Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 

Полезные ссылки

РКФ

 

Все о дрессировке собак


Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын тіркеу журналы қараша 2012. Жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы


Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
Түскен күні Субъект атауы Аты-жөні (атауы) Өтініш берушінің мекен-жайы Өтініштің қысқаша мазмұны Өтініш жіберілді Өтінішті орындаушының Аты-жөні Жауап беру мерзімі Жауап түрі Ескерту
6968 12/1/2011 Агентство недвижимости "Ертис" Ибраев Низа договор купли-продажи Касым Д 12/1/2011 положительный
6969 Агентство недвижимости "Ертис" Жумагазинов Турсун договор купли-продажи Касым Д 12/1/2011 положительный
6970 Аргынов Даулет Токтарович г. Семей, ул. Каркаралинская, 22-71 постановление акимата Кабдрахманова А.д 12/2/2011 положительный
6971 Яровикова Тамара Викторовна г. Семей, ул. Глинки, 32-59 стаж работы в годы ВОВ
6972 Зарницына Надежда Викторовна г. Семей, ул. Юности, 53-67 стаж работы Доспаева А 12/5/2011 положительный
6973 Городская юридическая консультация адвокат Смайлова К.Д Антоненко Владимир Анатольевич переименование организации Раимова А 12/5/2011 положительный
6974 Аманжолова Рауза Абдыгалиевна г. Семей, ул. 13 Загородняя, 3 стаж работы, переименование организации Доспаева А 12/2/2011 положительный
6975 ГУ "Отдел экономики и финансов г. Семей" сведения по основному каналу
6976 Давыдовская Валентина Александровна г. Алматы, ул. Арычная, 6 зарплата Раимова А 12/5/2011 положительный по почте
6977 Науменко Наталия Дмитриевна г. Семей, ул. Беспаева, 10, кв. 9 постановление акимата Раимова А 12/5/2011 положительный
6978 Золотухина Альмира Слямкановна г. Семей, ул. Синицына, 13 а-42 переименование города и области Раимова А 12/5/2011 положительный
6979 Бояркин Виктор Станиславович РФ, Омская обл, Омский район, п. Ключи, ул. Кленовая, 26 стаж работы, зарплата Доспаева А 12/7/2011 положительный по почте
6980 Золотухин Алексей Алексеевич г. Семей, пос. Приречное, ул. Школьная, 1 г, кв. 1 переименование города и области Раимова А 12/5/2011 положительный
6981 Дубров Василий Дмитриевич г. Семей, ул. Гастелло, 38 переименование организации Танырбергенова М 12/2/2011 положительный
6982 Ангаев Кайрулла Какенович г. Семей, ул. Дулатова, 167-163 решение акима Карандашова М.Б 12/2/2011 непрофильный
6983 Гончаренко Николай Иванович стаж работы Исенова М 12/5/2011 отрицательный
6984 12/2/2011 Фоминых Нина Владимировна г. Семей, ул. Набережная, 10, кв. 73 стаж работы Аубакирова Г 12/5/2011 положительный
6985 Токашева Кульчат Далеловна г. Семей, ул. Щорса, 118 стаж работы, зарплата Кабдрахманова А.Д 12/5/2011 положительный
6986
6987
6988
6989
6990 Лазурин Николай Николаевич г. Семей, ул. Богембайулы, 30-2 стаж работы Аубакирова Г 12/5/2011 положительный
6991 Секербаев Болат Ахметбекович г. Семей, ул. Мамай батыра, 127, кв. 2 решение акима Раимова А 12/6/2011 положительный
6992 Бессмертный Владимир Иванович г. Семей, ул. Шлеева, 5-30 переименование города и области Исенова М 12/5/2011 положительный
6993 Байбулатова Кенжегайша Сарсенбаевна г. Семей учеба Тусупжанова К 12/2/2011 положительный
6994 Татаринцева Валентина Денисовна г. Семей, Кабельный переулок, 5-6 решение акима Раимова А 12/5/2011 положительный
6995 Имбергенова-Ибраева Райхан г. Семей, ул. 1 микрорайон, 15-1 стаж работы Раимова А 12/6/2011 положительный
6996 Еременко Людмила Васильевна г. Семей, ул. Утепбаева, 50 б-10 свидетельство о праве на наследство Ахмадиева К 12/6/2011 положительный
6997 Яровикова Тамара Викторовна г. Семей, ул. Глинки, 32-59 решение акима Раимова А 12/5/2011 положительный
6998 Ходжаева Равия Газимовна г. Семей, ул. Луговая, 56 стаж работы, зарплата Аубакирова Г 12/7/2011 положительный
6999 Туякбаева Индира Жаксылыковна Жанасемейский район, с. Новобаженово, ул. Садовая, 4 стаж работы Кабдрахманова А.Д 12/7/2011 положительный
7000
7001 Серова Галина Демьяновна ВКО, г. Риддер, 4 микрорайон, 21-14 стаж работы Танырбергенова М 12/6/2011 непрофильный
7002 Галиева Халида Хабибулловна г. Семей, ул. Достоевского, 37 свидетельство о праве на наследство Ахмадиева К 12/6/2011 положительный
7003 12/5/2011 Абдулина Алмагуль Владимировна ВКО, Урджарский район, с. Урджар учеба Кабдрахманова А.Д 12/8/2011 отрицательный
7004 Пащенцева Нэля Васильевна г. Семей, ул. Кабанбай батыра, 134 зарплата Танырбергенова М 12/7/2011 положительный
7005 Трухина-Давидович Ирина Анатольевна г. Семей, ул. 1 Набережный переулок, 10-7 стаж работы Аубакирова Г 12/9/2011 положительный
7006 Жердева Людмила Васильевна г. Семей, пос. Строительный, 12-1 стаж работы, переименование организации Ахмадиева К 12/6/2011 положительный
7007

kzgov.docdat.com

Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын тіркеу журналы қараша 2012

Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын тіркеу
ЖУРНАЛЫ ҚАРАША 2012
Түскен күні Субъект атауы Аты-жөні (атауы) Өтініш берушінің мекен-жайы Өтініштің қысқаша мазмұны Өтініш жіберілді Өтінішті орындаушының Аты-жөні Жауап беру мерзімі Жауап түрі Ескерту
7400 11/1/2012 7208 Рубан Валентина Ивановна г. Семей, ул. Шугаева, 169-52 стаж работы Есжанова И 11/9/2012 положительный
7401 7209 Актагова Бахтжамал Дюмабековна г. Семей, ул. Лесопильная, 78 стаж работы Есжанова И 11/6/2012 положительный
7402 7210 Токанов Калымбек Мальгиждарович г. Семей, ул. Топографическая, 141-2 стаж работы Танырбергенова М 11/6/2012 положительный
7403 7211 Лупешко Николай Петрович г. Семей, ул. Щорса, 38 стаж работы Есжанова И 11/14/2012 положительный
7404 1052 ТОО "Тахами Путь" Троценко Людмила Петровна ВКО, г. Усть-Каменогорск, ул. Казахстан, 154 стаж работы, переименование организации Раимова А 11/1/2012 непрофильный
7405 7212 Покулевский Николай Васильевич РФ, Нижегородская обл, Володарский р, пос. Центральный, ул. Комсомольская, 3, кв. 12 стаж работы Танирбергенова М 11/13/2012 положительный
7406 7213 Сулейменов Кулунтай Жакупович г. Семей, ул. Докучаева, 34 б, кв. 24 стаж работы Раимова А 11/6/2012 положительный
7407 7214 Касымов Рыскали Ахмеджанович ВКО, Шемонайхинский район, с. Крюковка стаж работы Танырбергенова М 11/14/2012 положительный
7408 7215 Мукажанова Гульмира Булантаевна г. Семей, ул. Курчатова, 1 е договор дарения Ахмадиева К 11/12/2012 положительный
7409 7216 Ивановская Людмила Васильевна г. Семей, пос. Березовский, ул. Юбилейная, 14-1 стаж работы Есжанова И.Ж 11/6/2012 положительный
7410 7217 Юргенс Евгений Евгеньевич г. Семей, ул. Кирпичный завод, 6, кв. 12 стаж работы Танырбергенова М 11/8/2012 положительный
7411 7218 Шершнев Вячеслав Николаевич г. Семей, ул. Первомайская, 37-94 решение Знаменской с/администрации Тусунбаева Б.У 11/1/2012 непрофильный
7412 1053 ГУ "УПФРФ по г. Костроме и Костромскому району Костромской области" Смоляженко-Березовская Валентина Михайловна РФ, Костромская обл, Костромской р, г. Кострома, ул. Свердлова, 120 зарплата Раимова А 11/1/2012 непрофильный
7413 7219 Выходцева Елена Васильевна РФ, г. Новосибирск, ул. Сухумская, 10 зарплата Раимова А 11/7/2012 положительный по почте
7414 1054 ГУ "УПФ Украины в г. Ромны и Ромненском районе Сумской области" Чорноус Валентин Иванович Украина, Сумская область, Роменский р, с. Зарудье, ул. Ленина, 6/2 зарплата Танырбергенова М 11/13/2012 положительный
7415 1055 ГУ "УПФРФ в г. Лесном Свердловской области" Баженова Вера Петровна РФ, Свердловская обл, г. Лесной, ул. Ленина, 76 стаж работы, переименование организации Раимова А 11/1/2012 непрофильный
7416 7220 Пирожкова Любовь Аркадьевна ВКО, г. Шемонайха, ул. Геологическая, 20-1 стаж работы Есжанова И 11/6/2012 положительный
7417 1056 Управление юстиции г. Семей Ахметова Жукен г. Семей, ул. Ленина, 26 а решение акима Ахмадиева К 11/5/2012 положительный
7418 1057 Адвокат Ербаланова Г.А Габбасов Абдляхат Мухаметгалиевич г. Семей, ул. Интернациональная, 45-1 а свидетельство о рождении Раимова А 11/6/2012 положительный
7419 7221 Рузайкина Любовь Дмитриевна РФ, Алтайский край, Поспелихинский район, с. Поспелиха, пер. Школьный, 97 стаж работы Раимова А 11/8/2012 положительный по почте
7420 7222 Багун Лидия Петровна г. Семей, ул. Янушкевича, 28-1 завещание Ахмадиева К 11/12/2012 положительный
7421 7223 Бахирева Наталья Ивановна г. Семей, ул. Посмакова, 23 стаж работы, учеба Раимова А 11/1/2012 положительный
7422 1058 Юрис Середин В.В Барыбина Галина Александровна договор купли-продажи Ахмадиева К 11/8/2012 положительный
7423 7224 Туганбаев Абылгазы ВКО, г. Зайсан учеба Есжанова И 11/6/2012 положительный
7424 7225 Козырев Валерий Павлович г. Семей, ул. Сатпаева, 62 стаж работы Раимова А 11/8/2012 положительный
7425 1059 ГУ "УПФРФ в Белорецком районе и города Белорецк Республики Башкортостан" Ахметкалиева Галия Тухватовна Республика Башкортостан, г. Белорецк, ул. Кирова, 48 зарплата Раимова А 11/1/2012 положительный
7426 7226 Пропп Алексей Николаевич г. Семей, ул. 343 квартал, 16, кв. 46 переименование города и области Раимова А 11/2/2012 положительный
7427 7227 Пропп Николай Алексеевич г. Семей, пос. Приречное, ул. Советская, 6-1 переименование города и области Раимова А 11/2/2012 положительный
7428 7228 Пропп Александр Алексеевич г. Семей, пос. Прииртышский, ул. Юбилейная, 14, кв. 4 переименование города и области Раимова А 11/2/2012 положительный
7429 7229 Пропп Роза Муратовна г. Семей, ул. 1 микрорайон, 17-14 переименование города и области Раимова А 11/2/2012 положительный
7430 7230 Оверченко Виктор Николаевич г. Семей, ул. Селевина, 3, кв. 1 стаж работы Раимова А 11/8/2012 положительный
7431 7231 Гутник Сергей Николаевич г. Семей, ул. Уральская, 3, кв. 49 стаж работы Танырбергенова М 11/13/2012 положительный
7432 7232 Абишев Мадениет г. Семей, ул. 14 Загородная, 47 проживание Есжанова И.Ж 11/14/2012 положительный
7433 7233 Коркембаев Нурмухамед Мухаметкалиевич г. Семей, ул. Репина, 23 стаж работы Есжанова И 11/5/2012 положительный
7434 7234 Сагымбаев Темирбек Абдыгалиевич г. Семей, ул. 2 Пристанской пер, 9 стаж работы Есжанова И 11/8/2012 положительный
7435 7235 Казиев Нурказы Жумагалиевич г. Усть-Каменогорск, ул. Филатова, 19, кв. 49 зарплата Раимова А 11/1/2012 непрофильный по почте
7436 7236 Истомина Любовь Васильевна РФ, г. Барнаул, ул. В. Кащеевой, 16, кв. 22 зарплата Раимова А 11/1/2012 непрофильный по почте
7437 7237 Янишин Николай Михайлович г. Усть-Каменогорск, ул. Подгорная, 105 учеба Раимова А 11/1/2012 непрофильный по почте

kzgov.docdat.com

Жеке және заңды тулғалардың өтініштерін қарау тәргібі туралы

Негізгі ұғымдар:

1) арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама немесе олардың қызметін сынау;

2) иесі бүркемелепген отініш - ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық сандық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш;

3) қайта жасалған өтініш - бір тұлгадан бір мәселе бойынша кемінде екі рет келіп түскен:

-осының алдындағы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасалған;

-егер бұрын жіберілген өтініш келіп түскен уақыттан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кетсе, алайда арыз беруші жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған;

-осының алдындагы өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілген өтініш;

4) өтініш - өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық сандық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу;

5) өтінішті есепке алу - өтінішті қабылдау және қарау жөніндегі мәліметтерді тіркеу және оларды мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрсету;

6) өтінішті қабылдау - субъектінің, лауазымды тұлғаның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жоніндегі іс-эрекеті;

7) өтінішті қарау - субъектінің, лауазымды тұлганың тіркелген өтініш бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз кұзыретінің шегінде шешім қабылдауы;

8) өтінішті тіркеу - ақпараттық есепке алу құжатында өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді тіркеу және келіп түскен әрбір өтінішке тіркеу нөмірін беру;

9) сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаггағы қызығушылық туғызатын мәселелері бойынша ақпарат беру туралы өтініші;

10) ұсыныс - адамның заңдарды жэне өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарын дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық жэне өзге де қызметтік салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы;

11) үн қосу - адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен кұбылыстарға өз көзқарасын білдіруі;

12) шағым - адамның өзінің немесе басқа адамдардың бұзылған кұқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы, мемлекеттік органдардың, жергілікті озін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік жүз пайыз қатысатын не мемлекеттік тапсырыс жэне (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сэйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғалардың, өздеріне тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) шарт жасасқан жеке жэне заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ олардың заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талаптары.

Қарауға жатпайтып отініштер

1.Мыналар қарауға жатпайды:

1) мұндай өтініште дайындалыгі жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың кұзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген отініш;

2) мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.

2.Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталган өтінішті қайта қарауға міндетті.

Жеке және зацды тулғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу

1. Осы Заңда белгіленген тэртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Өтінішті қарау мерзімдері

1.Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды түлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.

2.Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке жэне (немесе) заңды түлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үзартылады, бүл туралы қарау мерзімі үзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

3.Өтінішті қарау мерзімін емхананың баешысы немесе оның орынбасары ұзартады.

4.Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш түпкілікті орындалганға дейін қосымша бақылауға қойылады, бүл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Өтініштерге с берілетін жауаптар

1.Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмүны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау қүқықтарын түсіндіре отырып, оның дэлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

2.Қандай да бір үсынымдар, талаптар, өтінішхаттар, өтініш айтулар болмаған кезде өтініштер назарға алынады жэне оларды субъектінің басшысы немесе оның орынбасары іске жабады.

Сілтеме: Қазақстан Республикасының «Жеке жэне занды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңнамасы (2013 ж.15.04. бойынша өзгерулері және қосымшалары)

poliklinika-shah.kz

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 22.05.2017 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

      2. Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің және дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, аумақтық және желілік ішкі істер органдарының, білім беру ұйымдары мен мекемелерінің бастықтары, Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлер құрамалары мен бөлімдерінің командирлері:

      1) ішкі істер органдарының барлық жеке құрамының, хатшылық (кеңсе) қызметкерлерінің Нұсқаулықты зерделеуін ұйымдастырсын. Нұсқаулықтағы талаптардың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) азаматтарды қабылдауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты одан әрі жақсартуға қажетті шаралар қабылдасын;

      3) тоқсан сайын "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесін, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7315 болып тіркелген және 2011 жылы 13 желтоқсандағы № 183 "Заң газеті" газетінде жарияланды) № 1-ТӨ нысанды статистикалық есепті ұсынсын.

      3. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 30 тамыздағы № 353 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4959 болып тіркелген және 2007 жылғы қыркүйек-қазандағы "Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы" актіде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың және Нұсқаулықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына жүктелсін.

      5. Ішкі істер министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

  Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрінің2012 жылғы 10 сәуірдегі№ 225 бұйрығыменбекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жеке жәнезаңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу, азаматтардықабылдау жөніндегіНҰСҚАУЛЫҚ1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесін, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7315 болып тіркелген және 2011 жылы 13 желтоқсандағы № 183 "Заң газеті" газетіне жарияланған) (бұдан әрі – Қағида) сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін қарауды, азаматтарды қабылдауды реттейді.

      2. Қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне осы Нұсқаулық әрекеті қолданылмайды.

      3. Әскери қызметшілердің қызмет өткеруге байланысты өтініштері (баянаттары) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысына және Ішкі қызмет Жарғысына сәйкес беріледі, қаралады және шешіледі.

      4. Ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуді, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыруды және іс жүргізудің жай-күйін олардың бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

      5. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арыз - адамның құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда көмек көрсету туралы не болмаса заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуы, өтiнiштердi қарайтын ішкі істер органдарының, лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшiлiктер туралы хабарлама не болмаса олардың қызметiне айтылатын сын;

      2) өтiнiш - ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не болмаса электрондық сандық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу немесе пікір;

      3) қайталанған өтініш - бір адамнан бір мәселе бойынша кемінде екі рет келіп түскен:

      алдыңғы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасалған;

      егер бұрын жіберілген өтініштің келіп түскен уақытынан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кетсе, алайда арыз беруші жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған;

      алдыңғы өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілген өтініш;

      4) анонимді өтініш - авторын айқындау мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық сандық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекенжайы жоқ өтініш;

      5) өтініштерді қарайтын субъектілер (бұдан әрі - субъектілер) - мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе мемлекеттік сатып алу) шарттарына сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсынатын, өздерінің құзыреттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы заңды тұлғалар;

      6) органдардың басшылары, лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын, өз құзыретіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайтын және шешім қабылдайтын адамдар;

      7) өтінішті есепке алу - өтінішті қабылдау және қарау жөніндегі мәліметтерді тіркеу және оларды мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрсету;

      8) өтінішті қабылдау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау бойынша ішкі істер органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеті;

      9) өтінішті қарау - ішкі істер органдары лауазымды адамдарының тіркелген өтініш бойынша өз құзыретінің шегінде шешім қабылдауы;

      10) өтінішті тіркеу - ақпараттық есепке алу құжатында өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді тіркеу және келіп түскен әрбір өтінішке тіркеу нөмірін беру;

      11) сұрау салу - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелері бойынша ақпарат беру туралы өтініші;

      12) ұсыныс - адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызмет салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы;

      13) пікір - адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі;

      14) шағым - адам өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау, лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу

      6. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер (бұдан әрі - өтініштер) келіп түскен күні хатшылықта (кеңседе) Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) және жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – өтініштерді есепке алу журналы) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелуі тиіс.

      7. "Электрондық үкімет" порталы арқылы келіп түскен өтініштер, өтініш иесінің электрондық-сандық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭСҚ) тұтастығын және жарамдылығын тексергеннен кейін тіркеуге жатады.

      8. Өтініштің бірінші бетінде нөмірі және тіркеу күнімен тіркеу мөрі қойылады, ол оның кіріс және шығыс нөмірі болып есептеледі. Одан әрі өтініш бойынша хат-хабар алмасу осы нөмірмен жүргізіледі.

      Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері сканерленеді (енгізілген құжаттардың электрондық нұсқасы болмаған жағдайда) және олармен одан әрі жұмыс ЕҚАБЖ арқылы электрондық түрде және есепке алу журналында жүзеге асырылады.

      Жеке тұлға өтініштерінің тіркеу нөмірлері "ЖТ" әріптік индексінен, автор тегінің бастапқы әрпінен, реттік нөмірінен тұрады.

      Заңды тұлға өтініштерінің тіркеу нөмірлері "ЗТ" әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды адамның тегінің бастапқы әрпінен және реттік нөмірінен тұрады.

      Анонимдік өтініштің тіркеу нөмірі "Д/А" әріптік индексінен және реттік нөмірінен тұрады.

      Ұжымдық өтініштің тіркеу нөмірі "Ұжым" әріптік индексінен және реттік нөмірінен тұрады.

      9. Күнтізбелік бір жыл ішінде өтініш қайтадан түскен жағдайда "екінші", "үшінші" және одан әрі көрсетіліп, алғашқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады. Қайталанған өтініштің бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында "Қайталанған" белгісі қойылады. Қайталанып түскен өтініштерге алдыңғы өтініштерді қарау материалдары қоса беріледі.

      10. Әр түрлі адресаттарға жолданып, өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің ішінде бір лауазымды адамға қарау үшін келіп түскен бір ғана адамның бір ғана мәселе жөніндегі өтініші телнұсқа дана ретінде есепке алынады. Негізгі өтініштің тіркеу нөмірі өтініштің телнұсқа данасының тіркеу нөмірі болып табылады және қиғаш сызық (бөлгіш) арқылы қойылатын реттік нөмір қосылып, бірінші өтінішінің тіркеу нөмірімен есепке алынады.

      11. Тіркелген өтініштер олардың әрқайсысы бойынша орындаушыға жазбаша нұсқау беретін ішкі істер органының басшыларына қарау үшін жіберіледі.

      Өтініште қылмыс немесе құқық бұзушылық белгілері табылған жағдайларда, орындаушы хатшылықта (кеңседе) тіркелген күннен бір тәуліктің ішінде берілген өтінішті Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпараттарды есепке алу кітабына (бұдан әрі - ӨАЕК) қайта тіркеуді жүргізеді.

      12. Өтініш құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға жіберілуі тиіс.

      13. Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтінішінде - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке арыз иесі қол қоюы не ол электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс. Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

      14. Тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      15. Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінде арыздарды тәулік бойы қабылдау жүргізіледі.

      16. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

      17. Көпшілікке қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша және электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңбалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.

      18. Егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе, ал осының алдындағы өтініштің материалдарында тексерудің жан-жақты материалдары бар болса және арыз берушілерге жауаптар берілсе, өтініштерді қарау тоқтатылады. Өтініштерді қарауды тоқтату туралы шешімді органның басшысы немесе оның орынбасары қабылдауға құқылы. Органның басшысы немесе оның орынбасары бекіткен өтініштерді қарауды тоқтату туралы көшірме органның хатшылығына (кеңсесіне) ұсынылуы тиіс.

      19. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтері бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, ішкі істер органдарында анонимді өтініштер қаралмайды.

      20. Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін ішкі істер органдарына келіп түскен өтініштер үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы міндетті түрде арыз берушіге хабарлай отырып, құзыретті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жіберіледі.

      21. Ішкі істер органдарының басшы құрамы адамдары өтініштерді қарау кезінде олардың мән-жайын мұқият талқылауға, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қажетті құжаттарды талап етуге, қызметкерлерді өтініште баяндалған мән-жайларды тексеру үшін жергілікті жерлерге жіберуге, көрсетілген мәселелерді жан-жақты, уақтылы шешу, шағымдарды туындататын себептер мен шарттарды анықтау және жою үшін басқа да шаралар қабылдауға тиіс.

      22. Егер өтініштерді тексеру барысында қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталса, онда орындаушы бөлініс басшысының атына баянат жазады, ол ӨАЕК-на тіркеледі және құқық бұзушылық туралы хабарлама ретінде қаралады.

      23. Өтініштерді тексеру нәтижелері бойынша жинақталған материалдардың объективті талдауынан тұратын анықтама жазылады. Егер тексеріс барысында азаматтардың мүдделері бұзылғаны, ішкі істер органдарының қызметіндегі кемшіліктер мен олқылықтары анықталса, онда анықтамада азаматтардың нұқсан келтірілген құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге, кемшіліктер мен олқылықтарды жоюға және кінәлі адамдарға қатысты қандай нақты шаралар қабылданғаны көрсетіледі. Анықтамаға тексеру жүргізген адам қол қояды, тікелей бастықпен келісіледі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, комитеттердің, департаментердің және дербес басқармалардың, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, білім беру ұйымдарының, қалалық, аудандық желілік ішкі істер органдарының басшылығы бекітеді.

      24. Өтініштер бойынша қабылданатын шешімдер негізді болуы керек. Өтінішті (шағымды) қанағаттандырылуы тиіс деп таныған органның басшысы қабылданған шешімнің уақтылы және дұрыс орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

      25. Шешу нәтижелері туралы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарына, Президент Әкімшілігіне, Премьер–Министр Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлануы қажет өтініштер ерекше бақылауға алынады.

      26. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер–Министрі Кеңсесі Басшысының, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің сауалдары бойынша жауаптар Ішкі істер министрінің немесе оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылып жіберіледі.

      27. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына келіп түскен өтініштер бойынша арызданушыларға жауаптарға, Министрліктің тапсырмасы бойынша аумақтық бөліністерде қаралған өтініштерді қоса алғанда, Министрлік басшылығының, комитеттер төрағаларының, департаменттер мен дербес басқармалар бастықтарының немесе олардың орынбасарларының қолы қойылып жіберіледі.

      28. Аумақтық ішкі істер органдарына келіп түсетін өтініштерге жауаптар тек орган басшысының немесе оның орынбасарларының қолы қойылып жіберіледі.

      29. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуы тиіс.

      30. Ауызша жауап берілген жағдайларда хатты тексеру материалдарына қоса тіркелетін тиісті анықтама жазылады. Өтініштерді есепке алу журналында тексеріс нәтижесі жеке әңгімелесуде хабарланғаны жайлы белгі қойылады.

      31. Қарау үшін ақпарат алуды немесе жергілікті жерге шығып тексеруді қажет етпейтін өтініштер 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      32. Қарау үшін ақпарат алуды немесе жергілікті жерге шығып, тексеруді қажет ететін өтініштер түскен күннен бастап қаралып, ол бойынша шешім 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

      33. Газет, журнал редакцияларынан және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ сөйлеген сөздері мен баспасөзде жарияланған материалдарын ішкі істер органдары осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен және мерзімде қарайды.

      34. Өтінішті шешу мерзімі оның ішкі істер органдарына келіп түскен (тіркелген) күнінен бастап шешу нәтижелері туралы хабарды өтініш иесіне жіберген күнге дейін есептеледі.

      35. Мерзімдер күнтізбелік күндермен есептеледі. Егер өтінішті қарау мерзімінің аяқталуы жұмыс емес күніне сәйкес келсе, онда бұл мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

      36. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша:

      1) өтiнiшті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы және өз құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша ішкі істер органының шаралар қабылдауы;

      2) хатта баяндалған өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе бұрын қаралған хат бойынша қабылданған шешімді растау туралы;

      3) арыз берушi қойған ішкі істер органдарының, ұйымдарының құзыретіне жатпайтын мәселелерді шешу тәртібін түсіндіру туралы;

      4) өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірі қабылданады.

      37. Лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ ішкі істер органдары басшыларының шешімдеріне шағым жеке немесе заңды тұлғаға іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған сәттен бастап, үш айдан кешіктірілмей бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамға беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.

      Жоғары тұрған лауазымды адам немесе субъект болмаған не арыз беруші қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі.

      38. Егер өтініш жауабының мәтіні қарау нәтижелері туралы қосымша хабарланады деген мәліметті құрайтын болса, өтінішті қарау бақылаудан алынбайды, ол арызданушыға хабарлана отырып, 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      39. Алқа отырыстарында, жедел кеңестерде өтініштермен жұмыс жүргізудің жай-күйі ішкі істер органдары жүйесі бөліністерінің басшыларын тыңдай отырып, талқылануы қажет.

      40. Ішкі істер органдары жүйесінде өтініштермен жұмыс жүргізудің жай-күйі оларды инспекциялау және мақсатты шығу кезінде тексеріледі.

3. Азаматтарды қабылдау

      41. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі - қабылдау), ішкі істер органдарының барлық бөліністерінде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы басшылар және басқа лауазымды адамдар жүргізеді.

      42. Қабылдау бекітілген кесте бойынша айына кемінде бір рет жүргізіледі.

      43. Келушілерді қабылдау кестесі келушілерді қабылдайтын басшылық құрам адамдарының тегі мен қабылдау уақыты көрсетіле отырып, ішкі істер органдары үй-жайының көрнекі жерлеріне мемлекеттік тілде және орыс тілінде ілініп қойылады.

      44. Ішкі істер органдары, ұйымдары басшыларының жеке қабылдауына жазылған адамдарды есепке алу Келушілерді есепке алу журналында 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі немесе келушілерді есепке алу карточкасы 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      45. Азаматтарды қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі. Оны сақтау үшін тізім жасалады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар кезектен тыс қабылданады.

      46. Азаматтарды қабылдауда олардың келісімі бойынша заңгерлер, журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

      47. Қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адам келушілер қойған мәселелерді білікті шешуді қамтамасыз ету үшін ішкі істер органының тиісті бөліністерінің қызметкерлерін қарауға тарта алады немесе олардан қажетті кеңес ала алады.

      48. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініші егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмеген болса, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаралады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезінде аудармашы қатысуы мүмкін.

      49. Мас күйдегі адамдар қабылдауға жіберілмейді. Мұндай адамдарды дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы, сондай-ақ шұғыл шаралар қолдануды қажет ететін басқа оқиғалар туралы деректерді хабарлайтын жағдайларда ғана қабылдауға рұқсат етіледі.

      50. Азаматтар өтініш жасаған мәселелер мүмкіндігінше қабылдау барысында шешіледі. Егер өтінішті немесе шағымды қабылдау кезінде шешуге мүмкіндік болмаса, онда олар жазбаша нысанда қабылданып, олармен жазбаша өтініштер ретінде жұмыс жүргізіледі.

      51. Қабылдау жүргізген адам заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, өз құзыреті шегінде төмендегі шешімдердің бірін қабылдауға:

      1) келушіге қабылданған шешімнің орындалу тәртібі мен мерзімін хабарлай отырып, өтінішті қанағаттандыруға;

      2) бас тартудың себептері мен қабылданған шешімге шағым берудің тәртібін түсіндіре отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға;

      3) келуші адам қойған мәселелер қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін болса, жазбаша өтініш қабылдауға, егер ол әлдебір себептермен өзінің өтінішін жазбаша түрде дербес баяндап бере алмайтын болса, оған қажетті көмек көрсетуге құқылы.

      52. Егер келуші адам өтініш жасаған мәселені шешу ішкі істер органдарының құзырына жатпайтын болса, онда қабылдаушы адам оған қай ведомствоға (ұйымға немесе мекемеге) жүгіну керек екенін түсіндіреді және мүмкіндігіне қарай оған қажетті көмек көрсетеді.

      53. Қабылдау кезінде берілген хаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес есепке алынады, тіркеледі, қаралады. Олардың шешілуі орындау мерзімдері бойынша бақылауға алынады.

  Қазақстан Республикасының ішкі істероргандарында жеке және заңдытұлғалардың өтініштерін қарау, шешу,азаматтарды қабылдау жөніндегіНұсқаулыққа 1-қосымша

      Нысан

Жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алуЖУРНАЛЫ

      _______________________________________________________________

      (субъектінің, лауазымды адамның атауы)

өтініштің №

Өтініштің келіп түскен күні, бірегей нөмірі

Өтініш берушінің аты-жөні

Өтініш берушінің мекенжайы

Өтінішті жіберген субъектінің, лауазымды адамның атауы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Өтінішті орындаушының аты-жөні

Өтініш аумақтық органдарға және құрылымдық бөліністерге, басқа органдарға жіберілген

өтініш берушіге жауапты жіберу күні, шығыс нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Басталды:Аяқталды:Парақтар саны:Сақтау мерзімі:Қазақстан Республикасыныңішкі істер органдарындажеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөніндегіНұсқаулыққа 2-қосымшаpar Нысан

      Талонның бет жағы

ТАЛОН

___________________________________________

(Субъектінің атауы)

№ ____________________________________________

(бірегей нөмір)

Өтінішті қабылдаған

____________________________________________

(маманның Т.А.Ә. және лауазымы, байл. тел.)

____________________________________________

(қолы)

____________________________________________

(мемлекеттік органның байланыс телефоны)

20 ___ жылғы "____" _______________ сағ. ___ мин.

      Талонның сыртқы жағы

Өтінішті тіркеу және оны қарау нәтижелері туралы ақпаратты

htpp://service.pravstat.kz сайтынан,

114 телефоны арқылы (Қазақстан бойынша

қоңырау шалу тегін) немесе талон нөмірімен

1518 нөміріне SMS хабарлама* жібере отырып алуға болады

____________________________________________

  Қазақстан Республикасыныңішкі істер органдарындажеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөніндегіНұсқаулыққа 3-қосымша

      Нысан

Жеке қабылдауды есепке алуЖУРНАЛЫ

      ____________________________________________________________________

      (Бөлініс атауы)

р/с

Қабылдаған күні

Келушілердің тегі, аты, әкесінің аты

Мекенжайы, тұрғылықты жері, телефоны

Өтініштің қысқаша мазмұны

Қабылдауды кім жүргізді

Қабылдау нәтижелері туралы белгілер (қабылданған шешім)

Егер жазбаша өтініш қабылданған болса, онда шешу үшін қайда және қашан жіберілді

1

2

3

4

5

6

7

8

  Қазақстан Республикасыныңішкі істер органдарындажеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөніндегіНұсқаулыққа 4-қосымша

      Нысан

Жеке қабылдауды есепке алу карточкасы ______________________

       (органның атауы)

      № ___________

      20 ___ жылғы "_____" _________________________

      (қабылдауға жазылған күні)

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты, әкесінің аты ___________________________________________________

      Азаматтың жұмыс орны, атқаратын лауазымы ____________________________

      Тұратын мекенжайы, телефоны _____________________________________

      Қабылданған күні _______________________________________________

      Өтініштің мазмұны ______________________________________________

      Қабылдауды кім жүргізді _________________________________________

      Өтінішті қарау нәтижелері (өтініш қанағаттандырылды, бас тартылды, қажетті түсініктер берілді, ішкі істер органдарына ұйғарым берілді және т.с.с.) ___________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Жазбаша арыз ________________________________________________________

      20 ___ жылғы "____" __________________________________ қабылданды

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ______________________________________________________ жіберілді

zakon.uchet.kz

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүделері Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін іске асырудың және қорғаудың бір механихзімі  өтінііш беру болып табылады.  Бұл ретте Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарда қабылданған “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының маңызы зор.  Аталған заң жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру мен оны қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жалпы “өтініш” дегеніміз-өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға  жіберілген арыз-ұсыныс, шағым, сауал немесе үн қосу.   Өтініш жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электронды құжат нысанында беріледі. Электронды құжат нысаныендағы өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған болуы қажет.

Өтініштің бір түрі болып есептелетін “Арыз” –адамның өз құқықтары мен бостандықтарын іске асрыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардың жұмыстарындағы кемшіліктер туралы хабарлама немесе олардың қызметін сынау болып табылдады. Жазбаша өтінішке қандай талаптар қойылады?

Біріншіден, өтініш қойылған мәселелерді   шешу құзіретіне кіретін субъектіге немемсе  лауазымды тұлғаға жіберілуі тиіс;

Екіншіден, жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ,  қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекен -жайы,  арыз иесінің қолы немесе ол электрондыдық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс. Ал, заңды тұлғаның өтінішінде оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері мен күні көрсетіледі:

Үшіншіден, шағым жасалған кезде, іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немемсе лауазымды тұлғалардың  лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен, талаптары көрсетіледі.

Субъектіге тікелей жазбаша  өтініш жасаған арыз берушіге арызының тіркелген уақыты мен күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Заңның 5- бабында қарауға жатпайтын өтініштер көрсетілген.  Дайындалып жатқан немемсе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік  немесе қоғамдық   қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзіретіне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиісті жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш, мәселенің мәні баяндалмаған өтініш қарауға жатпайды. Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, өтініш қайтадан қаралады.

Бүркемеленген өтініш дегеніміз-өтініш иесін біліу мүмкін еммес, қолтаңбасы, (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы) жоқ және арыз берушінің пошталық мекен –жайы жоқ өтініш. Мұндай өтініш қарауға жатпайды.

Заңның 8- бабына сәйкес, өтінішті қарау үшін өзге  субъектілерден лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге барып тексеру талап етпейтін жеке және заңды тұлғаның өтініші 15 күн ішінде қаралады.

Егер өтінішті қарау үшін субъектілерден лауазымды адамдардан ақпарат алу  немесе  жергілікті жерге барып тексеру  талап етілетін жеке және заңды  тұлғаның өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде  қаралады және ол бойынша шешім қабылданады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда; қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге  ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі  ұзартылған кезден бастап 3 күн ішінде арыз берушіге хабарланады.  Өтініштің қаралу мерзімін субъектінің басшысы  немесе орынбасары ұзартады.

Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, өтініш түпкілікті  орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылып, күнтізбелік 3 күн ішінде бұл туралы арыз берушіге хабарланады.  Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзіретіне жатпайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін  мерзімде арыз берушіге бұл туралы хабарландырылады және өтінішті қарау құзіретіне  кіретін тиісті субъектіге жіберіледі. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді мемлекеттік тілде немесе өтініш  берілген тілде болуға , арыз берушінің  қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немемсе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

Егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер не жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе алдыңғы берілген өтініш бойынша егжей-тегжейлі тексерілген материалдар бар болса және арыз берушіге тиісіті жауаптары берілген болса өтініштерді қарау тоқтатылады. Өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің басшысы немесе орынбасары қабылдайды. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша субъектінің немесе лауазымды тұлғаның қабылдаған шешіміне  қанағаттанбаған жағдайда, бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған  лауазымды тұлғаға немесе субъектіге шешім белгілі болған  кезден бастап 3 айдан кешіктірілмей шағым беріледі. Егер шағым берудің 3 айлық мерзімі өтіп кетсе шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды, себебі  шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды қарау кезінде анықталады, бірақ шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған субъекті немесе лауазымды  тұлға болған жағдайда немесе арыз беруші қабылдаған шешіммен  келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі. Сондай-ақ, көрінеу жалған мәліметтерден тұратын өтініштерді тексеруге байланысты өзіне келген шығындарды өндіртіп алу үшін лауазымды тұлғалардың, субъектілердің сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының бас маманы-сот отырыс хатшысы А.Әбіл

 

yvision.kz


KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта