми , ұлттық бағыттағы , бірінші демократиялық газеті қай газет екендігі , оның қай күні шыққандығы әлі күнге дейін толық анықталған жоқ . Ол туралы Х. Бекхожин: 1906 жылы ақпанда “Қазақ газеті” шықты - десе /25/ , зерттеушілер: Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайлар “Қазақ газеті”, ол 1907 жылдың наурыз айында жарық көрді /26/ - деп , дәл қай күні екендігін айтпайды . Зерттеуші Ә. Әбдіманов: “Серке” - қазақтың биресми , саяси бағыттағы демократиялық баспасөзінің тұңғыш бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алуы керек /27/ - десе , француз тарихшылары А. Беннигсен , Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси және санаткерлік қақтығыстардың дәл осындай буырқанған сәтінде /28/ - деп ,

12

алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келген уақытын суреттей келе : 1907 жылы қазақ баспасөзі дүниеге келді. Егер Әбдірашит Ибрагимовтың Санкт-Петербургте шыққан “Серкесін” есептемесек , онда 1907 жылдың наурызында Троицкіде Андреев пен Ишмұхамед Иманбаев шығарған “Қазақ газеті” жалпы қазақ баспасөзінің қарлығашы болды деуге негіз бар /29/ , - дейді .

Ал , журналист Т. Боранғалиұлы : “Серке” мен “Қазақ газетінің” не бары бір-бірден нөмірі шыққаның ескерсек , 1911 жылдың қарлығаштары “Қазақстан” газеті мен “Айқап” журналын ұлттық баспасөздің тұңғышы деуге хақылымыз ” /30/- деп , ол екеуін де газет қатарынан мүлдем шығарып тастайды .

Бұған айтарымыз , біріншіден , белгілі бір мерзімде шығып тұрмағанымен , ол екеуінің де көп тиражбен тасқа басылып шығып , көпшілікке таралғаны тарихи факт . Сондықтан , оларды газет емес деп ешкім айта алмайды . Демек , қазақтың тұңғыш ұлттық газеті осы екеуінің біреуі . Екіншіден , баспасөздің маңызы оның шыққан санымен өлшенбейді , ұлтқа сіңірген еңбегімен , ал уақыт контексінде қарасақ , бодандыққа қарсы , ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте көрсеткен ерлігімен өлшенеді . Сондықтан , қазағым деп , елім деп айға шапқан арыстандай мерт болған осы екі газеттің тарихы мен тағдырын тереңірек зерттеу , оларға басқаша көзқарас қалыптастырары даусыз .

Қазақстан баспасөзінің тарихын зерттеушілердің бірі Зарқын Тайшыбай қазақ тілінде жарық көрген алғашқы газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы айта келе : Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ газеті” (1911) , “Қазақстан” (1911-1913) 13

газеттері , “Айқап” журналы (1911-1915) – бәрі осы “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтамыз . Оның осы уақытқа дейін өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатуының себебі неде? ” /31/ , - дейді

Мұндағы автордың “Дала уалаяты газетінің” өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатыр деген соңғы пікіріне қосыла отырып , “Қазақ газеті” 1911 жылы , демек “Серкеден” төрт жылдан соң шыққан деп көрсетуімен және аталған басылымдардың “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтқан ойымен келісе алмаймыз .

Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ газетінің” де 1907 жылдың көктемінде шыққаны анық . Әңгіме тек екеуінің қайсысының бір күн болса да бұрын шыққандығында . Тіптен қазақ егіз туған екі нәрестенің де арасындағы минуттарын санап бірін үлкені бірін кішісі деп жатпай ма? Ол табиғи заңдылық . Олай болса , қазақтың қазақ болғалы , өзі дүниеге әкелген , тұңғыш бейресми-ұлттық газеті қайсысы екендігін неліктен анықтамасқа?

Екіншіден , “Дала уалаятының газетінің” тарихи орнын да , деректік маңызын да жоғары бағалай отырып , оның материалдарын қазақ тарихының дерегі ретінде арнайы зерттеп , тиісті бағасын беру қажеттігін толық қолдаймыз . Бірақ , жоғарыда аталған басылымдардың пайда болу жағынан да “Дала уалаятының газетінен ” бөлек басылымдар болды деп , біз де сеніммен айта аламыз . Егер , олар “Дала уалаятының” үлгісімен шығып , соның ізін басқан болса , “Қазақ газеті” мен “Серке ” бірінші нөмірінен кейін-ақ тұтқындалып жабылып қалмаған болар еді . М. Дулатұлы “Қазақ” туралы: “Кешегі өзгеріске шейінгі тергеу , тексеру ,

тінту , абақты , штрафтан... көзі ашылған жоқ” /32/ – деп жазбаған болар .

14

Сонымен , қазақ тілінде шыққан тұңғыш ұлттық-демократиялық ,

бейресми газет туралы үш түрлі пікір қалыптасқандығын көреміз . Зерттеушілердің көпшілігі “Серкені” қазақтың тұңғыш ұлттық газеті ретінде атаса , екінші бір тобы , дәл қай күні шыққандығын атап көрсетпесе де , “Қазақ газетін” атайды . Ал , үшіншілері “Қазақстанды” ұлттық баспасөзіміздің төл басы ретінде тануды ұсынады .

