Это интересно

  • ОКД
  • ЗКС
  • ИПО
  • КНПВ
  • Мондиоринг
  • Большой ринг
  • Французский ринг
  • Аджилити
  • Фризби

Опрос

Какой уровень дрессировки необходим Вашей собаке?
 

Полезные ссылки

РКФ

 

Все о дрессировке собак


Стрижка собак в Коломне

Поиск по сайту

Коллеги - педагогический журнал Казахстана. Тіл туралы мақалалар газет журналов


Тілге құрмет елге құрмет, тіл туралы мақала

Тілге құрмет – елге құрметТілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға бысты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз 90 - жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр» десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны, Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды - солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.«Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Сонымен бірге әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай.

bilimdiler.kz

"Мемлекеттік Тіл – рухани байлық" мақаласы - Казахский язык и литература - В помощь учителю - Учительские университеты

Какенов Асулан Төлеуханұлы Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы « Назарбаев Зияткерлік мектебінің » қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Мемлекеттік Тіл – рухани байлық

«Ана тіл – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы». Н.Ә.Назарбаев

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы. Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі: - түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл; - ежелден жазба мәдениеті бар тіл; - әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар; - демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл; - құрылым-құрылысы кемелденген тіл; - егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл. Қазақ тілінің таңғажайып кереметі жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың арасында өз ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе, ірі түркітанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап, ауыздарының суы құрып, тамсана жазғандары мәлім... Байтұрсынов А; « Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады». Әуезов М ; «Тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық». Жұмабаев М; «... Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы - асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр. Радлов В.В; /ресейлік шығыс зерттеушісі/; «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі». Мелиоранский П.М; /1868 – 1906, шығыс зерттеушісі, профессор/; « Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды». Ильинский Н.И; /1822-1892, Қазан университеті, профессор/; « Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын құжат ретінде қарай бастадым». Бенцинг И; /түркітанушы/; « Ғылыми, әдеби, тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең әсем, өте бай тілдің бірі». Малов С.В; /орыс ғалымы/; « Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік, немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшеленіп тұрады. Қазақ өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық». Сағди А; /татар ғалымы/; « Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек». Янушкевич А; /поляк журналисі/; «Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі». Мемлекетің дамуы оның тілімен тығыз байланысты тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген игі істер орындалу үстінде. Соның бір айғағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.Тіл тағдырын толғану - әрбір қазақстандықтың абыройлы борышы.

collegy.ucoz.ru

Мемлекеттік тіл – менің тілім - Әңгімелер / Мақалалар - Bilim

Бұл өмірде бір күн қонақ боламыз Мүмкін елу мүмкін жүз жыл салармыз. Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп, Құрметтейік келгенінше шамамыз!

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.Тіл ұлтпен - ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажалап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай», барлық жиған тіл байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Еліміз өз егеменгдігін алып, іргесін кеңге жайған замандамыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Отбасы өзіміз де Отанымыз Қазақстан...Тіл меңгеруде, өз тілінде еркін сөйлеуде ата-ананың да рөлі ерекше. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің ешқандай қиындығы жоқ. Ана тілін - білмеген ақылы жоқ желік бас. Ана тілін - сүймеген халқын сүйіп жарытпас деген сөзде де терең мағына жатыр емес пе! Кей мекемелерде қазақ пен қазақ, әке мен бала, ұстаз бен шәкірт қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ. Алдына ел болу өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз...

Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау -деп Ахмет Байтұрсынұлы меңзеген еді. Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі (Ж. Аймауытов).

Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. (С.Торайғыров). Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған бағдарлама талабына қарай үш тілдікті алға қойып отыр. Әрине, әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген. Біздің мектебіміз аралас мектеп болса да мемлекеттік тілге деген құрмет өте жоғары. Оның дәлелі «Мың бала» жобасы бойынша арнайы жоспар  құрылып, өзге тілді өкілдеріне насихаттаумен бірге әр түрлі сайыстар өткізіп тұрады.«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тіл үйірмесі жұмыс жасайды. Біздің мақсатымыз өзгенің байлығы, сұлулығы және икемдігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміз бар екенін ұмытпау болып табылады. Үш тілдік деп жүріп, ана тілімізден айырылып қалмасақ еді. Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болуы үшін күресе білейік те намысты қолдан бермейік!

Атбасар ауданы "Сергеевка орта мектебі" ММ Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Магзум Майра

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

bilim-all.kz

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Жарнама

Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,        Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз. Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп, Құрметтейік келгенінше шамамыз!

Тіл мәртебесі – ел мерейіМемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек,  Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас” демекші  өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».  Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

Өзге тілді ұлт мектептеріне қазақ тілін негізгі пәндердің бірі ретінде қою тілді дамытуға жасалған дұрыс қадамдардың бірі деп айтуыма болады.  Себебі, жоғарыда айтып кеткенімдей, өзін Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын. Мен өзге тілді ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы саласында білім алып жүрмін және болашақта қазақ тілін дамыту мақсатында жұмыс жасағым  келетінін айтқым келеді. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес,  ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету  тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп,  мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.

Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадрлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.

Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Сол себепті басты жауапкершілік тіл мамандары біздерге жүктеліп отыр. Ата заңының баптарында сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты мәселе мемлекеттік қазақ тілін дамыту.

Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: “Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері” — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын.

Бұрынғы даналардан қалған: «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден көз жазып қалмайық! Қазақстандықтардың бәріне жуығы көпұлтты ортада өмірге келген. Қазақстанның көпұлтты болуы – ешкімнің қолдан жасаған әрекетінің нәтижесі емес, тарихи даму жолымен солай қалыптасты. Және бұл біздің еліміздің кемшілігі емес, басқалардан артықшылығы. Өйткені, көптүрлі мәдениеттің, діннің, дәстүрдің, білімнің, т.б. арасынан шыққан жақсылықтарды бойымызға сіңіре аламыз.

Тәуелсіздіктің негізгі  тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған  сыйы да  — тіл. Ол- қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай.  Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

Тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ  қазақпен қазақша сөйлессін» деген. Бұл әр қазақстандықтың қастерлі парызы.  Қазақ тілінің өз мәртебесіне  сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін, жан-тәнімізбен түсіне отырып,  бүгінде «Тіл туралы» заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына  аударарымыз анық.  Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес  бөлшегі ретінде  тек қазақ топырағында  ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып,  жұрттың оған деген сенімін нығайтуға  күш салғанымыз дұрыс.  Тілді насихаттауда,үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.

Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан  мемлекеттік тілді қолдау және дамыту  бағытында  барынша мүдделік танытып отыр.  Бүгінгі күні  тілдерді дамыту жан жақты қарастырылуда.  Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымызбен  қамқорлығымыз артуда. Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын мектептерге ана тілін жетік меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, «тамшыдан тама-тама дария болар» дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деген сенімдемін.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған,  өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған , әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен ?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған – оның ғажайып тілі».

Шәйкенова Бану Шоқанқызы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбеөңірлік мемлекеттік университеті,филология факультетініңІV курс студенті.

Жарнама

makala.kz

Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз керек.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мәселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі.

Ата заңымыздың 7-бабында: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген.

Халық арасында Тіл туралы заң қабылданып, тіл саясатын мемлекеттік тілдің мүддесіне шешу, Мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты белгілеу туралы әр түрлі талаптар мен өтініштер бар.

Қазір республика көлемінде қызу талқыланып жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы - осының кепілі. Оның үстіне, Елбасымыздың бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тілді дамыту және енгізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде халық тарапынан жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге баса назар аударып отыр.

2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап көрсеткен. 

Бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндігі бар.

 Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр.

Мысалы, прокуратура саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар  мемлекеттік  тілде орындалады.

Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде  шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті.

Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. 

Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас.  Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.

Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында.

krg.prokuror.kz

МАҚАЛАЛАР | ҚАЗАҚ ТІЛІ

МАҚАЛАЛАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді (түсіндірілмейді). Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Қазақ тілінің маңыздылығын және қолданыс аясын кеңейтуді сонау Алаш зиялыларынан бастап бір ғасырдан бері айтылып, жазылып келеді. Бірақ  ауыз толтырарлықтай нәтиже шықпады. Сол үшін де қазіргі күні тіл туралы мақала, ой-пікір халықтың психологиясын шаршатып та жіберді. Құр сөз екенін түсінді. Сондықтан бұл тақырыпта құр жыламсырап жазғанды жөн көрмей тіл саясатын дамытудың тетіктері жөнінде нақты ұсыныстарымды беріп отырмын. Енді тіл тақырыбында бәріміз тек ұсыныстар ғана жазып және оны орындауда өзіміз үлгі көрсете білейік.

ҰСЫНЫСТАР:

1.     Адамның табиғаты кез-келген жаста тілді үйреніп кетуге бейім екендігін қазіргі ғылым дәлелдеді. Бәлкім тілдің қадірін «егер осыдан маған тіл бітсе тіл атаулының бәрін үйреніп алар едім» дейтін мылқаулардан сұрап көру керек шығар. 20 жылда қазақ тілін үйрене алмаған Қазақстанның азаматтары мемлекеттік тілді құрметтемейтінін және үйренгісі келмейтінін ашық дәлелдегенін енді бұлтақтамай шындығын айтуымыз керек. Бұндай жағдайда қазақ тілін үйрету үшін 25-кадрды пайдалануымыз уақыт күттірмейді. Ақыры қазір бәрі кітап оқығаннан көріністі (кино, клип, мультфильм, бейнероликтер, т.б.) тамашалауға құштар ғой. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Бұндай тәсіл шетелдерде қолданып жатыр. Ол үшін 25-кадр арқылы үйретудің әдістемесін жасауымыз қажет. Бұл тәсіл арқылы екі айда тіл үйренуге болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Яғни тілді ең қысқа уақытта үйренудің жолы осы. Мұның кереметтігі тіл үйренуге барлық жағдайы бола тұрып үйренгісі келмейтіндерді де, қысқасы бұл көріністерді көрген адамның бәріне үйретіп жібереді. Бұл мәселеде бір мемлекеттің тілін сақтау үшін жеке адамның құқы дегенді ескеріп жатқан ешқандай мемлекет жоқ. Олардыкі дұрыс. Себебі жеке адамның құқынан гөрі ұлттың құқы жоғары тұрғаны дұрыс деп ойлаймын.

2.     Қазақ тілін үйрету үшін Тіл комитетінің жасаған дүниелері қазір 1 бөлмеге сиятындай болды. Сол дүниелерінің электрондық нұсқасы міндетті түрде бар. Соны ғаламторға енгізіп жіберсе болғаны. Әлемнің барлық түкпіріндегі адамдар қазақ тілін үйрену үшін кәдесіне асырар еді. Ғаламторда осы дүниелерін айналымға түсіріп отыратын бір веб-мастер әкімшісін ұстаса тіпті қатып кетер еді. Ғаламторға қазақ тілін үйрететін дайын тұрған барлық дүниелерді енгізер болсақ, қалтафонға да жүктеп алу мүмкіндігі туады. Яғни кез келген адам қалтафонына сөздік, т.б. жүктей алады.

3.     Қалтафонға* байланысты

qazaqtili.wordpress.com

Сөз өнерін меңгеру — болашақ журналистер үшін басты міндет

Бүгінгі БАҚ-ның тіл тазалығы қандай дəрежеде? Бұл сауал зиялы қауым мен зерттеуші- ғалымдарымызды көптен бері толғандырып келе жатқан мəселе. Кез келген елдің сөйлеу (тіл) мəдениетінің ажарлы, айшықты, шұрайлы болуы сол халықтың жазу-сызу өнерімен, яғни əдебиеті, баспасөзімен, тікелей байланысты.

Бұл мəселе өткен XX ғасырда да өзекті проблема ретінде ұлт тілінің жанашырларын үнемі толғандырып отырған. Белгілі ғалым Əсет Болғанбаев «Тіл жəне шеберлік» атты мақаласында ана тіліне деген журналист жауапкершілігі туралы төмендегідей толғамды ойлар айтқан: «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді деген. Əрбір көз ашып, дүниеге келген нəрестенің бойындағы барлық жақсы қасиеті анадан тараған. Ана мен тіл — бөлінбес бір дүние. Мұны бөліп-жарып, ажыратып қарауға еш болмайды. Ана тілі — өлмес мұра, жоғалмас асыл мүлік. Əр ұрпақ өз ана тілін байытып, жетілдіріп бірден-бірге мирас етіп қалдыру — бəрімізге ортақ парыз. Əр адамның ана тіліне деген қамқорлығы, жанашырлығы, қосқан үлесі, тигізер пайдасы күнделікті сөйлеген өз сөзіне, жазған төл туындысына соншалықты жауапты да ұқыпты қараудан басталады. Демек, əр адам жөргегінен үйренген тілге өле-өлгенше жауапты деген сөз.

Бұл тіл бүгінде сөз байлығы молайған, құрылым-құрылысы жүйеленген, жазу ережелері орныққан, стильдік тармақтары сараланып жетілген, ауызша да, жазбаша түрде де жалпыға бірдей қызмет ететін ұлттық жазба əдеби тіл деген сипат алып отыр. Демек, бұдан былай өз ана тілімізді қалай пайдаланып, қалай дамытамыз десек, бізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұл ретте журналистер қауымына түсер ауыр салмақ, артылар аманат ерекше болмақ» [1].

Өткен ғасырдың 80-жж. айтылған бұл пікірдің көкейкестілігі XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында да өз қуатын жоғалтпағандығын уақыт көрсетіп отыр. Журналистер қауымына түсер «ауыр салмақ» пен артылар «аманатқа» бүгінгі бұқаралық ақпарат өкілдері лайықты қызмет атқарып жүр ме?

Міне, мəселенің негізгі мəнісін де осы сұрақ төңірегінде өрбітіп, сараласақ, шешімі күрделі біраз жайттарға қанығарымыз анық.

Біріншіден, ел тəуелсіздігімен бірге келген сөз бостандығы, ой еркіндігі республикамыздағы бұқаралық ақпарат құралдары санының күрт өсуіне алып келді.

Əрине, кешегі кеңестік дəуірдегі санаулы газет-журнал, телерадионың саны өсіп, бұқара халықтың рухани қажеттілігін өтеп жатса, оны неге қолдамасқа? Бірақ, бір өкініштісі, бұқаралық ақпарат құралдары саны өскенімен, сапасының тым құлдырап кетуі еді. Ұлттық журналистика мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны ҚазМҰУ-дың түлектері бүкіл республика көлемін қамтып, жұмыс істеуіне сандық тұрғыдан да, əлеуметтік-тұрмыстық себептерден де дəл сол уақытта мүмкіншілігі болмады. Əр облыс, қала мен шағын кенттерде ашылған ақпарат көздерінде журналистикадан хабары жоқ басқа маман иелері жұмысқа қабылданып жатты. Бұл мамандардың көпшілігі ұлттық тілдің уызына жарымаған, əдебиет пен өнерден мақұрым нағыз «асфальтта» өскен азаматтар еді. Сол мамандардың журналистикаға бойлары үйренгені соншалық, қазір кейбіреулері жетекшілік, яғни, редакторлық, директорлық қызметтерге дейін өсіп, көтеріліп алған. Міне, сапаның күрт төмендеуінің басты себептерінің бірі осы.

Екіншіден, кешегі кеңестік дəуірдегі ұлттық тілдің өгейлікке ұшырап келуі де ана тіліміздің белгілі дəрежеде өркендеуіне тосқауыл болды.

Дей тұрсақта, сол дəуірдің студенттері, яғни ауылдан келген жастар жоғары оқу орындарына мол қазынамен келетін. Ол қазыналары қазақ əдебиетін, яғни көркем шығармалардан, ауыз əдебиеті үлгілерінен, мол хабардар болатын. Ал, ол дегеніңіз — тіл байлығының, мəдениетті сөйлеп, жүйелі ойлаудың негізгі қайнар көзі еді. Біз қазіргі кезде сол қазынадан да айырылып қалдық.

Бұлай деп пікір айтуымызға төмендегідей мəселелер себеп болып отыр. «Журналистің сөйлеу мəдениеті», «БАҚ тілі, стилі» сияқты пəндерден дəріс бере жүріп, көзіміздің анық жеткендігі — қазіргі студенттердің тілінің өте жұтаңдығы. Тіл байлығының жұтаңдығы, сөздік қордың тұрмыстық деңгейден аса алмауы — болашақ журналистер үшін аса үлкен қауіп. Тіл жөнінде жоғарыда айтқан санаға түсер салмақ пен арға артар аманатты осы деңгейдегі жастарымыз болашақта қалай алып жүрмек?!

Тағы да сол тіл жанашыры, көрнекті ғалым Ə. Болғанбаевтың пікіріне жүгініп көрелік:

«Журналист еңбегінің қыр сыры өте көп, оларға қойылар талап пен талғам да жеткілікті. Біз солардың ішіндегі бір ғана мəселені – насихат құралының тілі мен стилін, жазу мəдениетін көтеруді сөз етпекшіміз. Ана тіліне деген журналистің жауапкершілігі бүгінгі əдеби тілдің зор мүддесінен тумақ.

Бүгінгі əдеби тіл жетілген, есейген білімдар қауымның қатынас құралы екендігі даусыз. Сондықтан қазіргі оқырмандардың тіл мен стильге деген мұқтаждығы да анағұрлым арта түспек. Ол да заман талабына сай бүршік атып, көктеп гүлденуі керек, өркен жайып, мəуелеп өсуі қажет. Əрбір жазылған мақаладағы айтылмақ ойдың қалай баяндалуына, оның сұлу сөзбен бейнеленген мəдениетіне қатты көңіл бөлінбек» [2].

Əр халықтың тілі сол халықпен бірге жасап, əлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-саяси жағдайларға бейімделіп дамып, өсіп, жаңарып отыруы табиғи заңдылық. Тілдің тоқырауы, ұлттық сана, ой сезімнің күйреуіне алып келеді. Бүгінгі БАҚ-та істейтін көптеген журналистердің «орысша ойлап, қазақша сөйлеуі» жақсы нышан емес. Бұл көрініс əсіресе өздерін тəуелсіз арна, коммерциялық баспасөз санайтын ақпарат салаларында жиі байқалады.

Айтылған проблемалардың алдын алудың негізгі шарты тағы да ақпарат көздерінде қызмет істейтін мамандардың сөйлеу, жазу тілдерінің мейлінше сапалы болуына келіп саяды. Журналист өзі үшін сөйлеп (жазып) немесе өзі үшін толғанбайды. Оның аузынан айтылған, қаламымен жазылған туынды бұқара халықтың рухани қажеттілігін өтейтіндігін естен шығармағанымыз абзал.

«Газет — əдеби тілдің бірінші баспалдағы. Барлық өнегелілік пен шеберліктің шыңдалып, таралатын жері де осы. Сондықтан осы баспалдақтың тазалығын сақтау үшін журналистер қауымы қажымай-талмай тынымсыз еңбек ете білулері керек. Əрбір сөзге екі шоқып, бір қарауға машықтану қажет. Қасиетті ана тіліне немқұрайды қарап, бейберекет қылуға ешкімге право берілмеген» [3].

Осылай деп ой толғаған тілші-ғалымдар пікіріне жүгіне отырып, қазіргі БАҚ-тағы тіл (сөз) мəдениетін қалыптастыруда төмендегідей мəселелерді ескерген жөн.

Бірінші, журналистика мамандығын қалаушы жас талапкерлерді оқуға қабылдау барысында олардың жазу шеберлігі мен сөйлеу мəдениетіне барынша назар аудару қажет. (Бұл жерде шығарма жаздырып, газет бетіне жарияланған бірді-екілі мақаласына қарап, болашағынан «зор үміт» күтудің қажеті жоқ. Шығарманың мазмұнымен қатар тілдік-стильдік ерекшелігіне баса назар аудара отырып, талапкердің сөздік қор, тіл байлығына тереңірек мəн берілуі керек).

Екіншіден, кейінгі кездері журналистика мамандығын даярлау барысында мемлекеттік стандартта көрсетілмеген деген желеумен оқу бағдарламасынан алынып тасталған «Журналистің сөйлеу мəдениеті», «Шеберлікке баулу», «Мамандандыру» сияқты тағы да тілге, стильге, сөйлеу, жазу шеберліктеріне қатысты пəндерді толықтырып, қайта кіргізу қажет. (Себебі бұрындары «Радиохабарлар тіл стилі», «Телехабарлар тіл-стилі», «Мерзімді баспасөз тіл-стилі» жеке-жеке пəн ретінде өткізілетін. Бұлай өткізу болашақ журналиске БАҚ-тың əр саласы бойынша еркін дайындалып, аталмыш мамандықтың өзіндік ерекшеліктеріне сай сөйлеу, жазу машықтарын меңгеруіне кең мүмкіндіктер беретін).

Үшіншіден, арнаулы орта мектептерде 10–11 сынып оқушыларын журналистік мамандыққа баулитын факультативтер ашылса. (Бұл, əрине, біраз мектептерде бар болғанымен, тұтастай дəстүрге айналған жоқ. Өйткені журналистика əліппесімен мектеп қабырғасында жүріп танысқан талапкерлерлің мамандықты игеру барысында көп қинала қоймайтыны белгілі).

Ұлттық журналистика мамандарын даярлау барысында біршама тəжірибелерді байқай отырып, көз жеткізген анық бір мəселе — жас талапкердің сөйлеу (жазу) мəдениеті отбасы, балабақша, мектептен қалыптасып, дамып жетілетіндігі. Бай ауыз əдебиетіміздің інжу-маржандары аңыз-əфсана, ертегі-əңгіме, жыр-дастандарымен сусындап өскен жеткіншектің көкірегі күмбірлеп, сөз əлемінде қиналмай еркін қанат қағатындығы. Əйтпесе қазіргі алмағайып заманда кекілі күнге күймей, табаны жерге тимей тас еденде ойнап өскен ұрпақтың сөзі де, ойы да жұтаң болатындығын уақыт көрсетіп отыр.

Кез келген журналист тіл мəдениетін сақтауы керек. Əдеби тіл сөйлеу тілінен нəрленсе, баспасөз тілі сөйлеу тіліне əсер етеді. Баспасөз тілінің дəрежесі əдеби тілдің де, сөйлеу тілінің де сапасының өлшемі. Сондықтан журналистер тілдік қорды байыту үшін көркем əдебиетті көбірек оқып, тіл тазалығы мен ой дəлдігін үйренуі керек.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры Клара Қабылғазина осындай қажеттіліктердің бірнешеуін атайды: «1. Тіл қасаңдығынан арылу;

  1. Əсіре сөзге құмарлықтан арылу; 3. Талғамды, талап қойғыш болу; 4. Деректі зерделеу; 5. Білімділік қажет; 6. Ақыл айту тенденциясынан алшақтау; 7. Ақпараттық тəуелсіздік қажет; 8. Адам, қоғамдық болмыстар жайлы əңгіме қозғай отырып, атақты, танымал адамдардың сол жайлы пікірлерін қысқа- нұсқа етіп, жүгіртпе жолдармен беріп отырса, қосымша деректермен толыға түсер еді» [4].

«Сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық, айқын ойлылық, ізеттілік тіл мəдениеті дегенге енеді» [5; 3]. Қазақ тіл білімінің зертеушілері М.Балақаев, М.Серғалиевтар «тіл мəдениетіне нұқсан келтіретін кемшіліктер: орфографиялық, орфоэпиялық, стильдік қателер», дейді.

Халықты тіл мəдениетіне үйрететін баспасөзге аса жауапты міндеттер жүктеледі. Баспасөз əдеби тілді дамытуға, тіл мəдениетін арттыруға елеулі үлес қосып келе жатыр. Алайда кейде баспасөз беттерінде тіл мəдениетіне нұқсан келтіретін жайттар байқалып жүр. Сондықтан сөйлеуде, жазуда кездесетін кемшіліктерді дер кезінде түзету керек деп есептейміз.

«Тіл мəдениетіне жетік болу үшін сөзді көп білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білу де керек. Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағыналарын, мəндестік ерекшеліктерін, əдеби, əдеби еместік қасиетін, еркін жəне тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек» [5; 66].

Бүгінгі күндері телеарналарда ауызша əдеби сөйлеу тілінің нормаларына жатпайтын, құлаққа жағымсыз естілетін бейпіл сөздер аракідік ұшырасады. Академик М.С.Серғалиев оларды «былапыт», «қоқырсық» сөздер деп атайды [6].

Бұқаралық коммуникацияда сөздің сөйлеу тіліне, қарапайым сөйлеу тілінің мəн-мағынасына жете көңіл бөлмегендіктен, елеп ескермегендіктен, сөз арасы бейəдеби сөздермен араласып, ала- құлалық көбейіп бара жатқаны байқалады, мысалы: мүлдем қақпайды, пысқырып қарамайды, тырқыратып қуалау т.б. [7].

Телехабар тілінде, əсіресе қорытынды жаңалықтар легін тарату кезінде тележурналист сөз мəдениетінің этикалық нормаларына жатпайтын сөздерді, сөз тіркестерін қолданбауы тиіс. Бұл, біріншіден, тележурналистің, сол арнаның тіл мəдениеті деңгейінің төмендігін көрсетеді. Демек, бұл телеарнаның қоғам алдындағы өз қызметін, қызмет этикасын сақтамай отырғандығын білдіреді. Екіншіден, телехабарлардағы бейəдеби сөздерді көрермен дұрыс қабылдамайды, олардың құлағына жағымсыз естіледі. Ал тілді білмейтін, тілді енді үйреніп келе жатқан адам қате қолданысты сол күйінде қабылдап алады. Соның салдарынан бұқаралық қарым-қатынастағы коммуникативтік норма сақталмайды. Мұндайда тележурналист коммуникативтік тұлға дəрежесіне жетті деп айтуға болмайды [8; 103].

Республикалық БАҚ еліміздің барлық аймағына таратылады. Сондықтан оқырмандар, телекөрермендер, тыңдармандар журналист қолданысындағы диалект сөздерді түсінбей қалуы мүмкін. «Диалект» деген термин тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тəн тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Ол жалпы тілге тəн ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды» [9] Осыған байланысты журналистер өз сөздерінде жалпы халыққа түсінікті əдеби тілдің үлгілерін қолданулары керек.

