Оқушы жетістігін бағалауда критерий арқылы бағалаудың маңызы. Ашық журнал арқылы бағалау
Оқушы жетістігін бағалауда критерий арқылы бағалаудың маңызы
Оқушы жетістігін бағалауда критерий арқылы бағалаудың маңызы
Өтілетін күні Мұғалімнің аты-жөні
Коучинг тақырыбы:
Сілтеме
МАН. А. Әлімов Интербелсенді әдістемені ЖОО- да қолдану мәселелері.
Мақсаты:
Мұғалімдерге бағалаудың түрлері туралы түсініктеме бере отырып, критерий арқылы бағалаудың тиімділігін ұғындыру. Пайдалану жолдарын үйрету.
Оқу нәтижесі:
Бағалау, оның түрлері және критерий арқылы бағалау туралы түсінеді;
Күнделікті сабақта критерий арқылы бағалауды қолдана алады.
Түйінді идеялар:
Бағалау түрлерін тәжірибеге енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Ресурстар:
МАН, плакат, маркер, стикерлер, слайд, А 3, А 4 парақтары.
Оқыту әдістері:
Топпен жұмыс, бағалау түрлері.
Сабақ барысындағы коуч пен қатысушылардың іс- әрекеті
Кезеңдері
Коучтің іс - әрекеті
Қатысушылардың іс – әрекеті
Мотивация
лық кезең
5 минут
Негізгі бөлім.
Миға шабуыл
3 минут
Мағынаны тану.
15 минут
Теориялық материалды игеру.
Сергіту.
5 минут
Топпен жұмыс
10 минут
5 минут
Қорытынды
Кері байланыс.
4 минут
Рефлекция 3минут
1.Психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, топқа бөлу.
Капитан, лодка, обед, юнга.
3.Топтың ережесі. (слайд арқылы)
4.Коучингтің тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Баға деген не? Қалай түсінесің?
Қатысушыларға «Дейін. Кейін» кестесінің
«Дейін» бөлімін толтырту.
Топпен жұмыс.
1-топ Жиынтық бағалау.
2-топ. Қалыптастырушы бағалау Мұғалімдер үшін маңызы.
(Постер қорғау).
Әр топ өз жұмыстарын бағалайды және келесі топтың жұмысын критерилерді басшылыққа ала отырып бағалайды.
Мен қасиеттерім қандай?»
«Мен армандаған үй». 
Әр топ бірлесе отырып, үйдің суретін салады.
Бұл жолы критеримен бірге дискриптор қойылады. Алдымен дискриптор ұғымына түсінік беріледі.
Бағалау критерилері:
Критерий
дискриптор
Ұпай
Ұпай
Биіктігі
Өте биік 3
Биік 2
Аласа 1
Ұқсастығы
Өте ұқсас 3
Сәл ұқсайды 2
Ұқсамайды 1
Әдемілігі
Өте әдемі 3
Көрікті 2
Тартымсыз 1
Уақытты үнемдеуі.
Уақтылы 3
Кешікті 2
Соңынан 1
Соңынан кестенің «Кейін» бөлімін толтыру тапсырылады.
Мұғалімдер өткізілген коучинг туралы пікірлерімен бөлісу.
Қатысушылар капитан дегенде өзі, ал лодка дегенде 4 -ке, обед дегенде 3- ке юнга дегенде 2- ге бөлінеді.
Топ ережесін еске түсіру.(слайд арқылы).
Қатысушылар өздерінің баға туралы не білетіндерін кестенің
«Дейін» бөлігіне жазады.
Қатысушыларға теорияны меңгерту мақсатында МАН- нан мәтіндер беру.
Топта бірлесе жұмыс жасай отырып, оқыған мәтіндері бойынша постер қорғайды.
Критерий арқылы бағалау:
Тақырыптың толық ашылуы.
Ойын жүйелі жеткізе білуі.
Сөйлеу мәнері.
Эстетикалық талғамы.
Топқа тапсырма бергенде қандай бағалау критериі ескертіледі.
«Ашық журнал» әдісі қолданылады.
Дискриптор- оқушының белгілі бір орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.
Топтар салған суреттерін өздері дискрипторды негізге ала отырып бағалайды. Жалпы балын шығарып, өзін – өзі бағалайды. Қорытынды ұпайын шығарады.
Жиынтық және қалыптастырушы бағалау туралы не білгендерін жазады.
Мұғалімдер өткізілген коучинг туралы пікірлерін айтады.
infourok.ru
"Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау" коучинг
Бекітемін
Мектеп директоры:
Қ.Ж.Құрманбекова ______________
« 13 »қазан 2015ж
Коучинг жоспары
Күні:
13 қазан 2015 ж
Коуч:Сағынтайқызы Р, Канаева Г.Т.
Коучинг тақырыбы:
Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау
Мақсаты:
Критериалды бағалау туралы мұғалімдерге түсінік қалыптастыру,бағалаудың түрлері қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, бағалау үдерісін жақсартуды ұғындыру.
Түйінді идея:
Бағалаудың түрлері өзін-өзі,өзара,топтық,критериалды бағалау ,қалыптастырушы және жиынтық бағалау жайлы мағлұмат беру, өз пәндеріне бағалау критерийін жасау арқылы оқушының білімін шынайы бағалауды үйрету
Күтілетін нәтиже:
Критериалды бағалауды түсінеді.
Бағалаудың түрлерін ажырата біледі.
Сабақтың кезеңдеріне байланысты критерийлерді анықтайды .
Критерийлерді дискрипторлармен байланыстырады .
Оқушыны бағалауда ынталандыруды қолданады.
Дерек көздері:
І деңгей үлестірме,мұғалімдерге арналған нұсқаулық,интернет материалдары, ақпаратқа сызбалық талдау.
Ресурстар:
І деңгей үлестірме, бағалау туралы таныстырылым , «Емтихан» бейнебаян, «Өз-өзіңізді толық білесіз бе?» ойсергек,проектор, плакат, А3,4 қағаздары, стикер, маркерлер, т.б.
Сабақтың барысы:
Уақыт(90 минут)
Коучтің іс-әрекеті
Қатысушылардың іс-әрекеті
Топқа бірігу:
10 минут
«Миға шабуыл»әдісі
Мұғалімдердің назарын әңгіме тыңдауға аудару.
«Бақыт іздеген саяхатшы»
Мұғалімдер әңгімені ынта қойып тыңдайды, сабақтың мақсатын өздері ашуға талпынады.
5 минут
Коучингке қатысушыларды тақырып арқылы жанындағы әріптесін қалай бағалайтын сөздері немесе сөз тіркесі арқылы топтарға бірігеді.
1-топ: Білімділігі
2-топ:Қарапайымдылығы
3-топ:Мықты іскерлігі
4-топ:Басқарушылық қабілеті
5-топ:Адалдығы
Топтарға бірігеді, топтың алтын ережесін еске түсіреді.
Проблеманы шешу:
20 минут
Таныстырылым «Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау»
Тәлім алушылар топта бағалау туралы ойларын ортада талқылап, жұмыс тәжірибесінде қалай қолданып жүргендігі жайлы ой бөліседі.
7 минут
1) Оқу үдерісінде бағалаудың қандай түрлерін қолданып жүрсіздер ?
2) Сабақта нені бағалайсыздар ?
3) Ынтымақтастық орнату үшін қандай бағалауды қолданасыздар?
4) Оқушыларыңыз сіздің бағалауыңызға толық келіседі ме, келіспеген жағдайда қандай әрекеттер жасайсыздар ?

Өз идеяларымен бөліседі.
«Ой қозғау»
10 минут
«Емтихан» бейнебаянды көру
Бейнебаянда көргендері туралы ой қозғап, пікірлерін ортаға салады.
Ойсергек:
8 минут
Өз-өзіңізді толық білесіз бе?
Өзіңіз туралы шын мәліметті білгеніңіз артық болмас!
Көзіңізге бірінші түскен қойды таңдап нәтижелерін көріңіз!
Мұғалімдер көзіңе түскен,ұнатқан,түсі қызықтырған қойларды таңдайды.Сол арқылы мінездерін анықтайды.(әзіл аралас)
Проблеманың шешімін қолдану:
(рефлексия)
20 минут
Нақты тапсырма:
Келесі жылы мектебіміз күрделі жөндеуіне байланысты жаңа кабинеттің жобасын салу.
Салынған кабинет суреті бойынша әр топ постерлерін қорғайды.Әр топ бір-бірін бағалайды.Бағалау себептерін түсіндіреді. Содан кейін барлық топтар «бағаланған кабинет жобасы» бойынша өздері ортақ бағалау критерийін жасайды. Критерий бойынша қайта бағалайды.
10 минут
10 минут
Тапсырманы бірлесіп орындайды. Постерге өздері көз алдына елестейтін кабинет жобасын салады.
Тапсырма бойынша постер жасап, қорғайды.
Табыс критерийі:
1.Кабинет үлкен, кең, жарық.
2.Қабырғасы биік, таза, ақ түсті.
3.Пердесі жалюзиден,терезе алдында гүл.
3.Интерактивті тақта,компьютер, ксерокс, принтр.
5.Кітап сөрелері,парта,тақта жаңадан жабдықталған.
6.Қыс-жаз конденционері.
Кері байланыс:
10 минут
Кері байланыс: «Тәлімгерге хат»
Мұғалімдер коучинг сабағынан алған әсерлерін,тиімді жақтарын,айтар ұсыныстарын жазып қалдырады.
Комментарий: Коучинг үдерісіне қатысқан тәлім алушыларыма оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау туралы таныстырылым ұнады. Бағалаудың түрлері өзін-өзі, өзара, топтық, бағдаршам, басбармақ арқылы бағалау түрлерін жан-жақты білді, ұғынды. Өз тәжірибесінде қолданып жүрген бағалауға тоқталып, идеяларымен бөлісті, ұсыныстарын білдірді. Әр сабағына тақырыптың мазмұнына қарай оқушылармен біріге отырып, бағалау критерийін жасау керектігін түсінді .
Бақыт іздеген саяхатшы
Баяғы заманда бір ұста өмір сүріпті.Бір күні ол жер бетінде бақыт бар дегенді естиді.Ұстаның мазасы кетеді. Күлмейді, ішпейді, жемейді, тек қана сол бақытқа жетсем деп ойлайды. Шалғай елге жолға шығу керек болады.
Солай бақытты табамын деп саяхатқа жиналады.Үйінде қарт әкесі мен шешесі ,сұлу әйелі, балалары қалады.
Ұста «Міндетті түрде бақытты табамын, содан кейін үйіме ораламын»деп өзін-өзі жұбатып қояды.Сонымен жолға шығып келе жатса,алдында үлкен тас жатыр екен.Тасқа: «Оңға қарай жүрсең-жылқы табасың,солға жүрсең –дос табасың,тура жүрсең –бақыт табасың»деп жазып қойыпты.Ұста қуанып кетіп,тура жолды таңдап,сол бағытта жүріп кетеді. Солай келе жатып бір қапшық тауып алды.Іші толған алтын мен күміс екен.
Ұста «Ойпыр-ай,бақыт деген осы екен ғой»деп қапшықты алады да,бірден қалаға тартады. Қаланы аралап жүріп ең үлкен әдемі үйді сатып алады. Қымбат киімдер алып,риза болып,бақытын күтеді. Күміс ыдыстан тамақтанып, ақшасын оңды-солды жұмсап, қыдырып, не істегісі келсе соны істеп, күндері өтіп жатады. Арасында «Менде керектің бәрі бар,бірақ бақытты емеспін ғой, тасқа жазылған сөз өтірік болғаны ма?» деп ойлап қояды.
Ұста мазасызданып, ұйқы жоқ,күлкі жоқ, уайымға салынады.Түнде ұйықтай алмай, ауылын есіне түсіріп, мейірімді әке-шешесін, жас әйелін, бала-шағасын сағынып, көңілі қамығады. Жылап жібереді. Әке-шешесін құшақтап, әйеліне, балаларына жылы сөзін айтып,солармен қауышқысы келеді.
Ұста «түсіндім,тасқа жазылған сөз дұрыс екен»деп шешеді. «Ақымақ басым,қолымда барды бағаламаппын ғой,бәрі қасымда болыпты ғой»,-деп тез-тез жиналып ,үйіне қарай шапқан аттай зымырайды. Саяхаттың пайдасы осы болды.

Коучинг өту кезінен

Өз-өзіңізді толық білесіз бе? Өзіңіз туралы шын мәліметті білгеніңіз артық болмас!
Көзіңізге бірінші түскен қойды таңдап нәтижелерін көріңіз!
1. Ақ қой. Сіз өмірге құмар адамсыз. Сізбен адамдар оңай сөйлесе алады. Сіз әрқашан күлімсіреп жүресіз, бірақ ішіңіздегі қайғыларыңызды көрсетпейсіз. Сізді бәрі жақсы көреді.
2. Қоңыр қой. Сіз қызғаншақсыз. Өзіңіздің заттарыңызды басқаларға бере алмайсыз. Махабатта да, сіздің сүйіктіңізге басқалар қараса да ұрыс шығарасыз. Бірақ сіздің мінезіңізге бола сізді жан достарыңыз қатты жақсы көреді.
3. Жасыл қой. Сіз көңілді адамсыз. Адамдарға тез сеніп қаласыз. Бірақ сіздің сыпайылығыңызбен қолданып адамдар көп жылатады. Сіз бүкіл әлемді сүйесіз. Барлық адамдар сіз үшін бауырлар.
4. Қара қой. Сіз адал жансыз. Бір жанды өмір бойы сүйіп өте аласыз. Сіз ешкімді алдамауға тырысасыз. Бірақ өтірік айтуға шеберсіз.
5. Көк қой. Сіз реалистсіз. Әлемге ашық көзбен қарайсыз. Сіз өтірікті тез біліп қоясыз. Көбісі сізге ұқсағысы келеді.
6. Қызыл қой. Сіз энергияға толы жансыз. Сіз кез келген жұмысты тез әрі сапалы істей аласыз. Көбісі сізден үйреніп жүреді. Сіз ешнәрседен қорықпайсыз.
7. Қызғылт қой. Сіз өте ашық жансыз. Сіз сыйлықтар таратуды жақсы көресіз. Сүйгенде өте қатты сүйіп қаласыз, ал махаббатыңыз жауапсыз болса өз-өзіңізді жылатып азап шегесіз.
8. Сұр қой. Сіз жуас жансыз. Сізде өте аз дос бар. Бірақ достарыңыз өте адал. Сізге жамандық жасаса, сіз оны кешіре саласыз. Сіз жалғыздықты жақсы көресіз.
9. Қызғылт-сары қой. Сіз өте намысшыл жансыз. Сіз жамандықты ешқашан кешірмейсіз.Ал керекті кезде жамандықты екі есе жамандықпен қайтарасыз. Адамдар сізді құрметтейді, бірақ қорқады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
№ 28 жалпы орта мектебі
Бекітемін
Мектеп директоры:
Қ.Ж.Құрманбекова ____________
«13» қазан 2015жыл.
Коучинг үдерісінің тақырыбы: Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау
Коуч:Р.Сағынтайқызы
Шымкент қаласы 2015 ж.
Рефлексиялық есеп
«Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау»тақырыбында коучинг үдерісі қазан айында болып өтті. Тәлім алушыларым келіп отырған кейін,назарларын өзіме аудару үшін «Болжау стратегиясы» арқылы «Бақыт іздегенсаяхатшы»әңгімесін баяндай отырып, оқиғаның жалғасы қалай болды екен,сіздер қалай ойлайсыздар?дей отырып, өздеріне айтқыза отырып,оқиғаның жалғасы айтылды.Оқиғаның түйінінде ұстаның саяхаттай жүріп, бақыттың не екенін, яғни бақыт өзінің отбасы, ата-анасы, әйелі, бала-шағасы екенін, оларды бағалай алмағанын түсінеді. Әңгімені қорытындылай келе, айналамыздағы жақын адамдарымызды бағалай алуымыз керектігін ұғынды. Ал, қасымыздағы әріптестерімізді қалай бағалай аласыздар? деген сауалға тәлім алушылар «белсенділігін, шығармашылдығын,көшбасшылығын,адалдығын» деген сияқты бірнеше қасиеттерді санамалап берді.Сол бойымыздағы қасиеттер арқылы топтарға біріктірілді. «Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау» тақырыбында таныстырылым көрсетілді.Критериалды бағалаудың мақсатын, ерекшелігін,атқаратын қызметін түсіндіре отырып, іс-тәжірибеде қалай қолданып жүргенін, мысалы 9 «Б»сыныбында қазақ тілі сабағында өлеңді мәнерлеп оқығанда оған қойылатын критерийді алдымен оқушылармен бірлесе отырып, жасап алғандығын дәлелдермен, видео арқылы оқушының өлеңді мәнерлеп оқып, нақышына келтіріп жаттағаны, әрі мағынасын түсіндіріп талдауы арқылы оқушы критерий арқылы өзін-өзі қалай бағалағаны көрсетілді. Сол сияқты 10 «Б» сыныбында қазақ тілі сабағында «Сөз қасиеті» тақырыбында жазған эсселеріне тоқталды.Эссеге қойылатын талаптарды ескеріп, оқушылардың жұмыстары үлгі ретінде көрсетілді. Бағалау критерийі қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып екіге бөлетінін, әрқайсысының атқарар міндетін, ерекшелігіне сипаттама берілді. Өмірден қарапайым мысалдар «Киім үлгілері» мен «Піскен нанды»дайындау үшін бірнеше кезеңдерден өтетіні, сол кезеңдерді қалыптастырушы бағалаудан кейін , ең соңында жиынтық бағалаумен бағаланатыны айтылды. Таныстырылым соңында тәлім алушыларға «Оқу үдерісінде бағалаудың қандай түрлерін қолданып жүрсіздер ?
Сабақта нені бағалайсыздар ? Ынтымақтастық орнату үшін қандай бағалауды қолданасыздар? Оқушыларыңыз сіздің бағалауыңызға толық келіседі ме, келіспеген жағдайда қандай әрекеттер жасайсыздар ?деген сауалдар қойылды. Тәлім алушылар өздерінің іс-тәжірибелерінде оқушыларды қалай бағалап жүргендерін айтып, ой бөлісті. Одан кейін «Емтихан» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Бейнебаянда көргендері туралы ой қозғап, пікірлерін ортаға салады. Сергіту сәті жүргізілді. « Өз-өзіңізді толық білесіз бе? Өзіңіз туралы шын мәліметті білгеніңіз артық болмас! Көзіңізге бірінші түскен қойды таңдап нәтижелерін көріңіз!»дей отырып,таңдаған қойлардың түстеріне қарай бойындағы мінездеріне әзіл-шыны аралас сипаттама берілді. Тақырыпты түсінікті болу үшін нақты тапсырма берілді. Келесі жылы мектебіміз күрделі жөндеуіне байланысты жаңа кабинеттің жобасын салу. Салынған кабинет суреті бойынша әр топ постерлерін қорғайтынын және әр топ бір-бірін бағалайтыны айтылды. Бағалау себептерін түсіндірді. Содан кейін барлық топтар «бағаланған кабинет жобасы» бойынша өздері ортақ бағалау критерийін жасады. Критерий бойынша қайта бағаланды. Тәлім алушылар сабағында тақырыпқа сай бағалау критерийін жасау керектігін ұғынды. Коучинг соңында «Тәлімгерге хат» түрінде коучингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын айтып эссе хат жазды. Коучинг қызықты, әрі мағыналы өтті.
infourok.ru
Бағалау критерийлері — A'disteme.kz
Ағылшын тіліАДЫЛХАН ГУЛНУР, Бағалау критерийлері
Мақала авторы: АДЫЛХАН ГУЛНУРЖұмыс орны: КММ Айнабұлақ орта мектебіЛауазымы: АҒЫЛШЫН ПӘНІ МҰҒАЛІМІПорталға жариялану мерзімі: 23.11.2016
| « Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады: І кезең: оқып-үйрену; ІІ кезең: меңгеру; ІІІ кезең: өмірге ендіру; IV кезең: дамыту. 1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы: Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды; Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады; Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; |
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден оқыту үдерісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды қолдану.
Бағдарламаның басты мақсаты -оқушылардың қалай оқу керектігіне назар аудара отырып олардың өз ойларын және дәләлдемелерін нақты жеткізе алатын ойы жүйрік ,бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болы табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді ,ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өзгермелі өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда еркін әрі терең пайдалана білетін болуы тиіс.
Оқытудағы «кембридж тәсілінің» теориялық негіздерінде әр түрлі тәсіл қарастырылғанымен, орта білім беру жүйелеринде әлемдік жоғары деңгейгк қол жетлізген танымал сындарлы теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген.
Бұл оқытудың басты мақсаты— бағалаудың әр түрін қолдана отырып, оқушыларға бағалаудың түрлерін қалыптастыру.оқушылардың жұмыстарын өздеріне бағалатқызу арқылы,лоардың сыни көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері : Оқушыларды өздеріне өздерін бағалату
Критерийлер арқылы бағалау.
Формативті бағалауды қолдану.
Оқушы өзінде бар білімді түрлі дерек арқылы ,мұғалімнен,оқулықтан, достарынан алған білімді біріктіре отырып іске асырады.
Дәстүрлі сабақта көбіне механикалық есте сақтау арқылы алынған.Ары қарай терең ойлау үрдісі іске асырылмайды.Бес балдық жүйеде оқушылардың бағаларын салыстырмалы түрде ғана алынады. Тек ал сындарлы оқытуда керісінше, басты басымдылық оқушыға беріледі.Мұғалім өз сабақтарын оқушы идеясы, білім-біліктілігін дамытуға етіп ұйымдастыру талап етіледі. Бұнда міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кей бір болжау бойынша күмәнды ойын білдіре алатын пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсінік өрістетуге орайластырып құрылады.Оқыған ,естіген көрген т.б әрекеттен гәрі адамның өзгелерге тусіндірген білім есте қалады.Алайда барлық оқыту үдерісін ұйымдастырып, көсбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан , бағдарлама ең алдымен, мұғалімге қарай бағытталады. өйткені мұғалімдер ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды қалыптастырғысы келсе, онда өздерінің де терең ойлау қабілетін дамытқан жөн.
Жаңа оқытудың «кембридж « жүйесі бойынша тәсіл біршама өзгерді.
Сондай –ақ бағдарламаның 7 модулі мұғалімдерге мектеп тәжірбиесінде өз тәжірбиелерін шындап, табысты меңгеруде өз ықпалын тигізіп отыр.
Әдістемелік сипаттағы бұл модульдерді атасақ
* оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
* сыни тұрғыдан ойлау
* бағалау және оқуды бағалау
* оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
* және дарынды балаларды оқыту
* жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
* оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Бағдарламаға енгізілген жаңа тәсілдерді біздің мектептің мұғалімдері үйреніп пайдалануда. Жеті модулдің бірі оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау .оқушының білім деңгейін анықтау,оқушы еңбегін мадақтау,оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу және айтар оймен санасу.біз осы кезге дейін жиынтық бағалауды қолданып келдік.бұл бағалаудың «формативті» түрі басым қолданылуда. Бұл бағалауда оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру арқылы ары қарай оқытуда жетелеу.Яғни бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын нақты көрсетіп, толықтырылып қайта оқуға бағыттау.
Бағалаудың алты қағидасы туралы не білемін, не білгім келеді,үйрендім.
| Суммативті бағалау | Формативті бағалау |
| Уй тапсырмасы,қорытынды бағалау | Үздіксіз жүргізіледі |
| Оқуды бағалау | Оқушы қай деңгейде содан басталады |
| Мұғалім жұмысының тиімділігі | Оқушы өзі үйренеді,өздігінен үйренеді |
| Кемшілігі -оқытуды бағалау үшін жүргізеді | Оқушы не үйреніп жатқаны туралы айта алады |
| Оқушы мотивациясын азайтады | Оқушы қалай үйрену керек екендігін үйренеді |
| Қателікті түзету үшін ақпарат бермейді | Бағалаудың 4 аспектісі бар -топты бағалау -оқушыларға критериилерді жеткізу -өзара және өзін өзі бағалау -Кері байланыс |
Енді өз іс -тәжірбиемен бөлісетін болсам 5-ші сыныпта «How is the weather in…? »
Сабағында бағалаудың критериясын қолданудамын.
Тақырыбы : «How is the weather in …? »
Сынып : 5
Мақсаты : Ауа райы туралы айта алу.
Бөлім « We love the world»
Топтық жұмысты бағалау критерийлері ұйымдастырылуы,мазмұны,топ мүшелерінің белсенділігі және креативтилігі ескеремін.
| Бағалау критерийлері | 1топ | 2 топ | 3 топ |
| Ұйымдастырылуы | Топтың жұмысы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған | Топтың жұмысы орташа деңгейде ұйымдастырылған | Топтың жұмысы ұй-ымдастырылуы ымдастырылуы жеткіліксіз |
| Мазмұны | Тақырып ашылған, мәлімет жан- жақты берілген | Жан-жақты мәлімет бар,бірақ дұрыс үйлестірілмеген | Мәлімет біржақты ғана берілген |
| Топ мүшелерінің белсенділігі | Топ мүшелері түгел қатысты | Топ мүшелерінің жартысы ғана қатысты | Топтың бірер Мүшелері ғана Белсенді болды |
| Креативтілігі | Шығармашылығы жоғарғы деңгейде | Шығармашылығы орташа дәрежеде | Шығармашылығы жеткіліксіз |
- Топ ережесін сақталуы
- Тапсырманы уақытында орындауы
- Топ мүшелерінің белсенді қатысуы
- Мазмұндылығы мен тақырыптын ашылуы
- Сұраққа жауап беруі
Бағалаудың ендігі бір аспектісі өзара және өзін-өзі бағалау. Бұған дәлел ретінде 9-сыныпта «Movies» тақырыбында 2 –ші топ мүшесі Намазбаев Досжан өзін-өзі былай бағалады.
| Топтық жұмыста | Әрқашан | Кейде | Ешқашан |
| Жаңа ой-пікірлер ұсындым | + | ||
| Басқа топ мүшелерінің көмегін пайдаландым | + | ||
| Берілген уақытты ұтымды пайдаландым | + | ||
| Талдау жасап,қорытындылауға қатыстым | + | ||
| Қателерін тауып,түзету енгіздім | + | ||
| Топ мүшелеріне көмек көрсеттім |
| + |
Өзін-өзі бағалаудың ендігі бір аспектісі «сабақтан кейінгі көңіл-күйім…» баспалдақтың қай сатысында тұрғаны арқылы білуге болады.
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Ендігі бір аспекті — кері байланыс.Бұл сабақта кері байланыс парағын таратып беремін.
Кері байланыс парағы.
Оқушының аты – жөні
| Сабақта не ұнады ? | Не ұнамады ? | Сабақта нені өзгерткің келеді ? сенің қалауың? |
Топтық жұмыста әр топ смаликтер арқылы яғни « өте жақсы, жақсы, орташа»
Менің ойымша оқыту үшін және оқуды бағалау модулі м ұғалім үшін де оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын.Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді.
Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Түптеп келгенде, бұл мектептен тыс агенттіктер әзірлеген қандай да бір бағалаудың әдістеріне қарағанда, мұғалімнің оқушылар жұмысын айтарлықтай мұқият бағалау қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл бағалау сенімділігін (бағалаудың сырттай әзірлеген әдістеріне қарағанда, айтарлықтай көп ақпарат ұсынады), бағалаудың дұрыстылығын да (дәлелдеудің жеткілікті ауқымын ) қамтамасыз етеді.
Ақпарат дұрыстығының сапасы мен оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне кепілдік беріп, сенімділігін арттырады.
Сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды мәселелерді жоюға мүмкіндік береді. Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.
Үздіксіз білім беру барысында біздің Айнабұлақ орта мектебінде бағалау критерийларын қолданудамын.
adisteme.kz
«Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»
Шеберлік - сынып тақырыбы: «Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды
бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»
Мақсаты: оқу бағдарламаларынының күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жайына түзетулер енгізуін мүмкіндік беретін, оқушылардың оқу жетістігін алдын ала нақты анықталған бағалау критерий сәйкестігін бағалау болып табылады.
Күтілетін нәтиже: баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу.
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке - дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз.










Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі мұғалім.Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетаным жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік , іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.







Бұрынғы оқушы





Қазіргі оқушы




Деңгейлік оқулардан кейін педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде.
Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері
Танымдық қабілеттерін, сыни ойлауын, есте сақтауын, оқушылардың оқу- танымдық әрекеттерін орындауға икемдеу
Оқушылардың оқуға ынталарын арттыру,бағалауға деген теріс,кері ұғымдарын жою,оқу барысында жауаптарды талдау, сараптаудағы белсенділігін арттыру
Оқушылардың білімдерін жүйелеу,бекіту,тереңдету.
Есте сақтауды бекіте түсу,оқушыларды шыдамды болуға және өзін ұстай білуге үйрету.
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы.
Оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте ұстауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Білм алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы.
Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпараттың алуы.
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бағалау, тренинг, үй жұмысы, шығармашылық т.б.)
Оқушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау, баға сапасын арттыру.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы.
Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
Оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
Білім алу барысындағы қиындықты,қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау;
Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік маңыздылығы:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалау мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау ұпайлары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз. Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерийлердің жеңіл түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін - өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дескрипторларды құрамыз.
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А,В,С критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады. Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. Бастауыш сыныптарды бұлардың ішінде айтылған А,В,С критерилерімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып оқушыларының өз деңгейлеріне сай келеді.
Критерий
Түсінігі
Мазмұны
Қолданатын әдіс - тәсілдер
А
Түсіну
Тақырыпты түсінуге арналған критерий
Сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану,
В
Қолдану
Түсінгенін сабақта қолдану критерйі
Білу, талдау, тапсырмалар орындау
С
Іздену
Өз бетінше жұмыс жүргізуге арналған критерий
Өзіндік жұмыстар, шығармашылық ізденіс жұмыстары
Оқушылар өз беттерінше А,В,С критерийлері арқылы өз кемшіліктерін таба алады, дұрыстығына назар аудара отырып, жан -жақты ой сарасынан өткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының білімін мұндай бағалау бастапқы кезде аздап қиындық туғызады. Бірақ келе-келе баланы қалыптастыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің жеңіл түрі алынады. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да болса нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа сабақты оқытуда тек бір «A» критериін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критериін алуға болады. Тарауды қорытындылағанда «C» критериімен бағалау тиімді.
Мысалы: 4 сыныптың әдебиеттік оқу сабағында бұл әдісті былай қолдануға болады. Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін оқытуда оқушыларды топқа бөле отырып, олардың әрқайсысына тапсырма беріледі, сол тапсырманың орындалу барысына қарай мынай дескриптор құрылады
т
оп. Қырандар «Қазақстан қандай?» -сызбасын толтыру





Критерий
Ұпай
Дескриптор
«А»
1
Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.
2
Тапсырманы орындады,топтың кейбір мүшелері толық қатыспады. Мәлімет аз.
3
Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері ойларын толық жеткізген. Мәлімет жеткілікті.
2- топ «Бұлбұлдар» Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер жазу
Критерий
Ұпай
Дескриптор
«В»
1
Тапсырманы орындамады. Топтың барлық мүшелері жұмыс істемеді.
2
Тапсырманы толық орындамады, топтың барлық мүшелері толық қатыспады. (5 мақал)
3
Тапсырманы жақсы орындаған. Отан, туған жер туралы мақалдарды біледі. Топтың барлық мүшелері қатысты.
(10 мақалдан асатын болса)
3-топ «Сұңқарлар» «Қазақстан» тақырыбына эссе жазу
Критерий
Ұпай
Дескриптор
«В»
1
Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.
2
Тапсырманы орындады, топ бірге жұмыс істемеді, эсседегі ой қорытындыланбаған.
3
Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері белсене қатысты. Ойларын толық жеткізе алған.
Тапсырма : Өз ойларынан туған ел, Отан, Қазақстан туралы өлең шығару
Критерий
Ұпай
Дескриптор
«С»
1
2-3
4-5
6
Тапсырманы орындай алмады
Тапсырманы орындады, бірақ өлеңді ұйқастыра алмады. Сөздерде қате бар.
Тапсырманы толық орындады. Ұйқастыра білген. 1-2 қате бар.
Тапсырманы жақсы орындаған. Өлеңді ұйқастырған. Қатесі жоқ.
Топтарды сабақтың барысына қарай мынадай бағалау парағы арқылы қорытынды баға қоя аламыз
Тапсырмалар
Топтардың аты
Сұрақ - жауап жүргізу
Өлеңді оқыту, талдату
Венн диаграммасы
Топпен жұмыс
Болмасаң да ұқсап бақ
Жалпы балы
Қорытынды
Қырандар
Бұлбұлдар
Сұңқарлар
2 сыныпта берілген «Етістік» тақырыбында Блум әдісі арқылы белгілі критерийлермен бағалауымызға болады. Мұндағы әрбір тапсырманы критериалды бағалау арқылы бағалай аламыз
Ұйымдастыру кезеңінде сынып оқушылары топқа бөлінеді. Тақтада сабақты бағалау критерийлері ілінеді. Жоғары - схемадағы әр тапсырмадан соң бағалау жүргізіліп отырады. Сабақ жоспарымен таныстырылып өтіледі. Негізгі бөлімінде екеуара жұмыста бір – бірін үйге берілген тапсырманы тексереді.
Әрбір орындалған жұмысқа ұпай сандары қойылып отырады . Зерттеу жұмысында жаңа сабақ «Блум» таксономиясы бойынша білу кезеңі. Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Блум таксономиясы арқылы жұмыс жүргізіледі.
Оқулықпен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша - Түсіну кезеңі.
Дәптермен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Қолдану кезеңі.
Топпен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Анализ кезеңі.
Шығармашылық жұмыс. Блум таксономиясы бойынша - Синтез кезеңі
Өзін –өзі бағалау. Блум таксономиясы бойынша – Бағалау кезеңі.
Басқа сабақтарда мынадай бағалау парақтарын қолдануға болады
Оқушының аты-жөні __________________Пәні ____________________________
Күні
Үй тапсырмасы
Сұрақ - жауап
Тапсырмалар
Жұпта жұмыс
Топпен жұмыс
Тәртіп сақтадым
Тәртіп сақтамадым
Жалпы балл
Баға
Балды бағаға айналдыру шкаласы
«5»
«4»
«3»
«2»
22- 24 балл
18-21 балл
11- 17 балл
0-10 балл
Немесе
1
Өзіңді тексер!
1
2
5 тапсырманы орындадым
2
3
Логикалық тапсырманы орындай алдым
1
4
Деңгейлік тапсырманы орындай алдым
1
5
Белсенділік таныттым
1
6
Тәртіп сақтадым
1
7
Жалпы балы
8
Бағасы
Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.
Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ /2-деңгей/
Бастауыш мектеп 2009. 01. №1
Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»
http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері
Үлестірмелі материалдар үшінші апта /үшінші басылым/
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі
Шеберлік - сынып тақырыбы:
«Бүгінгі оқушының білім сапасын критериялды
бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»
/аудандық тамыз кеңесі/
Бастауыш сынып мұғалімі:
Искакова Дамеля Борашқызы
2014 жыл
infourok.ru
Жиынтық бағалау журналын қалай толыру қажет? – Қолдау порталы
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңінің (тоқсан, триместр, оқу жылы, орташа білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларының бөлімдеріне балл және баға қою аяқталуы бойынша жүргізілетін бағалау түрі.
Ескерту: жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:
- 43,11 = 43
- 43,31 = 43
- 43,52 = 44
- 43,81 = 44
Мысал: журналда 64,5-ке тең ТЖБ мен БЖБ дөңгелектенген суммасы 65-ке тең болу қажет, бірақ, математикалық дөңгелектеуде үтірден кейінгі сандар есепке алынғандықтан 64-ке тең болады.
Ескерту: журналда үтірден кейін тек 1 сан ғана көрінеді.
Есептеу формуласы НИМ (НИШ) шығарған «Жиынтық бағалау бойынша әкімшілікте» көрсетілген.
Тоқсандық бағаны есептеудің жалпы формуласы:

Жылдық бағаны есептеудің жалпы формуласы:

Жиынтық бағалау балл сандары жинақталып, оқу кезеңінің соңында қорытынды бағаға және оқу жылының соңында жылдық бағаға ауыстырылады. Ол үшін келесідей шкала қолданылады:
| Жиынтық бағалау (1 сынып) | ||
| Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны | Бағалау көрсеткіші | Баға |
| 0-20% | Қанағаттанарлықсыз | «2» |
| 21-50% | Қанағаттанарлық | «3» |
| 51-80% | Жақсы | «4» |
| 81-100% | Өте жақсы | «5» |
| Жиынтық бағалау (2-11 сынып) | ||
| Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны | Бағалау көрсеткіші | Баға |
| 0-39% | Қанағаттанарлықсыз | «2» |
| 40-64% | Қанағаттанарлық | «3» |
| 65-84% | Жақсы | «4» |
| 85-100% | Өте жақсы | «5» |
Жиынтық бағалау журналына:
- Бөлім бойынша әрбір жиынтық жұмысқа балл қойылады (БЖБ) – жиналған балл сомасы және оқу жетістіктеріне тиісті деңгейі.
- Тоқсан бойынша жиынтық жұмысқа балл қойылады (ТЖБ) – сипаттамаға сәйкес жиналған балл сомасы.
- Оқу кезеңіне баға қойылады – белгілі бір пайыздық қатынасы бойынша, оқу кезеңі барысында өткен барлық жиынтық жұмыстарының балл сомасы. Оқушы оқу кезеңінде максимум % БЖБ + % ТЖБ = 100% ала алады: % БЖБ көсеткіші 50% - ға тең, сәйкесінше, % ТЖБ көрсеткіші де 50%-ға тең.
- Жылдық баға қойылады - шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңдерінде жинақталған балл сомасының барынша максималды балға ықтимал пайыздық көрсеткіші.
- Сабаққа қатысу туралы белгі.
Жиынтық бағалау журналын ашу үшін бір рет оқу жылдың басында сынып параметрлерінде «Журнал түрін» таңдау қажет. Жүйеде әр сыныпқа арналған журналды таңдау үшін журналдың екі түрі беріледі – «Журналдың классикалық түрі» және «Жиынтық бағалау журналы». Сынып қандай бағалау жүйесімен оқитын екеніне байланысты, сол журналын таңдау қажет.

Сабаққа қатысу туралы белгілері бар журнал:

Жиынтық бағалау журналында әрбір тоқсандағы оқу бағдарламасының бөлімдеріне максималды мүмкін болатын жиынтық бағалар саны қарастырылған – 4 дана. Максималды балды, қызыл түспен «Макс.балл» жазылған ұяшықта көрсетесіз.

Егер оқу бағдарламасында бөлімдер аз болса (мысалы, 2 дана) – онда артық қалған 2 жиынтық жұмысына максималды балды көрсетпесеңіз жеткілікті болады.
Ескерту:
- Пайыздық көрсеткішін шығару үшін, баллды қойғаннан кейін браузер бетін «Ctrl+F5» комбинациясын басу арқылы жаңарту қажет.
- Егер қойылған балды өзгерту/өшіру қажет болса, онда тінтуір меңзерін қолданып, қажетті ұяшықтағы балды өзгертіп/өшіріп, пернетақтада «Enter» батырмасын басу қажет. Егер қателік есебімен басқа бөлім толтырылып қойса, онда бірінші оқушыларға қойылған балдарды, сосын максималды баллды жою қажет.
Жиынтық бағалаусыз жүргізілетін пәндер туралы
Егер кейбір пәндерде (музыка, дене шынықтыру, өзін-өзі тану) жиынтық бағалармен қорытылмайтын болса, журналға сондай пәндер бойынша «Сынақтан өтті» (СӨ) немесе «Сынақтан өтпеді» (СӨП) деген белгілер қойылуы қарастырылған.
Осындай мүмкіндікті іске қосу үшін келесі әрекеттер жасалынуы қажет:
- «Мектепке әкімшілік етуге» кіру;
- «Анықтамалықтар» блогында «Пәндер» пунктін таңдау;
- жиынтық бағалаусыз жүргізілетін пәнді таңдау;
- «Критериалды бағалау» блогында «Қорытынды аттестаттау» пунктінде «Сынақ (тоқсан)» немесе «Сынақ (жарты жыл)» деген параметрлерінен біреуін таңдау.

Ескертпе: осы параметрлер критериалды (жиынтық) бағалау жүйесін пайдаланып жатқан мектептер пәндерінде қолжетімді (мекемеде «Жиынтық бағалау» деген баға түрлері таңдалған).
«Сынақ» параметрін тандағанда журналда жиынтық балл бағандардын орнында «Сынақтан өтті» (СӨ) немесе «Сынақтан өтпеді» (СӨП) деген белгілерді қою үшін қорытынды баған пайда болады.

Аттестаттау түрін өзгерткенде қойылған бағалар жасырылады. Керегінде, қойылған бағалар мен белгілерді жоғалтпай, журналды бұрынғы түріне қайтаруға болады.
Сыныпқа «Тоқсандар» деген есептік кезеңдер тағайындалған болса, «Сынақ (жарты жыл)» параметрін таңдағанда, сол сынып журналында қорытынды бағандар 1 және 3 тоқсандар үшін жасырылады.
help.kundelik.kz
Ашық сабақ "Сабақта бағалау әдісі"
Критериалды бағалауды оқыту үдерісіне енгізу әдісі.
Сындарлы теориялық оқытуға негізделген бағдарламада берілген жеті модулды негізге алып, сабақ үрдісінде, оқушылар білімі мен қызығушылығын тереңдету үшін критериалды бағалауды, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырдым. Орта мерзімді жоспарым бойынша топтастырылған үш тақырыбымның мақсаты: оқушыларға қазақтың ұлттық «Құрақ құрау» өнерін игертуге және өмірде қолдана алуына ықпал ету негізделген.
Сабақ тақырыбы
Оқытудағы
мақсат
Қол-н әдіс-тәсілдер
Енгізіл-н модулдер
Нәтиже-
сінде
Бағалау түрлері
Дерек көздер
Мата тану
Мата түрлері мен шығу тарихы.Матаны ерекшелігіне қарай пайдалана алу.
Топтастыру. Миға шабул. Ой толғау, Ойындар, Қалыптастырушы баға, Кері байланыс.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдағы ойлауды үйрету.
3.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Жас ерекшелігіне қарай оқытужәне оқу.
* алған білімдерін өмірде қолдана алады;
*жоғары деңгейлі сұрақтар құра біледі
* білімді өздері құрастырады.
*түсінгендері арқылы қағаз бетін дұрыс пайдалана алады; *рефлексия жасай алады
*Фармативті және топтық бағалау.
*Өзін-өзі бағала.
*Кері байланыс бутерброд.

Дидакти-калық матиралдар. Шеберлер туындылары, стикерлер, бағалау парақшалары.
Құрақ түрлері.
Ұлттық құрақ түрлерін біледі.
Ақпараттық теле коммуникация арқылы ізденеді. Нобайы жасайды.Өздіктеріненкезең бойынша жұмыстарын қағазға орындау.
Түйінді ойларын еркін айту.Кері байланыс беру.
Топтастыру. Миға шабул. Ой толғау, Ойындар, Қалыптастырушы баға, Кері байланыс.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдағы ойлауды үйрету.
3.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Жас ерекшелігіне қарай оқытужәне оқу.
Ұлттық қол өнер түрлерін біледі.
Өз ара білім алмасады.
Жаңа құрақ түрлерін құрай алады. Рефлекция жазады.
Фармативті және топтық бағалау.
Өзін-өзі бағала
«Сұрақ қорапшасы».
АКТ-ны пайдалану
. Шеберлер туындылары, стикерлер, бағалау парақшалары.
Құрақ тігу.
Өздіктерінен және топпен матадан құрақ құрастырады. Кезең бойынша жұмыстарын орындау.Түстік шешім табу. Рефлекция жазу.
Топтастыру. Миға шабул. Ой толғау, Ойындар, Қалыптастырушы баға, Кері байланыс.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдағы ойлауды үйрету.
3.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Жас ерекшелігіне қарай оқытужәне оқу.
* Алған білімдерін өмірде қолдана алады;
*жоғары деңгейлі сұрақтар құра біледі
* Өздіктерінен және топпен құрақ тігеді. Жұмыстарын қорғай алады.
*рефлексия жасай алады
Фармативті және топтық бағалау.
Өзін-өзі бағала
Сумативті бағалау.
АКТ-ны пайдалану.
Дидакти-
калық матиралдар., стикерлер, бағалау парақшалары.
Бірінші тақырыбым «Мата тану» . Тақырып бойынша не үйренеміз, мақсат, міндетіміз жайлы тақтаға интерактивті тақтаға шығарып қойылды. Ол оқушылардың жан-жақты ізденуіне бағыт берді. Бұл сабақты өтудегі мақсатым: оқушыларды мата туралы бұған дейінгі білімдерін дамыту , тақырыпты өздігінен меңгеруімен қатар оқушы өзін-өзі және топтық бағалауы. Сабағымда жоспар бойынша тақырыптың мағанасын ашу үшін «Ыстық орындық», «Қар лақтыру» және «Шеңбер құру» әдістерін пайдаландым.

Интерактивті тақтадағы тақырыптың мақсат- міндеті. Бұлай тақырыпың мақсат-міндетін шығарып қойған, маған жаңа тақырыпты бастауға жеңілдік болып жүр.


«Мозайка», «Құрақ түрі» «Түстер» ойыны бойынша оқушылар топқа бөлінді.
Мозайка суреттемесі жағынан құрақ өнеріне ұқсас болғандықтан, жаңа тақырып мағанасын ашуға жеңіл болды.


«Ыстық орынды» әдісі бойынша оқушылар жаңа тақырып мағанасын ашу үшін ортадағы оқушымен сұрақ- жауап түрінде білім алмасып, баллдық жүйеде бағалану және «Шеңбер құру» әдісі бойынша оқушылар өткен тақырыпты қарама- қарсы бір-біріне қарсы сұрақ, қарсы жауап арқылы әлеуметтік байланыс жасау арқылы білім алмасты. Бағалауды мадақтау арқылы жүргіздік.


Құрақ түрлерін топпен бірге интернет желісі арқылы ақпарат жинап және өздіктерінен құрақ үлгісін сызуда. Бір-бірімен білім алмасуда.



Құрақ үлгісі және оқушылар жеке жұмыс үстінде.Сызған құрақ үлгілерін алдын-ала дайындалған дисклиторға жауап жазу арқылы баллдық жүйеде бағаланды.


Оқушылар топпен жасаған жұмыстарын Джигсо әдісі бойынша «Өкіл жаттығу» ойынымен бір-бірін топен аралап, өз ойларын жазуда. Мұнда оқушыларға білмегендерін білуге, өз ойларын ашық айтып тұжырымды ой түйуіне мүмкіндік туды. Нәтижесінде топтық бағалау оқушылар бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында, сызған постерлерін қорғап, жұмыстарын талқылау арқылы бағалады.


«Қар бұрқасыны» әдісі бойынша оқушылар қарсы топқа сұрақтар бұрқасынын жазып,өздері олар жазған сұрақтарға жауап беру үшін сұрақты ашып жатыр.Бұл жерде оқушылар сұрақ қою үшін де ,жауап беру үшін де топтағылар диалог негізінде оқу мен оқыту үрдісі жүреді. Әләуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдылары қалыптасады. Жауаптары «Кері байланыс бутерброды» тәсілімен жүргізілді. Ереже бойынша : бірінші жағымды түсінік беріп, кейін сын айтып, соңынан жақсы пікір айтады.

Оқушыларда фаративті бағалау парақшалары тарқатылды. Мақсатым: оқушылар сабақ үрдісінде кезең-кезеңімен ары қарай оқуына ықпал ету үшін,. Оқушылар өзін-өзі және топтық бағалауда. Оқушылар өз деңгейін біліп және нені білу керектігін топшылайды. Білмейтінін құрбы-құрдастарынан немесе ақпарат көздерінен іздеуіне мүмкіндік жасалған.Әрі мен үшін, әр оқушы деңгейін білуіме және оған қалай ықпал етуге болатыны туралы жоспар құруыма мүмкіндік туды.
Бұл жерде оқушылар жеке жұмыс жасайды да, ол бағаланнан кейін, жұмыстары біріктіріп топтық жұмыс болады.




Оқушылар көрмеде жұмыстарды талдауда, әрі кері байланыс баруде.
Орта мерзімді жоспар бойынша соңғы тақырып «Құрақ тігу». Мақсат: өткен тақырыптардан алған білімдерін жинақтай келе, оқушылар сарамандық жұмыстары арқылы білімдерін іс жүзіде көрсетеді. Сабақта жиынтық бағалау жүреді. Бұл сабақта оқушылар бір-бірііне көмектесу арқылы құрақтарын аяқтайды. Жұмыстарын «Музейге саяхат» деген тәсілмен экскурция жасап, бір-бірін салыстырмалы түрде бағалайды Құрақ – құрақ тігу ережелеріне сай болуы керек. Оқушыларға жиынтық бағалау парақшасы беріледі. Бірақ бағалау екі қарсы топ бір-бірін бағарау арқылы жүреді. Ереже тақтаға шығарылып қойылғандықтан бағалау әділ жүреді.
Жеке жұмыстар бірігіп топтық болғаннан кейін «Көрме» ойынын ұйымдастырдық. Мақсат: оқушылар жұмыстарынталдау арқылы бағалау. Бағалау ауызша түрде жүреді.
Оқушылар құрдастарын жұмысқа түсінік беруге немесе талдауға шақырады. Бұнда оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білеміз, Құрдастары бір-бірінің жұмыстарын бағалайды және кері байланыс береді.

Оқушыларға жиынтық бағалау парақшасы тарқалуда.


Оқушылар осылайша әр сабақ аяғында кері байланыс пен рефлекция жазып отырды.
Белгіленген жерлерге стикерге оқу үрдісін талдау үшін әрі топтар жеке немесе оқушы мынадай сұрақтарға жауап жазды: Мен құрақты тігуді қалай үйренді? Маған қай жерде қыйын болды? Тағы не білгім келеді?
Стикер
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады: мен нені үйрендім? Маған не қиын болып көрінді? Не күрделі болды? Мен енді нені үйренгім келеді?
Мен келесі сабақ жоспарларымды құруым үшін, осы стикерлерге жазылған кері байланыстар мен сабақ үрдісінде қолданған әдіс –тәсәлдерімнің тиімді- тиімсіз жақтарын талдап отырдым , Сабақтарымда маған тиімді болған жерлері: әр түрлі көрмелерде жұмыстарды салыстырмалы талдау барысында оқушылар көп нәрсені түсінуіне және өз деңгейлерін анықтап кем-кетігін басқаларға қарап дұрыстауларына мүмкіндік алады екен.
Екінші тйімді тәсіл өз ойларын тұжырымдап постер сызу.Бұндай кезде оқушы мен оқушы арасында әлеуметтік байланыс күшейеді де, еш оқушы сабақ үрдісінен тыс қалмайды және олардың ойлауы мен сөйлеу байлығына ықпал етеді.
Ал менде сабақ үрдісінде сабақты светафор бағаны арқылы бағалайтын жерін табу қиындатты.Себебі техналогия пәнінде сараманда жұмысқа көбірек уақыт бөлмесе, болмасақұрақ тігіп үлгермейді.
Өзін –өзі бағалау критерийі.
infourok.ru
КОУЧИНГ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫ БІЛІМІН НАҚТЫ БАҒАЛАУ
Мейлі сені бір түгілі, жүз ұстаз баулысын, егер өзіңді-өзің көндірмесең,өзің-өзіңнен талап ете білмесең, олар да дәрменсіз болып шығады.
В.А.Сухомлинский
КОУЧИНГ
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫ БІЛІМІН НАҚТЫ БАҒАЛАУ
Мақсаты: Формативті және жиынтық бағалау, критериалды бағалаутуралы түсінік қалыптастыру, формативті бағалауды қолданудың жолдарын үйренеді.
Оқу нәтижесі: Тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер формативті бағалаудың тәсілдерін үйренеді, оның тиімділігіне көз жеткізеді. Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады. Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді.
Негізгі идеясы: Критериалды бағалау дегеніміз не? Дескриптор не үшін керек?
Коучингтің өткізілу кезеңдері
Уақыты
Коучтің іс-әрекеті
Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Күтілетін нәтиже
Ресурстар
Бағалау
Психология
лық ахуал туғызу.
Топқа бөліну
5 мин
Мұғалімдерді шеңберге тұрғызып, «Капитан» ойыны арқылы шағын үш топқа бөлу
Мұғалімдер шеңбер жасап, әр мұғалім өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын өзінің жағымды қасиетін айту керек.
Белгілер бойынша мыналарды орындайды:
Капитан – өзі шеңбер ішінде қозғалады.
Еден жуамыз- Екі адамнан жұптасады.
Құтқару шеңбері- Үш адамнан шеңбер жасайды
Тамақтанамыз- төрт адамнан бірігеді
Қайық- бес адамнан қатарға тұрады.Осылайша бірнеше рет қайталап, 4 адамнан үш топқа бөлінеді.
Қатысушылар арасында көңілді көңіл-күй орнайды.
Топ құрылады.
Парақшалар
Қол шапалақтау
Білу
10 мин
3 мин
4 мин
3 мин
Заманауи бағалау, оның мақсаты туралы ойлану
1 Жеке орындау
2 Топта орындау
3 Жұмыспен таныстыру
Белгіленген уақыт ішінде әр топ мүшесі А-3 парағына берілген сұраққа жауап жазады, топта талқылайды, бірлесе ортақ жауап жазып, оны таныстырады.
Жеке жұмыс жасайды, ортақ шешім қабылдауды үйренеді.
А-3 , А-4 парақшалары
«Үш шапалақ» формативті бағалау
20 мин
«Астана-Бәйтерек» монументін жасауды тапсырады.
Өзін-өзі бағалау
Өзара бағалау
Коучтің бағалауы
Әр топқа бөлінген қатысушы мұғалімдер монументті бірігіп жасайды.
Қатысушылар бірігіп монументті жасап шығарады.
Қағаз, қайшы, желім, маркерлер. Стикерлер
Қатысушы топтар бір-бірінің жұмысын «5» баллдық жүйеде бағалайды.
Түсіну
10 мин
Сұрақтар қояды.
Қойылған бағамен келісесіз бе? Неліктен?
Жұмысыңызды бағалаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қалай және қайдан біледі?
Қойған бағаларын қорғайды, ой-пікірлерін ортаға салады.
Қатысушылар ой бөліседі.
Сұрақ жазылған бетшелер
Қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдайды.
Талдау
10 мин
Жасалған монументті арнайы құрылған критерий бойынша бағалайды.
Тәлімгер айтқан мәліметті мұқият тыңдай отырып, түсініктерін кеңейтеді.
Критерийлермен және дескрипторлар туралы ұғым-түсінік алады.
Слайд-презентация
Сергіту сәті
5 мин
«Қарлығаш» сергіту сәтін орындайды.
Борды оң қолында, сол қолында, мұрнының ұшында, оң жақ бүйірінде тұр деп елестетіп, 1-5 дейінгі сандарды жазып шығу
Көңіл-күй көтеріледі. Жағымды ахуал орнайды.
Қол шапалақтау
Қолдану
5 мин
Интербелсенді тақтадан мұғалімдерге бағалаудың түлерін көрсетеді.
Қатысушылар мұқият қарайды, тыңдайды.
Слайд
жинақтау
20 мин
Критерий мен дескриптор құруды тапсырады.
Топта ақылдасып, критерий мен дескриптор құрастырады.
Критериалды бағалау туралы толық түсінеді.
Маркерлер, флипчарттар.
Тәлімгердің шолуы
Бағалау
5 мин
Стикерлер таратады
Жұмыстың екі ұнаған тұсын, бір жақсартуды қажет ететін тұсын стикерге жазып қалдырады.
Тәлімгер мен қатысушылар арасында кері байланыс арқылы тиімді қарым-қатынас орнайды.
стикерлер
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, жауап алынады
1.Коучинг –сессия басталғанда біз қандай әрекет орындадық?
2.Осы әрекетті сыныпта қолдануға бола ма?Неге?
3.Топқа бөлу әдісі сіз қолданып көресіз бе? Неге?
4.Топ болып жұмыс жасаған ұнады ма? Неге?
5. Біз қандай тәсілмен таныстық?
6.Сіз өз сабағыңызда критериалды бағалауды жүргізер ме едіңіз? Неге?
7.Алдыңғы сұрақтар қою арқылы біз қатысушыларға нені үйретуге тырыстық деп ойлайсыз?
Баға, бағалау дегеніміз не?
Бағалаудың қызметі.
Бағалаудың қандай түрлері бар?
Бағалаудың тиімді, тиімсіз жақтары қандай?
Баға, бағалау дегеніміз не?
Бағалаудың қызметі.
Бағалаудың қандай түрлері бар?
Бағалаудың тиімді, тиімсіз жақтары қандай?
Баға, бағалау дегеніміз не?
Бағалаудың қызметі.
Бағалаудың қандай түрлері бар?
Бағалаудың тиімді, тиімсіз жақтары қандай?
Баға, бағалау дегеніміз не?
Бағалаудың қызметі.
Бағалаудың қандай түрлері бар?
Бағалаудың тиімді, тиімсіз жақтары қандай?
«Астана-Бәйтерек» монументін бағалау. Критерий
Түпнұсқаға ұқсастығы
1 ұпай – Монумент, бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем келмейді.
2 ұпай – Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес.Шпиль-антенна, аяқтары т.б.
3-ұпай – түпнұсқадан айнымайды.
Орнықтылығы, мықтылығы
1 ұпай – Қабырғаға сүйемелденіп қана аяғына тұра алады. Өздігінеен қисайып қалады да, құлай береді, орнынан қозғауға келмейді.
2 ұпай – Нық тұрады. Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған. Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.
3 ұпай – Нық тұрады, қисаймайды. Орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.
Биіктігі, көлемі.
1 ұпай – 50 см
2 ұпай – 51-100 см
3 ұпай – 101-200 см
Ұпайды бағаға айналдыру.
8-9 ұпай – «5»
5-7 ұпай – «4»
3-4 ұпай – «3»
0-2 ұпай – «2»
Дескрипторлар
Критерий
1 ұпай
2 ұпай
3 ұпай
Түпнұсқаға ұқсастығы
Монумент, бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем келмейді.
Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес.Шпиль-антенна, аяқтары т.б.
Түпнұсқадан айнымайды.
Орнықтылығы, мықтылығы
Қабырғаға сүйемелденіп қана аяғына тұра алады. Өздігінеен қисайып қалады да, құлай береді, орнынан қозғауға келмейді.
Нық тұрады. Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған. Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.
Нық тұрады, қисаймайды. Орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.
Биіктігі, көлемі
50 см
51-100 см
101-200 см
Топтар
Түпнұсқаға ұқсастығы
Орнықтылығы, мықтылығы
Биіктігі, көлемі
Жалпы ұпай
Баға
Оқушылармен кері байланыс Рефлексия. (керек сөзді жаз)
1. Осы тарауды оқу барысында мен көмектестім, маған көмектесті.
2. Есептер оңай, қиын, қызықты болды.
3. Бүгінгі сабақ пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз өтті?
РЕФЛЕКСИЯ
1.Коучинг –сессия басталғанда біз қандай әрекет орындадық?
2.Осы әрекетті сыныпта қолдануға бола ма?Неге?
3.Топқа бөлу әдісі сіз қолданып көресіз бе? Неге?
4.Топ болып жұмыс жасаған ұнады ма? Неге?
Біз қандай тәсілмен таныстық?
6.Сіз өз сабағыңызда критериалды бағалауды жүргізер ме едіңіз? Неге?
7.Алдыңғы сұрақтар қою арқылы біз қатысушыларға нені үйретуге тырыстық деп ойлайсыз?
РЕФЛЕКСИЯ
1.Коучинг –сессия басталғанда біз қандай әрекет орындадық?
2.Осы әрекетті сыныпта қолдануға бола ма?Неге?
3.Топқа бөлу әдісі сіз қолданып көресіз бе? Неге?
4.Топ болып жұмыс жасаған ұнады ма? Неге?
Біз қандай тәсілмен таныстық?
6.Сіз өз сабағыңызда критериалды бағалауды жүргізер ме едіңіз? Неге?
7.Алдыңғы сұрақтар қою арқылы біз қатысушыларға нені үйретуге тырыстық деп ойлайсыз?
infourok.ru