“Серкені” алғаш ұлттық газет ретінде атаған М. Дулатов болатын . Ол 1923 жылы “Еңбекші Қазақ” газетінде: “Мерзімді баспасөз бізде қашан туғаны белгілі . Әр жұрттың , әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатесіз бір өлшеуіші – баспасөз болады . Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, өзі де өнерлі екендігі көрінеді , яки қай жұрт өнерлі болса , оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдай анық ” /33/ - деп жазған .

М. Дулатұлының бұл пікірін ағамыз Д. Исақанұлы бүгін қайталап отыр . Ол 1999 жылы шыққан “Ақиқат” журналының екінші санында: “Қазақ тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке” мен “Қазақ газеті” болып табылады /34/ - деп , нық сеніммен жазып отыр .

Міне осылай алғашқы ұлттық төл газетіміз туралы пікірлер әр түрлі басылымдарда 80 жылға жуық уақыт бойы айтылып келеді . Дегенмен , оның нақты қай газет екендігі және дәл қай күні шыққандығы туралы нақты дәлелдермен әлі анық айтылмай отыр . Бұл , бір жағынан , ұлттық басылымдар тарихының ел өмірінен алар орнының маңыздылығын

көрсетсе , екінші жағынан , бұл мәселені анықтай түсудің қажеттілігін көрсетеді .

“Қазақ газеті” (1907) мен “Қазақ” (1913-1918) газеті екеуі де

демократиялық бағыттағы , ұлттық-бейресми басылымдар болғанымен ,

15

аттары ұқсас , екі басқа басылымдар .

“Cеркенің” жарыққа шыққан күні туралы барлық еңбектерде 1907 жылдың 28 марты деп нақты айтылса , “Қазақ” газетінің шыққан күні туралы әр түрлі пікірлер айтылады . Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Х. Бекхожин: “Қазақ газетінің” пайда болуының , оның патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрес жариялауының , әсіресе , патша үкіметінің ұлт араздығын қоздыру әрекетіне жауап ретінде еврей Хаим Сосновский мен қазақ Ешмұхамет Иманбаев , Жетпісбай Андреевтердің бірлесіп орыс және қазақ газетін шығаруының үлкен саяси мәні бар факт ” - деп , бағалаған , “Қазақ газетінің” мақсаты өз

халқының мүддесі үшін күрес екендігін бүкпесіз айтқандығын , отаршылдық езгіге қарсы ашық күрес жариялағандығын көреміз. Газеттің шықпай жатып жабылуының басты себебі осы екендігі даусыз .

“Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай “Қазақ журналистикасының тарихында (1870-1995 жылдар)”: “Қазақ” газетінің материалдарынан байқалғанындай , ол “солшыл бағыттағы органдардың тактикасын”, яғни революцияшыл бағытты қолдады . Ондағы мақсаты - самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт-насихат жүргізу болды ” /35/ - деп тұжырым жасаған . Әрине , мұндай шындыққа сай келмейтін , ғылыми негізі жоқ тұжырыммен келісу қиын . Өйткені , бір ғана нөмірі шығып жабылып қалған “Қазақ газеті” түгіл 6 жыл бойы дерлік шығып тұрған , 265 нөмірі жарық көрген “Қазақ” та өзінің алдына “самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт насихат жүргізу” мақсатын қойған жоқ.

Патша үкіметінің және оның жергілікті жерлердегі әкімшіліктерінің өз үстемдіктеріне қарсы ашықтан-ашық күрес жариялаған басылымның

16

өмір-сүруімен келісе алмайтығындығы , оны тезірек жабуға ұмтылатындығы келешек газет шығарушыларға сабақ болуға тиіс еді , бірақ бірден олай болмады . “Қазақ газетінің” көзсіз ерлігін де , объективті жағдайды ескеріп өз мақсаттарын бүркемелей алмаған қателіктерінде , тура бір айдан соң , 1907 жылы 28 наурызында “Серке” қайталады.

Ол туралы қазақтың тұңғыш журналы “Айқаптың” редакторы М.Сералин , журналдың 1911 жылғы шыққан 1-санының бас мақаласында: “Соңғы замандарда біздің қазақ жұртында аз-мәз тіршілік көрсетіп газет шығара беруді қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара алмайды . 1907 жылы ІI Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмәрден

Қошығұлов “Серке” есімді журнал шығара бастап еді . Ұзаққа бармай , үкімет тарапынан тоқтатылды .

Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев “Киргизская газета” есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып , алғашқы нөмірді шығарды да тоқтатты...” , - дейді.

1907 жылы шыққан “Нәжет” (Азаттық) деген жинақта “Серке” атты екі жетілік газеттің... 28 мартта бірінші саны шықты . Ол “Улфат” газетінің 67 санына қосымша болып шықты” /36/ - деп айтылған . Кейбір деректерде “Серкенің” 3-4 саны шықты деп айтылғанымен , әр түрлі деректерді салыстыру оның 1907 жылы 28 мартта (ескі стиль бойынша) бір саны шығып таратылып , екінші санының дайындалып , бірақ таратылып үлгермей тұтқындалғанын көрсетеді . “Серкенің” не жазғаны , не айтпақ болғаны , жалпы бағыт-бағдары мен мақсаты , неліктен “Серке” атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі , оның 22 жасар албырт авторы Міржақып Дулатовтың , газеттің бірінші санында жарияланған “Жастарға” деген өлеңі мен екінші санында даярлаған “Біздің

следующая страница>

flatik.ru


Смотрите также

KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта