Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 

Полезные ссылки

РКФ

 

Все о дрессировке собак


Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 9-2016 журналының анонсы. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы журналы


«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 6-2016 журналының анонсы

Новости по теме

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 6-2016 журналындағы өзекті тақырыптар

«МДҰ-дағы тәрбие мен білім беру үдерісін бақылау»

Мектепке дейінгі ұйымдағы бақылау – тәрбие мен білім беру үдерісінің білім беру бағдарламалары мен МДҰ Жарғысына, МЖМБС-қа, жалпы мемлекеттік ұстанымдарға, жоспарларға, білім берудің жоғары тұрған органдарының бұйрықтарына сәйкестікті қадағалау және тексеру жүйесі.

Тәрбие мен білім беру үдерісі бірыңғай жүйеде бақылаудың маңыздылығы қағидалармен айқындалады.

«МДҰ-да балаларды бейімдеу»

Ағзаның әлеуметтік өмір сүрудің жаңа жағдайларына көндігуі, бала мінез-құлқының өзгеруімен, ұйқысының, тәбетінің бұзылуымен қоса жүреді. Неғұрлым күрделі қайта құрылу бейімделудің бастапқы кезеңінде орын алады. Бейімделу созылып кетуі және бейімделмеуге ауысуы, сондай-ақ бұл бала денсаулығының, мінез-құлқы мен психикасының бұзылуына әкелуі мүмкін. Баланың МДҰ-да бейімделу үдерісі ұзақ жүреді және ағзаның физиологиялық бұзылуын қоздыруы мүмкін.

Дәрігерлер мен психологтар бейімделу кезеңінің 3 сатысын бөліп қарайды.

«МДҰ қызметі үшін ата-аналардың берешектерін есепке алу»

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бұдан әрі – МТО) бойынша көрсетілген қызметтерді ата-аналардың төлеуі кез келген меншік түріндегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) үшін өзекті мәселе. Көбінесе МТО бойынша қызмет көрсету шартында алдан ала төлеу, яғни, ағымдағы ай үшін осы айдың бірінен бастап оныншы күніне дейінгі кезеңге арналған төлем көзделеді. Төлем кезеңі әдетте, еңбекақы төлеудің заңда белгіленген шекті мерзімдері ескеріле отырып таңдалады (23.11.2015 ж. № 414-V ҚР Еңбек кодексінің 113-бабында жалақыны есептік айдан кейінгі келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей төлеудің мерзімі көздеген). Ата-аналардың көрсетілген қызметтерді төлеу бойынша кредиторлық және дебиторлық берешектері әр түрлі себептерге байланысты туындайды. МДҰ-ның бухгалтерлік есебінде берешектер бойынша жағдайларды қалай дұрыс көрсетуге болады?

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Журналға жазылуды редакцияда тиімді баға бойынша ресімдеңіз

edu.mcfr.kz

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 9-2016 журналының анонсы

Новости по теме

Мектепке дейінгі ұйым, журнал, заңгерлік кеңестер, ұжымдық шарт, баланың психологиялық дамуы, диагностикалау, еңбекақы төлеу, жаңа ережелер

ҚР Еңбек кодексінің 1 - бабы 1 - тармағының 79) тармақшасына сәйкес, ұжымдық шарт (бұдан әрі – ҰШ) – ұйымдағы әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.

ҰШ бір жағынан қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеуге, еңбек құқығының жергілікті нормаларын құруға еңбек ұжымының тікелей қатысу актісі, екінші жағынан ұйымды басқаруға қызметкердің, олардың еңбек ұжымының қатысу актісі, болып табылады, өйткені өндірістік демократияны және қызметерлердің жергілікті құқықты белгілеуге қатысуын дамыта алады. Онда қызметкерлер мен жұмыс берушінің мүдделері көрініс табады, өйткені ҰШ әлеуметтік серіктестер мүдделерінің консенсусынан тұрады. ҰШ құқықтық, экономикалық - әлеуметтік және саясаттық рөлі осыны білдіреді. Оның қазіргі замандағы рөлі артуда.

Мониторингті ұйымдастыру кезінде Л. С. Выготскийдің оқытудың дамудағы жетекші рөлі туралы қағидалары ескеріледі, өйткені ол екі компонентті: білім беру үдерісінің мониторингі мен балалар дамуының мониторингін қамтиды. Біріншісі білім беру бағдарламаларын игеру нәтижесін қадағалау арқылы, екіншісі – баланың біріктірілген қасиеттерінің дамуын бағалаудың негізінде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісінің мониторингін («Қажетті дағдылар мен машықтарды игерген» интегративтік қасиетінің дамуына сәйкес келеді) мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен психологтар жүргізеді.

Қызметкер мен жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша еңбек қатынастарын реттеуші негізгі құжат – 01.01.2016 ж. күшіне енген, кейіннен толықтырулар мен өзгертулер енгізілген 23.11.2015 ж. № 414 - V ҚР Еңбек кодексі болып табылады. Мемлекеттік мекемелердегі еңбекке ақы төлеу мөлшері «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес белгіленеді. Сыйлықақы беру және еңбекті ынталандырудың өзге де жүйесі және т. б. жайлы осы мақаладан оқыңыз.

edu.mcfr.kz

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 2-2015 журналы

Новости по теме

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 2-2015 журналындағы Алматы облысының «Текелі қ. білім бөлімі» ММ өзекті тақырыптары

«ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі»

«ACTUALIS: Білім беру» ЭЖ – бұлмектеп, колледж және мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтарына,сондай-ақ білім басқармасы (бөлімі) органдары мамандарына арналған күнделіктіжаңартылып отыратын көпфункционалды анықтамалық-сараптамалық жүйе, оғанИнтернет арқылы тәулігіне 24 сағат бойыонлайн режімде кіруге болады. Оның көмегімен білім саласындағы кез келгенмәселенің жауабын және оны шешу бойынша толық нұсқаулықты оңай табуға болады,оларға қолданыстағы заңнамаға сілтемелер қоса тіркелген.

«Мектепке дейінгі білім берудің жай-күйі мен болашағы»

З. К. Игембаева, «Текеліқ. білім бөлімі» ММбасшысы

«ҚРбілім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынбекіту туралы» ҚР Президентінің 07.12.2010 ж. № 1118 Жарлығы, сондай-ақ ҚРҮкіметінің Қаулылары жалпы алғанда білім беружүйесін құрайтындардың бірі ретінде, мектепке дейінгі тәрбие және білім берудідамытуға арналған стратегиялық маңызды құжаттар болып табылады.

«МДҰ жәнемектептің өзара әрекеттесу проблемасы»

Р. К. Базарбаева, «Текелі қ. білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Г. Т. Байсеитова, «№ 4 балабақша» МКҚКәдіскері

Білім берудегі неғұрлым өзекті проблемалардың бірі – мектепке дейін білімберу мен және мектепте білім беру арасындағы сабақтастық проблемасы. Онықарастыру қажеттігі оқыту және тәрбие берудің мақсаттар мен міндеттеріндегі,мазмұны мен әдістеріндегі нысандары мен ұйымдастырылуындағы сабақтасбайланыстың бұзылуынан, сондай-ақ қоғамда мектеп жасына дейінгі және кішімектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу сапасына қойылатын талаптардың өзгеруісебепті пайда болды.

«БалабақшадағыSMART Board»

Г. В. Воронина, «№ 2 балабақша»МКҚК әдіскері

Дағдылы жәнедәстүрге айналған бағдарламалармен қатар қазіргі кезде интерактивтік тақтакеңінен қолданылады, бұл сабақты түрлендіруге, оларды ашық және қызықты етіпөткізуге көмектеседі. Материалды SMART Boards бағдарламасының көмегімен жаңатүрде беру кез келген жастағы пайдаланушыларға арналған қазір және осы жердекөрсетуден тұрады және білім берудің үздіксіз тиімді үдерісінің сүйемелдеугемүмкіндік береді.

edu.mcfr.kz

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 3-2016 журналының анонсы

Новости по теме

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 3-2016 журналындағы өзекті тақырыптар

«Ұжымдағы оң психологиялық ахуал»

Ұжымдағы салауатты психологиялық ахуал МДҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін мемлекет қоятын талаптарға сәйкес іске асыруға мүмкіндік береді және тиісінше түлектердің үлгерім деңгейіне әсер етеді.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»

Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға мектеп жасына дейінгі балалардың қызметін ұйымдастырудың ауызша түрдегі дәстүрден тыс әдістері үлкен мүмкіндіктер береді. Бұндай әдіске «Синквейн» («Бес жолды өлең») жатады. Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі-түсті үшбұрыштарды қолдану арқылы өлең жолдарын құрауға үйретуге болады.

Сонымен қатар, мектеп жасында кезеңде «Кластер» және «Венн диаграммасы» әдісін қолдануға болады. Бұл әдістердің көмегімен құру суреттер арқылы жүзеге асырылады.

«Бейнелеу өнеріндегі дәстүрден тыс әдістер»

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу кезінде бейнелеу қызметінің дәстүрден тыс техникасын қолдану, әр баланың бойындағы сенімсіздік, шыдамсыздық, қорқыныш сезімдерін сейілтуге көмектесетін, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге, өз еңбегінің нәтижесінен ләззат ала білуге ықпал ететін, табиғатында болуы мүмкін шығармашылық қабілетін дамытуда бірден бір таптырмас құрал болып табылады.

«Қорларды есепке алу»

Журналымыздың осы санынан бастап, біз «Мектепке дейінгі ұйымдардағы қорларды (босалқыларды) есепке алу» атты жаңа тақырыпты қарастыруды бастаймыз. Өткенде біз негізгі қорларды есепке алуды қарастырған кездегідей, бұл тақырып бірнеше журналда жарияланатын болады, сондықтан шығарылымдарды жіберіп алмаңыздар.

Аталған тақырып мынадай мәселелерді қамтиды:

Қорларды анықтау және өлшеу.

Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу жүйесі.

Қаржылық есептілікке берілетін түсіндірме жазбада ақпаратты ашу.

edu.mcfr.kz

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 4-2016 журналының анонсы

Новости по теме

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 4-2016 журналындағы өзекті тақырыптар

«Жан басына қаржыландыру әдісі арқылы мемлекеттік тапсырыс»

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын (бұдан әрі – МББТ) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, үлгісі мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда МББТ орналастыру үшін белгілі бір рәсімдерден өту қажет.

«Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу сапасы»

ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жаңа нормативтік құжаттарға және Үлгілік бағдарлама талаптарына сәйкес, МДҰ басшылары мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыретін қалыптастыруға бағытталған білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша білімнің негізгі көлемін игеруі тиіс.

Үлгілік бағдарлама білім беру үдерісінің дамытушы ортасында іске асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбие беру, дамыту, үйрету міндеттерінің тұтастығын қамтамасыз етеді.

«Тауарлық-материалдық қорларды есепке алу»

Мектепке дейінгі мекемеде ТМҚ міндетті тәртіпте жауапты тұлғалардың материалдық жауапкершілігінде болу тиіс. Жауапкершілік «Толық материалдық жауапкершілік туралы шарт» негізінде бекітіледі.

Шарт екi данада жасалады және мемлекеттік ұйым басшысының және материалдық жауапты тұлғаның қолдарымен куәландырылады, шарттың бiрiншi данасы басшыда, екiншiсi материалдық жауапты тұлғада қалады.

«Сыйлықақы беру тәртібі»

№ 1193 қаулыға 24 және 25-қосымшаларға сәйкес, мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі айқындалған.

Сыйлық ақы беру туралы ережені дұрыс ресімдеу маңызды. Ол неғұрлым толығырақ әзірленсе, жұмыс берушіге әрбір қызметкерге қатысты сыйлықақы беру туралы шешімді дәйектеу жеңіл болады. Бұдан басқа бұндай құжат жұмыс берушінің төленген сыйлықақының заңдылығы туралы инспектормен туындаған дауды жеңуде мүкіндігін арттырады.

edu.mcfr.kz

Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы

  • Рубрикатор
  • Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы

17 июля 2018

Балабақша меңгерушісінің қызметінде барлық басқару міндеттері маңызды, олардың қайсыбірін алып тастау немесе сапасыз орындау түгел басшылықтың іркілісіне алып келеді. 8

14 июня 2018

Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді. 323

28 мая 2018

Балаларды балабақшада өрт туындаған жағдайда тыныш және батыл әрекет етуге үйрету маңызды. 43

18 мая 2018

Балабақша меңгерушісіне орынжайларды безендіруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге аса назар аудару керек. Ал жөндеу жұмыстарын жиі және көп жүргізуге тура келеді: жеке нысандар (жиһаз, сантехника және т. б.), орынжайлар мен жалпы ғимарат. 133

11 мая 2018

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке қабілетсіздік парақтары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. 103

edu.mcfr.kz

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 3-2015 журналы

Новости по теме

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 3-2015 журналындағы өзекті тақырыптары

«ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі»

«ACTUALIS: Білім беру» ЭЖ – бұлмектеп, колледж және мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтарына,сондай-ақ білім басқармасы (бөлімі) органдары мамандарына арналған күнделіктіжаңартылып отыратын көпфункционалды анықтамалық-сараптамалық жүйе, оғанИнтернет арқылы тәулігіне 24 сағат бойыонлайн режімде кіруге болады. Оның көмегімен білім саласындағы кез келгенмәселенің жауабын және оны шешу бойынша толық нұсқаулықты оңай табуға болады,оларға қолданыстағы заңнамаға сілтемелер қоса тіркелген.

«Бақылаутүрлері, нысандары және әдістері»

Л. П. Юняева, «№ 16 «Алтынай» балабақшасы» КМҚК директоры, Қарағанды қ.

Р. Х. Гарифуллина, жаңашыл педагог

Бақылауды ұйымдастыра, оның сан алуан түрлерін, нысандары мен әдістерінқолдана, әкімшіліктің құзыретін сауатты белгілей, оны жүргізу барысындақателіктерге жол бермей, оның қорытындысын шығару және талқылау кезінде кейбірэтикалық ережелерді ұстана отырып, басшы қызметкерлербойында МДҰ-ның тиімді қызметініңқажетті талаптары ретінде бақылауға деген іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыраалады.

«Тексеру кезеңінде ұжымды психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу»

С. Ю. Новичкова, «№ 82 балабақша»МКҚК педагог-психологы, Алматы қ.

Қазіргі заманғы мектепке дейінгіұйым – қалыпты қызметі өзара байланысты көптеген буындардың үйлесімді жұмысынабайланысты күрделі құрылым. Бір буындағы жұмыстың бұзылуы МДҰ-дағы барлықжұмысқа кері әсерін тигізеді. Психологиялық мониторинг МДҰ-дағы еңбеккеқабілеттіліктің төмендеуіне әкелетін себептерді анықтауға мүмкіндік береді.

«Корпоративтіктабыс салығы бойынша декларация»

В.П. Проскурина, бухгалтер-практик САР, г. Алматы

Салық салудың жалпы белгіленген режимін қолданатын МДҰ-лар 2014 ж. табыссалығы бойынша Декларацияны 100.00 нысаны бойынша берулері тиіс. Яғни,оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатындар (МДҰ-ларарасында осындайлар да бар) – жарты жылда 1 рет 910.00 нысаны бойынша есепбереді, жылдық салық есептілігін бермейді.

edu.mcfr.kz


KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта