Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 
Полезные ссылки

РКФ

Все о дрессировке собак

Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан" газеті. Қазақ газеті және айқап журналы

Қазақ газеті және Айқап журналы диплом жұмысы » TopReferat.com.kz Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық, презентация

Жоспар - www.topreferat.com.kz

Кіріспе............................................................................................3

І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері

1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер.............................................................................................10-24

1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті...................25-33

ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі

2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі.........................................................................................34-48

2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі.............................48-57

Қорытынды....................................................................................58-60

Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63

Жұмыс түрі: Дипломдық жұмысЖұмыс көлемі: - бетПәні: Журналистика

-----------------------------------------------------------------------------------ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

Жоспар

Кіріспе............................................................................................3

І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және1.1 “Қазақ газеті” және “Серке”1.2 “Айқап” журналы және ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері –Қорытынды....................................................................................58-60

Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді басылымның тарих дерегі3

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеушыққан алғашқы газеттер мен ұлттықБітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ұлттық деректеріміз Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне4

деректерді “өңдеу” барысында , сол жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен . Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеуҚазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндеҰлттық бейресми басылымдарға берілген алғашқы“30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш5

қозғалысының түп нұсқалық деректері жарияланып1966 жылы “Айқап” журналы ҚазақстанЕгер ресми газеттер “Түркістан уалаятыныңҚазан төңкерісіне дейінгі қазақ мерзімді“Халықтар татулығы және ұлттық тарих6

1998 жылы ұлттық басылымдарды зерттеуҚазақстан тарихнамасында бірінші рет жасЕліміз тәуелсіздік алғаннан кейін , яғни7

Дулатовтың “Айқап” , “Қазақ” т.б. басылымдарындаБітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың деректік негізініңСоңғы онжылдықта жариялана бастаған ұлттықеңбектерінде мерзімді басылымдар мәліметтерінің деректікБітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: - ХХ ғасырдың басындағы- “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш 8

тарихи дерек көзі ретінде пайдалану

- “Айқап” журналы және “Қазақстан” - “Қазақ” газетінің шығуын , қалыптасуын жәнеБітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе , қорытынды 9

І тарау. Ұлттық-бейресми басылымдар және олардың1.1. “Қазақ газеті” және “Серке” –Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттықҰзақ жылдар бойы қазан төңкерісінеЖалпы ел тарихында , оның ішінде10

өзіндік орын алған , аталған газетсаналы іс әрекеттерінің салдарында дүниеге Өркениетті халықтар тарихында , олардың ұлттықЕкі бірдей ұлттық басылымның ғасыр11

қазақ жұрты да басқалардың дүбірінеСол қазақ жұртының қолға алғанАлғашқы бейресми газет шығару мәселесіБұл екі газеттің де өмірлерінің тым Алғашқы қазақ тілінде шыққан тұңғыш12

алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келгенАл , журналист Т. БоранғалиұлыБұған айтарымыз , біріншіден , Қазақстан баспасөзінің тарихын зерттеушілердің бірі13

газеттері , “Айқап” журналы (1911-1915) – бәрі Мұндағы автордың “Дала уалаяты газетінің” Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ газетінің” деЕкіншіден , “Дала уалаятының газетінің” тарихитінту , абақты , штрафтан... көзі ашылған14

Сонымен , қазақ тілінде шыққан тұңғышбейресми газет туралы үш түрлі“Серкені” алғаш ұлттық газет ретінде М. Дулатұлының бұл пікірін ағамыз Міне осылай алғашқы ұлттық төлкөрсетсе , екінші жағынан , бұл мәселені“Қазақ газеті” (1907) мен “Қазақ” (1913-1918) демократиялық бағыттағы , ұлттық-бейресми басылымдар болғанымен15

аттары ұқсас , екі басқа басылымдар“Cеркенің” жарыққа шыққан күні туралыхалқының мүддесі үшін күрес екендігін“Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген ,Патша үкіметінің және оның жергілікті16

өмір-сүруімен келісе алмайтығындығы , оны тезірекОл туралы қазақтың тұңғыш журналыҚошығұлов “Серке” есімді журнал шығара бастапСол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев1907 жылы шыққан “Нәжет” (Азаттық) деген17

мақсатымыз” атты бас мақаладан көругеӨлеңнің бірінші шумағында:

Найзаменен түртсе де,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, аллай-ай!

десе , соңғы шумағында:

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?

дейді /37/. Бірінші шумақтан М. Дулатовтың бүкіл Патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып“Қазағым менің, елім менің!

Ең алдымен қазақ халқы – Россияға... Өздеріңіз көз жазбай байқап 18

істеді...

Енді бұл чиновниктер қазақ даласынаҚазақ жеріне бұл мұжықтарды неКезінде Петербург баспасөз істері комитеті1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі19

оның қосымшасы “Серке” алынып , сот1913 жылғы мамырдың 15- күні ол жойылды”Санкт-Петербург мемлекеттік тарих мұрағатының қорындаСонымен , ғасыр басындағы қазақ баспасөзін ретінде , келешек бейресми , ұлттық бағыттағы Ондай тұжырым жасауға , біздің 20

шығарушыларының бірі болуы . Демек , олсабағын ескерері түсінікті .

Екіншісі , “Қазақ газетінің” бірінші саныныңҮшіншісі , қазақтардың ХХ ғасыр Бұл мысалдар кейінгі мерзімді басылымдардыСонымен , тарихы мен тағдыры судыңсол міндет, сол мақсат жолында21

есептелінуі әділеттілік . Олай болса , қазақАқырында , бір-ақ қана нөмірлерінің Қазақ халқының жоғын жоқтап , мүддесін22

Егер большевиктер диктатурасына дейінгі дүниегетіліндегі газет-журналдардың тарихына көз салсақБасылымдардың дүниеге келуінің тарихи жағдайларыПатшалық самодержавие жағдайында болады . Ұлт Отаршылдық саясаттың салдарынан бейресми ұлттық23

шығару тек 1905-1907 жылдардағы толқулардан кейінКез-келген деректің пайда болуының объективті“Қазақстан” газетінің шығуы туралы журналистқаражаттарын ортаға салып , қазақ тілінде24

- дейді /38/.

“Айқап” журналы оның әрі шығарушысы1.2. “Айқап” журналы және “Қазақстан”Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911М. Сералиннің 1906 жылдан бастап ана тілінде бірінші рет журнал25

кіріскендігін оның замандастары да растайды“Алты миллиондай халықтың ортасында бірЖурналдың шығуына бір жыл толуынаӘуелі, мәтбуға қожасы Сосновскийге арзан 26

Кеңестік тарихнамада айтылғандай , журналдың өзіментұрған “Қазақ” газетінен басты айырмашылығыХХ ғасыр басындағы ұлт алдында“Айқап” журналы М. Сералиннің бастамасымен “Айқап” журналын дерек көзі ретінде27

тарих дерегі ретінде қарастыруда Ү.Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү. 1999 жылы шыққан “Қазақ халқыныңЖұбанов Құдайберген , Досмұхаметов Халел , Ермеков28

Қоңыратбаев Қалжан , Мәрсеков Райымжан , СейтовҰлттық бейресми басылымдар арасынан ҚазақстанМысалы , зерттеушілер М. С. Бурабаев пен“Қазақстан” газетінің қай жылы қанша29

айына дейін барлығы 9 нөміріДегенмен , зерттеушілердің көпшілігі “Қазақстан” газетінің Ал , шындығында “Қазақстан” газетінің бастапқықаласында он шақты нөмірі шығып“Қазақстанның” 27 қаңтарда шыққан бірінші 30

Сол жылдың 16 ақпанында шыққанСонымен , “Қазақстан” газетінің 1911 жылыЖалпы , алғашқы қазақ басылымдарына қатыстыБір уақытта дерлік шыға бастағанМысалы , “Айқап” журналы өзінің 1912журналымыздың көп ой жүргізетұғын мәселесіболуды жоғалту хақында болар... Үшіншіхақында қалайынша тәрбиелер жасау керек31

Төртіншіден , қатын-қыздарымыздың кемшілікте тұрғандықтарынЖурнал мен газеттің мақсат-міндеттерінің бірлігіКелтірілген мысалдар “Айқап” журналы менқазақ тілінде шыққан не бары32

демократ” , екеуін “ұлтшыл-кертартпа” деп бұлай Ұлт дамуын жол айрығына әкепДемек , “Қазақ баспасөзінің тарихында негізінде“Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеті33

ІІ тарау “Қазақ” газеті - Қазақстан2.1. “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуыӨмір айнасы деген атаққа иеСонымен қатар , газеттер мен журналдар1998 жылдың басында Қазақстан Президенті34

түсініп-түйсінеді , яғни өз елі , өзОсындай біздер үшін өз еліміздіңТарих сияқты тарихи деректердің деМіне осындай , қазақ халқына ғанаҚазақстанның ХХ ғасырдың басындағы тарихын35

ғылымға берер мағлұматтарының Қазақ аспанын қара бұлттай торлағанАтап айтсақ , “Қазақ” екі Біздің бұған қосарымыз “Қазақ” тек36

империяның көз алдымызда күйреуі нәтижесіндеЖұртшылыққа танымал қазақ ғалымының бұл37

жинағын кітап түрінде жарыққа шығардыДегенмен , тарихи дерек көзі ретіндеБұл жерде зерттеушілердің “Қазақ” газетінің36

қоғамдық өзгерістер “Қазақты” да осындайХХ ғасырдың басындағы ұлттық бейресми“Қазақ” сияқты , қазақ баспасөзі тарихындаҚазақтардың күнделікті мұқтажын айқындап отыру37

жасап , белсенділік көрсеткен келешек газет“Қазақ” газетінің пайда болуы жәнеЖалпы бұлай етуге бүгінгі Оразай“Қазақтың” қайта шығуына келсек -38

шыққан . Бірақ , көп ұзамай “Қазақ”Газеттің болашақ редакторы Ахмет БайтұрсыновтыңСонымен , ұзақ жылдарға созылған алдын“Қазақ” газеті өзінің алғашқы 39

Ахмет Байтұрсыновтың меңзеп отырғаны қазақГазет шығарушылардың “Қазақ газеті” мен40

Тек , 1917 жылғы ақпан 1917 жыл туралы “Қазақ” , “ӨткенБірақ , 1917 жылдың күзінде Ресейдің41

өз қолдарына күшпен тартып алыпҚазан төңкерісінен кейінгі , әсіресе соңғыӨз кезегіндегі кеңес үкіметі деҮш күнге созылған соғыстың нәтижесіндеқұдайға шүкір , бүгін жарық дүниеге44

тағы аралап отыр . Сағынып көрген жұртынаГазеттің соңғы нөмірлерімен тереңірек танысуМерзімді басылымның сипатын , оның қоғамдық-саясиАл , енді өзіміздің негізгі зерттеуәулетке тән газет . Үшіншісі – газет45

халықтың қолдауымен , газетті жаздырып алушылардыңГазеттің қаражат көздерін арнайы зерттегенГазет өмірге келіп , өз жұмысынДегенмен , бір қолдың саусақтарымен санапқойған міндеттеріне түбегейлі өзгерістер енгізбей46

шығарушылардан бұрын-соңды еш қазақ кездесіпБірақ , “Қазақтың” мұндай шуақты Міне осылай , айналасы бірнеше жылдыңСонымен , “Қазақ” газетінің өзінің объективтіболғандығы , оның қалыптасқан әрбір объективті47

нақты бағыт-бағдары , алдына қойған мақсаттарыҚайталанбайтын деректердің деректік маңызы , оларданБүгінгі күні - тәуелсіз Қазақстанның Тарих ғылымының негізін тарихи “Қазақ” газетінің авторларының жалпы саныСолардың бірі мазмұндылығымен , ұлттық мерзімді48

көтерген мәселелерінің маңыздылығымен , өзіне еріксіз“Қазақ” газеті халықтың рухани және2.2. “Қазақ” газеті мәліметтері – бірінші“Қазақ” газеті жарыққа шыға бастаған49

Ресейдің , онымен бірге Қазақстанның даІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ҚазақстанАл , екінші бір бөлігі , яғниХалық өміріне қатысты тарихи деректердің50

әскери жеңістер мен жеңілістердің ғанаБіз зерттеу объектісі ретінде қарастырып“Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі “Қазақ” газетінің бірінші күннен бастапарнаулы мақалалар басылған .Оқу жайы табылады .

Зерттеуші Ө. Әбдіманов газет алдына Иә , өмірдің қай саласынан болмасын52

айтылған . Газет шыға бастаған біріншіОның ең басты объективті себебіЕкіншіден , басқарма тарапынан газетке хабарҮшіншіден , апталыққа мақала жазып тұруға53

ұмытпасқа керек” - деп жазса , кейінірекБұл газет шығаруға өз үлестерінСонымен қатар ерекше көңіл аударатынХІХ ғасырдың соңы мен ХХДемек , Абай туындылары мен54

білгендері, олардың ел тарихының дерегі“Қазақ” газетінің материалдарының деректік Дегенмен , ескертетін бір жағдай , ол55

келді . Бұл тәсіл көп ұзамай-ақБаспасөздің ұлт мүддесі үшін Газеттің 1913 жылдың басынан бастапБіріншіден , газетте басылған мақалалар елдерлік қамтыған . Сондықтан , зерттеушілер 56

аласапыран алдындағы бейбіт өміріне ,Екіншіден , газетте жарияланған мақалалардың басымҮшіншіден , Абай шығармашылығының , Абай даналығының57

Қорытынды

Сонымен , ХІХ ғасырдың соңыҚазақ зиялыларының газет шығару ісіндегіСонымен , егер алғашқы қазақ Қазан төңкерісіне дейін елімізде оннан58

жарық көрді . Олар негізінен екіРесми орындардың рұқсатымен шығып тұрғаныменҰлттық басылымдардың сипатына , бағыт бағдарына“Қазақ” газетінің тарих дерегі ретіндегібірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы жылы59

қазақ халқының соңғы бейбіт жылғыҰлттық басылымдар тарихының жаңа кезеңіСонымен , ХІХ ғасырдың соңы менЖалпы , қазақ баспасөзін тарихи дерекӘ. Бөкейхан , А. Байтұрсынұлы , М. Дулатұлы 60

Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі

Ключевский В.О. Сочинения в девяти Сонда.

Атабаев Қ. Мерзімді басылым ХІХ ғасырдыңСонда. Б. 21-27.

Сонда. (27-35).

Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918). Алматы:Сыздықов С.М., Айдаров Ғ. Орхон жырлары –Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы:“Қазақтың” жабылуы... //Бірлік туы. 1918. 20(7) февраль. № 22.

Нұрпейісов К. Алаш һәм ... Б.22.

Мақалалар.

“Қазақ” газеті. Жинақ. Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы. 1998.Сақов Қ.Ө. “Қазақ” газетіндегі ұлттық-саяси мәселелердің жазылуы. Ф.ғ.к.дисс. автореф.Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 296 б.Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы:Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: Атамұра, 1993. 128-б.

Ахмедов Ғ. Алаш “Алаш” болғанда. Алматы: Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Алматы: ЖетіӨзбекұлы С. Арыстары алаштық. Алматы: Жеті жарғы,Қалиұлы Ж. Мамания. Алматы: Атамұра, Субханбердина Ү. Қазақ баспасөзі тарихынан //Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі //61

“Қазақ”. 1913. № 28.

Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. ҚазақӘбдіманов Ө. Қазақ газеті. Б.24.

Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі Сонда.

Боранғалиұлы Т. Ел атауына ақ Тайшыбай З. Қазақтың қазақтан басқа “Қазақ”, 1917 жыл, № 239.

Дулатұлы М. Баспасөз үмесі // Еңбекші Исақанұлы Д. Барлық мүддеден жоғары //Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф., Көрсетілген“Айқап”. Жинақ. Алматы, 1985. Б.20.

Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.37б

Боранғалиұлы Т // Егемен Қазақстан, 1997,Субханбердина Ү. “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Мазмұндалған библиографиялықНығметов Е. “Қазақстан” газеті. //Білім және еңбек. 1964. №5.

Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. Алматы: Жеті жарғы.Субханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары. Б. 62.

“Қазақ” газеті. Жинақ. 1998. Б.16.

Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан.Не екен ойландырған арыстарды? // Ақиқат, 1998, № 4,“Қазақ”, 1993, № 266.

М.Д. (Дулатов М.) “Айқап” журналы //Қазақ, 1914, № 51,“Қазақ”, 1913, № 1.

Дулатов М. Қазақ баспаханасы //Қазақ, 1917.“Қазақ” газеті. Жинақ. Б.421.

Сақов Қ. “Қазақ” - өзін-өзі қаржыландырған газет //КазМУ хабаршысы.62

“Қазақ” 1915. № 101.

Назарбаев Н. Тарих толқынында. Б.163.

“Қазақ” газеті. Жинақ. Б.75.

А.Б. Қазақтың бас ақыны. “Қазақ” газеті. Жинақ.63

Қазақстан Республикасының Білім және ҒылымД.А. Қонаев атындағы Университет

Әлеуметтік және ізгілік пәндер кафедрасы

Диплом жұмысы

Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Ғылыми жетекші: т.ғ.д. профессор Қ.М.Атабаев

Орындаған: тарих тобының 5 курс студенті ҚалиеваАлматы, 2006

topreferat.com.kz

“Қазақ” газетiнiң шыққанына 100 жыл толады

Келесi жылдың ақпан айында "Қазақ" газетiнiң ал­ғашқы санының шыққанына бiр ғасыр толады. Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрған басылым жаңа қазақ тiлiнде шынайы кәсiби газет стилiн қалыптастырды, зор ағартушылық рөл атқарды.

Бiрiншi болып 1870-82 жылдар аралығында Ташкентте "Түркiстан уалаятының газетi" шықты. Түркiстан генерал-губернаторының ресми үнқағазы - "Туркестанские ведомости" газетiне қосымша ретiнде қазақ және өзбек тiлдерiнде алма-кезек шығып тұрды.

Бұл басылым жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесi жанынан "Дала уалаятының газетi" деген атаумен екiншi басылым жарық көре бастады. Жаңа газет 1894 жылға дейiн шықты. Ресми тарихнама бойынша, аталған екi басылым мерзiмдi қазақ бас­пасөзiнiң басы деп саналады.Көп ұзамай, өзге басылымдар шыға бастады. 1905-07 жылдардағы бiрiншi орыс төңкерiсi тұсында шығып, қазақтың қоғамдық өмiрiне онша ықпал ете алмай ғайып болған "Серке" және "Қазақ" газетi солардың қатарында.

1911 жылы шыға бастаған өзге екi басылым - "Қазақстан" газетi мен "Айқап" журналы әлдеқайда салмақты көрiндi және дәуiрi ұзағырақ болды. 15 нөмiрi жарық көрiсiмен, отаршыл билiктiң күштеуiмен жабылған "Қазақ" газетiне қарағанда, 500 данамен басылатын "Айқап" журналының тұрақты оқырмандары қалыптасқан едi. "Айқап" журналының алдыңғы басылымдардан, әсiресе, патша әкiмшiлiгiнiң ресми баспа үнi болған "Түркiстан уалаяты" мен "Дала уалая­ты" газеттерiнен ерекшелiгi - журналда қазақтың ХХ ғасыр басындағы әдеби-мәдени қозғалысы мен қоғамдық пiкiрiнiң дамуы айтарлықтай көрiнiп тұрды.Сорбонна (Париж) университетi зерттеушiлерiнiң мәлi­метiнше, "Тарихшылар, педагогтар, лингвистер мен ақындардан құрылған тамаша ұжымның арқасында "Айқап" журналы өте жақсы көркемделген 20 бет болып басылып тұрды" және "Әдеби қазақ тiлiнiң қалыптасуы мен әдебиеттiң дамуына едәуiр үлес қосты, ұлттық мәдениетке ерекше ден қойған журнал көп iзденiсiн халық шығармашылығы мен қазақ этнографиясына арнады". Ахмет Байтұрсын­ұлының да қазақ тiлi бойынша тұңғыш зерттеулерiн осы "Айқап" журналында жариялағанын айта кеткен дұрыс. Алайда 1915 жылы 80-нен аса саны жарық көрген, қазақтың тұңғыш ағартушы журналы болған "Айқапты", бiр мәлiмет бойынша, отаршыл әкiмшiлiк күштеп жапты, басқа дерек көздерiне сәйкес, қаржы тапшылығынан жабылды.

Әли­­хан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы және басқалар бастаған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары жалпыхалықтық газет ашумен 1905 жылдан айналыса бастады. Алдымен олар "18 ақпан жарлығы" шығысымен  өздерiнiң саяси талаптарын әйгiлi "Қарқаралы петициясына" тiзiп жазып, осы жарлыққа қол қойған орыс патшасының атына поштамен  жөнелтедi.

Петицияның 3-тарауында: "Қазақ халқының қазiргi мұқтажын айқындау үшiн қазақ тiлiнде газеттер басып шығару қажет, ол үшiн бастапқы цензурасыз баспахана ашуға және газет басуға рұқсат сұрау емес, құлақтандыру тәртiбiн орнату керек болады" деп жазылған едi.Сол жылғы желтоқсан айының басында ақпарат көзi ретiнде Санкт-Петербургтiң "Новая жизнь" газетiн сiлтеп көрсеткен семейлiк "Семипалатинскiй листокъ" "17 қазан манифесi мен одан кейiнгi тұста Ә.Бөкейхановтың қазақ тiлiнде газет басып шығару үшiн қырға кеткенiн" хабарлады. Ал қараша айын­да Бөкейхан Ресейдiң "жергiлiктi (земский) және қалалық қайрат­керлерiнiң" Мәскеудегi съезiнде қазақтың сөз бостандығына зәру екенiн айтып сөз сөйледi. Ол: "Ана тiлiн еркiн қолдану қазақтардың таяу арадағы мұқтажы, сөз бостандығы әсiресе алдағы сайлау науқанына қажет" деп мәлiмдедi.

Тарихи деректерге қарағанда, "Қазақ" деген атаумен қазақ газетiн шығаруға ресми рұқсат Ахмет Бай­тұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9-ы күнi берiлген. Ал апталық "Қазақ" газетiнiң алғашқы саны 1913 жылғы ақпанның 2-сiнде жарық көрдi де, 1915 жылдан аптасына екi рет шығатын болды. Газет қолдан қолға, ауылдан ауылға өтiп, тозып жетiп жыртыл­ғанша оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркiстан уалаяттарына немесе 9 облыс және 1 губернияға бөлiнген (Қыр баласы. Қазақ. "Қазақ" газетi, 1913 жыл, № 8) Қазақстанның түкпiр-түкпiрiндегi жұрт жаздырып алды. "Қазақ" газетiн метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскiге дейiнгi университеттерiнде бiлiм қуып жүрген қазақ студенттерi жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседi. Аз уақыт iшiнде "Қазақ" 5 миллионға жуық көшпендi халықтың көпшiлiгi бiлетiн басылымға айналды.

Ал­ғаш жарық көрген күнiнен бас­тап "Қазақ" газетi қазақ даласының қоғамдық-саяси және мәдени өмiрiне бес жылдан ұзақ жападан-жалғыз қызмет еттi. Оған қоса өзiнен бұрынғы басылымдардың бiрi де жаңа газетпен не сапасы, не көтерген тақырыптарының сан-салалығы, не таралымы жағынан тең келе алмады. Бiрiншi жылы 3 мың таралыммен шығып тұрған "Қазақтың" таралымы, Оксфорд университетi зерттеушiлерiнiң мә­лiметiне қарағанда, көп кешiкпей 8 мыңнан асып жығылды. Бұл өзiнен бұрынғы басылымдардың бәрiн қос­қанда да көп болады. Егер "Серке" мен "Қазақ газетi" немесе "Айқап" журналы оқыған және қалталы қазақтардың арасынан шыққан бiр азаматтың немесе санаулы халықшыл азаматтың кездейсоқ және жеке бастамасымен пайда болса, "Қазақ" газетi тиянақты мақсат-мүдденi көздеп, тұрақты қаржыландыру көзiне сүйенген ұжым едi.

Егер қайсыбiр басылым, мысалы, "Қазақстан" мен "Қазақ газетi" немесе "Айқап" негiзiнен қаржының жетiспеуiнен тоқтап қалған болса, "Қазақ" газетiнiң сенiмдi демеушiлерi болғанына мынадай дәлел бар: газет шығып тұрған 1913 жылдың ақпанынан 1917 жылдың соңына дейiн оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлы сан рет тұтқынға алу немесе айыппұл төлеу секiлдi түрлi жазаға тартылса, абақтыға жабылған әр жолы бiрнеше мың патша рублi мөлшерiнде ақшалай кепiлдiк төлеп босап шығуына тура келетiн. Ол заманда мұндай қаржыға "Қазақ" секiлдi бiрнеше газет ұйымдастырып басып тұруға болатын.

Әлихан Бөкейхан 1910 жылы Санкт-Петербургта жарық көрген "Қазақтар" атты тарихи очеркiнде атап көрсеткендей, 1917 жылға дейiн қазақ арасында қалыптаса бастаған екi саяси толқынның бiрiн "ұлттық-дiни қозғалыс" деп атауға болады. Екiншi саяси қозғалысты Бөкейхан "батысшыл" деп атайды және "ол қазақ даласының келешегiн - ең кең мағынада айтқанда - саналы түрде Батыс мәдениетiн жүзеге асыру ар­қылы көредi". Егер де алдыңғы мерзiмдi басылымдарды негiзiнен ұлттық-дiни қозғалыстың өкiлдерi ашқан болса, "Қазақ" газетiнiң құрылтайшылары - Әлихан Бөкейханның өзi мен оның сенiмдi үзеңгi­лестерi Ахмет Байтұрсынұлы және Мiржақып Дулатұлы сынды "батысшылдар" болатын.

Оксфорд университетiндегi Орталық Азияны зерттеу қоғамының пiкiрiнше, "Қазақтың барлық маңдайалды жетекшiлерi оның  ("Қазақ" газетiнiң) қызметкерлерiнiң арасында жүрдi, оның iшiнде М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, А.Х.Жүндiбайұлы, М.Тынышбайұлы және тағы басқалар бар...". "А.Байтұрсынұлы және бас­қалар өздерiнiң қазақ тарихы, қазақ фольклоры және лингвистикасы туралы зерттеулерiн жариялады. Жалпы "Қазақ" газетi өте жоғары ғылыми деңгейге жеттi" деп есептейдi Оксфорд университетiнiң зерттеушiлерi. Әйтсе де "Қазақ" газетiнiң құрылтайшылары ағартушылықпен қатар, негiзi 1905 жылғы "Қарқаралы петициясына" жазылған саяси мақсаттар мен мүдделердi де, оның iшiнде стратегия­лық мақсаттарды жүзеге асырғысы келдi.Петицияда көрсетiлмеген маңызды мүдденiң бiрi - газеттiң атауы. Ол туралы "Түрiк баласы" газеттiң екiншi санынан бастап "Қазақ тарихы" айдарымен жарияланған тiзбектi мақаласында былай деп жазды: "...Бiздiң қазақ өзiнiң атынан айырылып, қырғыз атанып жүрмекшi емес. Қияметке шейiн қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзiн ашып, бетiн түзесе, өзiнiң қазақшылығын жоғалтпағандай және өзiмiздiң шарқ әдетiне ыңғайлы қылып "Қазақ мәдениетi" (Казакская культура) құрып, бiр жағынан "Қазақ әдебиетi" (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы" (Түрiк баласы. Қазақ тарихы. "Қазақ" газетi, 16 ақпан, 1913 жыл, № 3).

"Қазақ" пен оның құрылтайшыларының орта және ұзақ мерзiмге жоспарлаған мақсаттарына келсек, олар мыналар:

- Қазақтар­дың 1907 жылғы 3 мау­сым заңымен жойылған сайлау және сайлану құқығын қалпына келтiру; - Келiмсектердi қоныстандыру арқылы отарлау саясатына қарсы тұру және тәркiленген жерлердi қазақтарға қайтарып алып, меншiктi жерi ретiнде заңдастыру;

- "Ауыл мектептерiне қазақ әлiп­песiн енгiзу, осы мектептерде балаларды ана тiлiнде оқыту" және "Болыс кеңселерi мен халық соттарында iсқағаздарын қазақ тiлiнде жүргiзу" арқылы астыртын және ашық орыстандыру саясатына төтеп беру; - Дала өлкесiне заң жүзiнде земство (жергiлiктi басқару) тетiгiн енгiзу мен дамыту арқылы жаңа қазақ мем­лекетiнiң негiзiн салуды бастау; - Қазақтарды әскери қызмет етуге заң арқылы мiндеттеу, сол арқылы қазақтар үшiн қазiргi заманның әскери iлiмi мен қару-жарағына жол ашу.Ал "Қазақ" газетi мен оның құрылтайшыларының көздеген түпкiлiктi мақсаты - қазақтың ұлттық мемле­кеттiгiн қайта көтеру және Әлихан Бөкейхан өзiнiң "Қазақтар" очеркiнде атап өткендей, қазақтың ұлттық салт-дәстүрi негiзiнде "батыс мәдениетi жүзеге асырылуға тиiс" болатын.

Алдына мiне, осындай мақсат-мүдделердi қойған "Қазақ" газетi мен оның құрылтайшылары мақсаттарына монархиялық билiк дәуiрiнде қан­төгiссiз күрес жолымен жетуге ұмтылды. Алайда отаршыл империя заманынан аман шыға бiлген "Қазақ" газетi совет өкiметiнiң Қазақстанға билiк орнатуға тырысқан алғашқы күндерiнде-ақ - 1918 жылдың наурызында бiржола жабылды. Көп ұзамай оның құрылтайшылары мен авторларының басым көпшiлiгi саяси қуғын-сүргiн кезiнде атылып кеттi.

Қадiрлi оқырман, бұл мақала қысқартылмай толық берiлдi. Пiкiр бiлдiргiңiз немесе ғасыр басында шыққан "Қазақ" газетiне қатысты тың мәлiметтер бергiңiз келсе, azattyq.org сайтының форумына кiрiңiз.

«Жас Алаш» газеті

abai.kz

«Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетіне бір ғасыр толды

22 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен тұңғыш ұлттық мерзімді басылымдар «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің жарыққа шығуының 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алғашқы қазақ басылымдарының ұлттық журналистика тарихындағы салмағын, маңыздылығын, үлесін жан-жақты қарастырған басқосуға университет ұжымымен қатар отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғалымдар, әдебиетшілер, тарихшылар және зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты.

Зерттеуші-ғалымдар қос басылымды жалпыұлттық демократиялық баспасөз көшбасшылары деп атады. Бұл басылымдар ХХ ғасыр басындағы ұлт өмірінің, қазақ қоғамының айнасы болды. Ұлттық журналистиканың дамуы осы басылымдардан бастау алады дейді конференция қатысушылары.

Басылым беттерінде көтерілген мәселелер бүгінде де күн тәртібінен түспей, сол кездегі тақырыптар бүгін де маңыздылығын жоймағандығын тілге тиек еткен ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов: «Айқапта» жарияланған М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» мақаласы халықтың көзін ашқан, бұқаралық ойға сәуле сепкен туынды. «Айқап» журналы қазақ халқының көзінің қарашығы атанса, «Қазақстан» газеті ел жанарының ағы бола білгені ақиқат. Қазақ баспасөзінің демократиялық құндылықтарын ұстану жолында халқының құлағы һәм көзі бола білген «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газеті бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дәстүрлер жалғастығына үлгі болары сөзсіз», - деп атап өтсе, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев: «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газеті қазақ тағдыры мен тарихында қалдырған ізінің маңызын аңғару үшін екі мәселені терең түсінуіміз қажет. Олар – ұлтшылдық пен ағартушылық. Осы екі мәселені жетік түсінбей қазақ тарихын тану қиын. Осы ретте қазақ зиялыларымыздың бұл басылымдарды жарыққа шығаруы – ағартушылық жұмыстардың жеңілдеп, елдің санасын оятып, ұлтазаттық идеологияның қалыптасуына үлкен үлес қосқанын ерекше атап өтеміз. Бұл қос басылым аз ғұмырда халықты, ұлт-азаттық көтеріліске тұрғыза білді десек, артық айтқандық емес», - деп түйіндеді.

«Айқап» патшалық дәуір қалдықтарынан құтылуды айтса, «Қазақстан» ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жаңа белестерге жетеледі. Баспасөз, көсемсөз және ел тарихында ойып орын алған басылымдардың бір ғасырлығы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келуі – ғылыми жиын қатысушыларын пайымдауынша, қазақ елінің рухани өміріндегі, бұқаралық ақпарат құралдарының тарихындағы елеулі оқиға.

«Тұңғыш ұлттық мерзімді басылымдарымыздың 100 жылдық мерейтойы тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына сәйкес келді. Демек, «Айқаптың» тойы, «Қазақстанның» тойы оның шығарушылары мен оқырмандарының арман-тілектері мен мақсат-мүдделерінің іске асу тойы деп түсінгеніміз абзал. Кезінде ұлттың рухани ұйытқысы және ақпараттық-танымдық міндет атқарған басылымдар бүгінде тарихымызда баға жетпес тарих көздеріне айналып отыр. Себебі оларда сол кездегі қоғам өмірі, ұлт тарихы жан-жақты көрініс тапқан. Қара түнек патшалық кезеңде үміт сәулесіндей болып бірінен соң бірі жарық көрген «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газеті өз кезеңінде ұлттық сананың оянуына өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан да олар еш ұмтылуға тиісті емес», - дейді ҚазҰУ-дың тарих факультеті деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі Қамбар Атабаев.

Қазақ баспасөзі ізашарларының үлес-салмағын бағалаған конференция одан кейін журналистика, филология, және тарих факультеттерінде қазақ баспасөзі мәселелерін көтерген дөңгелек үстелмен жалғасты.

«Айқап» қоғамдық-саяси және әдеби журналы тұңғыш рет қазақ тілінде 1911 жылы Троицкі қаласында басылып шықты. Басылым редакторы ұлтымыздың көрнекті де, талантты көсемсөзшісі Мұхамеджан Сералин. Журнал бетінде С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Жолдыбаев, С.Көбеев, Б.Қаратаев сияқты танымал қоғам қайраткерлері мен жазушылардың шығармалары жарияланды.

«Қазақстан» газеті қазақ және орыс тілдерінде 1911-1913 жылдар аралығында Орда қаласында шығып тұрды. Басылым редакторы қызметін Елеусін Бұйраұлы атқарды. Газет қазақ қоғамының ілгері басуына ерекше ықпал етіп, жалпы демократиялық және ағартушылық бағытқа жол ашты. Үш жыл ішінде оның 18 саны ғана жарық көрді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz

“Қазақ газеті” және “Серке” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми басылымдары

Мерзімді  басылым  тарихын , әсіресе  ұлттық  баспасөз  тарихын , бүгінгі  күн  талабына  сай , ұлттық  мүдде  тұрғысынан  қайта  қарау , төл  тарихымызды  толықтыра  түсері , оларды  тарихи  дерек  көзі  ретінде  пайдалану  бұралаңы  мол  ХХ  ғасырдағы  қазақ  тарихын  тереңірек  зерттеуге  мүмкіндік  берері  анық .  Өйткені  ел  тарихының  жазба  деректер  тобына  жататын  мерзімді  басылымдардың , оның  ішінде , ғасыр  басында  дүниеге  келіп , бірі  қысқа , бірі  ұзақ  өмір  кешкен  биресми , ұлттық  бағыттағы  демократиялық  басылымдардың  ұлт  тарихына  байланысты берер  мәліметтері, жеткізер  деректері  мол .

Ұзақ  жылдар  бойы  қазан  төңкерісіне  дейінгі  ұлттық  басылымдардың  тарихын  зерттеуші , олардың  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішін  жасап , мәтіндерін  қайта  бастыру  арқылы  бүгінгі  оқырманға  жеткізуші  ғалым  Ү. Субханбердина:  Революциядан  бұрын  қазақ  тілінде      газет , бір  журнал  шыққан . Олар: “ Түркістан  уалаятының  газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала  уалаятының  газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік  туы ” (1917) , “ Қазақ  газеті ” (1907), “Дала” (жылы  белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім  даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш  жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , — дейді. /22/

Жалпы  ел  тарихында , оның  ішінде  қазақ  баспасөзі  тарихында  өзіндік  орын  алған , аталған  газет – журналдардың  алдыңғы  екеуі  белгілі  мақсатпен  шығарылған , ресми  газеттерге  жатса , қалғандары  ғасыр  басында  сап  түзеп , ұлт  мүддесі  үшін  күреске  шыққан , халқымыздың  аяулы  азаматтарының , озық  ойлы  ұлт  зиялыларының

саналы  іс әрекеттерінің  салдарында  дүниеге  келген  ұлттық  бағыттағы  саяси  басылымдарға  жатады . Алға  қойған  мақсаты  мен  бағыт-бағдарлары , тарихы  мен  тағдырлары  бөлек , сол  бір  топ  басылымдардың  алғаш  жарыққа  шықандары  да , ғасыр  басындағы  өмір  шындығымен  бетпе-бет  кездесіп  опат  болғандары  да “ Серке ” мен “Қазақ  газеті ” болды .

Өркениетті  халықтар  тарихында , олардың  ұлттық  мүддесіне  сай     басылымның  дүниеге  келуі  аса  маңызды  оқиғалар  қатарына  жатады .  Демек , біздің  тарихымыз  үшін  қазақ  тілінде  шыққан  биресми , ұлттық  бағыттағы  басылымның  қай  жылы , қай  күні  жарыққа  шыққандығы  туралы  мәселе , ұлттық  маңызы  бар  принципті  мәселе . Сондықтан , осы  екі  басылымның  дүниеге  келуі  жалпы  ұлттық  көлемдегі  оқиға  ретінде , олардың  тарихына  қатысты  деректерді  жан-жақты  талдауды  қажет  етеді .

Екі  бірдей  ұлттық  басылымның  ғасыр  басында  бірінен  соң  бірінің  жарыққа  шығуының  басты  себептері  біріншіден , француз  зерттеушілері  А. Беннигсен  мен Ш. Лемерсье-Келькежейдің  сөзімен  айтсақ: “ 20 ғасырдың  басында  патшалық  Россияға  деген  жеккөрушілік  бойын  түгелдей  билеп  алған  қазақ  зиялыларының ” /23/  отаршылдық  езгіге  қарсы  күресте , жалпы  ұлт  мүддесі  үшін  күресте , баспасөздің  қажеттігін  терең  сезінуі  болса , екіншіден , бүкіл  империяны  дүрліктірген  бірінші  орыс  революциясының  әсері  еді . Ол  туралы    Серкені   шығарушылардың  бірі , оның  негізгі  авторы  Міржақып  Дулатұлы: “ 1905 жылдан  бері  біздің  қазақ  жұрты  да  басқалардың  дүбіріне  елеңдеп , олардың  ісіне  еліктеп  ұлт  пайдасын  қолға  ала  бастады ” , —  деді  /24/.

Сол  қазақ  жұртының  қолға  алған  ұлт  пайдасының  бірі  газет  шығару  болды . Дегенмен , қазақ  зиялыларының  өз  тілдерінде  бейресми  газет  шығармақ  болған  алғашқы  нақты  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды .

Алғашқы  бейресми  газет  шығару  мәселесі , тек 1907 жылы  ғана  мүмкін  болды . Осы  жылдың  көктемінде  “ Қазақ  газеті ” мен “ Серке ” жарық  көрді .

Бұл екі газеттің  де  өмірлерінің тым  қысқа  болуына  байланысты  тарихқа  берер  дерегі  мол  болмағанымен , алғашқы  бейресми  ұлттық  басылым  ретінде  жарық  дүниеге  келгендігін  білдіріп , өздерінің  зорлықпен  тұншықтырылуы  арқылы  болса  да , соңынан  келер  ұлттық  басылымдарға  сабақ  болған “Қазақ” газеті  мен “ Серке ” халық  жадында  қалуға тиіс.

Алғашқы  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  газет 1870  жылдың 10    мамырынан  бастап  Ташкентте  шыға  бастаған   “ Түркістан  уалаятының  газеті ”  екендігі  белгілі  болса , қазақтың  бейресми , ұлттық  бағыттағы , бірінші  демократиялық  газеті  қай  газет  екендігі , оның  қай  күні  шыққандығы  әлі  күнге  дейін  толық  анықталған  жоқ . Ол  туралы  Х. Бекхожин:  1906  жылы  ақпанда   “Қазақ  газеті” шықты  — десе  /25/ , зерттеушілер: Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайлар “Қазақ  газеті”, ол 1907  жылдың  наурыз  айында  жарық  көрді  /26/ — деп , дәл  қай  күні  екендігін  айтпайды . Зерттеуші  Ә. Әбдіманов:  “Серке” — қазақтың  биресми , саяси  бағыттағы  демократиялық  баспасөзінің  тұңғыш  бастау  көзі  ретінде  тарихтан  өз  орнын  алуы  керек  /27/ — десе , француз  тарихшылары  А. Беннигсен , Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси  және  санаткерлік  қақтығыстардың  дәл  осындай  буырқанған  сәтінде  /28/ — деп , алғашқы  қазақ  газеттерінің  дүниеге  келген  уақытын  суреттей  келе :  1907  жылы  қазақ  баспасөзі   дүниеге келді.  Егер  Әбдірашит  Ибрагимовтың  Санкт-Петербургте  шыққан “Серкесін” есептемесек  ,  онда  1907  жылдың  наурызында  Троицкіде  Андреев  пен  Ишмұхамед  Иманбаев  шығарған “Қазақ  газеті”  жалпы  қазақ  баспасөзінің  қарлығашы  болды  деуге  негіз  бар  /29/ ,  —  дейді .

Ал ,  журналист   Т.  Боранғалиұлы :  “Серке”  мен   “Қазақ  газетінің”   не   бары  бір-бірден  нөмірі  шыққаның  ескерсек ,  1911  жылдың   қарлығаштары  “Қазақстан”  газеті  мен “Айқап”  журналын  ұлттық   баспасөздің   тұңғышы   деуге   хақылымыз ”   /30/- деп   , ол   екеуін   де   газет   қатарынан   мүлдем   шығарып   тастайды .

Бұған   айтарымыз ,  біріншіден ,  белгілі   бір   мерзімде   шығып   тұрмағанымен ,  ол   екеуінің  де   көп   тиражбен   тасқа   басылып   шығып ,  көпшілікке   таралғаны   тарихи   факт .  Сондықтан ,  оларды   газет   емес   деп   ешкім   айта   алмайды .  Демек ,  қазақтың   тұңғыш   ұлттық   газеті   осы   екеуінің   біреуі .  Екіншіден ,  баспасөздің   маңызы   оның   шыққан   санымен   өлшенбейді ,  ұлтқа   сіңірген   еңбегімен ,  ал   уақыт   контексінде   қарасақ ,  бодандыққа   қарсы ,  ұлт   тәуелсіздігі   жолындағы   күресте   көрсеткен   ерлігімен   өлшенеді .  Сондықтан ,  қазағым   деп ,  елім   деп   айға   шапқан   арыстандай   мерт  болған  осы  екі  газеттің  тарихы  мен  тағдырын  тереңірек  зерттеу , оларға  басқаша  көзқарас  қалыптастырары  даусыз .

Қазақстан  баспасөзінің  тарихын  зерттеушілердің  бірі  Зарқын  Тайшыбай  қазақ  тілінде  жарық  көрген  алғашқы  газеттер  “Түркістан уалаятының  газеті” мен “Дала  уалаятының  газеті” туралы  айта  келе : Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ  газеті” (1911) ,  “Қазақстан” (1911-1913)

газеттері , “Айқап” журналы  (1911-1915) – бәрі  осы “Дала   уалаятының” үлгісімен  шыққан , соның  ізін  басқан  баспасөз  органдары  деп  сеніммен  айтамыз . Оның  осы  уақытқа  дейін  өзіне  лайық  бағасын  ала алмай  келе  жатуының  себебі  неде? ”  /31/ , — дейді

Мұндағы  автордың “Дала  уалаяты  газетінің”  өзіне  лайық  бағасын  ала  алмай  келе  жатыр  деген  соңғы  пікіріне  қосыла  отырып , “Қазақ  газеті” 1911 жылы ,  демек “Серкеден” төрт  жылдан  соң  шыққан  деп  көрсетуімен  және  аталған  басылымдардың “Дала  уалаятының” үлгісімен  шыққан , соның  ізін  басқан  баспасөз  органдары  деп  сеніммен  айтқан  ойымен  келісе  алмаймыз .

Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ  газетінің” де 1907 жылдың  көктемінде  шыққаны  анық . Әңгіме  тек  екеуінің  қайсысының  бір  күн  болса  да  бұрын  шыққандығында . Тіптен  қазақ  егіз  туған  екі  нәрестенің де  арасындағы  минуттарын  санап  бірін  үлкені  бірін  кішісі  деп  жатпай ма?  Ол  табиғи  заңдылық . Олай  болса , қазақтың  қазақ  болғалы , өзі  дүниеге  әкелген , тұңғыш  бейресми-ұлттық  газеті  қайсысы  екендігін  неліктен  анықтамасқа?

Екіншіден , “Дала  уалаятының  газетінің”  тарихи  орнын  да ,  деректік  маңызын  да  жоғары  бағалай  отырып ,  оның  материалдарын  қазақ  тарихының  дерегі  ретінде  арнайы  зерттеп ,  тиісті  бағасын  беру  қажеттігін  толық  қолдаймыз .  Бірақ ,  жоғарыда  аталған  басылымдардың  пайда  болу  жағынан  да “Дала  уалаятының  газетінен ” бөлек  басылымдар  болды  деп ,  біз  де  сеніммен  айта  аламыз .  Егер , олар “Дала  уалаятының” үлгісімен  шығып , соның  ізін  басқан  болса ,  “Қазақ газеті” мен “Серке ” бірінші  нөмірінен  кейін-ақ  тұтқындалып  жабылып  қалмаған  болар  еді .  М. Дулатұлы “Қазақ” туралы:  “Кешегі  өзгеріске  шейінгі   тергеу , тексеру ,

тінту , абақты ,  штрафтан… көзі  ашылған  жоқ”  /32/ – деп  жазбаған  болар .

Сонымен , қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  ұлттық-демократиялық ,

бейресми  газет  туралы  үш  түрлі  пікір  қалыптасқандығын  көреміз .  Зерттеушілердің  көпшілігі “Серкені”  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  газеті  ретінде  атаса , екінші  бір  тобы , дәл  қай  күні  шыққандығын  атап  көрсетпесе  де , “Қазақ  газетін” атайды .  Ал , үшіншілері “Қазақстанды” ұлттық  баспасөзіміздің  төл  басы  ретінде  тануды  ұсынады .

“Серкені” алғаш  ұлттық  газет  ретінде  атаған  М. Дулатов  болатын .  Ол  1923 жылы “Еңбекші  Қазақ” газетінде: “Мерзімді  баспасөз  бізде  қашан  туғаны  белгілі .  Әр  жұрттың , әр  мемлекеттің  мәдениет  майданында     ілгері-кейінгінің  қатесіз  бір  өлшеуіші – баспасөз  болады .  Қай  жұрттың  баспасөзі  күшті  болса, өзі  де  өнерлі  екендігі  көрінеді , яки  қай  жұрт  өнерлі  болса , оның  шексіз  баспасөзі  күшті  болатындығы  айдай  анық ” /33/ — деп  жазған .

М. Дулатұлының  бұл  пікірін  ағамыз  Д. Исақанұлы  бүгін  қайталап  отыр . Ол 1999 жылы  шыққан “Ақиқат” журналының  екінші  санында: “Қазақ  тіліндегі  ұлттық  бағыттағы  газеттер 1907  жылдан  бастап  шыққан “Серке” мен  “Қазақ  газеті” болып  табылады  /34/  — деп , нық  сеніммен  жазып  отыр .

Міне  осылай  алғашқы  ұлттық  төл  газетіміз  туралы  пікірлер  әр  түрлі  басылымдарда  80  жылға  жуық  уақыт  бойы  айтылып  келеді . Дегенмен , оның  нақты  қай  газет  екендігі  және  дәл  қай  күні  шыққандығы  туралы  нақты  дәлелдермен  әлі  анық  айтылмай  отыр . Бұл , бір  жағынан , ұлттық  басылымдар  тарихының  ел  өмірінен  алар  орнының  маңыздылығын

көрсетсе , екінші  жағынан , бұл  мәселені  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетеді .

“Қазақ  газеті” (1907) мен  “Қазақ” (1913-1918)  газеті  екеуі  де  демократиялық  бағыттағы , ұлттық-бейресми  басылымдар  болғанымен , аттары  ұқсас , екі  басқа  басылымдар .

“Cеркенің”  жарыққа  шыққан  күні  туралы  барлық  еңбектерде  1907 жылдың 28 марты  деп  нақты  айтылса , “Қазақ”  газетінің  шыққан  күні  туралы  әр түрлі  пікірлер  айтылады . Қазақ  баспасөзі  тарихын  зерттеуші  белгілі  ғалым  Х. Бекхожин: “Қазақ  газетінің” пайда  болуының , оның  патша  үкіметінің  отарлау  саясатына  қарсы  күрес  жариялауының , әсіресе , патша  үкіметінің  ұлт  араздығын  қоздыру  әрекетіне  жауап  ретінде  еврей  Хаим  Сосновский  мен  қазақ  Ешмұхамет  Иманбаев , Жетпісбай  Андреевтердің  бірлесіп  орыс  және  қазақ  газетін  шығаруының  үлкен  саяси  мәні  бар  факт ”   —  деп ,  бағалаған , “Қазақ  газетінің” мақсаты  өз

халқының  мүддесі  үшін  күрес  екендігін  бүкпесіз  айтқандығын , отаршылдық  езгіге  қарсы  ашық  күрес  жариялағандығын  көреміз. Газеттің  шықпай  жатып  жабылуының  басты  себебі  осы  екендігі  даусыз .

“Қазақ  газеті”  туралы  Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай  “Қазақ  журналистикасының  тарихында (1870-1995 жылдар)”:  “Қазақ”  газетінің  материалдарынан  байқалғанындай , ол “солшыл  бағыттағы  органдардың  тактикасын”, яғни  революцияшыл    бағытты  қолдады . Ондағы  мақсаты — самодержавиені  құлату ,  буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен  бостандық  үшін  үгіт-насихат  жүргізу  болды ” /35/  —  деп  тұжырым  жасаған .  Әрине , мұндай  шындыққа  сай  келмейтін , ғылыми  негізі  жоқ  тұжырыммен  келісу  қиын . Өйткені , бір  ғана  нөмірі  шығып  жабылып  қалған “Қазақ  газеті”  түгіл  6  жыл  бойы  дерлік  шығып  тұрған , 265  нөмірі  жарық  көрген  “Қазақ”  та  өзінің  алдына  “самодержавиені  құлату , буржуазиялық-демократиялық  өзгерістер  мен  бостандық  үшін  үгіт  насихат  жүргізу”  мақсатын  қойған жоқ.

Патша  үкіметінің  және  оның  жергілікті  жерлердегі  әкімшіліктерінің  өз  үстемдіктеріне  қарсы  ашықтан-ашық  күрес  жариялаған  басылымның  өмір-сүруімен  келісе  алмайтығындығы , оны  тезірек  жабуға  ұмтылатындығы  келешек  газет  шығарушыларға  сабақ  болуға  тиіс  еді , бірақ  бірден  олай  болмады . “Қазақ  газетінің”  көзсіз  ерлігін де , объективті  жағдайды  ескеріп  өз  мақсаттарын  бүркемелей алмаған  қателіктерінде , тура  бір  айдан соң , 1907  жылы  28  наурызында  “Серке”  қайталады.

Ол  туралы  қазақтың  тұңғыш  журналы “Айқаптың” редакторы  М.Сералин , журналдың 1911 жылғы  шыққан 1-санының  бас  мақаласында: “Соңғы замандарда  біздің  қазақ  жұртында  аз-мәз  тіршілік  көрсетіп  газет  шығара  беруді  қолға  алып  қараса  да  не  себепті  іске  ұқсатып  шығара  алмайды .  1907  жылы  ІI Мемлекеттік   думаның   жиынымен    Шәһмәрден

Қошығұлов “Серке” есімді  журнал  шығара  бастап  еді . Ұзаққа  бармай , үкімет  тарапынан  тоқтатылды .

Сол  жылы  Троицкіде  Есмағамбет  Айманбаев  “Киргизская  газета” есімді  орысша-қазақша  бір  газет шығармақ  болып , алғашқы  нөмірді  шығарды  да  тоқтатты…”    , — дейді.

1907 жылы  шыққан  “Нәжет” (Азаттық)  деген  жинақта “Серке”  атты  екі  жетілік  газеттің… 28 мартта  бірінші  саны  шықты . Ол “Улфат” газетінің  67 санына  қосымша  болып  шықты”  /36/ — деп  айтылған . Кейбір  деректерде  “Серкенің” 3-4 саны шықты  деп  айтылғанымен  , әр түрлі  деректерді  салыстыру    оның  1907  жылы  28 мартта (ескі стиль бойынша) бір  саны  шығып  таратылып , екінші  санының  дайындалып , бірақ  таратылып  үлгермей  тұтқындалғанын  көрсетеді . “Серкенің”  не  жазғаны , не  айтпақ  болғаны , жалпы  бағыт-бағдары  мен  мақсаты , неліктен  “Серке”  атанғандығы  туралы  газет  шығарушылардың  бірі , оның  22 жасар  албырт  авторы  Міржақып  Дулатовтың ,  газеттің  бірінші  санында  жарияланған  “Жастарға”  деген  өлеңі  мен  екінші  санында  даярлаған “Біздің  мақсатымыз”  атты  бас  мақаладан  көруге  болады .

Өлеңнің  бірінші  шумағында:

Найзаменен  түртсе  де,

                                             Жатырсың,  қазақ,  оянбай.

Мұнша  қалың  ұйқыны

                                             Бердің  бізге,  ой,  аллай-ай!

десе , соңғы  шумағында:

                                           Халыққа, жастар, басшы  бол!

                                          Қараңғыда  жетектеп.

                                          Терең  судан  өтер  ме,

                                          Мың  қойды  серке  бастамай?

 дейді  /37/.

Бірінші  шумақтан  М. Дулатовтың  бүкіл  саналы  өмірінің  басты  мақсатына  айналған , қалың  ұйқыдағы  қазағын  оятудың  әрекеті  байқалса , соңғы  шумақта  жастарға , қараңғыда  халқына  жол  көрсетер , қой  бастаған  серкедей , халқын  соңына  ертер  деген  үміті  байқалады . Және  де , осы  шумақтан  газеттің  неліктен  “Серке”  атанғандығын  байқау  да  қиын  емес .

Патшалық  Россияның  астанасы  Петербургта  басылып  шыққан,  алғашқы  ұлттық  басылымдардың  бірі  “Серкенің” 2-ші санында , “Арғын” деп  қол  қойған  М. Дулатов   “Біздің  мақсатымыз”  деген  мақаласында:

“Қазағым  менің,  елім  менің!

Ең  алдымен  қазақ  халқы – Россияға  тәуелді  халық…  Оның  ешқандай  правасының  жоқтығы  ыза  мен  кек  тудырады . Халықтан  жиналатын  салық  қаражатының  көп  бөлігі  халыққа  тіптен де керек  емес  нәрселерге  жұмсалады…

… Өздеріңіз  көз  жазбай  байқап  отырғандай… Чиновниктер , урядниктер  кедей  қазақтарды  ұрып-соғып ,  мал-мүлкін  тартып ,  ойына  не  келсе  соны  істеді…

Енді  бұл  чиновниктер  қазақ  даласына  мыңдаған  мұжықтарды  жер  аударып , қазақтардың  даласына  суы мен  шұрайлы  жерлерін  тартып , әперуде .Чиновниктерді  арқаланған  олар  өздеріне  жайлы  қазақ  жерлерін  еркін  иемденуде . Тұтас  ауыл  болып  келсе  бұлар  сорлы  қазақтарды  ұрып-соғып  бар  мал-мүлкін  тартып  алып  кетуде…

Қазақ  жеріне  бұл  мұжықтарды  не  үшін  жер  аударды…  Әлде  Россияда  жер  аз  ба? Шұрайлы  жер  аз  емес , бірақ  бәрі  байлардың, дворяндардың , помещиктердің  қолында , олар  өз  жерлерін  ешқашан  тегін  бермек  емес , ал  аштан  өлуге  шақ  жүрген  мұжықтардың  оны сатып  алуға  шамасы  жоқ . Түрлі  деңгейдегі  министрлер ,  жоғары  чиновниктер  мен  генералдар  Россияда  көбейіп  келе  жатқан  мұжықтардан  құтылу  үшін  оларды  біздің  қазақтардың  арасына  жер  аударуда…” ,  — дейді .

Кезінде  Петербург  баспасөз  істері  комитеті , “Полицияға  түскен  мәліметтер  бойынша , бұл  қазақ  халқын  өкімет  орындары  мен  оның  өкілдеріне  қарсы  күреске  шақыратын  “барлық  қазақ  халқына  арналған  үндеу  сияқты” — деп  “өте  жоғары бағалаған”, сондықтан , “газеттің  осы  нөміріне  қатысты  барлық  адамдар  жауапқа  тартылсын” — деп  шешім  қабылдаған , өзінің  батылдығымен  бүкіл  Петербург  полициясын  дүрліктірген  мақаланың  одан  арғы  тағдыры  туралы  міржақыптанушы  ғалым  Марат  Әбсемет  былай  дейді: “Полиция  қанша  іздегенімен  мақаланың  лақап  атпен  жүрген  авторын  таба  алмады. Полицияның  заңсыз  әрекеттері  ақын  жанына  қатты  батты ”.

1912 жылы  Петербургтегі  баспасөз  комитетінің кеңесшісі  В.Д. Смирнов  Міржақыптың  тәркіленген  кітаптарын  қарап  отырып , одан  кезінде үлкен шу  болған  “Біздің  мақсатымыз” деген  мақалаға  тән  тәсіл  мен  ұқсастықты  аңғарып  қалады . Тез  арада  архивтен  “Улфат”  газеті  мен  оның  қосымшасы  “Серке”  алынып , сот  палатасының  шешімі  бойынша  1913 жылғы мамырдың 15- күні  ол  жойылды” .

Санкт-Петербург  мемлекеттік  тарих  мұрағатының  қорында  сақталған  құжаттарға  негізделіп  жазылған  бұл  ақпарат “Біздің  мақсатымыздың” патша  сақшыларының  есінде  жақсы  сақталғандығын  білдіреді .

Сонымен , ғасыр басындағы  қазақ  баспасөзін  талдау , барлық  бейресми, ұлттық  басылымдардың  өзегі  болған  негізгі  мәселелер – жер  мәселесінің , қалың  ел  қазақты  ұйқыдан  ояту  мәселесінің , баспасөз  бетінде , алғаш  осы  екі  газетте  көтерілгенін , бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бірі – газетті  ұлт  мүддесі  үшін , азаттық  үшін  күрес  жолында  пайдалану  әрекеті  солардан  басталғанын  көрсетеді . “Қазақ  газеті”  мен “Серкенің”  көзсіз  ерлікке  тең  бұл  істері  қазақ  даласында  ізсіз , бекер  кеткен  жоқ . Көптеген  қазақ  зиялыларына  қозғау  салумен  қатар , олар , баспасөз  арқылы  отаршылдық  езгіге  қарсы  күрес  жүргізудің  алғашқы  қадамдары

ретінде , келешек  бейресми , ұлттық бағыттағы  газет  шығарушыларға  сабақ  та  болды  деп  айта  аламыз . Өйткені , алғашқы  газеттер  тағдыры  түпкі  мақсатқа  жету  үшін  көп  қиындықтар  мен  шығарылған  басылымды  сақтай  білудің  керектігін , кейде , айла-тәсілдерге  барып , өз  ойларын  бүркемелей  білудің  қажеттігін  көрсетті . Сөйтіп , кейіннен  шыққан “Қазақстан” , “Айқап” , “Қазақ”  сияқты  басылымдардың  едәуір  өміршең  болуына  әсер  етті.

Ондай  тұжырым  жасауға ,  біздің  ойымызша ,  бірнеше  негіз  бар . Біріншісі , аталған  басылымдарды  шығарушылардың  “Қазақ  газеті” мен “Серкенің” тарихын  да , тағдырын да  жақсы  білгендігі . Жоғарыда айтқанымыздай , “Айқап” журналы  редакторының бірінші  санындағы  бас  мақалада  солар  туралы  айтуы  соның  бір  дәлелі. Екінші  дәлел , “Серкенің” негізгі  авторы  Міржақып  Дулатұлының  “Қазақ” газетінің  шығарушыларының  бірі  болуы . Демек , ол  өзінің “Серкеден”  алған  сабағын  ескерері  түсінікті .

Екіншісі , “Қазақ  газетінің”  бірінші  санының , бірінші  жолдарында  “Заманына  қарай  амалы” — деген  сөз  бар . Мұның  мағынасы – заманның  түріне  қарап  іс  істеу” , — деп  басталып , сол  өздерінің  заманын:  “Төңірекке  қарасақ  түнерген-түнерген  бұлттар  көрінеді .  Түбі  қандай  белгісіз .   Не  боларын  білмейміз”  , — деп  суреттеуі .  Бұл  жерде , Ахмет  Байтұрсыновтың  өзін  қоршаған  ортаның , саяси  құбылыстың  көрінісін , осылай , жұмбақтап  жеткізуге , “заманына  қарай  амал”  қылуға , мәжбүр  болып  отырғандығы  талас  туғызбас  деп  ойлаймыз.

Үшіншісі ,  қазақтардың  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  азаттығы  жолындағы  күрестің  танымал  көсемі , “Қазақ”  газетінің  негізгі  авторларының  бірі  Әлихан  Бөкейхановтың 1913 жылы  “Қазақ”  газетінің  24-санында  “Ашылып  ақыл  жазатын  қалім  бар  ма?  Көкіректе  сайрап  тұр, қолымды  заман  байлап  тұр”   —  деуі.

Бұл  мысалдар  кейінгі  мерзімді  басылымдарды  шығарушылардың  “Қазақ  газеті”  мен “Серкенің” сабақтарын , тарихы  мен  тағдырларын  ескеріп , өздері  өмір  сүрген  уақытпен , қалыптасқан  объективті  жағдаймен  санасуға  мәжбүр  болғандығын  көрсетеді .

Сонымен , тарихы  мен  тағдыры  судың  екі  тамшысындай  ұқсас , “Қазақ  газеті”  мен “Серке”  қазақ  халқының  алғашқы  биресми , ұлттық  газеттері  ретінде  баспасөз  тарихынан  өз  орнын  алуға  толық  құқылы . Егер , бүгінгі  ұрпақ  алдында  тұрған  ең  басты , ең  қасиетті  міндет  еліміздің  тәуелсіздігін  сақтау  болса , ғасыр  басындағы  аталарымыз  алдында  тұрған  ең  басты , ең  қасиетті  міндет  еліміздің  тәуелсіздігіне  қол  жеткізу  болғандығы  белгілі . Демек , сол кезеңдегі  құндылықтың  бәрі  де  сол  міндет,  сол  мақсат  жолында  еткен  еңбекпен , төккен  термен  есептелінуі  әділеттілік . Олай  болса , қазақ  зиялыларының  тәуелсіздік  үшін  күрес  жолында  тұңғыш  рет  қолданған  ұлттық , бұқаралық  ақпарат  құралы  ретінде   де  екеуінің  орны  ерекше .

Ақырында ,  бір-ақ  қана  нөмірлерінің  шығып  үлгергеніне  қарамастан , екеуінің  де  тарихы  мен  тағдыры , қазақ  халқының  азаттық  жолындағы  күресі  тарихының  бір  көрінісі  ретінде , екеуі  де  сол  күрестің құрбандары  ретінде  халық  жадында  мәңгі  қалуға  тиіс .  Ал , екі  газеттің  қайсысы  бірінші  болып  жарық  көрді? – деген  принципті  сұраққа  келсек , онда  бірінші  шыққан  “Қазақ  газеті” . Ол “Серкеден”  тура  бір  ай  бұрын  шыққан . Сондықтан  “Қазақ  газетінің”  шыққан  күні  ескіше  28 ақпан , жаңаша 13     наурыз  (1907  жылы  ақпан  айы  28-мен  аяқталған)  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  бейресми  газеті  шыққан  күн  ретінде  тарихқа  еніп, ұлттық  күнтізбектерден , дайындалып  жатқан  Қазақ  энциклопедиясынан  өз  орнын  алуы  тиіс .

