Ауызша журнал «Поэзия — жүрек тілі». Ауызша журнал деген не
Ауызша журнал сабағы – Sanatez EDUcation
Ауызша журнал сабағы
Тақырыбы: «Табиғат – тал бесігің,
аялай біл!»
Өткізген мұғалім: Смагулова Б.Г.
cbd
М а з м ұ н ы :
1-бет. Кіріспе. Табиғат – тал бесігің
2-бет. Сауалхана
3-бет. Мен үшін табиғат …
4-бет Білгенге маржан.
5-бет. Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер.
6-бет. Табиғатты қорғау үшін …
7-бет. Табиғатты аяла
8-бет. Табиғатты қорғау ережесі.
9-бет. Ойлан, тап!
10-бет. Әдеби бет.
1-бет.
Кіріспе. Табиғат – тал бесігің
2-бет.
Сауалхана.
- Мәңгілік жасыл ағаш (шырша)
- Дауылға нық күшті
Ағаштың мықтысы (қарағай)
- Көктемде ақ гүлге оранды
Күзде қолға доп боп оралды (алма)
- Мейіріммен сүйеді ол бар адамды
Өзіне жаратпайды қарағанды (Күн)
- Еркін самғап ұшсын деп мәпелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік құсы деп, қандай құсты атаймыз (көгершін)
- Діңі мықты. Қасарысып. Шөлге шықты (сексеуіл)
- Құстай ұшады, құлындай жортады,
Қойдан қорқады (қоян)
- Балапанын бағатын – басқа
Бар сондай қасқа (көкек)
- Төрт аяқсыз жүйрігім
Бұлғап саған құйрығын (балық)
- Бірі құяды, бірі жұтады (жер, жаңбыр)
- Маң-маң басқан жүрісі, барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды,қуғанын бірақ ұстайды (түйеқұс)
- Ата отыр, тон киіп (аю)
- Жасыл, бірақ жуа емес
Өзі ақ, бірақ қар емес
Бұйра, бұйра, бірақ шаш емес (қайың)
- Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты (жолбарыс)
- Айбат шегер алыстан
Аң патшасы (арыстан)
3-бет.
Мен үшін табиғат …
4-бет
Білгенге маржан.
- Мен көпжылдық өсімдікпін қыркүйек, мамыр айларында гүлдеймін. Жапырағым, тамырымды дәрі ретінде пайдаланады. Өсетін мекенім – жол жиегі. Мені қан тоқтатуға, іріңді жараның ту жарылуына қолданады. Сонда мен қай өсімдікпін? (жолжелкен)
- Мен күй таңдамай кез келген жерде өсе беремін Менің жапырағымды, тамырымды жеген мал, құс өледі. Мені тіс ауырғанда, сүйек қақсағанда ем ретінде пайдаланады. Бесіктегі баланы менімен аластайды. Сонда мен қай өсімдікпін? (меңдуана)
- Мені мал жемейді. Жемісім жабысқақ, тікенді. Жауын жауар алдында тікенектерімді жұмысарту арқылы хабар беремін. Сөлімді өкпе демікпесіне пайдаланады. Сонда мен қай өсімдікпін? (ошаған)
- Халық құстарды дара қасиеттеріне қарап бағалаған Мысалы, бүркіт – билік иесі, қарға ұзақ өмірді, қораз – шайқасуды білдіреді. Туымызда көкке самғаған бүркіт бейнеленген. Бүркіт құс патшасы. Ол ұлылық, ар-намыс, еркіндіктің символы. Аққу – сұлулықтың, тазалық пен махаббаттың белгісі. Халқымыз оны киелі санайды. Даланың абыз ақыны Асан-қайғы қазақтың тұңғыш ханы Жәнібекке мынадай өсиет айтқан.
Құладын құстың құлы еді
Тышқан жеп жүні түледі
Аққу құстың төресі
Ен жайлап көлде жүр еді
Андып жүрген көп дұшпан
Елге жау боп келеді.
Құладын құзды өлтірсе –
Өз басыңа келеді.
Құлың көп сені өлтірер
Осыны асан біледі, – деген екен
- Теңіз көлінде қызыл қанатты ғажап құс бар. Фламинго – жалын деген ұғымды білдіреді. Қоқиқаздың қанаттарының ұшы қара, қаурсындары алқызыл түсті. Бұл ғажап құсты көру естен кетпес әсер береді. Қызғылт қанаттары күн сәулесіне жарқырап, әдемі сурет жасайды. Қоқиқазды көрген адам бақытты болады деген наным бар. Ол бүкіл өмірін тік тұрып өткізеді. Ұйықтаса да бір аяғымен тұрады. Тобымен ұйқыға кетсе де әлсін-әлсін кезекпен маңайды қарап қояды. Олар шомылуды ұнатады.
- Көрініс: «Аңшы мен бала»
Құс аулауға шығамысың?
Шығамын
Атқаныңды жығамысың?
Жығамын
Міне мылытқ атамысың?
Атамын.
- Құсың қайда қарағым-ау?
- Атпадым
- Көп еді ғой көлде құс?
- Көп екен
- Неге атпадың?
- Түк дәлелім жоқ екен
- Атуға сен қимадың ба№
- Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.
- Тиме аққуға
Мендейлердің атын ал, түйесін ал
Тиме аққуға. Ақудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал.
Тиме аққуға. Аққудың иесі бар.
Кеудемде жүрек барда басылар ма ой
Тиме аққуға. Кіршіксіз асыл ар ғой
Тимеңдерші көлімнің көркі болсын
Жанарында мұңылықтың жасы бар ғой.
5-бет.
Мақал-мәтелдер. (Жалғасын тап)
1 .Ақыл-дария, алсаң да таусылмайды
… қазына, саусаң да таусылмайды.
- Ерді талап ұшырса,
… қанат ұшырар
- Атасы жер жырта білмегеннің баласы … себе алмас
- Алтын болмаса зергер қор болар
… болмаса диқан қор болар
- … азған елде, тоқшылық болмайды
- Көлдің көркі … , таудың көркі … .
- Сағадағы … ішеді, аяқтағы … кешеді.
- Дауылдың алды … , жаңбырдың арты … .
- … жүйрікпе, қиял жүйрік пе?
- … семірсе құт, … семірсе жұт.
- Барлық аулай алмаған, … лайлар
- … жайын салған білер, … жайын қазған білер
- … жапырағымен, … топырағымен.
- … қазына, … гауҺар
- Ақсақ … аузына, … айдаған қаңбақ түсер.
- Бағбан болсаң … өсір,
Балама деп тағы өсір.
- Арманымен ел сұлу, … жер сұлу
- Адам көркі – шүберек
… көркі жапырақ.
Тыйым сөздер.
- Ит ұлыса, жаманшылық болады
- Балық су бетінде шолпылдаса, жаңбыр жауады.
- Ордалы жылан топ-тобымен басқа жаққа көшсе, тосын апат болады.
- Үйге қарлығаш ұшып келсе, жақсы ырым саналған.
- Жылан үйге кірсе, жақсылық нышаны деп ұғып, басына ақ құйып ардақтап далаға шығарады.
- Ит шөп жесе, жақсыға жориды.
- «Көктей соларсың» деп жамандыққа жорып «көкті жұлғызбайды.
- «Қарғысы қатты» деп жапалақ, жарқанатқа тимейді.
- «Киелі құс» деп аққуды атпайды.
6-бет.
Табиғатты қорғау үшін …
7-бет.
Табиғатты аяла
1.Су атасы – Сүлеймен 2. Көшкен кезде жер ошақты
Айдыныңа тас аттым Тегістетін, топырақпен жабатын
Рұқсат ет балаңа Жанды, жансыз ғаламның
Су алуға бола ма? Бабын, тілін табатын
Түн ұйқыңды ояттым Жөнсіз іске жалтақтамай
Толқыныңды аяп тым Бірден тыйым салатын
Тұнығыңды қорғаймын Білгендері кез келгенді
Лайласам оңбаймын Жамандықтан тыятын
Су атасы – Сүлеймен Бар тыйымның түсінігі
Рұқсат ет балаңа «Обал» деген жалғыз сөзге
Су алуға бола ма? Жалғыз сөзге сиятын
3.Қасиетті сөз бар еді кие деген 4. Қасиетті қайрымды жер ананың
Киеліге жолама күйе деген Мейірінен өмірге нәр аламын
Жерін, елін, Отанын сүйетіндер Аялы алақанмен аялау да
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен Азаматтық борышы әр адамның!
Тірі нәрсе шөп деген көгал деген Ата мекен жанға жайлы сая бау
Көкті жұлма болады, обал деген Ар алдында күнә болар табиғатты аямау
Ата-анамыз жыланға үйге иірген Қанымызға сінген екен ақ сүтімен ананың
Ақ сүт құйып басына жоғал деген Туған жердің табиғатын аямау.
5.»Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!» деп
Ұрсушы еді менің анам күйгелек
«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын
Шыққанымда «тұлпарымды» сүйрелеп
«Ұя бұзба! Бұзба» – деймін балама,
Өсиетін қандай ғажап, жан ана!
Тал, теректі тамырынан қиятын
Тас жүректер әлі де көп арада
Бұзба!-дейді аспан түгел, жер түгел
Сол өтініш анамды еске келтірер
Анам болып ұлы Отаным сөйлейді:
Бұзылмасын дүние түгел, Жер түгел!
- Ей, адамзат, ең алдымен досыңды ұқ.
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас! Әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні қарызға
7.Әй табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөздеген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің анау, жер міне
Ау, адамдар! Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын
Асырайды ол сені мені, елді де
8-бет.
Табиғатты қорғау ережесі.
«Балыққа – су, құсқа – ауа, аңға – орман, тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам баласы үшін Отан деген ұғым сондай қажет. Ал табиғатты сүю – Отаныңа қамқор болу деген сөз»
- Қоқыс тастама
- Көкті жұлма
- Бұтаны сындырма
- Ағашты кеспе
- Су көзің лайлама
- От жақпа
- Құс ұясын бұзба
- Құмырсқаның илеуін таптама
Ойлан, тап!
А | Р | Ы | С | Т | А | Н | ||||||
А | Қ | Қ | У | |||||||||
Б | Ө | Г | Е | Н | ||||||||
С | И | Ы | Р | |||||||||
Н | А | Й | З | А | Ғ | А | Й | |||||
А | У | А | ||||||||||
Т | О | Қ | Ы | Л | Д | А | Қ |
- Аң патшасы
2.Сұлулықтың символы
3.Жасанды су қоймасы
4.Сүт өнімін беруші
5.Табиғат құбылысы
6.Бәріне қажет
7.Санитарлық құс.
Бұл қай аңдар?
1.Арыстан. 2.Жолбарыс
3.Сілеусін. 4.Қабылан
5.Қарақал 6.Барыс
- Ілбіс 8.Шетмысық
- Бабыр 10. Мәлін
- Тауарыстан
Т | Ү | Й | Е | |||||
А | Л | М | А | |||||
Б | И | Д | А | Й | ||||
П | И | Я | З | |||||
Қ | А | Р | А | Ғ | А | Й | ||
А | Й | |||||||
Т | Ұ | Қ | Ы | М | ||||
Т | Е | Ң | І | З | ||||
Ш | Ы | Р | Ш | А |
1.Шөлге төзімді жануар,арқасында тауы бар
2.Көктемде ақ гүлге оранады, күзде қолға доп болып оралады
- Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы
4.Тұздықпен жүреді, кәне кім айтып береді 5. Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы
- Орақ болып туады, табақ болып тынады
7.Біреуін жерге береді, күзде оны тереді.
Б | А | Л | Ы | Қ | ||
Қ | О | Я | Н | |||
Ж | Ы | Л | А | Н | ||
Қ | А | Р | Б | Ы | З |
- Кең-байтақ су, ішуге болмайды
- Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай
оңбайды.
10.Суда өседі, судан шықса өледі
11.Сылдырдан қорқады, шошынып жортады
12.Тіл ұшында уы бар, ол не екенін біліп ал.
- Еті қызыл, сүті тәтті, жерде өсіп жатты.
sanatez.net
«Ауызша журнал» сабағы — Тәрбие.kz
«Ауызша журнал» сабағы
Өткен тақырыпты қорытындылап, оқушылар білімін тиянақтауда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы зор. Осы орайда 6-сыныпта өсімдіктанудан «Өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері. Тамыр-негізгі қоректену мүшесі» тақырыбы оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, танымдық, ізденушілік қабілеттерін дамыту, отансүйгіштіккке, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі емес «ауызша журнал» сабағы түрінде өткізілді.
Журнал парақтары:
- Сауалхана. Жаңға шипа- дертке дауа.
- Ойлан, тап. Табиғатты аяла.
- Ғажайып өсімдіктер. Сандар сөйлейді.
- Еңбек етсен ерінбей…. Әдеби бет.
- Сөздің көркі -мақал.
1-бет. Сауалхана.
Мұнда оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар берілді.
- Қоректену дегеніміз не?
- Өсімдіктердің қоректену жолдары қандай?
- Өсімдіктердің қоректенуінде қандай ерекшеліктер бар?
- «Органикалық заттардың фабрикасы» дегенді қалай түсінесіздер?
- Негізгі тамыр деген не?
- Жанама тамыр деген не?
- Қосалқы тамыр неден пайда болады?
- Тамыр жүйесі деген не№
- Кіндік және шашақ тамыр жүйесінің айырмашылығы қандай?
2-бет. Ойлан, тап!
Бұл бетте оқушылардың зеректігін анықтайтын ойындар берілді.
- Сөзжұмбақ шешу
Т | А | М | Ы | Р | |
- Өсімдікке қажетті қоректік зат. (Тұз)
- Негізгі тамырдан пайда болатын тамыр. (Жанама)
- Тынайтқыш. (Шымтезек)
- Қоректік заттарды сіңіруге әсер ететін күш.(Қысым)
5.Түкшелері бар тамыр аймағы.(Сору)2. Ойдағы жұмбақ.
Мұғалім бір өсімдікті ойлайды. Оқушылар сұрақ қою арқылы жасырған өсімдікті табады.
Мысалы, оқушы:-Өсімдіктің биіктігі қандай?
Мұғалім:-25-30см.
Оқушы:-Жемісі қандай?
Мұғалім.— Жеміс бермейді.
Осындай сұрақтар арқылы оқушы өсімдікті анықтайды.
3.Сәйкестендіру тесті.
Бағдаршалармен тамыр аймақтарын жазылған аттарымен сәйкестендіру керек.
3-бет. Ғажайып өсімдіктер.
Оқушы шықшылдық және шыбынжұт өсімдіктері туралы хабарлама жасады, салған суреттерін көрсетті. Мұнда оқушылардың ізденгіштігі байқалды.
4-бет. «Еңбек етсең ерінбей …» тақырыбында ақыл-кеңес бұрышы.
Оқушы:- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей» дейді халық мақалы. Топырақты дұрыс өндеп күтпесе, ол жақсы өнім бермейді.
біз өз есігіміздің алдындағы бақшада ата-анамызға көмектескенде мынадай жағдайларды ескеруіміз керек. Топырақты бір қазып, аударуымыз керек. Сонда арам шөптердің тамыры қиылып, зиянкез жәндіктердің дернәсілдері жойылады. Көңді де күзде шашып тастау керек, сонда ол біртіндеп шіріп минералды заттарға айналады. Көктемде, жазда үстеп қоректендіруге болады. Онда ағаштың түбін арнайы дөңгелетіп қазып, соған езілген тынайтқышты құямыз. Ағаштың түбін қазғанда тамырды зақымдамау үшін әр түрлі тереңдікте қазамыз.
Минералды тынайтқыштар туралы химия пәнінің мұғалімі айтып берді.
5-бет. Сөздің көркі -мақал.
Бұл бөлімде бір оқушы тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтты. Басқа оқушылар оның мағынасын түсіндірді.
-Күз суар, күз суармасаң, жүз суар.
-Ағаш өсірсең аялап, болар басыңа сая бақ.
-Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
-Жеміске жылдам піс деме, иісі анқымай тістеме.
-Сабырлық көктей жұлмауға үйретеді.
-Ас атасы-нан.
Нан атасы дән.
6-бет. Жаңға шипа, дертке дауа.
Мұнда тамырының дәрілік қасиеті бар өсімдіктер туралы хабарламалар айтылды.
Бақбақ – биіктігі бес сантиметр, сындырғанда сүт сияқты ақ түсті сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, шеттері тілінген қауырсын сияқты тамыр мойнына жабыса өседі. Қазақстанда Еуропа, Кавказ, Орта Азияда ылғалы мол шабындық жерлерде, ашық алаңдарда, өзен жағалауларында, жол бойында өседі. Бақбақ тамырының дәрілік қасиеті бар. Тамырынан ұнтақ жасап, асқазан жұмысын жақсарту және тамаққа тәбет арттыру үшін күніне үш мезгіл тамақ алдында сумен араластырып ішеді. Бұл жағдайда ұнтақ өте аз мөлшерде, пышақ ұшымен ғана алынады.
Көкпек –көпжылдық өсімдік. Оның тамыр сабағы айтарлықтай жуан, тамыр бүрлері өте жиі болады. Сабағы түзу боп өсетін оның биіктігі 35 см-ден 120 см-ге дейін жетеді. Кезектесіп келетін жапырақтарының сыртқы түкті, пішіні жұмыртқа тәрізді сопақ келеді. Көкпек тамырынан жасалған препараттарды қақырық түсіретін дәрі ретінде тыныс мүшелерінің созылмалы іріңді ауруларына, созылмалы және асқынған бронхитке қарсы қолданады. Біздің республикамызда Ақтөбеде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстарында өседі.
7-бет. Табиғатты аяла.
Топырақтың қоректі қасиеттерін арттырып, ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу үшін адамдар аса қуатты техника күшін жұмсайды. Топырақтың түріне қарай бірін суарады, екінші бірін құрғатады. Енді бірін түрлі әдістермен өңдейді. Мұнан топырақтың болашағы да адам әрекетіне бағынышты екені көрінеді. Қазіргі табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану мәселесі бүкіл халықтың міндеті болып отырған уақытта, топырақты қорғауға да зор көңіл бөлінуге тиіс. Бүгінгі таңда республикамызда астық дақылдарын егу алаңын кеңейту көзделіп отыр. Оның ішінде Алматы облысы да ауылшаруашылық аудандардың бірі болып есептеледі
8-бет. Сандар сөйлейді.
- Өсімдікке келген 1000 л судың тек 1,5-2 литрі қоректенуге жұмсалады, ал қалған 998 литрі өсімдік бойымен өтіп, оның ұлпаларында судың әрдайым жеткілікті болуын қамтамасыз етеді.
- Жүзгін атты өсімдіктің тамыры 15-20 метр тереңдікте болады және ол қандай құмды боран болса да мызғымайды.
- Тамырдың 1 мм2 бетінде 200-ден 400-ге дейін тамыр түкшелері болады, тамырдың сору беті 18 есеге жуық өседі.
- Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы:
Жантақ тамырының ұзындығы 25-20 м, жылыжайда өсірілген қарабидайдың барлық тамырының жалпы ұзындығы шамамен 623 км-дей болған.
- Топыраққа шашылған 1т азот тыңайтқышы қосымша 10 т қант, 20 т астық алуға мүмкіндік береді.
9-бет. Әдеби бет.
Оқушылар табиғат, өсімдіктер туралы ақындардың өлеңдерін жинақтап, ортаға салды.
Ей, табиғат шеберсің-ау, шеберсің
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан-ғайыр байлығымды місе етпей
Аш көзденген адамдарға не дерсің?!
Айын анау, күнің мынау, жер мынау
Ей адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайда ол сені,мені,елді де.
М. Мақатаев
Қазақстан-шатықтың елі шалқыған,
Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын,
Қазақстан-батырлар елі, ер елі.
Бауырмалдық достықтың елі өрелі.
Қазақстаным, Сары жайлау,Асқар тауларым
Қазақстаным-байтақ далам, пәк далам!
Халқымның салмақ, сабырлығын сақтаған
Өресі биік, өрені жүйрік өлкемнің
Қожасы болып туғаным өшпес бақ маған.
Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланып,тақырып қорытындыланды. «Ауызша журнал» сабағы оқушылар білімін тиянақтауға, жүйелеуге, шығармашылық ізденістеріне жол ашуға, туған жер табиғатын аялауға кең мүмкіндік береді.
www.tarbie.kz
Ауызша журнал «Поэзия — жүрек тілі»
Жанабаева Акбота Алтынбаевна, учитель казахского языка и литературы КГУ «Средняя школа № 3» г. Житикары Костанайской области. Первая категория, педстаж — 26 лет | ![]() |
Көрнекіліктер: слайдтар, ақынның кітаптары.
(Мұқағали Мақатаевтың портреті, слайд)
1 ж-ші. — Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2 ж-ші. — Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
«Поэзия — жүрек тілі» атты ауызша журналды бастауға рұқсат етіңіз.
1 ж-і — Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар,Тату тәтті бармысыңдар,Армысыңдар, Адамдар! — деп Мұқағалидің сәлемдесу салтымен амандасайық. Қош келдіңіздер, өнер сүйер қауым!
2 ж-і — Біздің журналымыздың бірінші парағына назар аударайық.
(1 — парақ «Менің анкетам», слайд)
Ақын М. Мұқатаев 1931 жыл Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әжесінің қолында өскен бала-шағы соғыспен қатар өткен.1948 жылы — Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы; 1950 ж. — Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі; 1954 ж. — Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып істейді; 1957 ж. — Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 1960 — 62 ж.- «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі; 1963 −65ж.- «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді.
1 ж-і — Айтылар естеліктер мен туралы,Біреулер жан еді дер өр тұлғасы.Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,Бүтінділмей кеткен бір ер-тұрманы.
Енді ақынның өз өмір жолы туралы жазған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрейік.
2 ж-і. — Өзеннің басталуы, өнердің басталуы — екеуі де қасиетті. Өзеннің көзі бұрқ еткен қайнардан ашылса,өнердің көзі бір шумақ өлеңнен не жалғыз қара сөзден басталмақ. Даналық әрқашан балалықтан басталады. Біз таныған, мойындаған Мұқағали да бала күнінен дараланыпты. Тас жарардай таланттың азуын аяқ алысы байқалады.
(2-ші парақ «Поэзия», слайд)
1 ж-і. — «Поэзия!»
«Менімен егіз бе едің?»
Дарыны дараланып, шығармашылық салада басы жанған Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясының жаңа бетін ашты. Өзінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында артына өшпес із қалдырды.
(слайдтар)
2 ж-і. — Табиғат Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығының жаны деп ойлаймыз. Ғажайып табиғат суреттері болмаса, Мұқағалидің өлеңдері қайталанбас сұлу болуы мүмкін бе? Табиғат ақынға қанатты шабыт береді. («Тау бұлағы», слайд).
1 ж-і. — Өмір туралы толғанған ақын сөзі былай екен: (Өмір деген...)
2 ж-і. — Сүйікті балаларым менің!-дейді ақын өз күнделігінде. — Ақылсыз болмаңдар. Өмір жолы қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына ақылмен қараңдар. Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашанда адам қалыптарыңда қалыңдар. («Сәби болғым келеді», слайд).
1 ж-і. — «Поэзия — үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, шексіз сезімге толы махаббат». Енді Мұқағали поэзиясымен қалай сырласқанын көрейік. («Поэзия»).
2 ж-і. — Мұқағали жырлары — ел-жұртының қасаңдап бара жатқан жан әлемін сәуле-шуағымен әрлендірер, қуат берер күші болып отырғаны шындық. «Үш бірдей бақытым бар алақанда, мені мұндай бақытты жаратар ма?» деп жырлаған ақын. («Үш бақытым»).
1 ж-і. — Ана — өмір сыйлаушы, бала бағбаншысы. Анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі жырдың алтын арқауы болмақ. Ендеше, ақынның ана тақырыбына арнаған өлеңі — «Шеше, сен бақыттысың». (слайд)
2 ж-і. — Жампоз жырдың дүлдүлі — Мұқағалидің өлеңдері халық жүрегінен терең орын алған. («Сен көріктісің», слайд).
1 ж-і. — Келесі кезекті махаббат тақырыбына арналған өлеңдеріне береміз. («Махаббатым өзімде»).
2 ж-і. — Аққулар. Аңыз көп қой олар жайлы, көзіңмен көргеніңдей бола алмайды. Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, шошыса, екінші рет оралмайды. Олай болса, осыны дәлелдеген ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тамашалаңыздар. («Аққулар ұйықтағанда» слайд).
(3-ші парақ «Айтылған естеліктер мен туралы», слайд).
1 ж-і. — Ақын Ораз ақын Асқар айтқандай, «жұмыр жердің қай түпкіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады», өйткені халықтың жыры да, пірі де — Мұқағали. Мұқағали туралы естеліктерді тыңдайық.
(4-парақ «Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім», слайд).
2 ж-і. — «Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім». Иә, өмір ешқашан ұлыларды, дарындарды тірі кезінде еркелетпеген. Олардың даңқы қайтыс болғаннан кейін ғана шығады. Тек соңғы уақытта біз бір кездегі пенделікпен кеткен қателерімізді жөндеген сияқтымыз. М. Мақатаевтың өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Ілияс Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Бейбіт Оралұлы, т. б. сазгерлер өлең жазды. (композиторлардың портреттері). (1-2 әнін тыңдау).
(5-парақ.Халық сүйген ақын. (портрет) слайд).
1ж-і. — М. Мақатаев халықты қалай сүйсе, халық та оны солай сүйеді. Ал, халық сүйген ақын мәңгі жасай бермек!
2 ж-і. — Жылдар өтер...әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек.
1 ж-і. — Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.
2 ж-і. — Біз оның қасиетті жырының алдында: «Қош, бізге мақтан болған, бұдан былай да мақтан бола беретін ақыным» деп басымызды иеміз. Осымен, ауызша журналымыздың соңғы парағы жабылды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
www.azbyka.kz
Ауызша журнал.doc - Ауызша журнал
Жыл иесі,мынау біздің «Балдәурен»атты журналымыз.Бұл журнал көктем айларына арналған арнаулы нөмір.Енді журналдың бұл санын Сізге оқып берейік.(барлық беттері көрініс түрінде көрсетіледі)І б. «Сен білесің бе?»Көктем арулары: Наурыз,Сәуір,Мамыр әр айдың ерекшеліктерін,нақыштарын айтып, көрсетеді.Наурыз аруы:Наурыз— жылдың әрі көктемнің бірінші айы.Парсының «нау»жаңа, «руз» күн деген,яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан.Демек,наурыз аты бір күнді бейнелесе де,ол толық ай атын иеленген.Наурыздың бірінші күні(жаңаша наурыздың 22сі күні) күн мен түн теңеледі,жаңа күн келеді.Бұл айдың Шығыселдері үшін, әсіресе, қазақ елі үшін орны бөлек. Наурыздың бірінші күні халықтық мереке ретінде аталып өтіледі.Халқымыз наурыз айын қасиетті ай ретінде бағалап, көптеген ұлттық дәстүрлерді қалыптастырған. Жыл сайын мерекелік «Наурызнама думаны»өткізіліп, «Наурыз көже»пісіріліп сауықдуман ойындар өткізіледі.(Наурыз көжеден Жыл иесіне т.б. дәм татырады.)Табиғат бақылаушысы: Наурызды халық «Көктем туды»дейді,бұл «жақсы күн туды,төл туды» деген ұғымды білдіреді. Наурызда күн ұзарады, бұл кез «ұзын сары»деп,ата бабаларымыз қуатты , дәмді тағамдарын әдейі осы кезге дейін сақтап отырған.Наурызда күн жылынып, мал төлдегенмен айдың соңғы күндері өкпек жел соғып, қар күрт еріп,жер лайсаң болып,жол бұзылады. Бұл кезді ел «аласапыран»деп атайды.Сәуір аруы:Сәуір екінші ай.Бұл айда қар еріп,су тасып,күн жылына бастайды.Ағаштарбүр жарып,көк шығады. Мал төлдеп,жұрт уызға тояды.Құс келіп,ұя салады.Балалар жұмыртқа жинайды... Халқымыздың «Сәуір болмай, тәуір болмас»деген сөзі бұл айдың жақсы мезгіл екенін меңзейді. Еліміздің барлықаймақтарында егіс жұмыстары басталады. Сәуір айының үшінші онкүндігінде«Құралай салқыны» деп аталатын «амал» келеді. Бұл кезде киіктер төлін(құралайын) аяқтандырады, өргізеді. Жалпы, әр айдағы ауа райының күртөзгерісі «Амал» деп аталады
znanio.ru
|
engime.org
Қортынды сабақ "Ауызша журнал"
Павлодар облысы
Май ауданы
Қазақстан жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Сапарова Назымгуль Социаловна
«Ауызша журнал» сабағы
Өткен тақырыпты қорытындылап, оқушылар білімін тиянақтауда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы зор. Осы орайда 6-сыныпта өсімдіктанудан «Өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері. Тамыр-негізгі қоректену мүшесі» тақырыбы оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, танымдық, ізденушілік қабілеттерін дамыту, отансүйгіштіккке, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі емес «ауызша журнал» сабағы түрінде өткізілді.
Журнал парақтары:
Сауалхана. 6. Жаңға шипа- дертке дауа.
Ойлан, тап. 7. Табиғатты аяла.
Ғажайып өсімдіктер. 8. Сандар сөйлейді.
Еңбек етсен ерінбей.... 9. Әдеби бет.
Сөздің көркі -мақал.
1-бет. Сауалхана.
Мұнда оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар берілді.
Қоректену дегеніміз не?
Өсімдіктердің қоректену жолдары қандай?
Өсімдіктердің қоректенуінде қандай ерекшеліктер бар?
«Органикалық заттардың фабрикасы» дегенді қалай түсінесіздер?
Негізгі тамыр деген не?
Жанама тамыр деген не?
Қосалқы тамыр неден пайда болады?
Тамыр жүйесі деген не№
Кіндік және шашақ тамыр жүйесінің айырмашылығы қандай?
2-бет. Ойлан, тап!
Бұл бетте оқушылардың зеректігін анықтайтын ойындар берілді.
Сөзжұмбақ шешу
Т
А
М
Ы
Р
1. Өсімдікке қажетті қоректік зат. (Тұз)
2. Негізгі тамырдан пайда болатын тамыр. (Жанама)
3. Тынайтқыш. (Шымтезек)
4. Қоректік заттарды сіңіруге әсер ететін күш.(Қысым)
5.Түкшелері бар тамыр аймағы.(Сору) 2. Ойдағы жұмбақ.
Мұғалім бір өсімдікті ойлайды. Оқушылар сұрақ қою арқылы жасырған өсімдікті табады.
Мысалы, оқушы:-Өсімдіктің биіктігі қандай?
Мұғалім:-25-30см.
Оқушы:-Жемісі қандай?
Мұғалім.- Жеміс бермейді.
Осындай сұрақтар арқылы оқушы өсімдікті анықтайды.
3.Сәйкестендіру тесті.
Бағдаршалармен тамыр аймақтарын жазылған аттарымен сәйкестендіру керек.
3-бет. Ғажайып өсімдіктер.
Оқушы шықшылдық және шыбынжұт өсімдіктері туралы хабарлама жасады, салған суреттерін көрсетті. Мұнда оқушылардың ізденгіштігі байқалды.
4-бет. «Еңбек етсең ерінбей ...» тақырыбында ақыл-кеңес бұрышы.
Оқушы:- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей» дейді халық мақалы. Топырақты дұрыс өндеп күтпесе, ол жақсы өнім бермейді.
біз өз есігіміздің алдындағы бақшада ата-анамызға көмектескенде мынадай жағдайларды ескеруіміз керек. Топырақты бір қазып, аударуымыз керек. Сонда арам шөптердің тамыры қиылып, зиянкез жәндіктердің дернәсілдері жойылады. Көңді де күзде шашып тастау керек, сонда ол біртіндеп шіріп минералды заттарға айналады. Көктемде, жазда үстеп қоректендіруге болады. Онда ағаштың түбін арнайы дөңгелетіп қазып, соған езілген тынайтқышты құямыз. Ағаштың түбін қазғанда тамырды зақымдамау үшін әр түрлі тереңдікте қазамыз.
Минералды тынайтқыштар туралы химия пәнінің мұғалімі айтып берді.
5-бет. Сөздің көркі -мақал.
Бұл бөлімде бір оқушы тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтты. Басқа оқушылар оның мағынасын түсіндірді.
-Күз суар, күз суармасаң, жүз суар.
-Ағаш өсірсең аялап, болар басыңа сая бақ.
-Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
-Жеміске жылдам піс деме, иісі анқымай тістеме.
-Сабырлық көктей жұлмауға үйретеді.
-Ас атасы-нан.
Нан атасы дән.
6-бет. Жаңға шипа, дертке дауа.
Мұнда тамырының дәрілік қасиеті бар өсімдіктер туралы хабарламалар айтылды.
Бақбақ – биіктігі бес сантиметр, сындырғанда сүт сияқты ақ түсті сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, шеттері тілінген қауырсын сияқты тамыр мойнына жабыса өседі. Қазақстанда Еуропа, Кавказ, Орта Азияда ылғалы мол шабындық жерлерде, ашық алаңдарда, өзен жағалауларында, жол бойында өседі. Бақбақ тамырының дәрілік қасиеті бар. Тамырынан ұнтақ жасап, асқазан жұмысын жақсарту және тамаққа тәбет арттыру үшін күніне үш мезгіл тамақ алдында сумен араластырып ішеді. Бұл жағдайда ұнтақ өте аз мөлшерде, пышақ ұшымен ғана алынады.
Көкпек –көпжылдық өсімдік. Оның тамыр сабағы айтарлықтай жуан, тамыр бүрлері өте жиі болады. Сабағы түзу боп өсетін оның биіктігі 35 см-ден 120 см-ге дейін жетеді. Кезектесіп келетін жапырақтарының сыртқы түкті, пішіні жұмыртқа тәрізді сопақ келеді. Көкпек тамырынан жасалған препараттарды қақырық түсіретін дәрі ретінде тыныс мүшелерінің созылмалы іріңді ауруларына, созылмалы және асқынған бронхитке қарсы қолданады. Біздің республикамызда Ақтөбеде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстарында өседі.
7-бет. Табиғатты аяла.
Топырақтың қоректі қасиеттерін арттырып, ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу үшін адамдар аса қуатты техника күшін жұмсайды. Топырақтың түріне қарай бірін суарады, екінші бірін құрғатады. Енді бірін түрлі әдістермен өңдейді. Мұнан топырақтың болашағы да адам әрекетіне бағынышты екені көрінеді. Қазіргі табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану мәселесі бүкіл халықтың міндеті болып отырған уақытта, топырақты қорғауға да зор көңіл бөлінуге тиіс. Бүгінгі таңда республикамызда астық дақылдарын егу алаңын кеңейту көзделіп отыр. Оның ішінде Алматы облысы да ауылшаруашылық аудандардың бірі болып есептеледі
8-бет. Сандар сөйлейді.
Өсімдікке келген 1000 л судың тек 1,5-2 литрі қоректенуге жұмсалады, ал қалған 998 литрі өсімдік бойымен өтіп, оның ұлпаларында судың әрдайым жеткілікті болуын қамтамасыз етеді.
Жүзгін атты өсімдіктің тамыры 15-20 метр тереңдікте болады және ол қандай құмды боран болса да мызғымайды.
Тамырдың 1 мм2 бетінде 200-ден 400-ге дейін тамыр түкшелері болады, тамырдың сору беті 18 есеге жуық өседі.
Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы:
Жантақ тамырының ұзындығы 25-20 м, жылыжайда өсірілген қарабидайдың барлық тамырының жалпы ұзындығы шамамен 623 км-дей болған.
Топыраққа шашылған 1т азот тыңайтқышы қосымша 10 т қант, 20 т астық алуға мүмкіндік береді.
9-бет. Әдеби бет.
Оқушылар табиғат, өсімдіктер туралы ақындардың өлеңдерін жинақтап, ортаға салды.
Ей, табиғат шеберсің-ау, шеберсің
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан-ғайыр байлығымды місе етпей
Аш көзденген адамдарға не дерсің?!
Айын анау, күнің мынау, жер мынау
Ей адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайда ол сені,мені,елді де.
М. Мақатаев
Қазақстан-шатықтың елі шалқыған,
Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын,
Қазақстан-батырлар елі, ер елі.
Бауырмалдық достықтың елі өрелі.
Қазақстаным, Сары жайлау,Асқар тауларым
Қазақстаным-байтақ далам, пәк далам!
Халқымның салмақ, сабырлығын сақтаған
Өресі биік, өрені жүйрік өлкемнің
Қожасы болып туғаным өшпес бақ маған.
Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланып,тақырып қорытындыланды. «Ауызша журнал» сабағы оқушылар білімін тиянақтауға, жүйелеуге, шығармашылық ізденістеріне жол ашуға, туған жер табиғатын аялауға кең мүмкіндік береді.
infourok.ru
Тәуелсіздік халық мұраты ауызша журнал
«Жарма ауданының білім бөлімі» ММ
«Қарасу орта мектебі» КММ-сі
Тәуелсіздік халық мұраты
Ауызша журнал
Ұйымдастырушы: кітапханашы Ұ.Калиева
2016-2017 оқу жылы
Тәуелсіздік халық мұраты
Ауызша журнал
Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру; туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отанды сүюге байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Кітапханашының кіріспе сөзі:
ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Осы уақытта халқымыздың тарихын түгендеп, жоғалғанымызды тауып, өткенімізді жаңдандырып, елімізге талай қиындықтар мен қуаныштар болғаны белгілі. Тәуелсіздік біздің ең басты байлығымыз. Бізде бүгін Тәуелсіз еліміз жүріп 25 жылдың шежіресіне ой жіберейік.
Егемен ел болу үшін ҚР ұлттық белгілері болу керек:
Елтаңба
Гимн
Мемлекеттік шекара
Әскер
Туы
Мемлекеттік тілі
Мемлекеттік заңы
Теңге
1-жүргізуші:
Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы».Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды.
2-жүргізуші:
Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
1-жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.
1-оқушы: 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
2 оқушы:
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1 оқушы:
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2 оқушы:
4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
1 оқушы:
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
2 оқушы:
1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.
1 оқушы:
1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.
2 оқушы: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.
1 оқушы:
1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1 жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
2 оқушы:
1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.
infourok.ru