Диалект сөздер аймақтық, жергілікті БАҚ-та кездесуі мүмкін. Ол диалектизмдерді сол аймақтың тұрғындары қиналмай түсінеді. Мұндайда бұқаралық коммуникация өз мақсатына жетті деп айтуға болады. Себебі адресант та, адресат та бір-бірін қиналмай түсінді. Ал республикалық масштабтағы телеарналарда қызмет ететін тележүргізушілер мен арнаулы репортаж жасайтын тележурналистер белгілі бір аймаққа ғана түсінікті диалектизмдерді қолданбауы тиіс. Өйткені көрермен тележурналистің айтқан сөзін түсіне алмай қалғандықтан, бұқаралық қарым-қатынас толық орындалмай қалады. Соған қарамастан белгілі бір аймақта арнаулы репортаж жасаған тележурналист сұхбат алған кезде, сол жердің тұрғындары диалектизмдерді өз сөздерінде қолданып жатады. Мəселен, «Сөйтіп, көп жұмыстар істеп, мына жетпіс бес үй соғып, елді көшіріп, біраз қиындықтар болды» («Жеті күн», 14.10.2005). Мысалдан көріп отырғанымыздай, əдеби тілдегі «салып» сөзі жергілікті халық тілінде «соғып» түрінде қолданылады екен. Диалектизмдердің лексикалық, фонетикалық жəне грамматикалық өзгешеліктерінің болатыны белгілі, бұл жерде «соғып» сөзі «салып» сөзінің фонетикалық өзгерістерге ұшыраған диалектілік нұсқасы болып табылады. Бұл жерде диалект сөз сол аймақтың сұхбат беруші жергілікті тұрғынының тілінде берілген. Егер бұл диалект сөз тележурналист тілінде кездессе, онда ол үлкен қате болар еді. Себебі тележурналист тіл мəдениетінің негізгі сапалық белгілерін меңгерген, əдеби тіл нормаларын сақтап тіл қататын білікті əрі үлгілі маман болуға тиіс. Өйткені бүгінгі Қазақстандағы қазіргі қазақ тілі телехабарлар тілінен көрінеді. Сондықтан, тележурналистер үнемі ізденіс үстінде жүруі керек. Қоғамда болып жатқан жаңалықтар бойынша жан-жақты ақпарат алып қана қоймай, тіл саласындағы өзгерістерді, жаңалықтарды игеруі тиіс. Тележурналист — қоғам мен тіл арасындағы қарым-қатынасты реттеуші алтын көпір [8; 106].

Д. Бисмильдина «Ресми телехабарлар тілі» атты еңбегінде теледидардағы дикторлар мен арнаулы репортаж жасайтын тілші-журналистерге мынадай талаптар қояды:

«Біріншіден, барлық стильдің сөздік құрамы бірдей емес, сондықтан сөйлеу кезінде адам өзіне керекті сөздердің стильдік ерекшеліктерін ескеру керек. Телехабарлар көпшілікке арналғандықтан, онда қолданылатын сөздер де аса қасаң, не тым əсіре қызыл сөзбен көмкерілмей, жалпыға бірдей түсінікті болуға тиіс, яғни тележурналист пен көрермен арасында түсінікті, сенімді əріптестік байланыс орнауы керек. Газет оқырманы өзіне түсініксіз мəтіндерді қайталап оқуына болады. Ал теледидар хабарларын қабылдаудың ерекшелігі көрермен өзі көрген көріністерге қайта орала алмайды. Осыдан келіп əрбір сөз, сөйлем анық, түсінікті, қарапайым ойларға құрылғаны дұрыс.

Екіншіден, сөйлемнің құрылысын күрелендірудің қажеті жоқ, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, қиын тіркестер, айтылуы қиын сөздер экрандағы қас-қағым сəтте қабылдауды, түсінуді қиындатады. Экранда өтіп жатқан жеңіл көріністер мен ойлар арасындағы жымдаса байланысқан тіркестер ғана ұғынықты əрі тез қабылданады. Тележурналист əдеби тіл нормаларынан жөнсіз ауытқып, қазақ тілінің заңдылықтарын аяққа ба

articlekz.com


Смотрите также

KDC-Toru | Все права защищены © 2018 | Карта сайта