Қазақ  халқының  жоғын  жоқтап , мүддесін  қолдаған   , елдің  елдігін , ұлттың  бірлігін , жерінің  тұтастығын  қорғаған   ұлттық-бейресми  басылымдардың  пайда  болуы , ел  өміріндегі  елеулі  оқиғалардың  бірі  болды . Бүгінгі  күні  халқымыз  тарихының  баға  жетпес  дерек  көзіне  айналған , кезінде  белгілі  бір  мерзімде  қазақ  тілінде  шығып  тұрған  басылымдардың  пайда  болып  ел  арасына  таратылуы  ғасыр  басындағы  қазақ  өмірінде  ерекше  қоғамдық  құбылыс  болған  еді . Тарихы  да , тағдыры  да  бөлек ,  қазақ  тарихында  өзіндік  із  қалдырған , ұлттық  басылымдар  туралы  біраз  еңбектерде  айтылды . Тағы  да  айтылары  даусыз . Ал  біздің  мақсатымыз , сол  басылымдардың  деректік  ерекшеліктерін  ашуға, олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтауға  қатысты  кейбір  тарихи  мәселелерге  көңіл  аудару .

Егер  большевиктер  диктатурасына  дейінгі  дүниеге  келген  қазақ тіліндегі  газет-журналдардың  тарихына  көз  салсақ , онда  олардың  үш  түрлі  тарихи  жағдайда  жарыққа  шыққандығын  байқауға  болады. Мысалы, алғашқы  қазақ  тілінде  шыққан  газеттер  “Түркістан  уалаятының  газеті”  мен  “Дала  уалаятының  газеті”   арнаулы  мақсатпен , патша  өкіметінің  қолдауымен  шықса , 1907 жыл  мен 1917  жылдың  ақпаны  аралығындағы  шыққан  газеттер  мен “Айқап”  журналы  қазақ  зиялыларының  ұзақ  жылдарға  созылған , ерлікке  тең , саналы  іс-әрекеттерінің  арқасында ,  патша  өкіметінің  жергілікті  жерлердегі  әкімшілік  органдарының  ресми  рұқсатынан  соң  ғана  дүниеге  келіп , солардың  қатаң  бақылауымен  шығып  тұрған . Ал , ақпан  төңкерісінен  кейін  шыққан  “Сарыарқа” , “Бірлік  туы” , “Тіршілік” , “Үш  жүз”  және  “Ұран”  газеттері  тіптен  басқа  тарихи  кезеңде , біршама  демократиялық  жағдайда  дүниеге  келген .

Басылымдардың  дүниеге  келуінің  тарихи  жағдайлары  олардың  жалпы  бағыт-бағдарына , мазмұнына  әсер  ететін  фактордың бірі. Сондықтан, ақпан төңкерісі  қарсаңындағы Қазақстан  тарихының  маңызды  жазба  деректерінің  бірі  ретінде , алғашқы  қазақ  газеттерінің  негізгі  тобын  құрайтын  ұлттық  басылымдардың  пайда  болу ,  өмір  сүру , жабылу  тарихының  кейбір  мәселелеріне  тоқталайық.

Патшалық  самодержавие  жағдайында болады . Ұлт  мүддесін  көздейтін  басылым  шығарудың  ең  басты  кедергісі  үстемдік  етіп  отырған  саяси  жүйе  тарапынан  қойылған  тосқауыл  еді . Өз  қарауындағы  бұратана  халықтардың  қандай  формада  болмасын  ұлттық  мүдде  үшін  әрекет  етуіне  мейлінше  қарсыласқан  патша  өкіметі , әр түрлі тәсілдермен  ұлттық  газеттер  шығаруға  жол  бермеуге  , ал  шыға  қалған  жағдайда     оларды  үнемі  бақылап  отыруға  тырысты .

Отаршылдық  саясаттың  салдарынан  бейресми  ұлттық  басылымдар  шығару  тек  1905-1907  жылдардағы толқулардан кейін  мүмкін  болды . 1907 жылдың  көктемінде  шыққан  алғашқы  ұлттық  газеттер , олардың  тарихы  мен  тағдыры , деректік  маңызы  туралы  жоғарыда  айтылды . Ал , қазақ  тілінде  белгілі  бір  мерзімде  шығып  тұрған , сондықтан  мерзімді  басылым  деген  атқа  толық сай  келетін , ұлттық  бейресми  басылымдар 1907 жылдан  бастап  шыға  бастады .  Олар , патша  өкіметінің  тұсында  шыққан  “Қазақстан” , “Қазақ” , “Алаш”  газеттері  мен  “Айқап”  журналы .

Кез-келген  деректің  пайда  болуының  объективті  екендігін , деректің  кездейсоқ ,  өзінен-өзі  пайда  болмайтындығын  ескерсек , онда , Қазақстан  тарихының  жазба  деректерінің  үлкен  бір  тобын  құрайтын  ұлттық  мерзімді  басылымдардың  пайда  болуының  объективті  алғышарттарының  бірі , ол – ғасыр  басындағы  баспасөзге  деген  ұлттық  қажеттілік , қоғамдық  сұраныс  деп  айтуға  болады . Қажеттіліктен  басқа ,  баспасөз  тасқа  басылып  шығып ,  оқырманға  жетіп , келешекте  тарихи  дерекке  айналғанға  дейін  оның  мазмұнына , демек , деректік  құндылығына  әсер  ететін  бірнеше  белестен  өтетіндігі  белгілі . Аталған  басылымдар  үшін  оның  бірінші  белесі , белгілі  бір  топтың , не  жеке  адамдардың  газет  шығармақ  болып  шешім  қабылдап , сол  мақсатта  нақты  істерге  кірісулері, газет  шығарудың  қажеттігін  негіздеп , тиісті  орындардан  рұқсат  сұрап  арыз  беруі  болды . Келешек  басылымның  қандай  болып  шығары  да  сол  топтың  не  жеке  адамдардың  саяси  көзқарастарына , қоғамдық  позициясына  байланысты  еді .

“Қазақстан”  газетінің  шығуы  туралы  журналист  Тілекқабыл  Боранғалиұлы:  “1911 жылы  Жәңгір  Ордасында  ақындар  Шәңгерей  Бөкеев  пен  Ғұмар  Қарашев , қайраткер  Бақытжан  Қаратаев , дәрігер  Мәжит  Шомбалов , мұғалімдер  Сейтқали  Меңдешев  пен  Елеусін  Бұйрин  өз

қаражаттарын  ортаға  салып , қазақ  тілінде  газет  шығаруға  бел  байлады” , — дейді

“Айқап”  журналы  оның  әрі  шығарушысы , әрі  редакторы  Мұхамеджан  Сералиннің  белсенді  еңбегінің  арқасында  шықты . “Алаш” газеті  ерлі-зайыпты  Мәриям және  Көлбай  Тоғысовтардың  әрекеттерінің  арқасында  дүниеге  келді . Осылай , бүгінгі  күні  деректік  маңызын  ешқандай  теңеумен  айтып  жеткізуге  болмайтын  ұлттық  басылымдар , сол  кездегі  өз  заманының  озық  ойлы  адамдарының, ғасыр  басындағы  қазақ  зиялыларының  көп  жылдық  ой  армандарының, мақсатты   да  тынымсыз  еңбектерінің  арқасында  пайда  болды .

.

Тағы рефераттар

bigox.kz

1. 1 "Қазақ газеті" және "Серке" қазақтың тұңғыш бейресми газеттер

с. 1 с. 2 с. 3 Жоспар

Кіріспе............................................................................................3

І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері 1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер.............................................................................................10-24

1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті...................25-33

ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі 2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі.........................................................................................34-48

2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі.............................48-57

Қорытынды....................................................................................58-60 Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді басылымның тарих дерегі ретінде бейнелеу объекті мен ауқымдылығы тап күресінен әлдеқайда кең және жан-жақты . Газет пен журнал материалдары қоғамдық-саяси өмірдің кең суреттемесін қалпына келтіріп , зерттеудегі кезеңнің басты актуалды проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді . Және де әр елдің , тіптен бір елдегі әр түрлі ұлттардың деректерінің , оның ішінде мерзімді басылымдардың да өзіндік ерекшелігі болмай қоймайды . Ол – заңдылық . Сондықтан тарихи сынның да ерекшеліктері болатындығы туралы В. О. Ключевский: “Барлық жерде тарихи сын қосымша ғылым ретінде бірдей болу керек пе , жоқ әр жерде өз ерекшелігіне қарай жергілікті тарихи сынның да өз ерекшелігі болу керек пе” , /1/ - деген сауал қойып , оған өзі: “Тарихи сынның өз ерекшелігі болу керек . Ол тарихи сынның міндеттері мен тәсілдерінің тарихи деректің өзіндік қасиеттерімен тығыз байланыстығынан туындайды . Ал , деректердің өзіндік қасиеттері барлық жерде бірдей емес” /2/ - деп жауап береді . Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

3

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде

шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар. Яғни , Қазақстандық мерзімді басылымдар , әсіресе қазақ тіліндегі газет-журналдар Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс .

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ұлттық деректеріміз туралы деректанушылық ойлар , олардың ерекшеліктері мен құндылықтары туралы ғылыми көзқарастар Ш. Уалиханов , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , О. Сүлейменов сияқты қазақ ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінде де айтылған . Мысалы , Шоқан Уалиханов өзінің жазбалары мен зерттеу жұмыстарында ұлтымыздың төл деректері – жыр-дастандардың , шежірелердің пайда болуының объективтілігі , олардың сақталу формалары , деректік маңызы туралы айтса , /3/ Әлихан Бөкейханов “Қазақ” газетінде жарияланған ғылыми рецензияларында өзінің деректанушылық ойларын білдірген /4/. Ахмет Байтұрсынов “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінің беттеріндегі мақалаларында және “Әдебиет танытқышында” жалпы тарих ғылымы , оның ішінде тарихтың жемі деректер туралы , әсіресе , шежіре мен заманхат туралы құнды пікір айтқан /5/.

Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған

4

деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен

жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар .

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілінде жарық көрген газеттер мен журналдардың тарихына қатысты алғашқы мақалалар сол басылымдардың өз беттерінде жарияланған . Ұлттық-бейресми басылымдар арасында ең ұзақ уақыт шығып тұрған “Қазақ” газетінде “Қазақстан” , “Айқап” , “Алаш” , “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Ұран” және “Тіршілік” туралы көптеген мақалалар басылған . Олардан аталған басылымдар туралы деректік мәліметтермен қатар , сол басылымдар туралы алғашқы тарихнамалық мағлұматтар да алуға болады .

Ұлттық бейресми басылымдарға берілген алғашқы тарихи баға да сол басылымдардан кездеседі . Мысалы , “Бірлік туы” газеті 1918 жылы қаңтардағы большевиктердің “Қазақ” газетін жабуына байланысты: “Қазақ” газеті жабылды деген хабарды естігенде әрбір алаш баласының жүрегі су етіп , қабырғасы қайысар . Біз бұған сенеміз. “Қазақ” газеті алаштың қараңғы заманында жол көрсетіп тұрған шам шырағы , сасқанда ақыл айтып тұрған көсемі” /10/ - деп жазды . Мұндай ұлттық бейресми басылымдардың көш бастаушысы “Қазақ” газетінің ұлт мүддесі үшін еткен еңбегін шынайы бағалау кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да өз жалғасын тапты .

“30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш ардагерлерінің “халық жаулары” ретінде толығымен дерлік жойылуына байланысты , “Алаш” қозғалысының тарихын зерттеуге де тыйым салынды . Ал , “Алаш”

5

қозғалысының түп нұсқалық деректері жарияланып тұрған “Қазақ” , “Бірлік туы” сияқты газеттер буржуазияшыл ұлтшылдардың органдары деп айыпталды және оларды ғылыми зерттеу ісіне пайдалануға рұқсат етілмеді” - деп жазды К. Нұрпейісов /11/.

1966 жылы “Айқап” журналы Қазақстан тарихының дерегі ретінде” - деген тақырыпта Г. К. Сәтбекованың кандидаттық диссертация қорғауы болды . Бұл ұлттық басылымдар негізінде қорғалған бірінші диссертация еді . Онда автор қазақ тілінде шыққан тұңғыш журналдың тарихына қатысты мағлұматтар келтіріп , журнал көтерген тақырыптарға , әсіресе оқу-ағарту ісіне кеңінен тоқталған .

Егер ресми газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы азды-көпті бұрын айтылып келсе , ұлттық-бейресми басылымдардың тарихын объективті зерттеу , олардың материалдарын халқымыз тарихының дерегі ретінде пайдалану , тек 90 жылдардың басынан , бұрынғы КСРО-дағы қайта құру мен демократияландыру шараларынан , әсіресе , еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін ғана мүмкін болды . Бұл салада аз жылдар ішінде көп іс атқарылды деп айта аламыз . Саяси жағдай мен Қазақстан тарих ғылымында болған түбегейлі өзгерістер “Қазақ” газеті мен басқа да жазықсыз ұмыт болуға айналған ұлттық басылымдар туралы бетінде ондаған мақалалардың жариялануына әсер етті /12/.

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мерзімді басылымы тарихының зерттелуі , олардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде пайдалануы туралы айтқанда , зерттеуші-ғалым , библиограф Үшкөлтай Субханбердинаның осы саладағы атқарған еңбегіне ерекше тоқталу қажет.

“Халықтар татулығы және ұлттық тарих жылы” - деп жарияланған –

6

1998 жылы ұлттық басылымдарды зерттеу ісінде біршама жұмыстар тындырылды . Ең бастысы , Ү. Субханбердина , С. Дәуітов , Қ. Сақовтардың құрастыруымен “Қазақ” газетінің материалдары кітап түрінде жинақ болып басылып шықты /13/. “Ақиқат” журналы өзінің сол жылғы 4-ші санынан бастап “Мұра” айдарымен , жылдық және сандық ретін сақтап , “Қазақ” газетінен үзінділер жариялап тұрды . Жинақ шықпастан бұрын дайындалып басталған бұл жұмыс , жинақ жарық көрген соң да жалғастырылды . Осылай , “Қазақ” сөзі , большевиктер зорлығымен жабылғалы 80 жыл өткен соң , өзінің бүгінгі оқырмандарына жинақ түрінде де , журналдағы жарияланымдар түрінде де жетті .

Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жас зерттеуші Қ. Сақов “Қазақ” газеті туралы кандидаттық диссертация қорғады /14/. Сонымен қатар , “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті туралы өз ойын Президент Н. Назарбаевта өзінің 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітабында білдірді /15/. Дегенмен , біздің ойымызша, мұндай ұлттық басылымдарға деген соңғы жылдары кең өріс алған заңды қызығушылық , келешек үлкен істің – сол басылымдардың тарихын терең зерттеу және оларды тарих дерегі ретінде талдау ісінің бастамасы ғана .

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін , яғни соңғы жылдары жарияланған “Алаш” көсемдері: Ә. Бөкейхановтың , А. Байтұрсынов , М. Дулатовтың аталмыш басылымдарда жарияланған мақалалары енген жинақтары да жұмыстың деректік негізін құрайды . Егер , Ә. Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде жарияланған мақалалары , аудармалары және рецензиялары М. Қойгелдиевтің құрастыруымен 1994 жылы жеке кітап түрінде шықса , А. Байтұрсынов пен М.

7

Дулатовтың “Айқап” , “Қазақ” т.б. басылымдарында жарияланған еңбектері , олардың шығармалар жинағына енген .

Бітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың деректік негізінің бір бөлігін куәгерлердің , яғни ұлттық басылымдар авторларының замандастары қалдырған мәліметтер құрайды . Мысалы , С. Сейфуллиннің мемуарында ұлттық басылымдардың қазақ тарихындағы ең бір күрделі кезеңі 1916-1917 жылдарғы орны мен тарихына қатысты аса маңызды мағлұматтар келтірілсе , М. Әуезовтың еңбектерінде “Қазақ” газетінің ұлт өміріндегі алған орнын анықтауға көмектесетін деректер бар . Ал , Т. Шонанұлының еңбегінде мерзімді басылымдардың өзекті тақырыптарының бірі жер мәселесі туралы көптеген құнды мағлұматтар кездеседі /16/.

Соңғы онжылдықта жариялана бастаған ұлттық басылымдар және Алаш қозғалысының тарихына арналған мақалалар мен монографиялық еңбектер де жұмыстың деректік негізінің үлкен бір бөлігін құрайды . Мысалы , М. Мырзахметовтың /17/, Ғ. Ахмедовтың /18/, М. Құл-Мұхамедтің /19/, С. Өзбекұлының /20/, Ж. Қалиұлының /21/

еңбектерінде мерзімді басылымдар мәліметтерінің деректік маңызын ашуға көмектесетін көптеген фактілі мәліметтер жинақталған . Сонымен қатар , баспасөз тарихына арналған кеңестік тарихнаманың да деректік маңызын жоққа шығаруға болмайды . Методологиялық қателіктерге қарaмастан , олардан алғаш қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге көмектесетін нақты мағлұматтар алуға болады .

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: - ХХ ғасырдың басындағы Ұлттық баспасөзімізді қазақ тарихының дерек көзі ретінде талдай отырып , пайдалану .

- “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттерін

8

тарихи дерек көзі ретінде пайдалану

- “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеттерін талдау

- “Қазақ” газетінің шығуын , қалыптасуын және деректік ерекшелігін түсіндіру .

Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе , қорытынды бөлімдерімен қатар 2 тараудан ( әр тарау 2 бөлімнен) және пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

9

І тарау. Ұлттық-бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері.

1.1. “Қазақ газеті” және “Серке” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми басылымдары Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттық баспасөз тарихын , бүгінгі күн талабына сай , ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау , төл тарихымызды толықтыра түсері , оларды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық . Өйткені ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың , оның ішінде , ғасыр басында дүниеге келіп , бірі қысқа , бірі ұзақ өмір кешкен биресми , ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына байланысты берер мәліметтері, жеткізер деректері мол .

Ұзақ жылдар бойы қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық басылымдардың тарихын зерттеуші , олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап , мәтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердина: Революциядан бұрын қазақ тілінде газет , бір журнал шыққан . Олар: “ Түркістан уалаятының газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала уалаятының газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік туы ” (1917) , “ Қазақ газеті ” (1907), “Дала” (жылы белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , - дейді. /22/

Жалпы ел тарихында , оның ішінде қазақ баспасөзі тарихында

10

өзіндік орын алған , аталған газет – журналдардың алдыңғы екеуі белгілі мақсатпен шығарылған , ресми газеттерге жатса , қалғандары ғасыр басында сап түзеп , ұлт мүддесі үшін күреске шыққан , халқымыздың аяулы азаматтарының , озық ойлы ұлт зиялыларының

саналы іс әрекеттерінің салдарында дүниеге келген ұлттық бағыттағы саяси басылымдарға жатады . Алға қойған мақсаты мен бағыт-бағдарлары , тарихы мен тағдырлары бөлек , сол бір топ басылымдардың алғаш жарыққа шықандары да , ғасыр басындағы өмір шындығымен бетпе-бет кездесіп опат болғандары да “ Серке ” мен “Қазақ газеті ” болды .

Өркениетті халықтар тарихында , олардың ұлттық мүддесіне сай басылымның дүниеге келуі аса маңызды оқиғалар қатарына жатады . Демек , біздің тарихымыз үшін қазақ тілінде шыққан биресми , ұлттық бағыттағы басылымның қай жылы , қай күні жарыққа шыққандығы туралы мәселе , ұлттық маңызы бар принципті мәселе . Сондықтан , осы екі басылымның дүниеге келуі жалпы ұлттық көлемдегі оқиға ретінде , олардың тарихына қатысты деректерді жан-жақты талдауды қажет етеді .

Екі бірдей ұлттық басылымның ғасыр басында бірінен соң бірінің жарыққа шығуының басты себептері біріншіден , француз зерттеушілері А. Беннигсен мен Ш. Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ: “ 20 ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының ” /23/ отаршылдық езгіге қарсы күресте , жалпы ұлт мүддесі үшін күресте , баспасөздің қажеттігін терең сезінуі болса , екіншіден , бүкіл империяны дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді . Ол туралы Серкені шығарушылардың бірі , оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы: “ 1905 жылдан бері біздің 11

қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп , олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады ” , - деді /24/.

Сол қазақ жұртының қолға алған ұлт пайдасының бірі газет шығару болды . Дегенмен , қазақ зиялыларының өз тілдерінде бейресми газет шығармақ болған алғашқы нақты әрекеттері сәтсіз аяқталды .

Алғашқы бейресми газет шығару мәселесі , тек 1907 жылы ғана мүмкін болды . Осы жылдың көктемінде “ Қазақ газеті ” мен “ Серке ” жарық көрді .

Бұл екі газеттің де өмірлерінің тым қысқа болуына байланысты тарихқа берер дерегі мол болмағанымен , алғашқы бейресми ұлттық басылым ретінде жарық дүниеге келгендігін білдіріп , өздерінің зорлықпен тұншықтырылуы арқылы болса да , соңынан келер ұлттық басылымдарға сабақ болған “Қазақ” газеті мен “ Серке ” халық жадында қалуға тиіс.

Алғашқы қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет 1870 жылдың 10 мамырынан бастап Ташкентте шыға бастаған “ Түркістан уалаятының газеті ” екендігі белгілі болса , қазақтың бейресми , ұлттық бағыттағы , бірінші демократиялық газеті қай газет екендігі , оның қай күні шыққандығы әлі күнге дейін толық анықталған жоқ . Ол туралы Х. Бекхожин: 1906 жылы ақпанда “Қазақ газеті” шықты - десе /25/ , зерттеушілер: Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайлар “Қазақ газеті”, ол 1907 жылдың наурыз айында жарық көрді /26/ - деп , дәл қай күні екендігін айтпайды . Зерттеуші Ә. Әбдіманов: “Серке” - қазақтың биресми , саяси бағыттағы демократиялық баспасөзінің тұңғыш бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алуы керек /27/ - десе , француз тарихшылары А. Беннигсен , Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси және санаткерлік қақтығыстардың дәл осындай буырқанған сәтінде /28/ - деп ,

12

алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келген уақытын суреттей келе : 1907 жылы қазақ баспасөзі дүниеге келді. Егер Әбдірашит Ибрагимовтың Санкт-Петербургте шыққан “Серкесін” есептемесек , онда 1907 жылдың наурызында Троицкіде Андреев пен Ишмұхамед Иманбаев шығарған “Қазақ газеті” жалпы қазақ баспасөзінің қарлығашы болды деуге негіз бар /29/ , - дейді .

Ал , журналист Т. Боранғалиұлы : “Серке” мен “Қазақ газетінің” не бары бір-бірден нөмірі шыққаның ескерсек , 1911 жылдың қарлығаштары “Қазақстан” газеті мен “Айқап” журналын ұлттық баспасөздің тұңғышы деуге хақылымыз ” /30/- деп , ол екеуін де газет қатарынан мүлдем шығарып тастайды .

Бұған айтарымыз , біріншіден , белгілі бір мерзімде шығып тұрмағанымен , ол екеуінің де көп тиражбен тасқа басылып шығып , көпшілікке таралғаны тарихи факт . Сондықтан , оларды газет емес деп ешкім айта алмайды . Демек , қазақтың тұңғыш ұлттық газеті осы екеуінің біреуі . Екіншіден , баспасөздің маңызы оның шыққан санымен өлшенбейді , ұлтқа сіңірген еңбегімен , ал уақыт контексінде қарасақ , бодандыққа қарсы , ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте көрсеткен ерлігімен өлшенеді . Сондықтан , қазағым деп , елім деп айға шапқан арыстандай мерт болған осы екі газеттің тарихы мен тағдырын тереңірек зерттеу , оларға басқаша көзқарас қалыптастырары даусыз .

Қазақстан баспасөзінің тарихын зерттеушілердің бірі Зарқын Тайшыбай қазақ тілінде жарық көрген алғашқы газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы айта келе : Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ газеті” (1911) , “Қазақстан” (1911-1913) 13

газеттері , “Айқап” журналы (1911-1915) – бәрі осы “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтамыз . Оның осы уақытқа дейін өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатуының себебі неде? ” /31/ , - дейді

Мұндағы автордың “Дала уалаяты газетінің” өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатыр деген соңғы пікіріне қосыла отырып , “Қазақ газеті” 1911 жылы , демек “Серкеден” төрт жылдан соң шыққан деп көрсетуімен және аталған басылымдардың “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтқан ойымен келісе алмаймыз .

Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ газетінің” де 1907 жылдың көктемінде шыққаны анық . Әңгіме тек екеуінің қайсысының бір күн болса да бұрын шыққандығында . Тіптен қазақ егіз туған екі нәрестенің де арасындағы минуттарын санап бірін үлкені бірін кішісі деп жатпай ма? Ол табиғи заңдылық . Олай болса , қазақтың қазақ болғалы , өзі дүниеге әкелген , тұңғыш бейресми-ұлттық газеті қайсысы екендігін неліктен анықтамасқа?

Екіншіден , “Дала уалаятының газетінің” тарихи орнын да , деректік маңызын да жоғары бағалай отырып , оның материалдарын қазақ тарихының дерегі ретінде арнайы зерттеп , тиісті бағасын беру қажеттігін толық қолдаймыз . Бірақ , жоғарыда аталған басылымдардың пайда болу жағынан да “Дала уалаятының газетінен ” бөлек басылымдар болды деп , біз де сеніммен айта аламыз . Егер , олар “Дала уалаятының” үлгісімен шығып , соның ізін басқан болса , “Қазақ газеті” мен “Серке ” бірінші нөмірінен кейін-ақ тұтқындалып жабылып қалмаған болар еді . М. Дулатұлы “Қазақ” туралы: “Кешегі өзгеріске шейінгі тергеу , тексеру ,

тінту , абақты , штрафтан... көзі ашылған жоқ” /32/ – деп жазбаған болар .

14

Сонымен , қазақ тілінде шыққан тұңғыш ұлттық-демократиялық ,

бейресми газет туралы үш түрлі пікір қалыптасқандығын көреміз . Зерттеушілердің көпшілігі “Серкені” қазақтың тұңғыш ұлттық газеті ретінде атаса , екінші бір тобы , дәл қай күні шыққандығын атап көрсетпесе де , “Қазақ газетін” атайды . Ал , үшіншілері “Қазақстанды” ұлттық баспасөзіміздің төл басы ретінде тануды ұсынады .

“Серкені” алғаш ұлттық газет ретінде атаған М. Дулатов болатын . Ол 1923 жылы “Еңбекші Қазақ” газетінде: “Мерзімді баспасөз бізде қашан туғаны белгілі . Әр жұрттың , әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатесіз бір өлшеуіші – баспасөз болады . Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, өзі де өнерлі екендігі көрінеді , яки қай жұрт өнерлі болса , оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдай анық ” /33/ - деп жазған .

М. Дулатұлының бұл пікірін ағамыз Д. Исақанұлы бүгін қайталап отыр . Ол 1999 жылы шыққан “Ақиқат” журналының екінші санында: “Қазақ тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке” мен “Қазақ газеті” болып табылады /34/ - деп , нық сеніммен жазып отыр .

Міне осылай алғашқы ұлттық төл газетіміз туралы пікірлер әр түрлі басылымдарда 80 жылға жуық уақыт бойы айтылып келеді . Дегенмен , оның нақты қай газет екендігі және дәл қай күні шыққандығы туралы нақты дәлелдермен әлі анық айтылмай отыр . Бұл , бір жағынан , ұлттық басылымдар тарихының ел өмірінен алар орнының маңыздылығын

көрсетсе , екінші жағынан , бұл мәселені анықтай түсудің қажеттілігін көрсетеді .

“Қазақ газеті” (1907) мен “Қазақ” (1913-1918) газеті екеуі де

демократиялық бағыттағы , ұлттық-бейресми басылымдар болғанымен ,

15

аттары ұқсас , екі басқа басылымдар .

“Cеркенің” жарыққа шыққан күні туралы барлық еңбектерде 1907 жылдың 28 марты деп нақты айтылса , “Қазақ” газетінің шыққан күні туралы әр түрлі пікірлер айтылады . Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Х. Бекхожин: “Қазақ газетінің” пайда болуының , оның патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрес жариялауының , әсіресе , патша үкіметінің ұлт араздығын қоздыру әрекетіне жауап ретінде еврей Хаим Сосновский мен қазақ Ешмұхамет Иманбаев , Жетпісбай Андреевтердің бірлесіп орыс және қазақ газетін шығаруының үлкен саяси мәні бар факт ” - деп , бағалаған , “Қазақ газетінің” мақсаты өз

халқының мүддесі үшін күрес екендігін бүкпесіз айтқандығын , отаршылдық езгіге қарсы ашық күрес жариялағандығын көреміз. Газеттің шықпай жатып жабылуының басты себебі осы екендігі даусыз .

“Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай “Қазақ журналистикасының тарихында (1870-1995 жылдар)”: “Қазақ” газетінің материалдарынан байқалғанындай , ол “солшыл бағыттағы органдардың тактикасын”, яғни революцияшыл бағытты қолдады . Ондағы мақсаты - самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт-насихат жүргізу болды ” /35/ - деп тұжырым жасаған . Әрине , мұндай шындыққа сай келмейтін , ғылыми негізі жоқ тұжырыммен келісу қиын . Өйткені , бір ғана нөмірі шығып жабылып қалған “Қазақ газеті” түгіл 6 жыл бойы дерлік шығып тұрған , 265 нөмірі жарық көрген “Қазақ” та өзінің алдына “самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт насихат жүргізу” мақсатын қойған жоқ.

Патша үкіметінің және оның жергілікті жерлердегі әкімшіліктерінің өз үстемдіктеріне қарсы ашықтан-ашық күрес жариялаған басылымның

16

өмір-сүруімен келісе алмайтығындығы , оны тезірек жабуға ұмтылатындығы келешек газет шығарушыларға сабақ болуға тиіс еді , бірақ бірден олай болмады . “Қазақ газетінің” көзсіз ерлігін де , объективті жағдайды ескеріп өз мақсаттарын бүркемелей алмаған қателіктерінде , тура бір айдан соң , 1907 жылы 28 наурызында “Серке” қайталады.

Ол туралы қазақтың тұңғыш журналы “Айқаптың” редакторы М.Сералин , журналдың 1911 жылғы шыққан 1-санының бас мақаласында: “Соңғы замандарда біздің қазақ жұртында аз-мәз тіршілік көрсетіп газет шығара беруді қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара алмайды . 1907 жылы ІI Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмәрден

Қошығұлов “Серке” есімді журнал шығара бастап еді . Ұзаққа бармай , үкімет тарапынан тоқтатылды .

Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев “Киргизская газета” есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып , алғашқы нөмірді шығарды да тоқтатты...” , - дейді.

1907 жылы шыққан “Нәжет” (Азаттық) деген жинақта “Серке” атты екі жетілік газеттің... 28 мартта бірінші саны шықты . Ол “Улфат” газетінің 67 санына қосымша болып шықты” /36/ - деп айтылған . Кейбір деректерде “Серкенің” 3-4 саны шықты деп айтылғанымен , әр түрлі деректерді салыстыру оның 1907 жылы 28 мартта (ескі стиль бойынша) бір саны шығып таратылып , екінші санының дайындалып , бірақ таратылып үлгермей тұтқындалғанын көрсетеді . “Серкенің” не жазғаны , не айтпақ болғаны , жалпы бағыт-бағдары мен мақсаты , неліктен “Серке” атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі , оның 22 жасар албырт авторы Міржақып Дулатовтың , газеттің бірінші санында жарияланған “Жастарға” деген өлеңі мен екінші санында даярлаған “Біздің

17

мақсатымыз” атты бас мақаладан көруге болады .

Өлеңнің бірінші шумағында:

Найзаменен түртсе де,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, аллай-ай!

десе , соңғы шумағында:

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?

дейді /37/.

Бірінші шумақтан М. Дулатовтың бүкіл саналы өмірінің басты мақсатына айналған , қалың ұйқыдағы қазағын оятудың әрекеті байқалса , соңғы шумақта жастарға , қараңғыда халқына жол көрсетер , қой бастаған серкедей , халқын соңына ертер деген үміті байқалады . Және де , осы шумақтан газеттің неліктен “Серке” атанғандығын байқау да қиын емес .

Патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып шыққан, алғашқы ұлттық басылымдардың бірі “Серкенің” 2-ші санында , “Арғын” деп қол қойған М. Дулатов “Біздің мақсатымыз” деген мақаласында:

“Қазағым менің, елім менің!

Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правасының жоқтығы ыза мен кек тудырады . Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес нәрселерге жұмсалады...

... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... Чиновниктер , урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып , мал-мүлкін тартып , ойына не келсе соны

18

істеді...

Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып , қазақтардың даласына суы мен шұрайлы жерлерін тартып , әперуде .Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде . Тұтас ауыл болып келсе бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып бар мал-мүлкін тартып алып кетуде...

Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін жер аударды... Әлде Россияда жер аз ба? Шұрайлы жер аз емес , бірақ бәрі байлардың, дворяндардың , помещиктердің қолында , олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес , ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ . Түрлі деңгейдегі министрлер , жоғары чиновниктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда...” , - дейді .

Кезінде Петербург баспасөз істері комитеті , “Полицияға түскен мәліметтер бойынша , бұл қазақ халқын өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын “барлық қазақ халқына арналған үндеу сияқты” - деп “өте жоғары бағалаған”, сондықтан , “газеттің осы нөміріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын” - деп шешім қабылдаған , өзінің батылдығымен бүкіл Петербург полициясын дүрліктірген мақаланың одан арғы тағдыры туралы міржақыптанушы ғалым Марат Әбсемет былай дейді: “Полиция қанша іздегенімен мақаланың лақап атпен жүрген авторын таба алмады. Полицияның заңсыз әрекеттері ақын жанына қатты батты ”.

1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі В.Д. Смирнов Міржақыптың тәркіленген кітаптарын қарап отырып , одан кезінде үлкен шу болған “Біздің мақсатымыз” деген мақалаға тән тәсіл мен ұқсастықты аңғарып қалады . Тез арада архивтен “Улфат” газеті мен

19

оның қосымшасы “Серке” алынып , сот палатасының шешімі бойынша

1913 жылғы мамырдың 15- күні ол жойылды” .

Санкт-Петербург мемлекеттік тарих мұрағатының қорында сақталған құжаттарға негізделіп жазылған бұл ақпарат “Біздің мақсатымыздың” патша сақшыларының есінде жақсы сақталғандығын білдіреді .

Сонымен , ғасыр басындағы қазақ баспасөзін талдау , барлық бейресми, ұлттық басылымдардың өзегі болған негізгі мәселелер – жер мәселесінің , қалың ел қазақты ұйқыдан ояту мәселесінің , баспасөз бетінде , алғаш осы екі газетте көтерілгенін , бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – газетті ұлт мүддесі үшін , азаттық үшін күрес жолында пайдалану әрекеті солардан басталғанын көрсетеді . “Қазақ газеті” мен “Серкенің” көзсіз ерлікке тең бұл істері қазақ даласында ізсіз , бекер кеткен жоқ . Көптеген қазақ зиялыларына қозғау салумен қатар , олар , баспасөз арқылы отаршылдық езгіге қарсы күрес жүргізудің алғашқы қадамдары

ретінде , келешек бейресми , ұлттық бағыттағы газет шығарушыларға сабақ та болды деп айта аламыз . Өйткені , алғашқы газеттер тағдыры түпкі мақсатқа жету үшін көп қиындықтар мен шығарылған басылымды сақтай білудің керектігін , кейде , айла-тәсілдерге барып , өз ойларын бүркемелей білудің қажеттігін көрсетті . Сөйтіп , кейіннен шыққан “Қазақстан” , “Айқап” , “Қазақ” сияқты басылымдардың едәуір өміршең болуына әсер етті.

Ондай тұжырым жасауға , біздің ойымызша , бірнеше негіз бар . Біріншісі , аталған басылымдарды шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” тарихын да , тағдырын да жақсы білгендігі . Жоғарыда айтқанымыздай , “Айқап” журналы редакторының бірінші санындағы бас мақалада солар туралы айтуы соның бір дәлелі. Екінші дәлел , “Серкенің” негізгі авторы Міржақып Дулатұлының “Қазақ” газетінің

20

шығарушыларының бірі болуы . Демек , ол өзінің “Серкеден” алған

сабағын ескерері түсінікті .

Екіншісі , “Қазақ газетінің” бірінші санының , бірінші жолдарында “Заманына қарай амалы” - деген сөз бар . Мұның мағынасы – заманның түріне қарап іс істеу” , - деп басталып , сол өздерінің заманын: “Төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді . Түбі қандай белгісіз . Не боларын білмейміз” , - деп суреттеуі . Бұл жерде , Ахмет Байтұрсыновтың өзін қоршаған ортаның , саяси құбылыстың көрінісін , осылай , жұмбақтап жеткізуге , “заманына қарай амал” қылуға , мәжбүр болып отырғандығы талас туғызбас деп ойлаймыз.

Үшіншісі , қазақтардың ХХ ғасыр басындағы ұлт азаттығы жолындағы күрестің танымал көсемі , “Қазақ” газетінің негізгі авторларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 1913 жылы “Қазақ” газетінің 24-санында “Ашылып ақыл жазатын қалім бар ма? Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман байлап тұр” - деуі.

Бұл мысалдар кейінгі мерзімді басылымдарды шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” сабақтарын , тарихы мен тағдырларын ескеріп , өздері өмір сүрген уақытпен , қалыптасқан объективті жағдаймен санасуға мәжбүр болғандығын көрсетеді .

Сонымен , тарихы мен тағдыры судың екі тамшысындай ұқсас , “Қазақ газеті” мен “Серке” қазақ халқының алғашқы биресми , ұлттық газеттері ретінде баспасөз тарихынан өз орнын алуға толық құқылы . Егер , бүгінгі ұрпақ алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет еліміздің тәуелсіздігін сақтау болса , ғасыр басындағы аталарымыз алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізу болғандығы белгілі . Демек , сол кезеңдегі құндылықтың бәрі де

сол міндет, сол мақсат жолында еткен еңбекпен , төккен термен

21

есептелінуі әділеттілік . Олай болса , қазақ зиялыларының тәуелсіздік үшін күрес жолында тұңғыш рет қолданған ұлттық , бұқаралық ақпарат құралы ретінде де екеуінің орны ерекше .

Ақырында , бір-ақ қана нөмірлерінің шығып үлгергеніне қарамастан , екеуінің де тарихы мен тағдыры , қазақ халқының азаттық жолындағы күресі тарихының бір көрінісі ретінде , екеуі де сол күрестің құрбандары ретінде халық жадында мәңгі қалуға тиіс . Ал , екі газеттің қайсысы бірінші болып жарық көрді? – деген принципті сұраққа келсек , онда бірінші шыққан “Қазақ газеті” . Ол “Серкеден” тура бір ай бұрын шыққан . Сондықтан “Қазақ газетінің” шыққан күні ескіше 28 ақпан , жаңаша 13 наурыз (1907 жылы ақпан айы 28-мен аяқталған) қазақтың тұңғыш ұлттық бейресми газеті шыққан күн ретінде тарихқа еніп, ұлттық күнтізбектерден , дайындалып жатқан Қазақ энциклопедиясынан өз орнын алуы тиіс .

Қазақ халқының жоғын жоқтап , мүддесін қолдаған , елдің елдігін , ұлттың бірлігін , жерінің тұтастығын қорғаған ұлттық-бейресми басылымдардың пайда болуы , ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды . Бүгінгі күні халқымыз тарихының баға жетпес дерек көзіне айналған , кезінде белгілі бір мерзімде қазақ тілінде шығып тұрған басылымдардың пайда болып ел арасына таратылуы ғасыр басындағы қазақ өмірінде ерекше қоғамдық құбылыс болған еді . Тарихы да , тағдыры да бөлек , қазақ тарихында өзіндік із қалдырған , ұлттық басылымдар туралы біраз еңбектерде айтылды . Тағы да айтылары даусыз . Ал біздің мақсатымыз , сол басылымдардың деректік ерекшеліктерін ашуға, олардан алынған мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтауға қатысты кейбір тарихи мәселелерге көңіл аудару .

22

Егер большевиктер диктатурасына дейінгі дүниеге келген қазақ

тіліндегі газет-журналдардың тарихына көз салсақ , онда олардың үш түрлі тарихи жағдайда жарыққа шыққандығын байқауға болады. Мысалы, алғашқы қазақ тілінде шыққан газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” арнаулы мақсатпен , патша өкіметінің қолдауымен шықса , 1907 жыл мен 1917 жылдың ақпаны аралығындағы шыққан газеттер мен “Айқап” журналы қазақ зиялыларының ұзақ жылдарға созылған , ерлікке тең , саналы іс-әрекеттерінің арқасында , патша өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілік органдарының ресми рұқсатынан соң ғана дүниеге келіп , солардың қатаң бақылауымен шығып тұрған . Ал , ақпан төңкерісінен кейін шыққан “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Тіршілік” , “Үш жүз” және “Ұран” газеттері тіптен басқа тарихи кезеңде , біршама демократиялық жағдайда дүниеге келген .

с. 1 с. 2 с. 3

kz1.fatwords.org

1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан" газеті

: wp-content -> uploads -> 20132013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка2013 -> 1 Геологическая часть2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-952013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды2013 -> Мазмұны кіріспе2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!Жоспар

Кіріспе............................................................................................3

І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері 1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер.............................................................................................10-24

1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті...................25-33

ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі 2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі.........................................................................................34-48

2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі.............................48-57

Қорытынды....................................................................................58-60 Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді басылымның тарих дерегі ретінде бейнелеу объекті мен ауқымдылығы тап күресінен әлдеқайда кең және жан-жақты . Газет пен журнал материалдары қоғамдық-саяси өмірдің кең суреттемесін қалпына келтіріп , зерттеудегі кезеңнің басты актуалды проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді . Және де әр елдің , тіптен бір елдегі әр түрлі ұлттардың деректерінің , оның ішінде мерзімді басылымдардың да өзіндік ерекшелігі болмай қоймайды . Ол – заңдылық . Сондықтан тарихи сынның да ерекшеліктері болатындығы туралы В. О. Ключевский: “Барлық жерде тарихи сын қосымша ғылым ретінде бірдей болу керек пе , жоқ әр жерде өз ерекшелігіне қарай жергілікті тарихи сынның да өз ерекшелігі болу керек пе” , /1/ - деген сауал қойып , оған өзі: “Тарихи сынның өз ерекшелігі болу керек . Ол тарихи сынның міндеттері мен тәсілдерінің тарихи деректің өзіндік қасиеттерімен тығыз байланыстығынан туындайды . Ал , деректердің өзіндік қасиеттері барлық жерде бірдей емес” /2/ - деп жауап береді . Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

3

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде

шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар. Яғни , Қазақстандық мерзімді басылымдар , әсіресе қазақ тіліндегі газет-журналдар Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс .

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ұлттық деректеріміз туралы деректанушылық ойлар , олардың ерекшеліктері мен құндылықтары туралы ғылыми көзқарастар Ш. Уалиханов , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , О. Сүлейменов сияқты қазақ ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінде де айтылған . Мысалы , Шоқан Уалиханов өзінің жазбалары мен зерттеу жұмыстарында ұлтымыздың төл деректері – жыр-дастандардың , шежірелердің пайда болуының объективтілігі , олардың сақталу формалары , деректік маңызы туралы айтса , /3/ Әлихан Бөкейханов “Қазақ” газетінде жарияланған ғылыми рецензияларында өзінің деректанушылық ойларын білдірген /4/. Ахмет Байтұрсынов “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінің беттеріндегі мақалаларында және “Әдебиет танытқышында” жалпы тарих ғылымы , оның ішінде тарихтың жемі деректер туралы , әсіресе , шежіре мен заманхат туралы құнды пікір айтқан /5/.

Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған

4

деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен

жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар .

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілінде жарық көрген газеттер мен журналдардың тарихына қатысты алғашқы мақалалар сол басылымдардың өз беттерінде жарияланған . Ұлттық-бейресми басылымдар арасында ең ұзақ уақыт шығып тұрған “Қазақ” газетінде “Қазақстан” , “Айқап” , “Алаш” , “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Ұран” және “Тіршілік” туралы көптеген мақалалар басылған . Олардан аталған басылымдар туралы деректік мәліметтермен қатар , сол басылымдар туралы алғашқы тарихнамалық мағлұматтар да алуға болады .

Ұлттық бейресми басылымдарға берілген алғашқы тарихи баға да сол басылымдардан кездеседі . Мысалы , “Бірлік туы” газеті 1918 жылы қаңтардағы большевиктердің “Қазақ” газетін жабуына байланысты: “Қазақ” газеті жабылды деген хабарды естігенде әрбір алаш баласының жүрегі су етіп , қабырғасы қайысар . Біз бұған сенеміз. “Қазақ” газеті алаштың қараңғы заманында жол көрсетіп тұрған шам шырағы , сасқанда ақыл айтып тұрған көсемі” /10/ - деп жазды . Мұндай ұлттық бейресми басылымдардың көш бастаушысы “Қазақ” газетінің ұлт мүддесі үшін еткен еңбегін шынайы бағалау кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да өз жалғасын тапты .

“30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш ардагерлерінің “халық жаулары” ретінде толығымен дерлік жойылуына байланысты , “Алаш” қозғалысының тарихын зерттеуге де тыйым салынды . Ал , “Алаш”

5

қозғалысының түп нұсқалық деректері жарияланып тұрған “Қазақ” , “Бірлік туы” сияқты газеттер буржуазияшыл ұлтшылдардың органдары деп айыпталды және оларды ғылыми зерттеу ісіне пайдалануға рұқсат етілмеді” - деп жазды К. Нұрпейісов /11/.

1966 жылы “Айқап” журналы Қазақстан тарихының дерегі ретінде” - деген тақырыпта Г. К. Сәтбекованың кандидаттық диссертация қорғауы болды . Бұл ұлттық басылымдар негізінде қорғалған бірінші диссертация еді . Онда автор қазақ тілінде шыққан тұңғыш журналдың тарихына қатысты мағлұматтар келтіріп , журнал көтерген тақырыптарға , әсіресе оқу-ағарту ісіне кеңінен тоқталған .

Егер ресми газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы азды-көпті бұрын айтылып келсе , ұлттық-бейресми басылымдардың тарихын объективті зерттеу , олардың материалдарын халқымыз тарихының дерегі ретінде пайдалану , тек 90 жылдардың басынан , бұрынғы КСРО-дағы қайта құру мен демократияландыру шараларынан , әсіресе , еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін ғана мүмкін болды . Бұл салада аз жылдар ішінде көп іс атқарылды деп айта аламыз . Саяси жағдай мен Қазақстан тарих ғылымында болған түбегейлі өзгерістер “Қазақ” газеті мен басқа да жазықсыз ұмыт болуға айналған ұлттық басылымдар туралы бетінде ондаған мақалалардың жариялануына әсер етті /12/.

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мерзімді басылымы тарихының зерттелуі , олардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде пайдалануы туралы айтқанда , зерттеуші-ғалым , библиограф Үшкөлтай Субханбердинаның осы саладағы атқарған еңбегіне ерекше тоқталу қажет.

“Халықтар татулығы және ұлттық тарих жылы” - деп жарияланған –

6

1998 жылы ұлттық басылымдарды зерттеу ісінде біршама жұмыстар тындырылды . Ең бастысы , Ү. Субханбердина , С. Дәуітов , Қ. Сақовтардың құрастыруымен “Қазақ” газетінің материалдары кітап түрінде жинақ болып басылып шықты /13/. “Ақиқат” журналы өзінің сол жылғы 4-ші санынан бастап “Мұра” айдарымен , жылдық және сандық ретін сақтап , “Қазақ” газетінен үзінділер жариялап тұрды . Жинақ шықпастан бұрын дайындалып басталған бұл жұмыс , жинақ жарық көрген соң да жалғастырылды . Осылай , “Қазақ” сөзі , большевиктер зорлығымен жабылғалы 80 жыл өткен соң , өзінің бүгінгі оқырмандарына жинақ түрінде де , журналдағы жарияланымдар түрінде де жетті .

Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жас зерттеуші Қ. Сақов “Қазақ” газеті туралы кандидаттық диссертация қорғады /14/. Сонымен қатар , “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті туралы өз ойын Президент Н. Назарбаевта өзінің 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітабында білдірді /15/. Дегенмен , біздің ойымызша, мұндай ұлттық басылымдарға деген соңғы жылдары кең өріс алған заңды қызығушылық , келешек үлкен істің – сол басылымдардың тарихын терең зерттеу және оларды тарих дерегі ретінде талдау ісінің бастамасы ғана .

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін , яғни соңғы жылдары жарияланған “Алаш” көсемдері: Ә. Бөкейхановтың , А. Байтұрсынов , М. Дулатовтың аталмыш басылымдарда жарияланған мақалалары енген жинақтары да жұмыстың деректік негізін құрайды . Егер , Ә. Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде жарияланған мақалалары , аудармалары және рецензиялары М. Қойгелдиевтің құрастыруымен 1994 жылы жеке кітап түрінде шықса , А. Байтұрсынов пен М.

7

Дулатовтың “Айқап” , “Қазақ” т.б. басылымдарында жарияланған еңбектері , олардың шығармалар жинағына енген .

Бітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың деректік негізінің бір бөлігін куәгерлердің , яғни ұлттық басылымдар авторларының замандастары қалдырған мәліметтер құрайды . Мысалы , С. Сейфуллиннің мемуарында ұлттық басылымдардың қазақ тарихындағы ең бір күрделі кезеңі 1916-1917 жылдарғы орны мен тарихына қатысты аса маңызды мағлұматтар келтірілсе , М. Әуезовтың еңбектерінде “Қазақ” газетінің ұлт өміріндегі алған орнын анықтауға көмектесетін деректер бар . Ал , Т. Шонанұлының еңбегінде мерзімді басылымдардың өзекті тақырыптарының бірі жер мәселесі туралы көптеген құнды мағлұматтар кездеседі /16/.

Соңғы онжылдықта жариялана бастаған ұлттық басылымдар және Алаш қозғалысының тарихына арналған мақалалар мен монографиялық еңбектер де жұмыстың деректік негізінің үлкен бір бөлігін құрайды . Мысалы , М. Мырзахметовтың /17/, Ғ. Ахмедовтың /18/, М. Құл-Мұхамедтің /19/, С. Өзбекұлының /20/, Ж. Қалиұлының /21/

еңбектерінде мерзімді басылымдар мәліметтерінің деректік маңызын ашуға көмектесетін көптеген фактілі мәліметтер жинақталған . Сонымен қатар , баспасөз тарихына арналған кеңестік тарихнаманың да деректік маңызын жоққа шығаруға болмайды . Методологиялық қателіктерге қарaмастан , олардан алғаш қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге көмектесетін нақты мағлұматтар алуға болады .

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: - ХХ ғасырдың басындағы Ұлттық баспасөзімізді қазақ тарихының дерек көзі ретінде талдай отырып , пайдалану .

- “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттерін

8

тарихи дерек көзі ретінде пайдалану

- “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеттерін талдау

- “Қазақ” газетінің шығуын , қалыптасуын және деректік ерекшелігін түсіндіру .

Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе , қорытынды бөлімдерімен қатар 2 тараудан ( әр тарау 2 бөлімнен) және пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

9

І тарау. Ұлттық-бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері.

1.1. “Қазақ газеті” және “Серке” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми басылымдары Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттық баспасөз тарихын , бүгінгі күн талабына сай , ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау , төл тарихымызды толықтыра түсері , оларды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық . Өйткені ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың , оның ішінде , ғасыр басында дүниеге келіп , бірі қысқа , бірі ұзақ өмір кешкен биресми , ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына байланысты берер мәліметтері, жеткізер деректері мол .

Ұзақ жылдар бойы қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық басылымдардың тарихын зерттеуші , олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап , мәтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердина: Революциядан бұрын қазақ тілінде газет , бір журнал шыққан . Олар: “ Түркістан уалаятының газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала уалаятының газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік туы ” (1917) , “ Қазақ газеті ” (1907), “Дала” (жылы белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , - дейді. /22/

Жалпы ел тарихында , оның ішінде қазақ баспасөзі тарихында

10

өзіндік орын алған , аталған газет – журналдардың алдыңғы екеуі белгілі мақсатпен шығарылған , ресми газеттерге жатса , қалғандары ғасыр басында сап түзеп , ұлт мүддесі үшін күреске шыққан , халқымыздың аяулы азаматтарының , озық ойлы ұлт зиялыларының

саналы іс әрекеттерінің салдарында дүниеге келген ұлттық бағыттағы саяси басылымдарға жатады . Алға қойған мақсаты мен бағыт-бағдарлары , тарихы мен тағдырлары бөлек , сол бір топ басылымдардың алғаш жарыққа шықандары да , ғасыр басындағы өмір шындығымен бетпе-бет кездесіп опат болғандары да “ Серке ” мен “Қазақ газеті ” болды .

Өркениетті халықтар тарихында , олардың ұлттық мүддесіне сай басылымның дүниеге келуі аса маңызды оқиғалар қатарына жатады . Демек , біздің тарихымыз үшін қазақ тілінде шыққан биресми , ұлттық бағыттағы басылымның қай жылы , қай күні жарыққа шыққандығы туралы мәселе , ұлттық маңызы бар принципті мәселе . Сондықтан , осы екі басылымның дүниеге келуі жалпы ұлттық көлемдегі оқиға ретінде , олардың тарихына қатысты деректерді жан-жақты талдауды қажет етеді .

Екі бірдей ұлттық басылымның ғасыр басында бірінен соң бірінің жарыққа шығуының басты себептері біріншіден , француз зерттеушілері А. Беннигсен мен Ш. Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ: “ 20 ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының ” /23/ отаршылдық езгіге қарсы күресте , жалпы ұлт мүддесі үшін күресте , баспасөздің қажеттігін терең сезінуі болса , екіншіден , бүкіл империяны дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді . Ол туралы Серкені шығарушылардың бірі , оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы: “ 1905 жылдан бері біздің 11

қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп , олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады ” , - деді /24/.

Сол қазақ жұртының қолға алған ұлт пайдасының бірі газет шығару болды . Дегенмен , қазақ зиялыларының өз тілдерінде бейресми газет шығармақ болған алғашқы нақты әрекеттері сәтсіз аяқталды .

Алғашқы бейресми газет шығару мәселесі , тек 1907 жылы ғана мүмкін болды . Осы жылдың көктемінде “ Қазақ газеті ” мен “ Серке ” жарық көрді .

Бұл екі газеттің де өмірлерінің тым қысқа болуына байланысты тарихқа берер дерегі мол болмағанымен , алғашқы бейресми ұлттық басылым ретінде жарық дүниеге келгендігін білдіріп , өздерінің зорлықпен тұншықтырылуы арқылы болса да , соңынан келер ұлттық басылымдарға сабақ болған “Қазақ” газеті мен “ Серке ” халық жадында қалуға тиіс.

Алғашқы қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет 1870 жылдың 10 мамырынан бастап Ташкентте шыға бастаған “ Түркістан уалаятының газеті ” екендігі белгілі болса , қазақтың бейресми , ұлттық бағыттағы , бірінші демократиялық газеті қай газет екендігі , оның қай күні шыққандығы әлі күнге дейін толық анықталған жоқ . Ол туралы Х. Бекхожин: 1906 жылы ақпанда “Қазақ газеті” шықты - десе /25/ , зерттеушілер: Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайлар “Қазақ газеті”, ол 1907 жылдың наурыз айында жарық көрді /26/ - деп , дәл қай күні екендігін айтпайды . Зерттеуші Ә. Әбдіманов: “Серке” - қазақтың биресми , саяси бағыттағы демократиялық баспасөзінің тұңғыш бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алуы керек /27/ - десе , француз тарихшылары А. Беннигсен , Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси және санаткерлік қақтығыстардың дәл осындай буырқанған сәтінде /28/ - деп ,

12

алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келген уақытын суреттей келе : 1907 жылы қазақ баспасөзі дүниеге келді. Егер Әбдірашит Ибрагимовтың Санкт-Петербургте шыққан “Серкесін” есептемесек , онда 1907 жылдың наурызында Троицкіде Андреев пен Ишмұхамед Иманбаев шығарған “Қазақ газеті” жалпы қазақ баспасөзінің қарлығашы болды деуге негіз бар /29/ , - дейді .

Ал , журналист Т. Боранғалиұлы : “Серке” мен “Қазақ газетінің” не бары бір-бірден нөмірі шыққаның ескерсек , 1911 жылдың қарлығаштары “Қазақстан” газеті мен “Айқап” журналын ұлттық баспасөздің тұңғышы деуге хақылымыз ” /30/- деп , ол екеуін де газет қатарынан мүлдем шығарып тастайды .

Бұған айтарымыз , біріншіден , белгілі бір мерзімде шығып тұрмағанымен , ол екеуінің де көп тиражбен тасқа басылып шығып , көпшілікке таралғаны тарихи факт . Сондықтан , оларды газет емес деп ешкім айта алмайды . Демек , қазақтың тұңғыш ұлттық газеті осы екеуінің біреуі . Екіншіден , баспасөздің маңызы оның шыққан санымен өлшенбейді , ұлтқа сіңірген еңбегімен , ал уақыт контексінде қарасақ , бодандыққа қарсы , ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте көрсеткен ерлігімен өлшенеді . Сондықтан , қазағым деп , елім деп айға шапқан арыстандай мерт болған осы екі газеттің тарихы мен тағдырын тереңірек зерттеу , оларға басқаша көзқарас қалыптастырары даусыз .

Қазақстан баспасөзінің тарихын зерттеушілердің бірі Зарқын Тайшыбай қазақ тілінде жарық көрген алғашқы газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы айта келе : Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ газеті” (1911) , “Қазақстан” (1911-1913) 13

газеттері , “Айқап” журналы (1911-1915) – бәрі осы “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтамыз . Оның осы уақытқа дейін өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатуының себебі неде? ” /31/ , - дейді

Мұндағы автордың “Дала уалаяты газетінің” өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатыр деген соңғы пікіріне қосыла отырып , “Қазақ газеті” 1911 жылы , демек “Серкеден” төрт жылдан соң шыққан деп көрсетуімен және аталған басылымдардың “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтқан ойымен келісе алмаймыз .

Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ газетінің” де 1907 жылдың көктемінде шыққаны анық . Әңгіме тек екеуінің қайсысының бір күн болса да бұрын шыққандығында . Тіптен қазақ егіз туған екі нәрестенің де арасындағы минуттарын санап бірін үлкені бірін кішісі деп жатпай ма? Ол табиғи заңдылық . Олай болса , қазақтың қазақ болғалы , өзі дүниеге әкелген , тұңғыш бейресми-ұлттық газеті қайсысы екендігін неліктен анықтамасқа?

Екіншіден , “Дала уалаятының газетінің” тарихи орнын да , деректік маңызын да жоғары бағалай отырып , оның материалдарын қазақ тарихының дерегі ретінде арнайы зерттеп , тиісті бағасын беру қажеттігін толық қолдаймыз . Бірақ , жоғарыда аталған басылымдардың пайда болу жағынан да “Дала уалаятының газетінен ” бөлек басылымдар болды деп , біз де сеніммен айта аламыз . Егер , олар “Дала уалаятының” үлгісімен шығып , соның ізін басқан болса , “Қазақ газеті” мен “Серке ” бірінші нөмірінен кейін-ақ тұтқындалып жабылып қалмаған болар еді . М. Дулатұлы “Қазақ” туралы: “Кешегі өзгеріске шейінгі тергеу , тексеру ,

тінту , абақты , штрафтан... көзі ашылған жоқ” /32/ – деп жазбаған болар .

14

Сонымен , қазақ тілінде шыққан тұңғыш ұлттық-демократиялық ,

бейресми газет туралы үш түрлі пікір қалыптасқандығын көреміз . Зерттеушілердің көпшілігі “Серкені” қазақтың тұңғыш ұлттық газеті ретінде атаса , екінші бір тобы , дәл қай күні шыққандығын атап көрсетпесе де , “Қазақ газетін” атайды . Ал , үшіншілері “Қазақстанды” ұлттық баспасөзіміздің төл басы ретінде тануды ұсынады .

“Серкені” алғаш ұлттық газет ретінде атаған М. Дулатов болатын . Ол 1923 жылы “Еңбекші Қазақ” газетінде: “Мерзімді баспасөз бізде қашан туғаны белгілі . Әр жұрттың , әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатесіз бір өлшеуіші – баспасөз болады . Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, өзі де өнерлі екендігі көрінеді , яки қай жұрт өнерлі болса , оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдай анық ” /33/ - деп жазған .

М. Дулатұлының бұл пікірін ағамыз Д. Исақанұлы бүгін қайталап отыр . Ол 1999 жылы шыққан “Ақиқат” журналының екінші санында: “Қазақ тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке” мен “Қазақ газеті” болып табылады /34/ - деп , нық сеніммен жазып отыр .

Міне осылай алғашқы ұлттық төл газетіміз туралы пікірлер әр түрлі басылымдарда 80 жылға жуық уақыт бойы айтылып келеді . Дегенмен , оның нақты қай газет екендігі және дәл қай күні шыққандығы туралы нақты дәлелдермен әлі анық айтылмай отыр . Бұл , бір жағынан , ұлттық басылымдар тарихының ел өмірінен алар орнының маңыздылығын

көрсетсе , екінші жағынан , бұл мәселені анықтай түсудің қажеттілігін көрсетеді .

“Қазақ газеті” (1907) мен “Қазақ” (1913-1918) газеті екеуі де

демократиялық бағыттағы , ұлттық-бейресми басылымдар болғанымен ,

15

аттары ұқсас , екі басқа басылымдар .

“Cеркенің” жарыққа шыққан күні туралы барлық еңбектерде 1907 жылдың 28 марты деп нақты айтылса , “Қазақ” газетінің шыққан күні туралы әр түрлі пікірлер айтылады . Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Х. Бекхожин: “Қазақ газетінің” пайда болуының , оның патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрес жариялауының , әсіресе , патша үкіметінің ұлт араздығын қоздыру әрекетіне жауап ретінде еврей Хаим Сосновский мен қазақ Ешмұхамет Иманбаев , Жетпісбай Андреевтердің бірлесіп орыс және қазақ газетін шығаруының үлкен саяси мәні бар факт ” - деп , бағалаған , “Қазақ газетінің” мақсаты өз

халқының мүддесі үшін күрес екендігін бүкпесіз айтқандығын , отаршылдық езгіге қарсы ашық күрес жариялағандығын көреміз. Газеттің шықпай жатып жабылуының басты себебі осы екендігі даусыз .

“Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай “Қазақ журналистикасының тарихында (1870-1995 жылдар)”: “Қазақ” газетінің материалдарынан байқалғанындай , ол “солшыл бағыттағы органдардың тактикасын”, яғни революцияшыл бағытты қолдады . Ондағы мақсаты - самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт-насихат жүргізу болды ” /35/ - деп тұжырым жасаған . Әрине , мұндай шындыққа сай келмейтін , ғылыми негізі жоқ тұжырыммен келісу қиын . Өйткені , бір ғана нөмірі шығып жабылып қалған “Қазақ газеті” түгіл 6 жыл бойы дерлік шығып тұрған , 265 нөмірі жарық көрген “Қазақ” та өзінің алдына “самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт насихат жүргізу” мақсатын қойған жоқ.

Патша үкіметінің және оның жергілікті жерлердегі әкімшіліктерінің өз үстемдіктеріне қарсы ашықтан-ашық күрес жариялаған басылымның

16

өмір-сүруімен келісе алмайтығындығы , оны тезірек жабуға ұмтылатындығы келешек газет шығарушыларға сабақ болуға тиіс еді , бірақ бірден олай болмады . “Қазақ газетінің” көзсіз ерлігін де , объективті жағдайды ескеріп өз мақсаттарын бүркемелей алмаған қателіктерінде , тура бір айдан соң , 1907 жылы 28 наурызында “Серке” қайталады.

Ол туралы қазақтың тұңғыш журналы “Айқаптың” редакторы М.Сералин , журналдың 1911 жылғы шыққан 1-санының бас мақаласында: “Соңғы замандарда біздің қазақ жұртында аз-мәз тіршілік көрсетіп газет шығара беруді қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара алмайды . 1907 жылы ІI Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмәрден

Қошығұлов “Серке” есімді журнал шығара бастап еді . Ұзаққа бармай , үкімет тарапынан тоқтатылды .

Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев “Киргизская газета” есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып , алғашқы нөмірді шығарды да тоқтатты...” , - дейді.

1907 жылы шыққан “Нәжет” (Азаттық) деген жинақта “Серке” атты екі жетілік газеттің... 28 мартта бірінші саны шықты . Ол “Улфат” газетінің 67 санына қосымша болып шықты” /36/ - деп айтылған . Кейбір деректерде “Серкенің” 3-4 саны шықты деп айтылғанымен , әр түрлі деректерді салыстыру оның 1907 жылы 28 мартта (ескі стиль бойынша) бір саны шығып таратылып , екінші санының дайындалып , бірақ таратылып үлгермей тұтқындалғанын көрсетеді . “Серкенің” не жазғаны , не айтпақ болғаны , жалпы бағыт-бағдары мен мақсаты , неліктен “Серке” атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі , оның 22 жасар албырт авторы Міржақып Дулатовтың , газеттің бірінші санында жарияланған “Жастарға” деген өлеңі мен екінші санында даярлаған “Біздің

netref.ru

www.netref.ru

Смотрите также

KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта